Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 18:30, реферат
Электроника үшін шешілуші есептеулердің үнемі күрделеніп отыруы тән. Сол себепті де радиоэлекторнды құрылғылардың элементтерінің қарқынды дамуы жүзеге асады. Осылайша радиотаратқыш 1920 жылы – 10 … 20 элементтен тұрса, 1930 жылы – 100 … 200 элементтен, ал 1940 жылы осциллограф – 1000 ... 2000 элементтен, таратқыш телевизионды аппаратура 1950 жылы – 10 … 20 мың элементтерге ие болды, әмбебаб электорнды-санағыш машиналар 1960 жылы – 100 … 200 мың элементтерден тұрды. Ал қазіргі таңдағы күрделі құрылғылар қатарынан тұратын электорнды аппаратуралар жалпы жағдайда миллиондаған элементтерден тұрады. Кез-келген құрылғыда элементтердiң санының өсуi, массаның габаритінің көбеюіне және оның жасауының елеулi күрделенуiне ғана емес, ең бастысы - мұндай құрылғыны жұмыс iстеу сенiмдiлiгінiң қатты төмендетуіне де алып келеді. Осы жағдай радиоэлектронды аппаратуралармен болды. Бірінші ретте радиоэлектроникалық аппаратуралардың дамуы резисторлар, конденсаторлар, индуктивті катушкалар, трансформаторлар және электровакуумдық және жартылайөткізгішті аспаптар болды. Мұндай дискреттi радиоэлектроникалық аппаратураларды жасағанда, олар бәрi конструктивтi аяқталған бөлшектер болады, алдымен орналастырылып кейін шассиге тіркеледі. Содан соң, электр жүйесiне сәйкес, бұл бөлшектердi қорытынды дәнекерлеудiң көмегiмен өзара сабақтастырады.