Метрология туралы негізгі ұғымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 17:17, реферат

Краткое описание

Метрология («метро» – өлшем, «логос» – ғылым деген грек сөзінен шыққан) өлшемдер, олардың бірлігін және қамтамасыз ету әдістері мен құралдары, қажет дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Бүгінгі күнде Республикада метрологМетрологияиялық қызмет «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР-ның заңына және ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Метрология туралы негізгі ұғымдар.docx

— 18.22 Кб (Скачать документ)

Метрология туралы негізгі  ұғымдар

                      Метрология - өлшемдер туралы ғылым

 Метрология («метро» –  өлшем, «логос» – ғылым деген  грек сөзінен шыққан) өлшемдер, олардың  бірлігін және қамтамасыз ету  әдістері мен құралдары, қажет  дәлдікке жету тәсілдері туралы  ғылым. Бүгінгі күнде Республикада  метрологМетрологияиялық қызмет  «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету  туралы» ҚР-ның заңына және  ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес  жүзеге асырылады. 

ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен Қазақстан Республикасының  Индустрия және сауда министрлігі  Техникалық реттеу және метрология комитетінің  «Қазақстан метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық  мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі  – «ҚазМетрИн» РМК) құрылды және халықаралық талаптарға сай өлшем  бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтік құжаттардың үйлесімділігін жетілдіру, осы салада мамандарды даярлау  және біліктілігін арттыру бойынша  мақсаттарды орындау үшін ҚР-дағы метрология бойынша жалғыз институт болып есептеледі.

Метрологиялық қызмет.

Іс жүзінде өлшеулер шешуші маңызға ие болмайтын қызмет түрі жоқ. Олардың дәлдігін және салыстырмалылығын  төмендегі жұмыс түрлерін орындайтын филиалдың метрологиялық қызметі  қамтамасыз етеді:

           - шамамен 300 атаулы өлшем құралдарын 14 өлшеу түрі бойынша салыстырып  тексеру:

- геометриялық шамалар;

- масса;

- күш және қаттылық;

- қысым;

- қозғалыс параметрлері;

- сұйықтық және газ  шығыны мен мөлшері

- тығыздық және тұтқырлық;

- физика-химиялық;

- жылу физикалық және  температуралық;

- оптика-физикалық;

- электрлік;

- уақыт және жиілік;

- радиотехникалық;

 

          Салыстырып тексеру базасында  шамамен 800 жұмыс эталондарының  бірліктері бар, оның ішінде 280-і  бастапқы болып табылады . Қостанай  филиалының метрологиялық қызметінің  Қазақстан Республикасының «Өлшем  бірліктерін қамтамасыз ету туралы»  Заңына сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша қызметті іске асыру үшін қажетті эталондық және техникалық базасы, жоғары білікті мамандары бар.

 

Мемлекеттік  метрологиялық  қадағалау.

ҚР-ның  мемлекеттік метрологиялы қызметінің

ұйымдастырушылық негізі

 

      ҚР-ның метрологиялық   қызметі келесіден тұрады:

·      мемлекеттік  метрологиялық қызмет;

·      уақыт пен  жиіліктің мемлекеттік қызметі;

·      басқару  органдарының, жеке және заңды тұлғалардың  метрологиялық қызметтері.

     Метрологиялық  қызмет мемлекеттік басқарудың  маңызды звеносы болып табылады  және келесі мәселелерді шешеді:

·      шаруашылық субъектілердің қызметін метрологиялық  қамтамасыз ету бойынша шаралар  кешенін жүргізеді;

·      өлшемдердің  бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету;

·      отандық  өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттілігін жоғарлату және қауіпсіздігін, сапасын  қамтамасыз ету;

·      материалдық  және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің шынайы есебін қамтамасыз ету;

·      ҚР-ның  экономикасы мен азаматтарының  құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен  қорғау.

     Мелекеттік  метрологиялық қызметті ҚР-ның  Мемлекеттік Стандарттары басқарады.  Оның құрамына келесілер кіреді:

өлшем бірліктерінің мемлекеттік  эталондарының қолданылуын, сақталуын  және жетілдірілуін, өлшем бірліктерінің  көрсетілу өлшемдерін жасауды, өлшемдердің  бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік  құжаттарын жасауды қамтамасыз ететін, мемлекеттік ғылыми-метрологиялық  орталық;

сәйкес территорияда өлшемдердің  бірлігін қамтамасыз ету бойынша  міндеттер мен қызметтерді, осы  болімшелер туралы жалпы ережелер шегінде, жүзеге асыратын Мемлекеттік Стандарттың  территориялық органдары.

     ҚР-ның Мемлекеттік  Стандарттары метрология саласында  келесі қызметтерді  орындайды:

1.     өлшемдердің  бірлігін қамтамасыз ету бойынша  мемлекеттік саясатты құрады  және жүзеге асырады;

2.     ҚР-ның метрология  қызметінің қызметтерін бағыттау, басқару;

3.     қолданысқа  жіберілетін өлшем бірліктерін  бекітеді;

4.     метрология  саласындағы фундаментальді зерттеулерді  жүргізуді ұйымдастырады;

5.     өлшем бірліктерінің  мемлекеттік эталондарын жасау,  бекіту, сақтау және қолдану ережелерін  бекітеді, ҚР-ның өлшем бірліктерінің  эталондық базасын жетілдіреді;

6.     өлшемдердің  бірлігін қамтамасыз ету бойынша  нормативтік құжаттарды жасау  мен бекіту тәртібін анықтайды;

7.     өлшемдердің  құралдарына, әдістеріне және  нәтижелеріне қойылатын жалпы  талаптарды анықтайды;

8.     өлшем құралдарын  пайдалану, өндіру және жөндеудің  тәртіптерін анықтайды;

9.     өлшемдердің  бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік  жүйесінің тізімін жүргізеді;

     10. мемлекеттік  метрологиялық бақылауды ұйымдастырады  және  жүргізеді;

     11. метрология  бойынша халықаралық және аймақтық  ұйымдарда  ҚР-сын таныстырады;

     12.  өлшемдердің  бірлігін қамтамасыз ету аясындағы  кадрларды кәсіби дайындау мен  қайта дайындауды ұйымдастырады.

     Заңды тұлғалардың  метрологиялық қызметтерінің   мақсаттарына сәйкес негізгі  міндеттер аясына жатады:

1.     өлшемдердің  жүйелік талдауын, өнімдердің жеке  түрлерінің жасалу, өндіру және  пайдаланудың барлық сатыларындағы  сынақтар мен бақылауларын жүргізу;

2.     өлшем құралдарына,  эталондарды сынақтан өткізу  мен бақылауға, өлшем құралдарын  тексеру үшін бастапқы өлшем  құралдарына, стандартты үлгілерге  деген қажеттілікті зерттеу;

3.     өлшеулердің  құралдары мен әдістерін жасауға  және оларды өндіріске енгізуге  қатысу;

4.     жасалып және  шығарылып жатқан өлшем құралдарына  метрологиялық қызмет көрсету  үшін қажетті эталондарды, басқа  да тексеріс құралдарын жасауға  қатысу;

5.     сынақтан өткізу  және бақылау құралдарын аттестациялауға,  оларды аттестациялау бағдарламалары  мен әдістемелерін жасауға қатысу;

6.     өлшем құралдарының  олардың типін бекіту мақсатында  сынақтан өткізуге уақытылы тапсырылуын  қадағалау;

7.     өлшем құралдарының  импортына қатысты мәлімдемелерді  қарастыруға қатысу және материалдарды  дайындау;

8.     өлшем құралдарын  тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру  мен жүргізу, өлшем құралдарының  уақытылы тексеруге тапсырылып  отырылуын қамтамасыз ету;

9.     қолданыстағы  өлшем құралдарын жөндеу жұмыстарын  ұйымдастыру мен жүргізу;

10.                        өлшем құралдарының есебін жүргізу,  өлшем құралдарын тексеру кестелерін  бекіту мен сақтау, ескірген конструкциядағы  өлшем құралдарының уақытылы  қолданыстан шығарылуы;

11.                        өлшем құралдарының уақытша қолданысқа  алынуын жүзеге асыру;

     12.    ерекше  нақты өлшеулерді жүргізу;

     13.    жергілікті  бақылау сызбанұсқаларын жасау  және сәйкестендіру;

     14.  өлшем  құралдарын, басқа да тексеру  құралдарын қалпына келтіру үшін  эталондарды қажетті деңгейде  ұстап тұру мен сақтау;

    15. өлшем құралдарының  жағдайы мен қолданылуына, өлшеулерді  орындаудың аттестациялық әдістеріне, эталондарына метрологиялық қадағалауды  жүзеге асыру. 

 

4.2. Метрологияны ұйымдастыру,  ғылыми, және әдістемелік негіздері

 

Метрологиялық қызметтің  құқықтық негіздері.

Метролгия саласындағы нормативтік  – құқықтық негіз.

1. «Техникалық реттеу туралы»  2004 жылғы 9 қаңтарадағы ҚР-ның  № 603II Заңы; 

2. «Өлшем бірлігін қамтамасыз  ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы  ҚР-ның  № 53-II Заңы;

3. «Қазақстан метрология  институты (ҚазМетрИн)» республикалық  мемлекеттiк кәсiпорынын құру  туралы» 1996 жылғы 1 қарашадағы  № 1342 ҚР Үкіметінің Қаулысы; 

4. «ҚР аумағында уақыт  есептеу тәртібі туралы» 2000 жылғы  23 қарашадағы № 1749 ҚР Үкіметінің  Қаулысы; 

5. «Қазақстан салыстырып  тексеру қызметі» еншілес мемлекеттік  кәсіпорынын құру туралы» 2005 жылғы  8 қыркүйектегі № 904 ҚР Үкіметінің  Қаулысы; 

6. «ҚР-ның мемлекеттік  өлшем бірлігін қамтамасыз ету  мемлекеттік жүйесін дамытудың  2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын  бекіту туралы» 2006 жылғы 12 желтоқсандағы  № 1191 ҚР Үкіметінің Қаулысы; 

7. «Өлшем құралдарын шығару  және жөндеу жөніндегі қызметті  лицензиялау ережесін және оған  қойылатын біліктілік талаптарын  бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 626 Қаулысы; 

8. «Салыстырып тексерілетін  өлшем құралдары туралы деректердің  электрондық есебі және оларды  мемлекеттік ғылыми метрологиялық  орталыққа беру туралы Ережелерді  бекіту туралы» ҚР Индустрия  және сауда министрлігі Техникалық  реттеу және метрология жөніндегі  комитетінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы  № 14 Бұйрығы. 

Сонымен қатар, «ҚазМетрИн»  РМК ҚР-ның мемлекеттік өлшем  бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің  тізілімін (ҚР МӨЖ тізілімі) жүргізуді, таратуды және жариялауды іске асырады. Осы тізім мынадай тараулардан  тұрады:

· шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк  эталондары

· өлшем құралдарының бекітілген типтері 

· заттар мен материалдардың қасиеті мен құрамының стандарттық  үлгісінің бекітілген типтері 

· өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері

· өлшем орындау әдістемелері

· метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары 

· өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар

· өлшем құралдарының мемлекеттік  эталондарын сақтаушы - ғалымдар;

· өлшем құралдарын салыстырып тексерушілер.

«Өлшем құралдардың бекітілген типтері» ҚР МӨЖ тізілімі бөлімінің  қысқаша ақпараты  «Электрондық қызметтер» бөлімінде орналасқан.

ҚР МӨЖ тізілімінің  толық нұсқасын «ҚазМетрИн» РМК  келісім – шарт  жасау жолымен  алуға болады.

«ҚазМетрИн» РМК туралы толық  ақпарат www.kazinmetr.kz ресми сайтында орналастырылған.


Информация о работе Метрология туралы негізгі ұғымдар