Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2015 в 18:01, реферат
Масса– материяның инерциялық және гравитациялық қасиетін анықтайтын физикалық шама. Латынның massa– үйінді, кесек деген сөзінен алынған. “Масса” ұғымын механикаға Исаак Ньютон енгізген. Ньютонның классикалық механикасындағы масса дене импульсінің (қозғалыс мөлшерінің) анықтамасына енеді. Дене импульсі (р) дененің қозғалу жылдамдығына пропорционал болады: р=mg, (1) мұндағы пропорционалдық коэффициент m – берілген дене үшін тұрақты шама, оның массасы.
Жүк салынбаған таразы тілінің тепе-теңідік күйі нольдік нүкте деп аталады. Ал таразыға жүк салынған кезде бұл нүктені тепе-теңдік нүктесі деп атайды. Нольдік нүкте тепе-теңдік нүктенің дербес жағдайы болып табылады. Екітабақшалы таразыда өлшеу келесі ретпен жүреді: нольдік нүктені анықтайды,өлшенетін затты таразыға салады және сәйкес таразы тастарын салып таразыны теңестіреді.Өлшеуді тікелей қарастырмас бұрын, нөлдiк нүктенi және тепе-теңдiк нүктесін анықтау әдістеріне тқтала кетейік.Нольдік нүктені өлшеуді бастамас бұрын анықтап алған жөн.
Нольдік нүктені және тепе-теңдік нүктесін анықтау . Егер таразыда магниттік демпфер бар болса, нольдік нүкте ретінде таразы тілі тоқтаған шкала бөлігін алады. Ал егер магниттік демпферлер болмаса осы нүктелерді көптеген ауытқулар тәсілі арқылы табады. Бұл тәсіл таразы тілінің кезекпен 5 рет ауытқуына негізделген. Таразыны қосқаннан кейінгі алғашқы 2 немесе 3 тербелісті есепке алмайды,ал таразы тілінің келесі 5 ауытқун ондық бөлігіне дейін белгілеп жазып алады. Мысалы: +4,0; -3,4; +3,5; -2,8; +3,0. Нольдік нүктені келесі жолмен анықтайды.
Сол жаққа ауытқуы Оң жаққа ауытқуы
-3,4 +4,0
-2,8 +3,5
+3,0
Орташа мәні: -3,1 Орташа мәні: +3,5
Ауытқудың қосындысы: (+3,5)+ (-3,1)=+0,4
Нольдік нүкте =+0.4/2=+0.2
Өлшеу. Егер таразыда демпфер жок болса көптеген ауытқу әдісімен нольдік нүктесін анықтайды. Осыдан кейін таразы табақшалары мен күйентесін арритирлеп сол жақ табақшаның ортасына өлшенетін затты салады. Оң жақ табақшаның ортасына 50г( немесе одан жеңіл) тас қояды. Таразыны байқап ашып ,не ауырырақ екенін көреді: тас немесе өлшенетін зат. Егер таразы тілі сол жаққа ауытқитын болса,онда тас ауырырақ екенін көрсетеди және керісінше. Егер 50 г гирька ауыр болса , оны алып тастайды, жеңіл болса қалдырады. Осындай ретпен басқа тастарды салыстырады , соңында мұқият тепе-теңдік нүктесін анықтайды. Егер тепе-теңдік нүктесі нольдік межелік шкаламен ±0,4 аралығында сәйкес келсе, өлшеу дұрыс өтті деп есептеуге болады.
Осыдан кейін таразыны арритирлейді. Гирялардың массаларының қосындысына рейтер көрсеткішін қосады, нәтижені жазып алады, тек осыдан кейін ғана тастарды таразыдан алады.
Магниттік демпфері бар таразыда өлшеу. Магниттік демпфері бар таразының нольдік нүктесі болып таразы тілі тоқтаған шкала бөлігі саналады. Нольдік нүкте анықталғаннан кейін сол жақ табақшаға өлшенетін затты салып таразы тастары мен рейтер көрсеткішін тепе-теңдік нүктесімен нольдік нүкте ±0,4 дәлдікпен сәйкес келгенше тандап алады.
Бір табақшалы таразыда өлшеу. (Mettler).
Бір табақшалы таразыда өлшеу 2 табақшалы таразыдан тезірек болсада екеуінде де өлшеу техникасы бірдей. Бір табақшалы таразыда өлшеу келесі операциялардан тұрады: нольдік нүктені тексеру, өлшенетін затты таразы табақшасына орналастыру және масс дискілерінің көмегімен тепе-теңдік нүктесін табу. Осы бөлімде бір табақшалы таразының сипаттамасына, нольдік нүктені орнату және осы таразыдағы өлшеу процессіне тоқталамыз.
1. Ең алдымен таразының әр түрлі жағдайларын белгілеп алатын арретир іс әрекетімен танысайық. Келесі жағдайларда арретир орналасуын анықтау:
А) күйенте толық арретирленген
Б) күйентеге зақым келтірмей жүкшелер қосыға болады.
В)жүкшелер мен өлшенетін затты теңестіреді.
“Mettler H-15” таразысының сол жақ қабырғасында 3 жағдайда белгілінетін диск бар.
Вертикаль жағдай. Таразы арритирленген ; табақшаға өлшенетін затты орнатуға болады.
Алдыңғы жағдай . Барлық таразлар жартылпй арритерленген.
Артқы жағдай . Таразы толық арритирленген.
Нольдік нүктені таразы толық ашылған кезде анықтайды. “Mettler” таразысында оны оң жақ қабырғасында орналасқан дискілер көмегімен табады. Әр уақыт сайын өлшеуді бастамас бұрын нольдік нүктені тексеріп тұраңдар.
Динамометр
Динамометр- күшті өлшеу үшін арнайы кұралдар - динамометрлер (грекше динамис – күшжәне метрео - өлшеймін) колданылады. Динамометрдің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Серіппеге шкала бойымен жылжитын кәрсеткіш бекітіледі.
Тігінен орналасқан серіппеге әр түрлі күштүсіре отырып,оның әр жолы қаншалыкты созылғанын шкаланың көмегімен анықтауға болады. Ол үшін алдымен серіппе шкаласы градуирленеді. Градуирлеу дегеніміз- құралды накты бөліктері бар шкаламен жабдыктау. Алдымен серіппе созылмаған кездегі көрсеткіштің орны белгіленеді. Осыдан кейін оған 1Н күш түсіріледі.
Түсірілген күш әрекетінен серіппе, мысалы, 1 см-ге созылған болсын. Гук заңына сөйкес серіппенің созылуы түсірілген күшке пропорционал екенін білеміз. Онда 2 см серіппе созылуына 2 Н күш, 3 см серіппе созылуына 3 Н күшсәйкес келеді. Осылайша градуирленген серіппе -динамометр көмегімен әр түрлі күштерді өлшеуге болады.
Динамометрдің бірнеше түрі бар. Қолдың Бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қол динамометрі, тракторлардың, локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы динамометрлер пайдаланылады.