Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда ДСҰ мүше елдерге қойылатын басты талап- өнім сапасының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету екені анық. Осыған байланысты Ресейде сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын жан жақты жетілдіру алға қойылған. Сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек.

Содержание

Кіріспе
1.1 Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі
1.2 Салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістері
1.3 Салыстырып тексеру (калибрлеу) схемалары
1.4 Сынау және калибрлеу әдістерінің жарамдылығын бағалау
2 ҚР-ның калибрлеу жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курс.doc

— 166.50 Кб (Скачать документ)


 

Жоспар:

Кіріспе

1.1 Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі

1.2 Салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістері

1.3 Салыстырып тексеру (калибрлеу) схемалары

1.4 Сынау және калибрлеу әдістерінің жарамдылығын бағалау

2 ҚР-ның калибрлеу жүйесі

 Қорытынды

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

 

 

 Кіріспе

 

Бүгінгі таңда ДСҰ  мүше елдерге қойылатын басты  талап - өнім сапасының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету екені анық. Осыған байланысты елімізде сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын  жан-жақты жетілдіру алға қойылған. Сапа жүйесін метрологиялық қамтамасыз ету нормативтік құжаттар сериясы түрінде рәсімделуі қажет, мысалы, кәсіпорынның стандарты түрінде. Өнімді шығарғанда метрологиялық сараптама, өлшеу әдістерін өңдеу, стандартталмаған өлшеу құралдарын аттестаттау, дайындағаннан бастап қабылдау бақылауына дейінгі өлшеу жүйелері сияқты сұрақтарға қатысты болуы керек.

Әрекет етуші өндірісте  бұл- өлшеу құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу. Аталған барлық құжаттар сапа жүйесін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болуы қажет. Бұл құжаттар осы өндірістің шығарып отырған өнімінің сапасын тексеруге толық мүмкіндігі бар екенін және өлшеу нәтижелерін нақты, дәл екеніне толықтай дәлел болуы қажет.

 Өлшеулік құралдарды сынақтан өткізу, типтік өткізу және калибрлеу мемлекеттік метрологиялық қызметтері метрологиялық аттестаттаудан өткізу мақсаты заңымен қарастырылған. Өлшемдік құралдардың нормалық жағдайында және пайдаланудың асығыстық жағдайында, қауіпсіздіктің талаптарына және сынақтан өткізетін өлшеуіш құралдарын міндеттік қажеттілікке сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Жаңа өлшеуіш құралдары міндетті түрде мемлекеттік растаудан өткізіледі. Халықаралық талаптар бойынша (Басшылық ИСО/МЭК 17025:2001) сынақтарды кәсіптілігі,жоғары білімді мамандар, өлшеуіш құралдарымен жабдықталған зертханаларда жүргізуі керек.

Бұл жұмыста осы сұрақтарды толықтай қамтыдым және маңыздылығын ашып көрсетуге тырыстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім:

                    1.1 Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі

 

Өлшеу құралдарын калибрлеу - мемлекеттік метрологиялық бақылау (ММБ) мен қадағалауға тиісті емес өлшеу құралдарының нақты мәні мен пайдалануға жарамдылығын анықтап, растау мақсатында жүргізілетін операциялар жиынтығы. Өлшеу құралының жарамдылығы деп оның метрологиялық сипаттамаларының нормативтік құжаттарда көрсетілуі немесе тапсырыс беруші анықтауы мүмкін, одан бұрын орнатылған техникалық талаптарға сәйкес келуін айтады. Жарамдылық туралы қорытындыны калибрлеуші лаборотория жасайды.

Калибрлеу біздің елімізде бұрынырақта болған өлшем құралдарын ведомстволық салыстырып тексеру және метрологиялық аттестацияны алмастырады. Калибрлеудің ММҚ органы жүргізетін салыстырып тексеруден айырмашылығы, оны кез келген метрологиялық қызмет (жеке тұлға) орындай алады. Ол ушін бұл қызмет біліктендірілген деңгейге сәйкес болуы шарт. Калибрлеу- ерікті операция. Оны кәсіпорынның өз метрологиялық қызметі де жүргізе алады. Бұл- оның салыстврвп тексеруден тағы бір ерекшелігі.

Дегенмен калибрлеудің бұл ерекшелігі кәсіпорынның метрологиялық  қызметін белгілі бір талаптарды сақтау қажеттілігінен босатпайды. Талаптардың  ең бастысы- жұмысшы өлшеу құралының ұлттық (мемлекеттік) эталонға міндетті түрде бағынуы. Осылайша, калибрлеу функциясы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн. Ал егер өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің принциптнрі халықаралық ережелермен және нормалармен үйлестірілгенін ескеретін болсақ, онда калибрлеу өлшем бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік жүйесіне кітеді.

Осы талаптардың орындалуы («эталонға сәйкестендіру») басқа көзқарастан да маңызды: өлшеу- технологиялық процестің ажырамас бөлігі, яғни олар өнімнің сапасына тікелей әсер етеді.

 Осыған байланысты  олшеулер мемлекеттік эталонннан  алынған мөлшерлер мен заңдылық  метрологиясының нормалары мен  ережелерін сақтау арқылы алынған  нәтижелерімен салыстырылуы керек.

 Өнімді сатушыға деген сенім беделді ұлттық метрологиялық ұйым атынан берілген өлшеу құралын калибрлеу туралы сертификатпен нығайтылады.

Калибрлеуді енгізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Батыс елдерінде калибрлеу жұмыстары өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі қажеттілігіне байланысты кеңейіп, дамып отырады, сондай-ақ салыстырып тексеруге (міндетті функция ретінде) өлшеу құралдарының шектелген номенклатурасы жатады. Ал Ресейде калибрлеу құрал-жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау процестерін мемлекетсіздендіру үшін пайдаланылады. Осының салдарынан салыстырып тексерудің жалпыға ортақ міндеттілігінің жойылуы калибрлеу функциясының пайда болуына алып келді.

Метрологиялық бақылау  бәріне ұнай бермейді және жайлы тимейді. ММҚ де, кәсіпорындық метрологиялық қызметте де метрологтарға ондаған жылдардағы дағдылы істерінен жаңа қарым қатынас түріне ауысуға тура келеді. Ол кері реакция туғызатыны белгілі.

Калибрлеуді енгізуге бәсекелестіктің  жоқтығы кері әсер етеді. Мұнда белгілі  бір қарама қайшылықтар туындайды. Бір жағынан, кәсіпорындардың заңға  сәйкес өздері өлшеу құралдарын калибрлеуді жүргізуге құқығы бар және олар калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқықтарына аккредиттеудің білікті органдарында аккредиттелуге мүдделі емес (бәсекелестік жоқ кезде). Екінші жағынан, кәсіпорын мемлекеттік эталоннан алынған схемадағы мөлшерден ауытқуы нәтижесінің дәлдігінің және анықтығының жоғалуына әкеп соғатынын біледі.

 

Калибрлеу жұмыстарын ұйымдастырудың мүмкін нұсқалары:

  • Кәсіпорын калибрлеу жұмыстарын өз бетінше ұйымдастырады және ешқандай жүйеде аккредиттелмейді;
  • Кәсіпорын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оны аккредиттеуші ұйым атынан калибрлеу жұмыстарын жүргізуге калибрлеудің жүйесінде аккредиттеледі;
  • Кәсіпорын калибрлеу жұмысын коммерциялық негізде орындау мақсатында аккредиттеледі;
  • Өлшеу құралын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген кәсіпорын сонымен бірге өлшеудің сол түрлерін калибрлеу жұмысын жүргізуге де құқық беретін аттестат алады;
  • Метрологиялық институттар мен ММҚ органдары бір мезгілде аккредиттеу органы және калибрлеуші ұйым ретінде тіркеледі;
  • Кәсіпорынды ашық түрдегі шет ел калибрлену қызметіндегі калибрлеуші зертхана ретінде аккредиттеу.

Бүгінгі таңда елімізде калибрлеу ісін ұйымдастырудың тиімді нұсқасы анықталған жоқ, бірақ калибрлеу жүйесінің ұйымдастыру принциптері жайлы айтуға тұрарлық. Ол мына принциптерге сүйенеді:

  • Өз еркімен қатысу;
  • Мемлекеттік эталондардың өлшемдерін міндетті түрде өлшеу құралдарына беру;
  • Калибрлеу жүйесінің субъектілерінің кәсіпқойлығы және техникалық біліктілігі;
  • Өзін-өзі ақтауы.

Оған кірудегі негізгі мақсат - өнім сапасының көрсеткішіне тұтынушылардың сенімінің өсуіне ұмтылу. Бұл процесті калибрлеу ұйымдарын да қамтитын елімізде дамып келе жатқан сынақ зертханаларын аккредиттеу жандандырады. Сонымен қатар,калибрлеу қызметін ақпараттық қамтамасыз ету ұйымдастырады. 1-сызбада калибрлеу жүйесінің сызбасы көрсетілген.

Оның субъектілері болып мыналар табылады:

  • Мемлекеттік эталондар бірлігіне бағынатын эталондарды пайдалану арқылы өлшеу құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі;
  • Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтар (мемстандарттың метрологиялық қызметі) және аккредиттеуші орган ретінде тіркелген мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары. Олар өлшеу құралдарын калибрлеу құқығына ие заңды тұлғалардың метрологиялық қызметін аккредиттеуге құқылы;
  • мемстандарты- субъектілерінің қызметін реттеуші орталық органы;
  • Қызметін ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын метрологиялық қызметтің Бүкіл ғылыми- зерттеу институты (БҒЗИ);
  • Кеңесші органы- калибрлеу жүйесінің қызметінің техникалық саясатының сұрақтары бойынша орталық органының шешімдер жобаларын қалыптастыру және талқылау үшін әр елдің мемстандарты құрған Калибрлеу Жүйесінің Кеңесі.

КЖ Кеңесіне аккредиттеуші орган жетекшілері, аккредиттелген метрологиялық қызмет жетекшілері, кәсіпорын және халық шаруашылық саласының ғылыми-зерттеу институтының және бірлестіктерінің, сондай-ақ басқа да КЖ-не қызығушылығы бар қоғам және бірлестік өкілдері мүше бола алады.КЖ-нің барлық қызметі келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Аккредиттелген метрологиялық  қызметтің жұмысына қойылған талаптарды бақылауды айтылып отырған метрологиялық  қызметтің орналасқан жеріндегі  ММҚ органы атқарады. Сонымен қатар  аккредиттеу органы қойылатын талаптарға өзінің сәйкестігін тексеру үшін ішкі аудит және ревизиялар жүргізіп отырады.

ҚР ДСҰ-на өту қарсаңында стандарттарды және оларды мұқият талдауды қажет ететін, халықаралық талаптарға үйлестіруде үлкен көлемде жұмыс  жүргізу  ұйғарылған.

2005 жылдан бастап үйлестірілген  стандарт СТ РК ИСО/МЭ 17025-2001 “Сынақтау және калибрлеу зертханаларының кәсіпкерлігіне жалпы талаптар” әрекетке енгізілді.

Ол бойынша, сапаны қамтамасыз етуді бақылау, сынатау және калибрлеудің шындық нәтижелеріне зертханааралық салыстыруға  қатысуды қосу керек. СТ РК 3.16 2005 жылдың маусымынан бастап енгізілді және ол сынақ зертханаларына, бақылау органдарының іс-әрекетіне, сонымен қатар, эксперт-аудиторлар және зертханааралық салыстыруға қатысатын басқа заңды және жеке тұлғаларға арналған.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеуді, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды өкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметтің осы түріне аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Өлшеу құралын калибрлеудің құқықтық негіздері «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңымен анықталады. Аккредиттеудің реті мемстандарттармен белгіленеді. Заң калибрлеудің қолдану шекараларын белгілейді: «тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары өндірістен немесе жөндеуден шығарылған кезде, импортталған кезде, пайдаланған, жалға берген және сатқан кезде калибрлеуге ұшырайды».

   09.06.04 ж. №558-ІІ ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді. 20-бап.

 Өлшем құралдарын  калибрлеу.

  1. Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдарын өндіруден немесе жөндеуден шыққанда импорт бойынша әкелінгенде, пайдаланылу кезінде осы өлшем құралдарының әзірлеушісі, иесі немесе тұтынушысы белгілеген тәртіппен калибрленеді. Өлшем құралдарын калибрлеуді шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына бағындырылған эталандарды пайдалана отырып, аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізіледі. Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралдарына басылатын  калибрлік белгімен немесе метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндері міндетті түрде көрсетілетін калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады.
  2. 09.06.04 ж. №558-ІІ ҚР Заңымен алынып тасталды. Мемлекеттік метрологиялық бақылау 09.06.04 ж.  №558-ІІ ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты Мемлекеттік метрологиялық бақылауды осы Заңның, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын жәке және заңды тұлғалардың сақталуын тексеру мақсатында өкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Заң заңды тұлғалардың мүдделі лабороториялық қызметтері калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредиттелу мүмкін екенін белгілейді. Заңның осы ережесін жүзеге асыру мақсатында «ОМЖ (ГСИ). Заңды тұлғалардың калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқығына аккредиттеу тәртібі» құжаты жасалды. Құжат Англия, АҚШ, ГФР және өзге де елдердің ұлттық калибрлеу қызметтерін ұйымдастыруды талдау негізінде, сондай-ақ EN-45001-45003 стандарты мен ГОСТ сертификаттау жүйесімен, ИСО/МЭК басшылығына сәйкес жасалған. Бұл құжат төмендегілерді белгілейді:

• аккредиттеуші органдарды тіркеу тәртібі, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін акктедиттеумен оларға қойылатын талаптардың тәртібі;

• аккредиттелген метрологиялық қызметтерді бақылау формалары, аккредиттеу аттестациясын жарамсыз ету тәртібі, КРЖ Реестрін енгізу ережелері.

 

 Калибрлеуаралық  интервал дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығы, осы уақыт      өткеннен кейін өлшеу құралы оның техникалық жағдайына қарамастан калибрлеуге бағытталуы керек. Осыған ұқсас салыстырып тексеруаралық интервал түсінігі де қолданылады.

Калибрлеуаралық (салыстырып тексеруаралық) интервалдардың 3 түрі бар:

• Бірінші түрі- берілген типтегі барлық өлшеу құралдарына арналған бірыңғай интервал. Ол өлшеу құралының осы түріне арналып, нормативтік құжаттар негізінде орнатылған. Бұл жағдайда калибрлеуаралық (салыстырып тексеруаралық) интервал өлшеу құралының типін сынақ нәтижелерін бекіткен кезде мемстандарттармен анықталады. Интервалдың шамасын метрологиялық қайтымсыздық пен қалыпты жағдайдағы өлшеу құралының пайдаланылу уақытының орташа мәнін ескеріп шығарылады;

• Екінші түрі- ұйым мен кәсіпорындағы өлшеу құралдарының берілген типін эксплуатациялаудың нақтылы шарттарымен сәйкес етіп орнатылған интервал. Егер белгіленген интервал өлшеу құралының берілген типінің нормативтік құжатта көрсетілген интервалымен сәйкес келмесе, оның шамасын мемстандартпен немесе мемстандарт аккредиттеген ведмостволық метрологиялық қызметпен сәйкестендіру қажет. Мемлекеттік қадағалауға жатпайтын өлшеу құралдары үшін калибрлеуаралық интервал заңды тұлғаның заңды тұлғаның метрологиялық қызметінің шешімімен анықталады.

• Үшінші түрі- Жауапты өлшеу операцияларын (атом электростанциясының, газқұбырларының жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өлшеулер) жүргізуге қлданылатын өлшеу құралдарыүшін қойылған салыстырып тексеруаралық (калибрлеуаралық) интервал.

Жеке интервалдар сондай-ақ екінші ретті және разрядты эталондар  үшін қарастылған. Белгіленген интервалдардың үйлесуі екінші түрде айтылғандарға ұқсас.

Информация о работе Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі