Люминесценция. Люминесценция түрлері және оның медицинада қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 09:35, доклад

Краткое описание

Люминесценция – деп молекулалардың, атомдардың, иондардың және де басқа күрделі комплекстердің қозған күйден бейтарап күйге өтер кездегі жарық шығаруын айтады. Атомдардың және молекулалардың жылулық қозғалысы нәтижесінде денелердің жарық шығаруын люминесценциямен шатастыруға болмайды. Жарықтың шағылуы, шашырауы, Вавилов – Черенков эффектісі және денелердің басқа да жарық шығаруы люминесценцияға жатпайды. Солтүстік жарқыл кейбір жәндіктердің, минералдардың, шіріген ағаштардың жарқырауы табиғатта кездесетін люминесценция құбылысына жатады.