Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 23:12, реферат
Қуат (орыс. мощность ) уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама. 1. Сәулеленетін энергияның мөлшері немесе уақыт бірлігінде орындалатын кез келген жұмыс, өлшем бірлігі ватт. 2. Жүйенің өнім шығаруға, яғни оның уақыт бірлігіі ще белгілі бір жұмыс көлемін орындау қабілеттілігін анықтайтын сипаттама. 3. Белгілі бір қасиеттерге ие, кодалау теориясындағы көрсеткіш берілген жиында N элементтер санын сипаттайды. М символдарынан N разрядты бірыңғай коданың қуаты N = т.
1 .Өлшем бірлігі
2 .Орта қуат
3 .Механикалық қуат
4 .Электр қуаты
5.Тең әсерлі күш
6 .Ауырлық күші
7 .Серпімділік күші
8 .Үйкеліс күші
9 .Тіректің реакция күші
10 .Теоремалар
11 .Сыртқы күш
12 .шкі күш
13 .Инерция күші
14 .Кризистік күш
15 .Бойлық күш
16 .Ауырлық күш
17 .Серпімділік күш
18 .Тұтғыр үйкелісінің күші
19.Пайдаланған әдебиеттер
Казакстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Қазіргі Заманғы көпсалалы колледж
Тақырыбы: Қуат және күш
Орындаған: Қасымова А.Қ.
Тексерген: Накипбекова Ж.А.
2013 ж
Мақсаты: Қуат және күш-туралы түсінікті сатылай комплексті талдау арқылы түсіндіру, қуаттың формуласын сатылай талдай білуге дағдыландыру, есептер шығара алуға үйрету.
Мазмұны
1 .Өлшем бірлігі
2 .Орта қуат
3 .Механикалық қуат
4 .Электр қуаты
5.Тең әсерлі күш
6 .Ауырлық күші
7 .Серпімділік күші
8 .Үйкеліс күші
9 .Тіректің реакция күші
10 .Теоремалар
11 .Сыртқы күш
12 .шкі күш
13 .Инерция күші
14 .Кризистік күш
15 .Бойлық күш
16 .Ауырлық күш
17 .Серпімділік күш
18 .Тұтғыр үйкелісінің күші
19.Пайдаланған әдебиеттер
Қуат
Қуат (орыс. мощность ) уақыт
бірлігі ішінде істелінген жұмыстың
сол уақытқа қатынасымен
Өлшем бірлігі
Қуаттың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі – Ватт (Вт). Вт=Дж/с. Қуаттың еселі өлшемдері:1 кВт=103Вт, 1 МВт=106Вт техникада кеңінен қолданылады; сонымен қатар Қуат бірлігі ретінде ат күші (а. к.) де қолданылады, 1 а.к.=735,5Вт.
Орта қуат
N=
Бірқалыпты жұмыс істейтін жүйе үшін қуат: N=А/t өрнегі бойынша есептеледі, мұндағы А – t уақыт ішінде істелетін жұмыс, жалпы жағдайда лездік қуат -
N=
dA – элементар уақыт бірлігі (dt) ішіндегі элементар жұмыс.
Механикалық қуат
Дененің қозғалыс бағытымен әсер ететін тұрақты күштің қуатын:
P= F.v
өрнегімен де анықтауға болады, мұндағы F – денеге әсер ететін күш, V – дененің жылдамдығы.
Электр қуаты
Электр қуатының лездік мәні
P(t) = I(t).U(t)
формуласымен есептеледі.
Реактивті қуат - электротехникалық құрылғылардағы электромагниттік өріс энергиясынын тербелісі жасайтын жүктемені сипаттайтын шама.
Пайдаланған әдебиеттер
↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық. ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.
Күш
Күш - материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе ерістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі.Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың доп ка, желдің қайык желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар Бұл үғым ауыспалы мағынада да колданылады.
Күш деп дененің басқа
денелер тарапынан болатын
«Білегі күшті бірді жығады,
білімі күшті мыңды жығады»,«Көптің
күші - бірлікте» деген аталы
Инерция құбылысын
карастыра отырып, басқа денелермен
әрекеттеспейтін дене санак.
Бұл жағдайда денелердің
жылдамдығы күш әрекетінен
Әр түрлі дененің
козғалыс жылдамдығын бірдей
шамаға өзгерту үшін оған әр
түрлі күш түсіруіміз керек.
Мысалы, автомобильді орнынан қозғалту
үшін көп күш жұмсаймыз. Бос
және жүгі бар арбаларды
Сызбада күш ұшында бағыты кәрсетілген түзу кесінді түрінде беріледі. Кесіндінің ұзындығы шартты түрде қандай да бір таңдап алынған масштабтағы күштің шамасын көрсетеді. Оның бағыты күш әрекетінің бағытымен сәйкес келеді. Кесіндінің басы күштің түсірілу нүктесі болып табылады.
Күштің дененің қандай нүктесіне түсетінінің де мөні зор. Расында да, мұны есікті тұткасына және топсасына таяу нүктеге күш түсіріп ашканда байқауға болады.
SI жүйесінде күш бірлігіне
ньютон (Н) алынған. Бұл күш
бірлігі ағылшынның ұлы физигі
Исаак Ньютонның құрметіне
Физика сияқты аукымды ғылым үшін жоғарыда келтірілген күштің анықтамасы оның күрделі мағынасын жеткілікті аша алмайды.
Тең әсерлі күш
Тең әсерлі күш –– денеге әсер ететін күш жүйелерінің әсеріне тең эквивалентті күш.
Жинақталатын күштер жүйесінің
тең әсер етуші күші - өзара перпендикуляр
осьтердегі кұраушы күштердің
Кеңістіктегі үш жинақталған күштің тең әсер етуші күші (күштер параллелепипедінің ережесі) –– осы күштерге тұрғызылған параллелепипедтің диагоналімен бейнеленеді.
Ауырлық күші
Ауырлық күші ( F=mg,мұндағы m — дененің массасы, g — еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен 9,8 м/с2-ка тең) деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Бұл күштің әрекетінен еркін денелер Жерге құлайды. Денелердің ауырлық күішінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды. Мысалы, доптың ауада жерге түсуін еркін түсу деп есептеуге болады. (Ауырлық күшімен салыстырғанда ауаның кедергі күші азрақ болатындықтан, оны ескермеуге болады.)
Серпімділік күші
Серпімділік күші деп дененің
пішіні мен көлемі өзгерген кезде
пайда болатын күшті айтады.
Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал: |F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп— серпімділік күшінің модулі, k — қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті, Δl =l - l0 — дене ұзындығының өзгеруі.
Үйкеліс күші
Дөңдегі блок және сәйкес төмендегі блок еркін дене диаграмасы.
Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозгалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
Қарастырылатын дененің
үйкеліс күші (Fүйк) екінші дененің
бетін басып қысатын Р күшке
(демек, тіректің N реакция күшінде),
үйкелісетін беттердің
Тіректің реакция күші
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік кірітін айтады.. Үйкеліс күшінің модулі тіректің реакция күшіне тура пропорционал: |F|=vN, v мұндағы — үйкеліс коэффициенті деп аталатын пропорционалдык коэффициент. Үйкеліс коэффициенті жанасатын беттер жұбының өңделу сапасы мен материалына байланысты болады. Табиғатта үйкеліс күші үш түрде керініс табады:
сырғанау үйкелісі (мысалы,
конькишінің мұз бетімен
домалау үйкелісі (бір дене екінші дененің бетімен домалау жағдайында туындайтын),тыныштық үйкелісі (мысалы, дененің көлбеу жазықтықта жатуы). Үйкеліс күші, денелер беттерінің кедір-бұдырлығынан және жанасатын беттер молекулаларының езара тартылысынан туындайды.
Динамометр
Күштің шамасын динамометр деп аталатын құралдың көмегімен өлшенеді. Динамометрді пайдалану серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал болуына негізделген. Сондықтан созылған серіппе ұзындығы бойынша күштің мәні туралы айта аламыз.
Теоремалар
Үш күш туралы теорема - егер еркін қатты дене бір жазықтықта жатқан параллель емес үш күштің әсерінен тепе-теңдік қалыпта тұрса, онда бұл күштердің әсер ету сызығы бір нүктеде қиылысады.
Сыртқы күш
Денелерге әсер ететін сыртқы күштер беттік, көлемдік, қадалған, таралған т.б. түрлерге ажыратылады. Поверхностаая сила - беттік күш деп денеге беті арқылы берілетін күшті айтады. Мысалы, арқалықтың не платаның тіреуіші тарапынан болатын қарсы әсер. Объемная сила - көлемдік куш деп дененің көлемі арқылы берілетін әрі оның ішкі нүктесіне түсірілетін күшті айтады. Мысалы, шомбал арқалықтың салмағы немесе үдемелі қозғалған денеде пайда болған инерция күштері. Көлемдік күш Н/м3 немесе кн/м3-пен өлшенеді. Сосредоточенная сила -қадалған күш деп өз өлшемімен салыстырғанда өте шағын бетке түсетін күшті атайды. Кейбір есептерде мұны нүктеге түсірілетін күш деп есептейді. Қадалған күш ньютонмен (Н), килоньютонмен (кН) және меганьютонмен (МН) өлшенеді. Распределенная нагрузка - таралған күш деп дене бетінің ауданына немесе беттік сызыққа әсер ететін салмақты айтады (мысалы, үй шатырына түсетін қар қысымы шатыр ауданына түгел жайылады). Т.к. қарқындылығымен сипатталады. Қарқындылық деп күштің бірлік ауданға немесе бірлік ұзындыққа түсірілген шамасын айтады. Т.к.-тің ауданға қатысты өлшем бірлігі Н/м2 немесе кН/м2 , ал ұзыңдыққа қатысты Н/м немесе кН/м. Дененің бірлік ауданына не оның бөлігіне таралған күштің қарқындылығы бірдей болса, оны тең таралган күш дейді. Әсер ететін уақытына қарай күш тұрақты, үздіксіз, уақытша болып ажыратылады. Мысалы, темір жолдың көпірге түсіретін күші тұрақты, ал көпір үстімен өтетін поездың салмағы уақытша күш болып саналады. Әсер ету жылдамдығына қарай күш статикалық және динамикалық күштерге ажыратылады. Статикалық күштің әсер ету жылдамдығы баяу болады да, үдеу шамасы ескерілмейді, динамикалық күштің әсер ету жылдамдығы шапшан болғандықтан, бұл жағдайда үдеу жөне үйкеліс күштері ескеріледі.
Ішкі күш
Дененің жеке бөліктері арасында өзара әсерлесу күші, і.к. қималар әдісімен (метод сенений) зерттеледі.
Инерция күші
Инерция күші - векторлық шама. ʒ = ma, мүндағы m - материалды нүктенің массасы, a-оның үдеуі.
Кризистік күш
Сырықтың тепе-теңдік қалпынан ауыткуына сөйкес келетін сығу күшінің ең аз мәні.
Бойлық күш
Тік күш, созылу және сығылу кезінде білеудің көлденең қимасында пайда болатын ішкі күш. Бойлық күш сан мәні бойынша қиылған сырықтың кез келген бөлігінде (сол не оң), сырық өсіне өсер өтетін барлық сыртқы күштер проекциясының алгебралық қосындысына тең, яғни N = ΣҒlz. Созылу кезіңдегі Бойлық күшті оң деп санаймыз.
Ауырлық күш
Кез келген денеге әсер ететін тұрақты күш P=mq, мұнда q-ауырлық күшінің үдеуі, m-массасы.
Серпімділік күш
Гук заңына негізделіп кернеу деформацияға пропорционал. Мысалы, серіппе үшін с.к. F = сλ тең, мүндағы F-серіппенің ұзару (отыру) шамасы, С-серіпенің қатандық коэффициенті (Н/м)
Тұтғыр үйкелісінің күші
Жылдамдыққа байланысты, тұтқыр ортада дененің бояу қозғалысында әсер етеді. R = μV, мұңдағы V-дененің жылдамдығы, μ-кедергі коэффициенті.
Пайдаланған әдебиет
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
↑ Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет, суретті. ISBN 9965-36-700-0
↑ Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8
↑ a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б.