Контрольная работа по "Физике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 20:36, контрольная работа

Краткое описание

I нұсқа Төмендегі сөздердің физикалық дене және зат ұғымдарына қатыстысын ата: ұшақ,кітап, мыс, қалам, форфор, су.
Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай түсіңдіресің.
0,8м =? см
2.9 дм=? м
380 м=? км
II нұсқа Төмендегі құбылыстардың қайсысы физикалық құбылысқа жатады:
а) автомобильдің қозғалысы;
ә) жапырақтың сарғаюы;
б) мұздың еруі;

г) доптың ұшуы;
д) найзағай жарқылы;
Сынған қарындашты қайта біріктіруге болмайды. Оның себебін түсіңдір.
0,4м =? см
2.5 дм=? м
250 м=? км

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 сынып өзіндік жұмыстар.docx

— 56.01 Кб (Скачать документ)

Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар

Өзіндік жұмыс

I нұсқа

  1. Төмендегі сөздердің физикалық дене және зат ұғымдарына қатыстысын ата: ұшақ,кітап, мыс, қалам, форфор, су.
  2. Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай түсіңдіресің.
  3. 0,8м =? см

2.9 дм=? м

380 м=? км

II нұсқа

  1. Төмендегі құбылыстардың қайсысы физикалық құбылысқа жатады:

а) автомобильдің  қозғалысы;

ә) жапырақтың сарғаюы;

б) мұздың еруі;

 

г) доптың ұшуы;

д) найзағай жарқылы;

  1. Сынған қарындашты қайта біріктіруге  болмайды. Оның себебін түсіңдір.
  2. 0,4м =? см

2.5 дм=? м

250 м=? км

 

 

 

 

 

 

 

 

Қозғалыс және күш

Физикалық диктант

  1. Механикалық қозғалысқа мысал келтір.
  2. Механикалық қозғалыс кезіндегі жүрілген жолды есептеуге арналған формуланы жаз.Жол қандай  бірліктермен өлшенеді?
  3. Бір қалыпты қозғалыстың жылдамдығы қалай анықталады?
  4. Қозғалыстың жылдамдығын анықтайтын формуланы жаз.

Жылдамдықтың өлшем бірліктерін көрсет.

  1. Автомобиль 120 км кашықтықты 2 сағатта жүріп өтті.Автомобильдің жылдамдығы неге  тең?
  2. Жолдың  берілген сан мәндерін метрмен өрнектеп жаз.10 км;126 км,30 дм, 1220 мм.
  3. Жылдамдықтың берілген сан мәндерін м/с-пен өрнекте:

а) 72 км/сағ;    ә) 100 см/с;   б)  36 м/сағ

  1. Велосипедші 1,5 м/с жылдамдықпен 150 м жол тұрып өтті.Осы қашықтықты ол қанша уақытта жүріп өтеді?
  2. Поездың қозғалыс жылдамдығы 20 м/с дегенді түсіндердің.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік жұмыс

I нұсқа

  1. Коньки тебуші екі бала қарама-қарсы бағытта 8 м/с және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті.Қай баланың массасы артық және неше есе?
  2. «Алмастың  тығыздығы 3,5 г/ см3; граниттің тығыздығы  2600 кг/м3 ; ауаның тығыздығы 1,29 кг/м3 дегендерді қалай түсінесің?
  3. 8 кг керосин сиятын құтының көлемі неге тең?Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3

II нұсқа

  1. Массалары  10 кг және 20 кг болатын екі дене өзара соғылысты.Сонда денелердің қайсысының  жылдамдығы көп өзгереді және неше есе өзгереді?
  2. Тығыздығы сан мәндерін кг/м3пен өрнекте:

2,5 г/см3; 0,07 кг/дм3 ;0,8 кг/л.

  1. Көлемі 10 см3 болаттың массасы 78 г.Көлемі 20 см3  болаттың массасы неге?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау жұмысы

I нұсқа

  1. Ұшқыш 100 км, қашықтықты реактивті ұшақпен 2,4 минутта ұшып өтті.Ұшықтың орташа жылдамдығын тап.
  2. «Запорожец»  автомашинасының бензин құтысының (бензобак) сыйымдылығы 30 л.Оған толтыра  құйылған

бензиннің массасын есепте.Бензиннің тығыздығы 710 кг/м3

  1. Балғаны қалай саптайды?

II нұсқа

  1. Автомашина 1500 м жолды 36 км/сағ жыдамдықпен  жүріп өтті.Автомашинаның жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тап.
  2. Атомды «Ленин» мұзжарғыш кемесі тәулігіне 200 г уран пайдаланады.Уранның тығыздығы 18,7 кг/м3 болса, оның көлемі қандай?
  3. Не себепті желдеткіш ток көзінен ажыратылған соң біраз уақыт айналып тұрады?

 

 

 

 

 

 

 

 

Физикалық диктант

  1. Төменде келтірілген құбылыстардың қайсысына ауырлық , тартылу ,серпімділік күштері әсер етеді:

а) қабырғаға соғылған доп кейін қарай ұшады;

ә) жоғары лақтырылған тас қайта жерге түседі;

б) үстел бетінде кітап  жатыр.

  1. 1 Ньютон  күшті 0,5 см етіп алып,бір нүктеге бір бағытта әсер ететін 4 Н-ға және 8 Н-ға тең күштерді график  түрінде кескінде.
  2. Массасы 1 кг дененің салмағы неге тең?
  3. 1-суретке қарап  қайсысы денеге әсер ететін ауырлық күші,қайсысы дененің салмағы  екенін анықта.Осы суреттердегі шардың салмағы неге тең?Аспада пайда болатын серпімділік күшінің бағытын анықта.
  4. Тең әсерлі күштердің модульдерін анықта (2-сурет). Масштаб:1 Н- 1см.
  5. Дене : а) ілгері; ә) кейін; б) оңға; в)солға қарай қозғалады.Дененің қозғалу бағытына қатысты үйкеліс күштерінің  бағыттарын ата.
  6. Тарту күші мен үйкеліс күші бірін-бірі теңестірсе, дене қалай қозғалады?
  7. Салмағы 9,8 Н дененің массасы қандай?
  8. Дененің массасын қандай құралмен өлшейді?Дененің салмағын ше?Ауырлық күшін ше?
  9. Физикалық шамалардың (дененің массасы,ауырлық күші, салмағы) қайсысы Жердің барлық нүктелерінде және басқа планеталарда  өзгермейді?

 

 

Бақылау жұмысы

I нұсқа

  1. Автомобильдің тарту күші 3000 Н, ал қозғалысқа қарсы әсер күші 100 Н.Осы күштердің тең әсерлі күшін графикпен кескінде.
  2. Күй табаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді.Егер иненің ұшының ауданы 0,0003 см2 болса,оның күй табаққа түсіретін қысымы қандай?
  3. Көлемі 18,75 л керосиннің  салмағын есепте.Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3.

II нұсқа

  1. Салмағы 4000 Н жүкті көтергіш кран жоғары көтереді.Жүк  салынған  контейнердің салмағы 500 Н.Көтергіш кранның болат арқанына қандай күш әсер етеді?Осы күштерді графикпен кескінде.
  2. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78 Н.Әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ені 6 см.Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын тап.
  3. Көлемі 25 л бензиннің салмағын есепте.Бензиннің тығыздығы 700 кг/м3.

 

 

 

 

 

 

Сұйықтар мен газдардың қысымы

Өзіндік жұмыс

  1. Келесі құбылыстардың қайсылары Паскаль заңымен түсіндірілмейді:

а) сабын көпіршігінің пішіні шар тәріздес  болады;

ә) пішіні әр түрлі болып келген ыдыстарға сұйық құйылған;

б) футбол добының камерасы ішіне ауа үрлегенде ,пішіні шар тәріздес болады.

  1. Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы мына шамалардың қайсысына тәуелді емес: сұйық бағанының биіктігіне, ыдыстың пішініне, ыдыс түбінің ауданына,сұйықтың тығыздығына?
  2. Бірдей бес ыдыс бар.Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, төртіншісі сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған.Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп, ең аз, бірдей қысым түсіреді?
  3. Гидравликалық машина құрылысының сызбанұсқасын сыз.Осы машинаның іс-әрекетін Паскаль заңы негізінде түсіндір.Гидравликалық машина жұмыс істегенде күштен ұтатынымызды дәлелде.
  4. 1 м тереңдіктегі судың қысымын есепте.
  5. Ауданы 5 м2 болатын бактың түбіне керосиннің түсіретін қысымын есепте.Бактағы керосин массасы 500 кг.

 

 

 

 

 

Өздік жұмыс

I-нұсқа

  1. Газдың көлемін тұрақты етіп алып қыздырса, оның қысымы температура жоғарылағанда қалай өзгереді?Себебін түсіндір.
  2. Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерде бірдей бола ма?Неге?
  3. Торричелли тәжірибесінің  мазмұнын қысқаша жаз.Атмосфералық қысым 100 кПа дегенді қалай түсінесің?

II-нұсқа

  1. Тұрақты қысымдағы  газдың көлемі температура жоғарылығанда қалай өзгереді?Газ поршеньді ыдыста тұр.
  2. Атмосфералық қысымды сұйық бағанының қысымын есептегендей жолмен анықтауға болмайды,неге?
  3. Поршеньді насостың құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндір.Осындай насос ауасыз кеңістікте жұмыс істей ала ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік жұмыс

Эксперименттік тапсырма

I-нұсқа

  1. а) Металл шарды мензуркадағы суға батырып,шарға әсер ететін кері итеруші күшті тап.

    ә) Шар ас тұзының  судағы ерітіндісіне батырылған.Шарға  қандай кері итеруші күш әсер  етеді?

Қажетті құралдар мен заттар: ыдыс, жіп байланған болат шар, су, ас тұзы.

  1. Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздықтарына  арналған кестелерді  пайдаланып , алюминийден,темірден,еменнен жасалған көлемдері бірдей денелердің қайсыларының суда жүзе алатынын түсіндір.

Қажетті құралдар: А.В.Перышкинн,Н.А.Родина, 7-8  сыныптарға арналған физика оқулығы,42 бет

II-нұсқа

  1. Мына құралдардың жәрдемімен металл шардың көлемін анықта; ішіне су  құйылған мензурка,динамометр,ілгегі бар шар.
  2. Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздықтарына арналған кестелерді пайдаланып, парафиннен,мыстан, қорғасыннан  жасалған көлемдері бірдей денелердің сыныпта қалай орналасатынын тағайында.Себебі неде?

Қажетті құралдар: А.В.Перышкинн,Н.А.Родина, 7-8  сыныптарға арналған физика оқулығы,42 бет

 

 

 

 

Өзіндік жұмыс

I-нұсқа

  1. 4-суретте кескінделген көлемдері бірдей денелердің қайсысына Архимед күші көбірек әсер етеді?
  2. Таразының бір жағына фарфор,екінші жағына темір кір тастары ілінген.Екеуінің массалары бірдей .Егер кір тастарын суға батырсақ тепе-теңдік бұзыла ма?

II-нұсқа

  1. Әр түрлі заттан жасалған көлемдері бірдей екі денеге әсер ететін Архимед күші  де бірдей бола ма (5-сурет)?
  2. Бұрқақтың жұмыс істеу принципін түсіндір.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау жұмысы

I-нұсқа

  1. 6-суретте керосин құйылған цистерна көрсетілген.Керосиннің  цистерна түбіне түсіретін қысымын есепте.
  2. Футбол добын үрлеу барысында қандай заң  орындалады?
  3. Көлемі 4 м3 бетон суға толық батырылған.Оған су тарапынан әсер етуші Архимед күшін тап.

II-нұсқа

  1. Не себепті поршень жоғары көтерілгенде ,оған ілесе су да жоғары көтеріледі (7-сурет)?
  2. Гидравликалық  престің кіші поршенінің ауданы 10 см2 , оған  200 Н күш әсер етеді.Ал үлкен  поршень ауданы 200 см2.Үлкен поршеньге әсер ететін күштің шамасын есепте.
  3. Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады.Осы тереңдікте  адамға әсер ететін судың  қысымын есепте.Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҰМЫС ЖӘНЕ ҚУАТ.ЭНЕРГИЯ

Өзіндік жұмыс

I-нұсқа

  1. Төменде келтірілген мысалдардың  қайсысында дене механикалық жұмыс істейді:

а) трактор жер жыртып жүр;

ә) бала шанамен таудан сырғанап келеді;

б)  адам қоржын көтеріп тұр;

в) оқушы мазмұндама жазып отыр;

  1. Денені үстел үстімен : а) 1 м қашықтыққа жылжытқанда; ә)1 м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты тап.Күш 5 Н.
  2. Трактордың жер жыртқандағы тарту күші 10000 Н, ал оның  қозғалыс жылдамдығы -7 км/сағ. Трактор  двигателі 8 сағатта қанша жұмыс істейді?

II-нұсқа

  1. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында жұмыс істелінбейді,себебін түсіндір:

а) жүкті жұмысшы көлбеу жазықтықта ұстап тұр;

ә) Автомобиль жолмен қозғалып келеді;

б) Ғарыш кемесі инерциямен;

в) жүк жіпке ілулі тұр.

  1. «Дененің істеген жұмысы 1 Дж»- дегенді түсіндір.10 Н *м неше джоуль  болады?
  2. Массасы 200 кг жүкті 30 м/мин жылдамдықпен 10 с жоғары көтеріп шығаруға болады.Осы кезде қанша жұмыс істелетіндігін есептеп шығар.

 

 

ФИЗИКАЛЫҚ  ДИКТАНТ

  1. а) Жұмыстың; ә) қысымның; б) қуаттың өлшем бірліктерін жаз.
  2. а) Механикалық жұмысты; ә) қуатты; б) жүрілген жолды; в) жылдамдықты; г) тығыздықты; д) қысымды анықтайтын формулаларды жаз.
  3. Механикалық жұмыс істеуге қажетті жағдайларды атаңдар.
  4. Техникада қолданып жүрген жай механизмдердің түрлерін ата.Оларды сызбанұсқа арқылы кескіндеп, тіреу нүктелерін (0), күш иіндерін (l1,l2) көрсет.
  5. Рычаг тепе-теңдікте тұр,рычаг иіндеріне әсер ететін F1 және F2 күштері неге тең?
  6. Механизмнің пайдалы әсер коэффициенті дегеніміз не?ПӘК-тің 100% –тен артық болуы мүмкін бе?
  7. Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге айналуына мысал келтір.

Информация о работе Контрольная работа по "Физике"