Электромагниттік толқындар шкаласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 12:31, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы көзқарас бойынша жарық фотондар деп аталынатын толқындық-корпускулалық қасиетібар ( яғни жарық толқындық және бөлшектік қасиетке ие болады) бөлшектердің ағыны.Жарықты электромагниттік толқындардың бір түрі деп қарастырады,себебі жарық бір біріне перпендикуляр жазықтықта бір мезгілде тербелетін электр және магнит өрістері нің бағытталып толқын түрінде таралатын жиынтығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

10прЖМ.2012.Букеев.doc

— 538.00 Кб (Скачать документ)

Спектроскопта спектрдің түзілуі келесі түрде жүреді:  Спектроскоптың әрбір нүктесі жарық көзі арқылы жарықталынып, коллиматор объективіне сәуле жібереді, одан сәуле параллелді шоғыр болып шығады. Саңылау ортасынан сәуле шоғырын қарастырайық. Объективтен шығып, параллелді шоғыр призманың П алдыңғы шетіне түседі. Сыну процесінен кейін шоғыр түрлі толқын ұзындығы бар параллелді монохроматтық шоғырларға бөлінеді. 1.суретте ондай екі сәуле түрі көрсетілген –мысалы, қызыл және күлгін. 

 

Жұмысты орындау тәртібі.

Тапсырма  1. Спектроскоптың толқын ұзындығы бойынша шкаласын градуирлеу және градуирлік график құру.

  1. Спектроскопты спектралді талдау кезінде пайдалану үшін, оны градуирлеу керек; яғни сәйкес толқын ұзындығына микровинт шкаласының қанша  бөліну нүктелері бар екенін анықтау. Жұмыс барысында белгілі спектр болып, сынап-кварцты лампадағы сынап буларының бөліну спектры болып табылады.
  2. Сынап-кварцты лампаны коллиматор саңылауына тығыз орналастырыңыз. Лампаны қосыңыз.
  3. Көру түтігі арқылы окулярдың орнын ауыстыру арқылы спектралді сызықтың ең жақсы жарықтығын табыңыз. 
  4. Микрометрлік винтті айналдырған кезде Р, бағыттау сызығы мен спектралді сызықтың қиылысуын алыңыз. Анықтаманы қызыл спектрден күлгін спектрге дейін жүргізіңіз. Бүтін бөлінулерді қозғалмайтын  S шкаласы бойынша санаңыз, ал жүздік  бөлінулерді қозғалмалы Р винт басы бойынша санаңыз. Микровинт бойынша алынған мәліметтер келесі тәртіппен :   мысалы, шкала 5,21 –ді көрсетсе Р: 5 + 21 • 0,2 = 5,42 (бөлінді) болып жазылады.
  5. Әрбір спекрлік сызықтың мәнін микровинт шкаласы бойынша 1 кестеге енгізіңіз.

 

Кесте 1

Сызық түрі

Микровинттің  көрсеткіш шкаласы

n, бөл.

Толқын ұзындығы

λ, нм

1

Қызыл-сарғыш

 

600

2

Сары(екі жақын сызық)

 

570

3

Жасыл

 

540

4

Көк-жасыл

 

490

5

Көк

 

440

6

Күлгін 

 

419


6. 1 кесте мәліметтері бойынша градуирленген   график құрыңыз, ордината осі бойына толқын ұзындығын,   абсцисса бойына микровинт  көрсеткішін белгілеңдер .

Тапсырма 2. Белгісіз газ спектрінде спектрлік сызықтың толқын ұзындығын анықтаңыз.

1.Газ жарықты  лампаны қосыңыз (белгісіз газ).

2. Спектроскопты  коллиматор  саңылауы газжарықты лампаға  тығыз орналасатындай етіп орнатыңыз.

  1. Окулярға қарап, микровинт арқылы кезекпен белгісіз газдың спектрлік сызығын нысанаға келтіріңіз.
  2. Кесте 2-ге сызықтар түсін және микровинт шкаласының көрсеткішін енгізіңіз.
  3. Градуирленген графикты пайдаланып, белгісіз газ спектрінде әрбір сызықтың толқын ұзындығын анықтаңыз. Мәндерді №2 кестеге енгізіңіз.

Кесте 2

Сызық түрі

Микровинттің  көрсеткіш шкаласы

n, бөл.

Толқын ұзындығы

λ, нм

1

     

2

     

3

     

 

 

 

Тапсырма  3. Оксигемоглобиннің жұту спектрін бақылау.

  1. Қыздыру лампасын қосыңыз.
  2. Лампа мен коллиматор саңылауының арасына қан ерітіндісі бар прбирканы қойыңыз.
  3. Екі қара жұту сызықтарын бақылап, микровинт арқылы олардың бөліну нүктелерін анықтаңыз. Олар жұту сызығының ортасына және градуирленген графиктің толқын ұзындығына сәйкес болуы керек.
  4. Мәндерін кесте 3-ке енгізіңіз.

Кесте  3

Жұту жолағы

Микровинттің  көрсеткіш шкаласы

n, бөл.

Толқын ұзындығы

λ, нм

Бірінші жолақ

   

Екінші жолақ

   

 

  1. Жұмыс аяқталған соң тоқ көзінен құрылғыны ағытып, жұмыс орнын жинастырыңыз.
  2. Орындалған тапсырма бойынша алынған мәліметтерді сұрыптап, қорытынды талдау жасаңыз.
  3. Оқытушыға жұмыс нәтижесін  бағалауға ұсыныңдар.



Информация о работе Электромагниттік толқындар шкаласы