Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 16:05, реферат
Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді.
АЭС
Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент — цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран (233U, 235U, 238U), плутоний (239Pu ), торий (232Th) изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Мыс., 1 кг уран 2.1010 ккал энергия береді. Бөліну реакциясының үздіксіз жүріп отыруына қажет ядролық отынның ең аз мөлшері кризистік масса деп аталады. Реактордың типіне, конструкциясы мен отынның түріне қарай кризистік масса 1 кг-нан бірнеше тоннаға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 ж. Обнинск (КСРО) қ-нда салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Америкада тұтынуға қажетті барлық электр энергиясының 23е-ін, Францияда 75--ін, Жапонияда 48--ін АЭС береді. Кейбір елдерде жедел нейтронмен жұмыс істейтін тиімді реакторлар іске қосылған. Оның ең алғашқыларының бірі Қазақстанда салынған. Ол Ақтау қаласын тұщы сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етеді (қ. Энергия комбинаты). 20 ғ-дың ақырында дүние жүзіндегі АЭС-тердің жалпы қуаты 500 000 Мвт жетті. Ядро энергиясынан электр тогын тікелей (турбинасыз, электргенераторсыз) алу жолдары да зерттелуде. Әсіресе, термоядролық энергияны игеру ісіне халықар. қауымдастықтар ат салысуда. Ондай АЭС-тер адам баласының тұтынуына қажет энергия мәселесін түпкілікті шешетін болады.
ГРЭс
Екібастұздың ГРЭС-1 станциясы КСРО-ның Екібастұз ОЭК құру жөніндегі жобасының аясында салынды, осылайша оның жалпы белгіленген қуаттылығы 20 000 МВт-ты құрауы тиіс болатын.
1974 жылдың қаңтар айында
1977 жылдың 17 наурыз күні Екібастұз ГРЭС-1 басты корпусының құрылысына іргетасының бірінші блогы тұрғызылды. Құрылыс алаңы 25 шаршы километрге жайылды. Басты корпустың ауқымы былайша болды: ұзындығы - 500 м., ені-132 м., биіктігі - 64 м. Биіктіктері 330 метрлік екі мұржа салынды.
1979 жылдың 8 қазан күні Женгелді көлінің ойпатында даярланған су қоймасы Ертіс-Қарағанды арнасынан алынған сумен толтырыла бастады.
1980 жылдың 31 наурыз күні Қазақстан мен Ресейді электр энергиясымен қамтып тұруға арналған жаңа станцияның қуаттылығы 500 МВт болатын бірінші энергоблогы іске қосылып пайдалануға берілді. 1980-1981 жылдардың ішінде 2-ші және 3-ші энергоблоктар пайдалануға берілді. Екібастұздың ГРЭС-1 Солтүстік Қазақстанның біріктірілген энергожүйесінің жергілікті электр жүктемелерін жауып отыруға шақталған. Ол Қазақстанның барша энергия тұтынуының 20-30 пайызын қамтып отырды. 1981 жылдың 10 қазан күні Екібастұздың ГРЭС-1 станциясы алғашқы миллиард киловаттсағатын өндіріп шығарды. 1981 жылдың қараша айында қолданыстағы 4-ші энергоблок іске қосылды. 1982 жылдың қазан айында – 5-ші энергоблок жүйеге қосылды. Одан кейінгі жылдары 1984 жылдың 24 қазан күніне қарай 6-шы, 7-ші және 8-ші энергоблоктар іске қосылып пайдалануға берілді. Нәтижесінде, Екібастұздың ГРЭС-1 жалғыз КСРО аумағында ғана емес, сонымен қатар әлемдегі көмірмен жұмыс істейтін ірі деген жылу электр станцияларының қатарына қосылды.
1996 жылдан 2008 жылдар аралығында Екібастұздың ГРЭС-1 станциясын американдық AES компаниясы басқарып келді. 2008 жылдың 30 мамыры күні Қазақмыс Тобы электр станциясын иелігіне сатып алды. 2009 жылы Қазақмыс №5 энергоблоктың негізгі және қосалқы жабдықтарын қайта жаңғырта отырып, жаңарта отырып, капиталды жөндеу жасалды. 2009 жылдың соңына қарай жүргізілген жөндеу науқаны жұмыс қуаттылығын 2500 МВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2010 жылғы наурыз айының басында «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақмыстан, оның Екібастұз ГРЭС-1 жарғылық капиталындағы 50 пайыздық акцияларын сатып алды.
«Экибастузская ГРЭС-1» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі орныққан 4 000 МВт
қуаттылығы бар электр қуатын өндіру мен
таратылуын жүзеге асыратын, конденсаттау
түріндегі жылу электр стансасы болып
табылады. Стансаның негізгі отыны – Екібастұз
пайдалы қазынды кенінің тас көмірі. Қазіргі
таңда, сегіз энергоблоктың бесеуі үздіксіз
жұмыс істеп, 2500 МВт қуаттылықты өндіре
алады. Стансада өндірілген электр қуатының
20 пайызға жуығы Ресейге жіберіліп, қалған
бөлігі Қазақстанның энергетикалық нарығында
таратылады. Біздің ірі тұтынушыларымыз
бен тұрақты серіктестеріміз «АлматыЭнергоСбыт»
ЖШС, «Казфосфат» ЖШС, «Теміржолэнерго»
ЖШС және тағы басқалары.
Қазіргі уақытта біздің
кәсіпорнымызда ISO 9001:2000, OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004
үш халықаралық стандарты енгізіліп ойдағыдай
жұмыс істеп жатыр. 2006 жылдың желтоқсан
айында электр стансамыз ISO 9001:2000 Сапаның
Менеджмент Жүйесі Стандартының талаптарына
сәйкес келу халықаралық сертификатын
алды. 2008 жылдың наурыз айында стансамыз
денсаулықты сақтау және қауіпсіздік
саласындағы OHSAS 18001 Менеджмент Жүйесінің
Стандарты мен қоршаған ортаны қорғау
саласындағы ISO 14001:2004 Менеджмент Жүйесінің
Стандарты жөніндегі сертификаттарына
ие болды.
2008 жылдың қыркүйегінде «Экибастузская
ГРЭС-1» ЖШС жаңа ұрпақтағы электростатикалық
сүзгілерді жеткізіп тұру мен орнату жөніндегі
шартына қол қойды. Электр сүзгінің тазарту
тиімділігі 99,8 пайызға жетіп, атмосфераны
ластайтын заттар шығарындысын 4 есеге
дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Аталмыш
жоба электр стансамызға сенімді электр
қуатын өндіру көрсеткішін көбейтуге
жағдай жасайды.
2017 жыл қарсаңында,
4000 МВт жобалық қуаттылығына шығуға мүмкіндік
беріп, өсіп келе жатқан электр сұранысымен
тек қана Қазақстанды ғана емес, көршілес
елдерді де қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін Екібастұз МАЭС-1 стансасындағы
№8,1 және 2 энергоблоктарының қалпына
келтірілуі мен жаңартылуы жоспарлануда.
Жұмыс істемей тұрған қуаттылықтардың
қалпына келтірілуі, еліміздегі энергия
тапшылығының тәуекелділігін төмендетіп,
ұлттық экономиканың өсуіне көмек беретін
Екібастұз МАЭС-1 стансасы үшін экономика
тұрғысынан орынды әрі Қазақстан үшін
қажетті болып табылады.