Инфрақызыл сәулелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 19:12, доклад

Краткое описание

Әлеуметтену
Әлеуметтену факторлары — әлеуметтену үрдісінің дұрыс жүруі үшін жағдайлар жасауы. Әлеуметтенудің көптеген факторлары кездеседі. Әлеуметтену факторлары бір мезгілде жеке тұлғаны қалыптастырудың, ортаның рөлі туралы факторлары болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтану проблемасы қазіргі кезде өте өзекті де, әрі жаңа және тану үшін күрделі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

3.doc

— 80.50 Кб (Скачать документ)

3-4-сабақтар

ОЙ-ӨРІС КЕҢДІГІ ЖӘНЕ АҚЫЛ-ПАРАСАТ

 

     Ақыл (араб.: عقل‎ ақыл) — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат. 

  • Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
  • Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.

 

5-6-сабақтар

НИЕТ  ТАЗАЛЫҒЫ – ІЗГІЛІК БАСТАУЫ

 

     Ниет– адам әрекетінің нақтылы мақсатын, мазмұнын бейнелейтін қозғаушы күш. Ниетсіз, себепсіз мақсат қойылмайды. Кісіні нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де Ниет Оның мазмұны адамның қылығы мен пиғылында. Ниет субстанция болса, қылық пен пиғыл – оның акциденциялары. Ұлттық дүниетанымда жиі қолданылатын Ниеттің формалары: тілек және бата. Тілектің субстанц. мәні жоқ, оның мәні – Ниет тілек айтушы өзінің Ниетін білдіргісі келеді, сөйтіп тілек көбінесе батаға айналып кетеді. Ниетті бата арқылы білдіру қазақ халқының тұрмысына сіңген дәстүрге айналған. Көңіл құбылмалы болса, ниет тұрақты. Ол адамның өзі, оның жеке болмысы. Ниет адамның табиғаты болғандықтан, оны түбірімен өзгерту мүмкін емес, оған тек белгілі мөлшерде әсер етуге ғана болады. Ниетті бұзушы – нәпсі, қорғаушы – ар. Сондықтан Ниет әуел бастан ізгілік жолы, ар жолы. Ниет тазалығы ізгілік ретінде ерекше субстанция болғанымен, ниеттің бұзылуы бұл жалған дүниеде бола бермек. Қателік, адасу, күнәлі болу тек ниет табиғатына ғана қатысты емес, ол адам баласының басына тағдыр боп түскен оқиғаға байланысты. 

     Ізгілік — әдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді, моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке қарама-қарсы ұғым — зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік қызметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады — жақсылық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды; бұлар игілікпен теңдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді.

 

7-8-сабақтар

РУХАНИ БАЙЛЫҚ – ИГІЛІК КӨЗІ

 

     Байлық рухани — қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктер мен рухани құндылықтарды білдіретін ұғым. Байлық рухани және материалдық болып ажыратылады. Рухани Байлық ұғымы әлемде немесе белгілі бір елде жасалған рухани қазыналардың жиынтығын, сол қазыналарды игеруді мұрат тұтқан жеке адам басындағы сезім, ақыл, парасат, өнер, білім қабілеттерін қамтиды (қ. Руханият). Ал, материалдық Байлық ұғымы адамзат қауымына, жеке мемлекетке не адамға тиесілі материалдық игіліктерді білдіреді. Ол алғашқыда адамдардың күнделікті табиғи қажетін қамтамасыз ету мақсатымен сол адамдардың әрекеті арқылы жасалып, кейіннен меншіктену процесі барысында әлеуметтік қарым-қатынас құралына айналған. Сондықтан адамдар қарым-қатынасындағы билік, әділдік ұғымдарын қарастырып, адамзат қоғамында үйлесімділікке жету жолдарын іздеген ойшылдар Байлық ұғымын айналып өте алмаған. Жеке меншігіндегі материалдық игіліктерді еселеп өндіріп, мемлекетті (қоғамды) дамытуға ықпал еткен іскер адамдардың тәжірибесін талдаған зерттеулер мен тұтас мемлекеттегі, аймақтағы, әлемдегі материалдық игіліктерді молайту әдістерін ұсынатын экономикалық теорияларда Байлық әлеуметтік құндылықтардың бірі ретінде бағаланады. 

 

 

 

 

9-10-сабақтар

АЛЫНБАЙТЫН  АСУ ЖОҚ

 

     Егер адам шын ниеттенсе, қолынан көп іс келеді. Қазақ халқында «Алынбайтын асу жоқ», - деген қанатты сөз бар. Бұл қанатты сөздің астарынды ізгі ниет, адал ой ойлап, талаптанып, еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі, алмайтын асуы жоқ деген ой бар.

     Өмірде  әркім өзінің жолын табуға  талпынып, жетістікке жетуді армандайды. Бірақ барлығы бірден біз ойлағандай тез болмайды. Олар еңбекқорлықпен, асқан табандылықпен келеді.

     Қойған  мақсатыңа, аңсаған арманыңа жету үшін ең алдымен мақсатың өзіңе және өзгелерге пайдалы, ізгі іске бағытталуы керек. Қойылған мақсат тиянақты түре ойластырылуы және өз мүмкіндігіңе сәйкес болуы тиіс. Ең бастысы адамның жан-жақты ізденіп, білім алуы, адал, тынымсыз еңбектенуі және өзіне деген ішкі сенімнің берік болуы табысқа жетудің кілті болып табылады. 

 

11-12-сабақтар

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

 

     Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

     Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.

 

13-14-сабақтар

ҚАНАҒАТ, РАҚЫМ ОЙЛАП ҚОЙ

 

    Ізгілік пен рақымшылыққа, қанағатшылдыққа ұмтылу – барлық адамзатқа тән қасиет, бірақ ол қасиеттер адам бойында үнемі туа біткеннен болса бермейді. Ізгілікке, адамгершілікке, қанағатшылдыққа өз болмысын шектей алатын адамдар ғана қол жеткізеді. Өзін-өзі үнемі рухани жағынан жетілдіріп, әлеуетін көтеріп отыратын адам рухы биік адам деңгейіне жетеді.

     Иманнан бастау алатын мейірім,  рақым, қанағатшылдық, ізгілік,  сабырлылық, төзім, кешірім, зиялылық, т.б. адамгершілік қасиеттердің  тоғысатын жері ол  -парасаттылық. Адамды басқаға танытатын да, өзгемен табыстыратын да осы – парасаты.

 

15-16-сабақтар

ҚАЙСАРЛЫҚ ПЕН БАТЫЛДЫҚ

 

     Батылдық - адам бойындағы ержүректікті, қайсарлықты, турашылдықты, еркіндікті, өжеттікті білдіретін жинақтаушы ұғым.Сын сағатта шешім қабылдай алу, қауіп-қатерге қарсы тұра білу, қиындықтан қорықпау, т.б. әрекеттер Батылдықтың көріністері болып табылады. Сондай-ақ, Батылдық ішкі жан-дүниенің кемелдігі, белсенділік, күрескерлік сияқты қасиеттермен тығыз байланысты.Қазақ халқының түсінігінде Батылдық — батырлықпен қатар ұғылатын қасиет. Ол ел мүддесімен ұштасатын ерліктің көрінісі ретінде пайымдалады. Батылдық елі мен туған жері үшін күрескен отаншылдықты, қысылғанда топқа түсер өжеттікті, тірліктің тетігін қолдан шығармаған ептілікті байқатады. Батылдық — көзсіздіктің көрінісі емес, сабырлы ақылдың әрекеті. Ол — азаматтықтың, көсемдікпен шешендіктің алғышарттарының бірі. Батылдық жеке адамның қоғамдық қызметі барысында қалыптасады. Батылдыққа қарама-қарсы ұғым — батылсыздық.

     Қайсарлық– адамның асыл қасиеттерінің бірі, кісілік сипаты. Алған бетінен қайтпайтын, өмір жолында кездескен қиыншылықтарға мойымайтын өршіл мінезді танытады. Қайсарлық көбіне кісінің ерік-жігеріне, болмыс-бітіміне, қажыр-қайратына, төзімділігіне, шыдамдылығына байланысты.

 

17-18-сабақтар

ЕКІ СӨЙЛЕУ – ЕРГЕ СЫН

 

     Уәде –берілген серт, уағда, яғни адамның басқа біреуге берген әрекеттік шарты, сөзінде тұрудың белгісі. Уәде берместен бұрын жақсылап ойлану керек. Ал берілген уәде орындалуы тис. Уәдеде тұру жауапкершіліңтің, тәртіптіліктің, адамгершіліктің белгісі. Уәдеде тұрмайтын адамда намыс болмайды. Халқымызда уәдеде тұру, екі сөйлемеуге ерекше мән беріледі. Сондықтан екі сөйлеу ерге сын деп айтылады.

 

 

 

 

 

 

 

1-2-сабақтар

ТАНЫМ БЕЛЕСТЕРІ 

 

     Таным теориясы  
 
     Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты - агностицизм деп атайды.  
     Бұл теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан тыс жасайды, бірақ оны танып білуге болады. Таным - бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі.  
Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы – тікелей байқап, сезуден бейнақты ойлауға, одан практикаға өту.  
     Тікелей байқау процесінде, яғни түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында қандай да құбылыс не заттар жөнінде түсініктер пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады. Бейнақты (абстракт) ойлау əрекеті танымға түскен құбылыстардың жалпы белгілерін анықтауға, түсінік, пікір, ұғымдарды игеруге, зат не құбылыстар арасындағы мəнді, қажетті де тұрақты байланыстарды ашып, заңдар мен заңдылықтарды өрнектеуге мүмкіндік береді.  
     Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам жəне адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.  
Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.  
     Алайда таным мен оқу ортасында болатын маңызды ерекшеліктерді ескермеу мүмкін емес:  
     • таным –бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді.

 

№148 мектеп-гимназия

 

 

 

 

 

 

№148 мектеп-гимназияның

10«Ә» сынып оқушысы

Қалмұрзаева Назеркенің 

өзін-өзі тану пәнінен

арналған папкасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014

 

 

 

 


Информация о работе Инфрақызыл сәулелер