Инфрақызыл сәуле

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:25, реферат

Краткое описание

Название магазина: ЗАО «Челны-хлеб», магазин №28. «Челны-Хлеб» имеет более чем тридцатилетнюю историю, начавшуюся с создания Набережночелнинского хлебокомбината. Это было связано с выбором в 1969 году северо-восточной части Татарстана в качестве площадки для Челны - хлебства предприятия «КамАЗ» и с появлением города, который сейчас наименуется - Набережные Челны.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 59.20 Кб (Скачать документ)

 

«Авиценна» медицина колледжі

«Жалпы білім беру» кафедрасы

 

                                                    Бекітемін

                                                Директордың оқу ісі

                                                    жөніндегі орынбасары

                                                               Умбеталиева Л.У__________

                                                      «__» __________ 201__ж

 

Ашық сабақ

 Пәні: Химия 

Тақырыбы:   Глюкоза және сахароза.

   Адам өміріндегі көмірсулардың қасиеттері.

 

  Кафедра мәжілісі отырысында

                                                     қаралды №    хаттама

                                                                        «__»______20__ж

                                                       Кафедра меңгерушісі:

                                                               Ж.М.Кенжебаева_________

 

 

                                                                     Дайындаған: Абентаева Ш.Қ.

                                                           Өткізілетін топ: Мб 05-13 қ

                                                          Өткізілетін  орны: 26-дәрісхана

    

 

Шымкент

 

Сабақтың тақырыбы: Глюкоза және сахароза.

                                    Адам өміріндегі көмірсулардың қасиеттері.

 

Сабақтың мақсаты:

      Білімділік мақсаты:  Студенттерге глюкоза және сахароза. Адам организминдегі көмірсулардың қасиеттері. Дисахаридтердің өкілі – сахарозаның құрылысы мен химиялық қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру арқылы көмірсулар туралы білімдерін кеңейту.  

Дамытушылық мақсаты: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу.  Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу.

 

Сабақтың түрі:

Сабақтың өткізілу әдісі: ойын элементтерін пайдалана отырып түсіндіру, сұрақ-жауап, тесттер шешу.

Сабақтың көрнекілігі: плакат,видоролик,слайд.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: Медицина,биология.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

  1. Үй тапсырмасын еске түсіру  сұрақ – жауап   ( 15 минут)

  1. Бой сергіту (5 минут)

  1. Жаңа материалды меңгерту (30минут)

  1. Жаңа тақырыпқа байланысты сканворд шешу  (10 минут)

  1. Видео ролик  (5  минут)

      7.   Сабақты бекіту,  сұрақ – жауап  (10 минут)

      8.  Бағалау, үйге тапсырма беру.(5 минут)

 

I Ұйымдастыру  кезеңі

      1. Студенттермен сәлемдесу.

      1. Дәрісхана тазалығына   көңіл  бөлу.

      1. Студенттердің сабаққа қатысуын, формасын тексеру.

      1. Студенттердің зейінін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын еске түсіру.

III. Бой сергіту.

  1. Электролиттік диссоциация терориясын ашқан ғалым Аррениус па?

  1. Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп аталама?

  1. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па?

  1. Азот молекуласы полюссіз коваленті байланыс түзе ма?

  1. Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым Физика ғылымы ма?

  1. Химия ғылымың тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па?

  1. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? 

  1. Ең қиын балқитын металл алтын ба?

  1. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па?

  1. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба?

  1.  Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма?

  1. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма?

  1. Судан екі есе жеңіл металл Калий ма?

  1. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма?

  1. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па?

  1. Топ бойынша жоғардан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма?

  1. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиетті аллотропия деп атала ма?

  1. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма?

  1. Натрий тұздары жалынды сары түске бояй алама?

  1. Сілтілік металдарға темір жата ма?

                Жауаптары

1.иә                                          11.иә                                         

2.жоқ                                       12.жоқ

3.жоқ                                       13.иә                                         

4.иә                                          14.иә                                         

5.жоқ                                       15.жоқ

6.жоқ                                       16.иә                                         

7.иә                                          17.иә                                         

8.иә                                          18.жоқ

9.иә                                           19.иә

10.жоқ                                      20.иә

IV.  жаңа сабақты түсіндіру.                 

     Көмірсулар - табиғатта өте көп таралған және адам тіршілігінде маңызы өте зор рөл атқарады.Мыс: крахмал негізгі қоректік заттардың қатарына қосылады,целлюлоза маталар,қағаздар, жасанды талшықтар өндірісіне жұмсалады.

     Көмірсулар – деп аталу себебі  олардың ең алғашқы зерттелген өкілдері көміртегі  мен судан құралған деп саналған. Сондықтан көмірсулардың жалпы формумасы: Сn(Н2О)m

   Көмірсулар табиғатта  фотосинтез нәтежесінде өсімдіктерде  түзіледі.

       у СО2 + у Н2О → С х (Н2О) у + хО2 ↑

Табиғатта көмірсулар өсімдікте 80 ℅ дейін, адам ағзасы мен жануарларда

2 ℅ дейін, тағамда 70 ℅ -не  дейін болады.

                                 Көмірсулар

Моносахаридтер           Дисахаридтер          Полисахаридтер    

   С6Н12О6- глюкоза        С12Н22О11 – сахароза        (С6Н10О5)n -  крахмал

Көмірсулардың ең маңызды өкілі - глюкоза.

                                   Глюкоза   

Глюкоза – С6Н12О6 кристалды зат,иіссіз,түссіз,суда жақсы ериді,жүзім шырынында піскен жеміс-жидектерде,балдың құрамында кездеседі.Глюкозаның құрылысы:

    СН2 - СН - СН – СН – СН – СООН           

    ОН – ОН –  ОН – ОН – ОН                        

                                                                            О                                                                                                                                                              

                                                                                                                   ║

Глюкозаның құрылысында альдегид тобы ( -С – Н ) және спирт тобы (ОН) бар.Сондықтан оны альдегидоспирт деп атайды.Глюкозаның тұйық тізбекті құрылысы бар:

Глюкозаның  изомерін – фруктоза.

 С6Н12О6  фруктоза – кетоноспирт деп атайды.

             Химиялық қасиеттері

  1. күміс – айна реакциясы.

 C6H12O6 + Ag2O → C6H12O7 + 2Ag ↓

                                 гликон қышқылы

  1. Сu (OH )2   әрекеттеседі.

C6H12O6 + Сu (OH )2   → C6H12O7 +Cu2O↓ + 2H2O

                                                           қызыл

  3) Сутегімен тотықсыздану.

  C6H12O6 + H2 → C6H14O6

           глюкоза                           сорбит

 

  1. Спиртті ашыту.

C6H12O6 → 2СО2 ↑  + 2C2H5OН

  1. Сүтті ашу.

C6H12O6    → 2 CH3 – СН-СООН

                                    ОН

6) Тотығу  реакциясы.

  C6H12O6 + 6O2   → 6CO2 + 6H2O +Q

           Қолданылуы.

1.Медицинада дәрі-дәрмек  алуда

2.тамақ өнеркәсібінде,сусындар,кондитерлі  заттарда,спирт алуда.

3.тоқыма өнер  кәсібінде, маталарға жылтырлық  беруде.

4.айна және  шырша ойыншықтарын алуда..

       

          Сахароза.

Сахароза  гидролизденгенде екі молекула моносахарид түзетін көмірсулар.

Сахароза өсімдіктерде,қант қызылшасында,қант қамысында, сәбізде,қауында,қайық пен үйенкінің шырындарында болады.

Сахароза – ақ кристалды зат,суда жақсы ериді, дәмі тәтті, балқу температурасы

184-1850 С.

Сахарозаны балқытып – карамель алынады.

         Химиялық қасиеттері.

  1. гидролиздену реакциясы.

               

  С12Н22О11 + Н2О → С6Н12О6 + С6Н12О6

                                     глюкоза     фруктоза

Сахарозаның изомері – лактоза , мальтоза.

        Лактоза  – сүт қанты.

              Мальтоза – табиғатта бос күйінде  кездеспейді, крахмалдан                 алады.Сахароза қант өнеркәсібінде  пайдаланады.          

Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі организм клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады. 
Көмірсулар тез ыдырап, организмді тез арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз етеді. Ас қорыту каналында полисахариттер моносахариттерге дейін ыдырап, ішек бүрлерінің капилляраларындағы қанға өтеді. Егер қанттың қандағы мөлшері азайса (гипогликемия) организм шаршап, бас айналып, көз қарауытады. Бұл жағдайда қанға немесе тері астына глюкозаның ерітіндісін жіберсе, не кәдімгі қант жесе, аз уақыттың ішінде - ақ гипогликемиялық шок деп аталатын жоғарыда аталған жағдайдың барлығы жойылады.

Фруктоза (левулоза, жеміс қанты) - моносахаридтер тобына жататын глюкозаның изомері. Фруктоза сахароза мен инулиннің құрамдас бөлігі болып табылады. Фруктозаның жеміс қанты деп аталу себебі, ол табиғи күйінде барлық жеміс - жидектердің құрамында кездеседі. Балдың негізгі бөлігі фруктозадан тұрады. 
Фруктозаның негізгі қасиеттерінің бірі – оның тәттілігі, ол сахарозадан 1, 5 - 1, 7 есе тәтті. Фруктозаны қолдану арқылы қанттың қабылдау мөлшерін 30 - 50 %- ға азайтуға болады. Фруктоза адам организмінде өте сіңімді, қорытылу кезінде инсулиннің қатысуын қажет етпейді. Сондықтан да, фруктоза диабеттерге арналған препараттар жасауда, диеталық тағамдар даярлауда және басқа да тамақ өнімдерін даярлауда кеңінен қолданылады. 
Сонымен қатар, фруктозаның басқа да ерекше қасиеттері бар. Ол қандағы алкогольдің ыдырауын күшейтеді және де тамақтануда кәдімгі қантты фруктозамен алмастыру – тіс ауруларының алдын алуға септігін тигізеді. 
Фруктозаны алудың өндірістік маңызы бар көздеріне инулин құрамдас өсімдіктер жатады. Мұндай өсімдіктерге жататындар: топинамбур, шашыратқы, түйежапырақ, георгин, бақбақа.

 V.   Видеоролик.

 

 VI.   Жаңа тақырыпқа байланысты  сөзжұмбақ шешу.

                     «Фруктоза» 

    1.Глюкоза изомері - фруктоза.

    2.Қант қызылшасында,қант қамысында,сәбізде,қауында кездеседі – сахароза

    3.Көмірсу 2пайыз  қайда кездеседі  - жануарларда

    4.Сахарозаны балқытатын -карамель

    5.Табиғатта көмірсулар 80 пайыз қайда кездеседі - өсімдікте

Информация о работе Инфрақызыл сәуле