Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2014 в 19:25, курсовая работа
пульстік техника әсер ету мерзімі мен түрі әр түрлі (кернеу не ток түріндегі) электр импульстерін пайдаланады. Импульстік сигнал үздік-үздік болады да, амплитудасы мен әсер ету мерзімінің ұзақтығына байланысты ажыратылады. Бұл сигналдардың параметрлері қолданылып отырған приборлардың жұмыс ретіне, қолдану мақсатына сәйкес әр түрлі мөлшерде болады. Атап айтқанда, телемеханика, есептеу техникасы салаларындағы импульстік сигналдардың қуаты 1 мкВт болса, радиолокация саласында сигналдардың қуаты ондаған МВт-қа дейін жетеді, ал ұзақтығы 0,1 – 1 с-тен (автоматикада) 1нс-ке (шапшаң бөлшектер физикасында, есептеу техникасында) дейін.
Бірвибраторлар
Электр тізбектеріне өтетін импульстік сигналдар бұрмаланады.
Бұл кезде олардың пішіні, амплитудасы және ұзақтығы өзгеруі мүмкін. Транзисторлық кілт сигналдың бұрмаланған пішіні мен амплитудасын "түзетеді" өйткені ол кіріс сигналды амплитудасы алдын ала берілген стандартты тікбұрышты импульстарға түрлендіреді. Бұнда шығыс импульстің ұзақтығы кіріс импульстің ұзақтығына толық тәуелді болады.
Кіріс импульстің
ұзақтығына тәуелсіз, ұзақтығы алдын
ала берілетін импульстік
Бірвибратор деп бір тұрақты күйі бар, ол күйден сыртқы сигналдың әсерімен екінші уақытша тұрақты күйге ауыстыруға болатын құрылғыны айтады. Бірвибратордың меншікті параметрлеріне ғана тәуелді болатын, анықталған уақыт өткен соң ол құрылғы өздігінен бастапқы тұрақты күйіне қайта оралады. Бірвибратордың классикалық сұлбасы 15.9 - суретте көрсетілген .
а)
б)
Құрылғының параметрлерін, қоректендіру кернеуін қосқан кезде екінші транзистордың базасындағы Uб2 кернеу 0,6 0,8 В - қа дейін жететіндей етіп таңдап алады, сол кезде VT2 ьранзисторы ашылады да, оның коллекторындағы кернеу нольге дейін дерлік (Uш ≈ 0,1 0,2 В) түседі. Бірвибратордың шығысының кері байланыс тізбегі бойынша (R1 резистор) оның керісіне түсетін кернеу бірінші транзисторды жабық күйінде сенімді ұстап тұрады, өйткені оның базасындағы кернеу табалдырық UТ ≈ 0,5 В- тан кем. осымен бір мезгілде Rк1 резистор және екінші транзистордың ашық эмиттерлік өткелі арқылы С конденсатордың Uс = Ек - Uб2 ≈ Ек кернуіне дейінгі зарядталуы жүреді. Осыдан кейін пайда болған тұрақты күй бірвибратордың кірісіне қозғап жіберуші оң импульс келіп тускенше сақталып тұрады.
t1 уақыт мезетінде кіріскетүскен оң импульстан VT1 транзистордың базасының кернеуі артып, транзисторды ашатын мәнге жетіп, транзисторды сол мезеттен бастап ашады. Ашылған транзистордың коллекторының кернеуі нольге түсіп (15.9, ә- суреттегі диаграмманы қараңыз) коллектор жерге тұйықталады. Сол мезетте С конденсатордың оң жақ астарының потенциалы, яғни Uб2 теріске ("-") айналып, ол екінші транзисторды жабады.
Бұл транзистордың коллекторында кернеу Еқ мәніне дейін көтеріледі. Кірс импульс аяқталғанмен кері байланыс арқылы Uб2 кернеу ұсталып қалады.
R кедергісі арқылы конденсатор зарядтала отырып, оның оң жақ астарының потенциалы, яғни Uб2 кернуі жайлап арта бастайды (диаграманы қара). Ол бұрынғы VT2 транзисторды ашатын 0,6 0,8 В-қа дейінгі мәніне жеткенде (t2 уақыт мезеті) VT2 ашылады да бірвибратор бастапқы тұрақты күйіне көшеді. Қалыптасқан импульстің ұзақтығы:
tи = t2 ─ t1 ≈ RС ln2 ≈ 0,7 RС (15.12)
Ал VT1 - дің коллекторындағыстационар кернеу конденцатор С Rк1 арқылы зарядтала отырып tқалп- қалпына келу уақытында ғана tқалп= t3- t2≈ Rк1 С орнына келеді.