Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 10:10, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жанар матем.docx

— 90.32 Кб (Скачать документ)

Мысал ретінде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қарастырайық. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – бұл тек білім беру ғана емес, сонымен бірге, көп жағдайда, қоғамның ғылыми және инновациялық іс-әрекетті қолдау қабілетімен қатар, мәдени деңгейін көрсететін азаматтық сипаттама. Қазақстан Республикасында технологиялық жаңғыртуды жүзеге асырудағы халықтың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығына деген қажеттілік ғалымдар, конструкторлар, инженерлерге деген қажеттілікпен бірдей дәрежеде деп айтуға болады.

Дегенмен, PISA халықаралық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруда еліміздің білім жүйесі атқарып отырған ісі әзірге жеткіліксіз.

Тұжырымдалған ойлардан байқағанымыздай, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық құзыреттіліктері мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖБС) метапәндік білім беру нәтижелері жаңа жалпыланған сапаны таза пәндік білімдер және біліктермен салыстыра сипаттайды, сондықтан жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытуда қандай да бір ортақ тәсілдерді қолданғанда ғана бұл нәтижелерді күтуге болады. Өз кезегінде метапәндік жаратылыстану-ғылыми біліктерді (зерттеуші рәсімін қолдану, модельдердің көмегімен құбылыстарды түсіндіру, деректердің талдауы негізінде қорытындылар жасау) меңгеру – таза пәндік міндеттерді де ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

В.Н. Максимованың ұйғаруынша, пәнаралық біліктер – бұл «оқушының ұқсас пәндерден білім және біліктерді тасу және жалпылау процесінде байланыс орнату мен меңгеру қабілеті» .

Оқушылардың практикаға бағдарланған оқытуын ұйымдастырудың дидактикалық шарты ретінде пәндердің өзара байланысының жүзеге асырылуын қарастыра отыра, пәнаралық байланыстар теория мен практиканы біріктіретінін, білімді қоршаған шынайылықта (табиғатта, тұрмыста, өндірісте) қолдануға ықпал ететінін атап өту керек.

Сондықтан, пәнаралық мазмұнның міндеттерін де өмірлік маңызды міндеттер және проблемалар ретінде қабылдау қажет. А.В.Усованың пікірінше, оқушыда есепті шығарудың жинақтау білігі қалыптасуы қажет. Ол нақты тақырып бойынша есеп шығару кезінде қалыптаса бастайды, сонан кейін ол жинақталады және жинақталған құрылым нақты мазмұнмен толықтырылады.

Осыған ұқсас пікірді Г.П.Стефанова да білдірген. Ол есепті жинақтау әдісімен шешуді меңгерген оқушы, дұрыс үйреткен жағдайда, кез-келген практикалық есептерді табиғи білімін пайдалана отыра, сауатты шығара алады деп есептейді.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тағы бір тәсілі –жаратылыстану-ғылыми пәндердің барлығы үшін ортақ оқу тапсырмаларының номенклатурасын бөліп көрсету. Бұл номенклатура әр пән бойынша оқу тапсырмаларының барлық түрін қамтымайды, бірақ тікелей жаратылыстану- ғылыми сауаттылықты анықтайтын құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды сипаттайды. Оларға жататындар:

− жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің (немесе, танымның жарытылыстану-ғылыми әдісінің) негізгі ерекшеліктерін түсіну;

− ғылыми білім негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіру немесе суреттеу білігі, сол сияқты өзгерістерді болжау білігі;

− қорытынды жасау үшін ғылыми деректерді және қолдағы бар деректерді қолдану, олардың талдауы мен дұрыстығын бағалау білігі.

 Осы негізгі  үш құзыреттілікке сәйкес тапсырмалардың  да үш тобын бөліп көрсетуге  болады. Бұл топтар жинақталған  шартты тараулардың атаулары  да оқушы тіліне түсінікті, олар  үшін түрткі болатын, ынталандыратын  мағынада болуы тиіс. Мысалы, тапсырмалардың  бір тобын «Қалай тануға болады?»  деп атауға болады. Бұған енетін  тапсырмалар ғылыми танымның  әдісіне жататын құзыреттіліктің  біріншісіне, яғни ғылыми білім  алудың тәсілдеріне сәйкес келеді. Бұл тапсырмаларда оқушыға қандай  да бір фактілерді белгілеу, физикалық  шамаларды (өлшемдерді) анықтау, жорамалдарды  тексеру тәсілдерін табу; ұсынылған  проблеманы зерттеу жоспарын  жасау ұсынылуы мүмкін.

«Түсіндіріп көр» тапсырмасы құбылыстарды түсіндіру және сипаттау, процестердің өзгерістері мен барысын болжау білігін (құзыреттіліктердің ішіндегі екіншісі) қалыптастыратын тапсырмалар тобына сәйкес келеді. Бұл біліктер белгілі бір көлемдегі ғылыми білімге ғана емес, сонымен қатар, сол тілде түсінік немесе сипаттама берілетін құбылыстардың модельдерін операциялау қабілеттеріне сүйенеді.

«Қорытынды жаса» сериясы үшінші құзыреттілікке сәйкес келеді және қолда бар деректер негізінде қорытынды жасау білігін қалыптастыратын тапсырмалардан тұрады. Бұл деректер сандар, суреттер, графиктер, схемалар, диаграммалар, ауызша суреттеулер жинағы түрінде ұсынылуы мүмкін. Берілген деректердің талдауы, құрылымдық түрленуі, жинақтауы қандай да бір заңдылықтарды, үрдістерді логикалық жолмен көрсетуден тұратын қорытынды жасауға, бағалауға және т.б. мүмкіндік береді. Бұл біліктер көп жағдайда формалды, логикалық іс-әрекетке арқа сүйейтіндіктен құбылысты түсіндіру білігіне сәйкес келмейтіндей болып көрінеді, ал түсіндіру – бұл айтарлықтай дәрежеде эвристикалық әрекет.

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру міндеті мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының білімдік нәтижелеріне қол жеткізу сабақтағы оқу әрекетінің мазмұнына және мұғалімде болуы тиіс құзыреттіліктерге белгілі бір талаптар қояды.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі       11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.

Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік − бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.

Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:

Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);

Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);

Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);

Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);

Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің Отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);

Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).

Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.

Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.

Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағытталады.

Жоғарыда көрсетілгендей, функционалдық сауаттылық терминіне деген ықыластың артуы, математика және жаратылыстану бойынша білім нәтижелері TIMSS (Third International Mathematic sand Science Study) және оқушыларды бағалау бағдарламасы PISA шеңберінде жүргізілген халықаралық зерттеулердің жетістіктерімен үйлестірілген. 2009 жылғы, Қазақстан қатысқан PISA нәтижелерінің талдауы көрсеткендей, зерттеу оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтауға емес, оқушылардың алған білімі мен білігін күнделікті жағдайларда қолдану қабілетін бағалауға бағытталған. Қазақстандағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша білім беру жүйесіндегі жағдайдың талдауы төмендегіні көрсетті.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мектеп оқушылары білім нәтижелерінің мазмұны мен бағасын анықтайтын институттар: Ұлттық білім академиясы, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы, аймақтардағы білім саласын бақылау департаменттері дамыды. Оқушылар жетістіктерін бағалаудың TIMSS, PISA халықаралық зерттемелеріне қатысу тәжірибесі жинақталды. TIMSS – 2007 халықаралық зерттемесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.

Құзыреттілік білім моделін жүзеге асыруға бағдарланған 12 жылдық білім беру стандарты әзірленуде. Білім берудің ұлттық құндылықтары мен мақсаттары базалық құзыреттер, өмірлік рөлдер түрінде құрастырылған:.

– мейірімді адам;

– бауырмал отбасы мүшесі;

– шығармашыл дара тұлға;

  • жауапкершілікті азамат;
  • салауатты және кемелденуші тұлға.

Базалық құзыреттер тұлғаның басты қасиеттерін сипаттайды және білім алушылардың қоғамдағы өз орнын табуға, өзін әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуге жағдай жасайды. Олар бағдар ретінде әр адамның өз өмірін құруға, қоғамдағы тіршілікке өзек болады, сондай-ақ орта білімнің жасампаздық рөлін күшейтуге негіз болады.

Жалпы мақсат орта білім берудің мақсаттары арқылы нақтыланады. Орта білім берудің мақсаты – білім алушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету.

Қазақстанда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-әрекетіндегі басты бағыттар ретінде келесілер анықталған:

  1. Нормативтік құқықтық база.
  2. Ғылыми зерттеулер.
  3. Ұлттық стандарт, оқу бағдарламалары.
  4. Оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер.
  5. Оқытудың технологиялары.
  6. Білім жетістіктерінің нәтижелерін бағалау.
  7. Мұғалімдерді даярлау және біліктілігін арттыру.
  8. Ақпараттық орта.
  9. Имидждік жобалар.

 

Қорытынды

 

Қазіргі таңда білім тұлға, қоғам және мемлекет дамуының басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Заманауи жағдайлардағы оның мақсаты – шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесуінде: «бізге ойшыл, жауапты, елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі... Тәрбие беру ісінде мектеп ата-ана жауапкершілігі жөнінде айтады, ата-ана мектепке сілтейді. Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те жүктелуге тиіс. Мұғалімнің рөлін білімді тек қана «таратушы» деңгейіне түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап көрсетті.

Мектептің тәрбиелік әлеуетін күшейту, әрбір білім алушының дара психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету – заманауи мектептің жетекші басымдықтары ретінде көрсетілген. Патриоттық, мораль және адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім және толеранттылық, дене бітімі және рухани даму, заң сыйлаушылық сияқты құндылықтар, меншік түріне байланыссыз, барлық білім беру мекемелері қалыптастыруы тиіс.

Авторлар осы әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерінің әдіснамасын анықтады. Анықталған әдіснама негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің мазмұны ашылды. Осы бағыттағы назар аударуға тұрарлық және қызығушылық тудырып отырған шетелдік тәжірибелер құралдың екінші бөлімінде талданған.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатындағы мектеп және отбасы әрекеттестігі бойынша Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында да нақты жұмыстар атқарылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің талдауы мен республикадағы бар тәжірибелерді зерттеу қазіргі таңда педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлері мен әдістерін жеткілікті дәрежеде толық меңгермегенін көрсетті.

Сондықтан бұл жұмыс білім алушылардың функционалдық сауаттылығының ғылыми-теориялық базасын пайымдауға, осы бағыттағы отбасы және мектептің әрекеттестігінің жаңа формалары мен әдістерін айқындауға және әдістемелік негіздеуге бағытталғандықтан, педагогтар мен ата-аналарға практикалық көмек болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.
  2. Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.

 

 3. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту – Қазақстан дамуының  басты бағыты» Қазақстан халқына  Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012. – 114 б.

5. Крупник, С.А. Функциональная грамотность / С.А. Крупник,  
В.В. Мацкевич. - М.: Педагогика, 2010.

Информация о работе Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері