Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 18:55, реферат
ФЛУОРЕСЦЕНЦИЯ (осы құбылыс ең алғаш байқалған флюорит минералының аты және латынша escent — әлсіз әсер) — қоздыру әсері тоқтағаннан кейін тез өшіп қалатын люминесценция (өшу уақыты t10 нс). Флуоресценция құбылысы қозған молекулалардың (атомдардың) қалыпты күйге өздігінен ауысуы кезінде пайда болады. Флуоресценцияның спектрі және оның өшуі бойынша молекулалардың, сұйықтардың, кристалдардың, сондай-ақ биология объектілердің (мыс., клетка құрылысы) қасиеттері жөнінде деректер алынады.