Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 10:29, доклад
Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін дамыту.
Жұмыстың мақсаты: Физика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдей білуге үйрету.
І. Кіріспе
1. Тақырыптың өзектілігі
ІІ. Негізгі бөлім
Тақырыптың ғылыми – әдістемелік негізі
Тақырыптың жаңашылдығымен практикалық құндылығы
Жұмыс жүйесінің қалыптасуы мен дамуының динамикасы;
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер
Жамбыл облысы
Меркі ауданының әдіскерлік кабинеті
Баяндама
«Физика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру»
№39 орта мектеп гимназиясының
Физика пәнінің мұғалімі Байболатов А.Б
Тараз 2013ж.
Мазмұны:
І. Кіріспе
1. Тақырыптың өзектілігі
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін дамыту.
Жұмыстың мақсаты: Физика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдей білуге үйрету.
Осы аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік :
1) оқушылардың теориялық
2) оқушылардың жеке дара
3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Физика пәнінің оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
Оқушылардың
танымдық қызығушылығының ең
жоғары деңгейі танымдық
Жұмыстың зерттеу әдістері: салыстыру, талдау, анализ–синтез.
II. Негізгі бөлім
2.1.Тақырыптың ғылыми – әдістемелік негізі:
Білім беру саласында қол жетілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерінде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Экономикалық ынтымақтастық
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін оқушылардың оқушылардың өздеріде оқу үрдісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдірісіне толыққанды қатысу үшін қалай оқу керектігін білуі керек. Басқаша айтқанда оқу бар, бірақ сонмен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.
2. 2. Жаңашылдығы мен практикалық құндылығы:
Физика сабағында алған
Шығармашылық деңгейдегі оқушылар танымдық қабілеті қалыптасқан, толық құзырлыққа ие. Физика сабағында танымдық белсенділіктерін арттыру үшін түрлі әдіс –тәсілдерді жиі пайдаланамын.
Сабақ барысында тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың шешуші критерийі
Тапсырмалар тізімі |
мен мұны есте сақтай аламын ба? |
Маған мұны есте сақтау қажет пе? |
бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе? | |
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс |
Есте сақтай аламын, өйткені бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға орын ауыстырады |
Есте сақтау қажет, себебі жылдамдықтарды анықтауда кездеседі |
Бұл тақырыпты меңгердім, мысалы сағат тілшігінің қозғалысы бірқалыпты қозғалыс | |
Тапсырмалар тізімі |
мына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек | |||
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс |
Парашуттың қозғалысы - автомобильдің қозғалысы | |||
Тапсырмалар тізімі |
(мен мұны дұрыс түсіндім бе?); |
мен тығырыққа тірелдім, менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты |
сондықтан маған көмек қажет | |
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс |
Қозғалыс түрлерін түсіндім. |
Қозғалыс теңүдемелі және теңбаяулағыш болып шықты. |
Менің теңайнымалы қозғалыс туралы білгім келеді |
Осыған орай, әр сабағымда оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеяларымен эксперимент жасайды және қателер-оудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Оқушылардың оқу пирамидасын төмендегідей тұрғызуымызға болады:
Оқушының танымдық белсенділігін арттыру үшін сапалы тапсырмаларды қолданамын. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін физика сабағында төмендегі есеп шығару әдістер өте тиімді.
Физика пәнінде шығармашылық есептер оқушының шығармалығын шыңдайдын есептер болып табылады. Шығармашылық есептерді пәнеге деген қызығушылығы жоғары оқушылар орындағаны өте тиімді. Олимпиодаға дайындау барысында оқушының танымдық қызығушылығын арттырады. Оқушыларда оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру әдістерін қалыптастыру үшін, ең алдымен оларды қызықтыру керек. Физика сабағында сапалық есептерді пайдалану осы қызметті орындауға мүмкіндік береді. Қарапайым сапалық есептер – ойды, зейінді қызықтырып әкететін тартымды есептер. Әсіресе 7-8 сыныптарда физиканы бастағанда сапалық есептерді көбірек шығартса, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Сапалық есептер оқушыларды әртүрлі ой әрекетіне: салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Сапалық есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, физикалық білім деңгейінің жоғарлауына, мектеп курсын саналы қабылдауына жетелейді.Сапалық есеп оқушылардың физика заңдарын, құбылыстарды, постулаттарды тез естеріне түсіріп, білу дағдыларын, тапқырлықты, шығармашылықты, мұқияттылықты, кеңістікте елестету қабілеттерін дамытады, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кең мүмкіншілік береді.
2.3. Жұмыс жүйесінің
қалыптасуы мен дамуының динами
Оқушылардың осындай танымдық белсенділігін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқардым:
10 және 11 сыныптарында «Физика
ғылымындағы ілгері
Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты борышымыз.
Зертеушілік әдісте қолдану дағдысы тұлға дамуының негізі: керекті ақпарат, фактіні жинау, түрлі көзқараста сараптау дағдысы, қорытынды жасап, пайымдау .
Ғылыми жобалау әдісіндегі іс-әрекететуші тұлға, зертеушілік шығармашылдық, ролде ойнаушы, іздемпаз тұлға.
Жобалаудың жалпы құрылымы :
1) алдымен жобаның тақырыбын типін таңдау ;
2) зерттеудің маңыздылығы;
3) міндеттерді топтарға бөлу, зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау
4) зерттеулердің, шығармашылдық
міндеттері бойынша өздік
5) алған ақпараттары бойынша талқыға салу
6) қорғау
Жобалау әдісіне қойылатын талаптар
-зерттеудегі шығармашылық
-практикалық , теориялық , танымдық нәтижелердің көрсеткіштері
-оқушылардың өздігінен іс-әрек
-жобалаудың мазмұнының
Жобалау әдісінің алгоритмі
1.Проблема
2.Жобалау
3.Ақпарат көздерін іздестіру
4.Нәтижені қорытындылау
5.Презентация.
Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өндіруге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті баланы өзіндік ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның танымдық қабілетін түрлі әрекете көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет .
Қорытынды: