Физика пәні бойынша функционалдық сауаттылыққа байланысты деңгейлік тапсырмаларды орындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 14:58, творческая работа

Краткое описание

Біздің бүгінгі күнгі білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдыларын кеңейту, олардың мәдениеттілігін арттыру, қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке даралығын, гуманистік құндылық жүйелерін қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасы идеясы туралы айта келе бүгінгі тұлға жүйелі және сын тұрғысынан ойлай білу қабілеттерін меңгеру, алған білімдерін қорыта білу, өз бетінше білімін үнемі жетілдіру машықтарын игеру, жаңа шешім қабылдай білу және технологиялар мен инновациялар меңгеру қабілеттеріне үлкен мән беретіндігін бірнеше рет атап өтті.