Булану және конденсация. Қаныққан бу және оның касиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 17:31, автореферат

Краткое описание

Кез келген температурада сұйық бетінен молекулалардың ұшып шығу процесін булану деп атайды. Буға айналу кезінде сұйық бетінен ұшып шыққан молекулалар жиынтығы сұйықтың буы деп аталады. Сұйық бетінен тек кинетикалық энергиясы молекулалардың әсерлесуінің потенциалдық энергиясынан артық болатын молекулалар ғана ұшып шыға алады, сондықтан булану кезінде сұйық салқындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

булану.doc

— 54.50 Кб (Скачать документ)

 

      Булану және конденсация. Қаныққан бу және оның касиеттері.

 

Кез келген температурада  сұйық бетінен молекулалардың ұшып шығу процесін булану деп атайды. Буға айналу кезінде сұйық бетінен ұшып шыққан молекулалар жиынтығы сұйықтың буы деп аталады.  Сұйық бетінен тек кинетикалық энергиясы молекулалардың әсерлесуінің потенциалдық энергиясынан артық болатын молекулалар ғана ұшып шыға алады, сондықтан булану кезінде сұйық салқындайды.

Егер булану тұрақты  температура кезінде жабық ыдыста жүретін болса, онда буланумен қатар оған кері конденсация процесі, яғни будың қайта сұйыққа айналу процесі жүреді. Булану процесі заттың ішкі энергиясының артуымен, ал конденсация процесі оның кемуімен қатар жүреді. Демек, булану және конденсация зат пен қоршаған ортаның арасындағы энергия алмасу процесі кезінде өтеді. Булану тұрақты температура кезінде жабық ыдыста жүрсе, белгілі уақыттан кейін сұйық бетінен ұшып шығатын молекулалар саны осы уақыт ішінде сұйық бетіне қайтып оралатын молекулалар санына тең болады да, сұйық өзінің буымен динамикалық тепе-теңдік күйде орналасады. Сұйығымен динамикалық тепе-теңдіктегі буды қаныққан бу деп атайды. Қаныққан будың рқ қысымы тек оның химиялық құрамы мен температурасына тәуелді, ал будың көлеміне тәуелсіз болады.

Қаныққан  бу ұлғайғанда оның молекулаларының  концентрациясы кемиді де, сұйықтың бір  бөлігі буға айналады. Қаныққан будың  қысымы температура жоғарылаған  сайын жылдам артады.

Жоғарыда  айтылғандай, қаныққан бу қысымы сұйық  температурасына тәуелді. Олай болса, сұйықтың қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігі шығады, яғни сыртқы қысым артқан сайын қайнау нүктесі де жоғарылайды. Егер сыртқы қысым өзгермесе, қайнау барысында температура тұрақты болып қалады.

Берілген  температурада қысымы қаныққан будың қысымынан кем буды қанықпаған бу деп атайды. Яғни, булану конденсациядан артық болса, онда сұйықтың бетіндегі бу және сұйық жоқ кездегі бу қанықпаған деп аталады. Қанықпаған будың қысымы оның көлеміне тәуелді: көлем кішірейсе, қысым артады, ал көлемі ұлғайғанда, қысымы кемиді.

Тұрақты температурады  бу қысымының оның көлеміне тәуелділігін будың изотермы деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Булану және конденсация. Қаныққан бу және оның касиеттері