Білім беруді технологияландырудың өзекті мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 11:45, реферат

Краткое описание

Білім беруді технологияландырудың өзекті мәселесі – инновация бағытында даму мен педагогикалық жаңа технологияларды қолдану.
Білім беру ұйымы бүгінде педагогтардан білім тенденциясымен қатар инновациялық жүйедегі өзгерісті, жаңашыл білім беруді, оқытудағы дамытуға арналған өзге жүйелерді, педагогикалық технологияларды түсіне білуді талап етеді. Оқытуда интерактивтік формалар мен әдістер арқылы білім беру, технологиялық критерийлерді білу, жоба құру ерекшелігін түсіну, диагностиканы құру мүмкіндігін дамыту сияқты мақсаттар мен міндеттерден шыға білу де жаңа ғасыр мұғалімінің басты қағидасына айналуы тиіс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Физика.docx

— 16.08 Кб (Скачать документ)

 

  Физика   сабақтарында   физика  мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру

Білім беруді технологияландырудың өзекті мәселесі – инновация бағытында даму мен педагогикалық жаңа технологияларды қолдану.

Білім беру ұйымы бүгінде педагогтардан білім тенденциясымен қатар инновациялық жүйедегі өзгерісті, жаңашыл білім беруді,  оқытудағы  дамытуға арналған өзге жүйелерді, педагогикалық технологияларды түсіне білуді талап етеді. Оқытуда интерактивтік формалар мен әдістер арқылы білім беру, технологиялық критерийлерді білу, жоба құру ерекшелігін түсіну, диагностиканы құру мүмкіндігін дамыту сияқты мақсаттар мен міндеттерден шыға білу де жаңа ғасыр мұғалімінің басты қағидасына айналуы тиіс.

 

 Мұғалімдердің істеген ісінің жемісті болуы, кәсіби шеберлігінің жетілуі пән бірлестігінің жүйелі жұмысына тікелей байланысты.

Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен білім сапасының іргетасын қалайды. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімге ғана тән қасиет. Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану бос әрекет» деген, яғни білім ғана биікке жеткізеді. ХХІ ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Тәуелсіз туын көтерген жас мемлекетіміз білім саласында да өзіндік бағыт- бағдарын айқындап, әлемдік білім кеңістігіне шығуда жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық тенологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Осы орайда ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы « Оқыту  үрдісінде – ақпараттық технологияларды білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып,  физика   сабақтарында  жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудамын.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,  оқытудың  жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты төрт бөліктен тұрады. Олар: 
- Мақсаттылық компонентті-модульдерді құрастыруден тұрады. Модуль –жергілікті, жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «Түйіні» болып саналады. 
- Мазмұндық компоненті-гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін-терминдерден, ұғымдардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқу ортасы, мәтіндерді қазақ, орыс тілінде дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейнематериалдармен, медиаобьектілерімен толықтырылған; 
- Операциялық компоненті – интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады; 
- Нәтижелік бақылау компоненті – тест алу жолымен немесе бақылау жұмысымен жүргізіледі. Электрондық оқулықта тесттің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. 
Физиканы эксперименттік ғылым дейтін болсақ – кейбір мектеп зертханасының көмегімен түсіндіру мүмкін емес құбылыстар мен тәжірбиелер жетерлік. Оларды компьютер көмегімен немесе  сабақ барысында интерактивті тақтаны қолдана отырып көруге болады.

 

 Физика  – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.  Физика  пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді  оқытуда  оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.

Әр  сабағымда  жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым: 
- Білім,білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру; 
- Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру; 
- Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету; 
- Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту; 
- Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

 


Информация о работе Білім беруді технологияландырудың өзекті мәселесі