Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 10:58, реферат
Тісті дөңгелектер мен шкифтерді отырғызуға және пайдалы айналдырушы момент беруге арналған цилиндрлі, жұмыр немесе иінді бөлшекті біліктер дейміз. Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді, иілгіш және эксцентрикті түрлері болады.
I Кіріспе бөлім
II Негізгі бөлім
1. Біліктер мен өсьтер
1.1Біліктердің материалы және оларды өңдеу.
1.2 Біліктерді қатаңдыққа есептеу.
2 Подшипник.
2.1 Сырғанау подшипнигі.
2.2 Домалау подшипнигі.
2.3 Подшипникті таңдап алу.
3 Муфталар.
3.1 Муфталар атқаратын қызметі және олардың түрлері.
3.2 Тұйық муфта.
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер
Муфталар
3.1 Муфталардың
атқаратын қызметі және
Бәрімізге белгілі, машиналар жеке – жеке тораптардан құрастырылады, ал тораптар болса, бір – бірімен муфталар арқылы қосылады және олар тораптар арасындағы күш байланысын қамтамасыз етеді.
Техникада муфта деп; біліктерді жалғастыратын тетікті айтамыз. Муфталар машиналарда көбінесе қозғалтқыш пен редукторды және редуктор мен атқарушы механизмді жалғастыру үшін қолданылады. Машина жасау өндірісінде муфталар көбінесе мынадай жағдайларда қолданылады:
Муфталар өздерінің ішкі құрлысына және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді: а) механикалық муфталар; ә) электрлік муфталар; б) гидравикалық муфталар.
Машина бөлшектері курсында тек механикалық механикалық муфталар ғана қарастырылады.
Механикалық муфталар. Механикалық муфталар өздерінің атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: а) басқарылатын; б) басқарылмайтын; в) автоматтандырылған.
Ал басқарылмайтын муфталарға: 1) тұйық муфталар; 2) теңелту муфталары; 3) еркін қозғалыс муфталары жатады.
Муфталар
арқылы берілетін айнымалы моментінің
мөлшері олардың негізгі
3.2 Тұйық муфталар
Тұйық муфталар біліктерді біртұтас етіп байланыстыруға арналған.
Тұйық муфталардың бір кемшілігі, оларды қондыру үшін жұмыс істеп тұрған машиналарды тоқтатып, сол муфта арқылы байланысқан агрегаттарды ось бойынша жылжыту керек.
Тұйық муфталар серпімді және реттеуші муфталарға қарағанда аз орын алатын болғандықтан, оларды ұзын және өте жақын орналасқан біліктерді байланыстыруға қолданады.
Тұйық муфталар втулкалы және фланецті екі түрге бөлінеді.
Втулкалы муфталар. Втулкалы муфталардың құрлысы қарапайым және көлемі кіші болады. Осыған байланысты жеңіл машиналарда диаметрі 60...70 мм – ден аспайтын біліктерді қосуға жиі қолданылады. Бұл муфталардың ауыр машиналарда қолданылатын себебі монтаждау кезінде біліктерді осьі бойымен жылжытуды қажет етеді.
Втулкалы муфталар біліктерге бірнеше әдіспен а) конусты немесе цилиндірлі штифт арқылы; б) призмалы немесе сегментті шпонка және орнықтыру винті арқылы бекітіледі.
Втулкалар
болаттан жасалады. Кейде неғұрлым
көлемді втулка үшін СЧ 12 маркалы
шойын пайдаланылады. Муфталардың
негізгі өлшемдері: D = ( 1,5 …1,8)d; L=(2…4)d,
мұндағы d – білік диаметрі, D –
муфтаның сыртқы диаметрі, L – муфтаның
ұзындығы. Бұл муфталар штифтің, шпонканың
және втулканың беріктігіне
Фланецті муфталар. Фланецті муфта тұйық муфталардың негізгі түріне жатады. Жалғастырылатын біліктердің ұшына фланецті екі жарты муфта қондырылып, оларды өзара болаттармен қысып бекітеді.
Айналыс моменті бірінші жағдайда фланецтердің арасындағы үйкеліс күші арқылы берілсе, екінші жағдайда фланецтерді бекіткен болат денесі арқылы беріледі. Сондай – ақ саңылаусыз қойылған болаттар біліктердің центрдеу функциясы атқарады.
Егер бекітуші болаттар саңылау етіп қойылса, онда түсетін көлденең күштерді қабылдайтын бедер арқылы біліктерді центрлеуге болады.
Қауіпсіздік техникасының ережесіне байланысты болаттардың шығып тұрған бөліктеріне қозғалыс қалқан жасайды. Бұл муфталарда шпонканың, втулканың және болаттардың беріктілігі есептелінеді.
Клеммалы муфталар. Клеммалы муфталар деп, біліктердің ұшына отырғызылып, осьті қамтап орналасқан, болаттармен бекітілетін втулкаларды айтамыз. Бұл муфталардың ең негізгі қасиеті – олар құрастырған және ажыратқан кезде біліктерді ось бойымен жылжытуды керек етпейді.
Айналу
моменті болаттармен
3.2 Серпімді муфталар
Жарты муфталардың серпімді байланысы мынандай мүмкіндік береді:
А) біліктердің осьтік сәйкессіздігін жою;
Б) Күштер периоды өзгергенде пайда болатын тербеліс резонансын жою;
В) машина тарабынанда қысқа уақыттың ішінде пайда болатын артық күштердің мөлшерін азайту.
Серпімді муфталардың қатаңдығы олардың негізгі көрсеткіші болып табылады, ал ол муфта арқылы берілетін айналу моментінің айналу моментінің бұралу бұрышына қатынасын көрсетеді
Сφ=dT/dφ
Мұндағы Т муфта арқылы берілетін айналу моменті; φ муфтаның бұралу бұрышы.
Серпімді муфталар қатаңдығы тұрақты және тұрақсыз болып екі түрге бөлінеді. Қатаңдығы тұрақты муфталардың
Сφ=T/φ=const
болады.
Қатаңдығы
тұрақты муфтаның серпімді элементі
болаттан жасалады. Қатаңдығы тұрақсыз
муфталардың серпімді элементі металл
емес материалдан (резинадан) жасайды.
Бұлардың деформациясы Гук заңына бағынбайды.
Муфталардың жұмыс істеу
Энергия деформация кезіндегі серпімді элементтің сырты және материалдық әшкә үйкелістері арқылы таралады. Серпімді элементті металл емес муфталар. Муфталардың серпімді элементі ретінде резина қолданғанда төмендегідей ерекшеліктер болады:
А) болат серіппелерге қарағанда энергия сыйымдылығы шамамен 10 есе артық;
Б) Ішкі үйкеліс әсерінен пайда болатын жоғары демпфирлік қасиеті. Энергияның салыстырмалы таралуы 0,3…0,5-ке дейін жетеді;
В) электроизоляциялық қасиеті;
Г) серпімді элемент резина муфталардың құрылысы серпімді элементті металл муфталарға қарағанда қарапайым келеді. Бірақ серпімді элементтер тез тозатын болғандықтан ұзақ уақытқа шыдамайды. Резина муфталар көлемінің кішілігіне және энергия сыйымдылығының жоғарлығына байланысты техникада жиі қолданылады. Сондықтан
А) энергия сыйымдылығы кернеудің квадратына пропорционал болғандықтан, серпімді элементтердің ішкі кернеуі бірқатар болатындай етіп таңдау керек;
Б) Серпімді элементтің көлемін муфтаның жұмыс істеу қабілеттілігіне сай үлкейткен пайдалы.
Қорытынды
Машиналар жеке – жеке тораптардан құрастырылады, ал тораптар болса, бір – бірімен муфталар арқылы қосылады және олар тораптар арасындағы күш байланысын қамтамасыз етеді. Техникада муфта деп - біліктерді жалғастыратын тетікті айтамыз. Муфталар машиналарда көбінесе қозғалтқыш пен редукторды және редуктор мен атқарушы механизмді жалғастыру үшін қолданылады.
Подшипниктер біліктер мен осьтердің тірегі ретінде қолданылады және олардың еркін айналуын қамтамасыз етеді. Подшипниктер радиалды және осьтік күштерді қабылдап, оларды машинаның рамасына, станинасына таратады.
Қазіргі кезде техника мен машина механизмінің даму жолында оның жүру жұмысы, қарқыны, сапасы елеулі орында. Соны ескере отырып машина болшектерін іске келтірер бөлшектерін де айту қажет. Солардың бірі муфталар, подшипниктер, біліктер болып табылады. Олардың орны ерекше екенін көреміз.