Биполярлы транзистор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2014 в 14:22, реферат

Краткое описание

Ақылбай Абайдың 16 жасында дүниеге келген алғашқы әйелі Ділдәдан туған тұңғыш баласы екендігін, балалық және жастық шағын үлкен әкесі Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі Нұрғанымның қолында өткізгендігін, сондықтан оның Абайға көбінше іні есебінде қарап өскендігін айтады. Жас кезі Абайдай әкеден аулақта өткендіктен, Ақылбайдың орысша оқи алмай қалғандығын, оның оқу-білімі, ауылда оқыған мұсылманша оқудың орта дәрежесі екендігін зерттеуші ескертіп өтеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

абайтану ку.docx

— 28.60 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Абайдың ән - күйлері (шығармашылық жұмыс) 
Жоспар 
1. Ән - күй – ел өмірінің бейнесі. 
2. Абайдың халықтық ән - күй өнерін бағалап құрметтеуі. Өлеңдері. Ән - музыка туралы өлеңдерінің идеясы. 
3. Абайдың өз әндері мен күйлері, Абай – композитор. 
4. Абайдың ән өнері туралы пікірлерінің және әндерінің қазіргі құндылығы. 
 
Қазақ халқының ертеден келе жатқан рухани қазынасының, өнерінің бірі – ән мен күй. Ән мен күй арқылы халық өзінің тұрмыс - тіршілігін, қуаныш пен қайғысын, азаттық жолындағы күресін, арман - тілегін білдіріп отырады, яғни ән мен күй халық өмірінің айнасы секілді. Қазақта екінің бірі әнші, домбырашы, ақын екені мәлім, сондықтан ол ақын жанды халық деп аталып кеткен. Халқымыздың осындай қасиетін басқа халық өкілдері жақсы біліп, таң қала бағалаған. Мысалы,  
ХІХ ғасырда өмір сүрген орыс ғалымы Вульфсон былай деп жазған. 
 
«Өмірімде өлеңнің сондай соншалық мәні бар қырғыздардай өзге халықты табу қиын шығар... Қырғыз өмірінде қуаныш та, қайғы ма, қандай оқиға болмасын, ол соның бәрін өлеңмен толғайды, ол мейлі сүйген қызына құда түсе ме, неке қию, той, ұлының, дүниеге келгенін тойлай ма – соның бәрі де өлеңсіз өтпейді, үйінде біреуі ауырып қала ма не біреуі жерленіп, оған ас беріле ме соның бәрінде алдымен өлең жүреді және бәрінің арнаулы өз өлеңдері болады не сол сәтте ойдан шығарылады».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№34- сабақ.

Сабақтың тақырыбы. Қорытынды сабақ. Абайдың өз тәрбиесінде болған ақын шәкірттері (ұлдары: Ақылбай мен Мағауия)

Жоспар: 1. Ақылбайдың шығармашылық өмірбаяны. «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңінің мәні.2. Ақылбай дастандарының идеялық-тақырыптық мазмұны3. Мағауия- Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған шәкірті. 4. Мағауия- классикалық поэзия үлгісін тудырушы ақын.

 

 

Лекция мәтіні:

1.М. Әуезов өзінің «Абай(Ибраһиим) Құнанбайұлы» атты монографиясының  көлемді тарауын  Абайдың көрнекті  шәкірті, тұңғыш ұлы Ақылбай шығармаларына  арнайды. Зерттеуші Ақылбай шығармаларын  талдамас бұрын оның өмірі  туралы қысқаша деректер келтірген.

Ақылбай Абайдың 16 жасында дүниеге келген алғашқы әйелі Ділдәдан туған тұңғыш баласы екендігін, балалық және жастық шағын үлкен әкесі Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі Нұрғанымның қолында өткізгендігін, сондықтан оның Абайға көбінше іні есебінде қарап өскендігін айтады. Жас кезі Абайдай әкеден аулақта өткендіктен, Ақылбайдың орысша оқи алмай қалғандығын, оның оқу-білімі, ауылда оқыған мұсылманша оқудың орта дәрежесі екендігін зерттеуші ескертіп өтеді. Ақылбайдың өмірі туралы М. Әуезовтің зерттеу еңбектерін негізге ала отырып, Қ. Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері туралы зерттеулерінде оның өмірбаяндық деректеріне кеңірек тоқталған. Оның айтуынша, Құнанбай Ақылбайды үйлендіріп, енші бөліп береді де, бір ауыл етіп қояды. Жас кездегі біраз жылын ол сауық-сайранмен өткізеді, Құнанбайдың атағына нағашылварының аруағына масаттанып, сондай мазмұндас өлеңдер шығарып, Ақылбай Абай маңына жуыңқырамай сирек қатынап жүреді. Ол ақ көңіл, бір іске беріліп кетсе, асқан қабілет те таныта алған. Ақылбайдың аңқаулығын дұшпандары пайдаланып, әке мен бала арасына от жағып, екеуін ажыратып жіберген кездері де болған.  Абай  оның әдеттеріне, мінездеріне кейіп, «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңін шығарады.

Абай өлеңінде:

Ата – анаға көз қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой - өлкесі.

Еркелік кетті,

Ер жетті,

Не бітті?

Тәңірі сорлы етсе бенде,

Не бітірер құр жылап.

Жігері жоқ ақылы кенде,

Жамбасыңнан жат сұлап!

Бір жаман мен бе?

Дедің бе,

Көңіліңде? – деп, жігіт ағасы болып қалған Ақылбайға үлкен ой салады. Ақылбайға Абайдың ақындығын, ақылшы ұстаз екендігін танытып, оның тәрбиесіне ауысуына себеп болған.

Бұл Абайдың үлкен білімдар, атақты болған кезі еді. М. Әуезов Ақылбайдың осы кезде Абайдың ақындығына тәнті болып, оның үлгі - өнегесінің, қасиетінің ықпалымен өз бойындағы ақындық қуатын жарыққа шығара бастағандығын айтады.

Ақылбай алғашқыда ақындығын қысқа өлеңдер шығарумен байқатып жүрсе, кейін бірнеше үлкен поэма жазды. Ақылбай Абайдың ортасына араласқан соң ән-күй, музыка өнеріне ден қояды. Ол шебер домбырашы әрі скрипкашы болған. Сонымен қатар, Ақылбайдың өз жанынан ән шығаратын компазиторлық  таланты да бар еді.

2. М. Әуезов өзінің аталмыш  монографиясында Ақылбайдың жазып  шығарған үш поэмасы бар екендігін  айтып, оның алғашқысы «Жаррахтың»  мүлде жоғалып кеткендігін, «Зұлыстың»  бас жағы ғана сақталғанын, аман-есен  жеткені жалғыз «Дағыстан» поэмасы  екендігін көрсетеді. Зерттеуші  Ақылбайдың поэмаларын өмірінің  соңғы кезеңінде шығарғандығын, ақындық талантын ірі үлгілер  мен кесек еңбектер тудырып  таныта бастаған шағында, ақындық  өнерінің жаңа өрлеп келе жатқан  кезінде, әкесі Абайдан кейін 40 күн  ғана өмір сүріп қаза болғанын  өкінішпен жазады. Бұдан кейін  «Дағыстан» поэмасына тоқталып, оған жан-жақты талдау берген. Әуелі поэманың тақырыптық өзгешелігі, сюжеттік желісі туралы сөз  болады.М. Әуезов: «Ақылбай осы шығармада  қазақ ақыны бола тұрып, тақырыпты  қазақ тіршілігінен ұзап барып, өзге ел тұрмысынан алып жазады. Абайдың антик дәуірінен Ескендір, араб ескілігінен Масғұт тақырыбын алып, ұлттық шеңберден кеңірек өріс іздеген дәстүрін танытады... Бұл поэма Кавказдағы Дағыстанда болған бір тартыс әрекетті баян етеді,» - дейді де, онан кейін шығарма сюжетін қысқаша мазмұндай отырып, поэмаға талдау жасайды.

Поэмада кең орын алатын табиғат суреті Абай аударған Лермонтовтың «Теректің сыйы» деген өлеңін  еске түсіретінін  зерттеуші орынды атап өтеді. Кавказда атып келе жатқан таң көрінісі, жайқалып, мың құлпырған гүл-бәйшешек, сұлулыққа тамсанып сайраған  бұлбұл үні – бәрі де ерекше бояулармен көз алдыңнан өткендей болады.

Сол әсем табиғат аясында өмір кешіп жатқан тау халқының, Дағыстан елінің әдет-ғұрпы, мінезі сипатталады, қазақтан өзгеше жұрт екендігі айтылады. Ақылбай суреттеуінде таулықтар кекшіл, ашушаң, қатал ерлігі бар, суық мінезді, қанжар жұмсағыш, қанға қан деген серттің адамдары болып сипатталады.

М. Әуезов поэма оқиғасының қызғылықты баяндалатынын жоғары бағалады. «Сюжет құрылысындағы Ақылбайдың бұл поэмасы анық орыс классик поэзиясындағы қызықты оқиға туғызу дәстүрін шебер түрде жалғастырған,» - деп атап өтеді.

М. Әуезовтің зерттеу еңбектерінің нәтижесінде Ақылбай бүгінгі ұрпаққа Абайдың ақындық мектебінен тәлім-тәрбие алған талантты ақын шәкірттерінің бірі ретінде танылып отыр. Ақылбай «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары арқылы қазақ әдебиетінде тіпті ұлы ақын, ұстаз ақын Абайдың өзі жазбаған үлгідегі шығармалар тудырды.

Егер Абай туған топырағындағы және әлемдік мәдениеттегі  реалистік әдебиеттің ұлы дәстүрлерін өзіне үлгі етіп алса, оның ақын шәкірттері сол ұстаз ақынның нұсқауымен батыстың романтикалық стиліне көбірек назар аударған.

Ақылбай поэмалары мазмұны жағынан да, түр жағынан да сюжеттік композициялық құрылысы тұрғысынан да батыстың классикалық  поэзиясы үлгілерінен кем түспейді. Олай дейтініміз, М. Әуезовтің өзі айтқандай, Ақылбайдың суреткерлігінде батыстың классик ақындары тәрізді ең әуелі кеңдік, үйлесімділік, дәлдік нақтылық бар.

Екіншіден, Ақылбай сюжет құруға шебер ақын. Ол батыс әдебиетіндегі қызықты оқиға туғызу дәстүрін жетік меңгерген. Өз шығармаларында фантастикалық және жартылай ертегілік элементтерді тиімді пайдалана алған.

3. М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына арналған.

Мағауия Әбішке арнаған көңіл шері, жастық, сүйіспеншілік, махаббат туралы өлеңдерінен басқа Абайдың ақыл-кеңесімен, берген материалдардың негізінде «Еңлік - Кебек», «Абылай» және «Медғат – Қасым» поэмаларын жазған.

М. Әуезов «Еңлік - Кебек», «Абылай» поэмаларының қолжазба күйде сақталып, оқушыларға тарамағандығын айтады. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы «Медғат - Қасым» оның ақындық ерекшелігін анық, айқын көрсеткендігін атап өтеді де, поэмаға тақырыптық тұрғыдан образдар жүйесі бойынша және сюжеттік желісі негізінде тұтас талдау жасайды.

4. Мағауияның «Медғат -Қасым»  поэмасының тақырыбы Ақылбайдың  «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары тәрізді  қазақтан жырақ алыс ел өмірінен  алынған. Поэмада Африка елінің  болмысынан алынған оқиғалар  сөз болады. М. Әуезов Мағауияның  да Ақылбай тәрізді Европа  және орыс классик поэзиясынан  үлгі алғандығын, оның «Медғат - Қасым»  поэмасы Пушкиннің «Бақша сарай  фонтаны», «Бастунжи ауылы», «Ашик - Кериб» сияқты түстік поэмаларын  және Байронның шығыстық поэмаларын  еске түсіретіндігін атап өтеді.

Зерттеуші поэманың қысқаша оқиға желісін баяндап өтеді де, «Медғат – Қасымда» оқиға құруда Европа және орыс классик поэзиясындағыдай нақтылық, дәлдік басым екендігін көрсетеді.

Өмірлік дәлдік демекші, поэма жалпы романтизм сарынындағы шығарма болғанымен, оның реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды тұстары да бар. Мысалы, Қасымның Мұрат бай мен Медғаттан кек алу мақсатымен қарақшылық жолға түсіп кеткеніне дейінгі оқиғалардың суреттелуінде реалистік сипаттар мол.

Поэмадағы романтизм бойын кек алу сезімі билеп алған бас қаһарман Қасымның ой-қиялынан, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен жан-жақты көрінеді. Ол сезім Қасымды үнемі күтпеген іс-әрекетке, дағдыдан тыс оқиғаларға жетелеп отырады. Қасымды романтикалық қаһарман етіп тұрған да осы сезім.

М. Әуезов поэманы егжей-тегжей талдай отырып, оны анық классикалық поэзияның үлкен үлгісі деп бағалайды.

«Медғат - Қасымнан» бұрын Мағауия ақын ағасы Шәкәріммен жарысқа түскендей болып, «Еңлік – Кебекті» көркем шығарма ретінде жеті нұсқасы бар дейтін болса, оның екеуі поэма екен. Оның бірі - жоғарыда талданған Шәкәрімнің дастаны болса, екіншісі – осы Мағауиянікі. Бұл жолы  да тақырыпты шәкірт достарына ұстаз ақын Абай берген болатын.

М. Әуеэов «Еңлік – Кебек» поэмасын жанрлық тұрғыдан алып қарағанда, махаббат драмасы болып табылатындығын айтады. Мағауияның махаббат  трагедиясына, Еңлік пен Кебектің өліміне, жазықсыз сәбидің жетім қалуына себепкер болған адамдар тұлғасын жасағандығын, қатал заманның бет бейнесін ашқандығын атап көрсетеді.

Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б. кейіпкерлер өмірде болған адамдар.

М. Әуезовтің шәкірті Қ. Мұхамедханов ұстазының осы пікірлерін жалғастырады.

М. Әуезовтің Мағауия шығармашылығы мен оның әдебиет тарихынан алатын орны жайлы пікірлері бойынша мынадай ғылыми тұжырымдар жасауға болады:

Мағауия – ұстаз берген ақыл – кеңес, тақырып бойынша көп ізденген, өзінің қоғамдық идеяларын ірі мәдениетпен  үлестірген білімдар ақын.

  Мағауияның «Медғат - Қасым» поэмасы қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың соңында туған Пушкин, Лермонтовтың түстік, Байронның шығыстық поэмалары тәрізді романтизм үлгісіндегі озық идеялы, көркемдігі зор соны шығарма. Поэманың құндылығы, ең әуелі, оның негізгі кейіпкері Қасым бейнесінің сомдалуынан көрінеді.

«Медғат – Қасым» - ішкі мазмұны жәнінен ғана емес, сондай-ақ сыртқы пішіні, стилі, тіл көркемдігі жөнінен де нағыз классикалық поэзияның үлгісі бола алатын шығарма.

Сонымен Мағауияны М. Әуезов айтқандай, ұлы Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған, оның ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті деп айтуға толық хақылымыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№29,30,31 - Сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларының  таралу жолдары

«Өзгеге көңілің тоярсың»

 

Жоспар:

1. Ақын мұрасын таратудың бір жолы – қолжазба көшірмелері

2. Абай мұрасының ауызша таралуы

3. Абай шығармаларының 1909 жылдан  бастап баспа бетін көруі 

Лекция мәтіні:

1.М. Әуезов  о баста-ақ Абай шығармаларының  түп нұсқасы ретінде ұстанып  келе жатқан  қолжазба көшірме  деректерге айрықша мән бере  қараған. Абай қолымен жазылған  түпнұсқа  қалмағандықтан, оның орнын  толықтырар сенімді тірек-негіз  ретінде  бірден бір жазба дерек  осы көшірме қолжазбаларда жататын. Осы себепті текстологиялық салыстырулар, талдаулар жүргізіп  барып, ақын  шығармаларының бастапқы қалпына  келтірудегі ұстанар бірден бір  хатқа түскен негіздер о баста  Абай ауылында пайда болған  әр қилы көшірме қолжазбаларға  кеп тірелетін-ді. Бұл іспеттес  деректер  көзіне кіші молда (Ғабитхан), Көкбай, Мүрсейіт, Кәкітай, Ақылбай,Мағауия, Шәкәрім, Тұрағұл т.б. арқылы көшірілген  ақын  шығармалары әр түрлі  жолдармен  ел арасына таралып  жатты. Бұл қолжазбалар  сапасы  жағынан  әрқилы сипат танытатын. Себебі, Көкбай, Шәкәрім, Кәкітай Абаймен  тетелес боп,  ақындық өнері  шарықтаған шақта өмірі мен  творчестоволық  туындыларына тікелей  куәгер болып өссе, соңғылары  Абай басып өткен  өмір жолы  мен творчестволық  актылар бастамасын  естелік-әңгімелер арқылы жанама  түрде біліп өскенін де ескермек  керек.

Абай шығармаларының әр түрлі таралу  жолына М. Әуезов ерекше ден қоя қараған. Ақын мұрасын таратудың бір жолы – қолжазба  көшірмелерде жататын-ды.Ақын шығармаларына құмартушылар оны арнаулы кісілерге көшіртіп алып сақтайтын. Немесе  өзі үшін көшіріп алушылар, не арнайы түрде көшіріп берушілер тобы да ақынның көзі  тірісінде көптеп кездесетін-ді.

Абай өлеңінің шын мәнінде бізге дейін жетіп келген қолжазба көшірмелері де болды. Мұның ішінде ерекше керектісі – Мүрсейіт көшірген қолжазбалар. Мүрсейіт Абай шығармаларын  1896 жылдан бастап көшіре бастаған. Өзі құрастырып, асыл түпнұсқа ретінде көшіріп жинақтағандарын ел арасына қолқа салып, ақы төлеп  алатындарға қайта көшіріп  беріп қызмет етсе де, келешектегі қазақ әдебиеті үшін теңдесі жоқ тарихи қызмет атқарып жатты. Абай айналасындағылар ақын шығармаларын көшіруді дәстүрге айналдырса, артынан  осы дәстүрді Ғабитхан, Мұхаммедкәрім, Махмұт, Самарбай, Ыбырай, Хасен, Дайрабай сияқты бір топ сауатты жастар жалғастырып әкетті. 1974 жылы Шыңғыстаудан табылған Абай өлеңдерінің қолжазбасы да ( көлемі 44 бет)  жоғарыда атап өткен дәстүрдің бір көрінісі десе болғандай.

Абай мұрасының көптеген қолжазба көшірмелерімен  сол ортада туып өскен М. Әуезов ерте танысты. Есейе келе аталмыш жазба деректерге сынмен, ғылым талғамымен қарап, онда кеткен текстологиялық ауытқуларды  тамыршыдай танып өскеніне екі түрлі жағдай әсер етіп, көмектескендей: мұның бірі – М. Әуезов балауса бала кезінде Абай шығармаларын жатқа білу болса, екіншісі, Абаймен жолдас,  туыс  болып, қатар өмір сүрген білікті, ақындық өнермен танылған  бір топ талантты кісілермен әңгіме-дүкен құрып, солар айтқан Абай өлеңдерімен ерте қанығуында жатқан сияқты.

Информация о работе Биполярлы транзистор