Биполярлы транзистор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде өнеркәсіптік электроникада негізінен жартылай өткізгіштен жасалған құрылғылар қолданылады. Мұның себебі вакуумдық құрылғыларға қарағанда жартылай өткізгіштерден жасалған құрылғылардың тиімділігі жоғары десе болады. Жартылай өткізгішті приборлардың түрлері өте көп. Мысалы: варисторлар,терморезисторлар, фоторезисторлар, тензо-резисторлар.транзисторлар, теристорлар, тиринисторлар т.б. Енді осы құрылғыларға тоқталып көрейік. Кернеуі өскен сайын кедергісі азаятын жартылай өткізгіштен жасалған резисторда варистор деп атайды.Варисторлар ұнтақ силиций карбидін байланыстырушы ретінде саз қосып,жоғары температурада күйдіру арқылы жасайды.Олардың конструкциясы негізінен шыбық не диск түрінде болады. Варисторлар электр тізбектерін немесе әр түрлі элементтерді асқын кернеуден сақтау үшін қолданылады. Кедергісі температурадан тәуелі өзгеріп тұратын жартылай өткізгішті материалдан жасалған резисторды терморезистор деп атайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дайын Майра.docx

— 871.15 Кб (Скачать документ)

2.2.13-сурет. p-п-р типіндегі транзистордың статистикалық сипаттамасы

 

Ортақ эмиттер ОЭ схемасында кірістік кернеуді күшейткен кезде  шығыстық кернеуінің фазасы жарты периодқа,яғни 180 –қа бұрылады:кірістік кернеудің Ом мәнді өсімшелері шығыстық кернеудің теріс мәнді өсімшелерін тудырады және керісінше болғанда Ом мәнді өсімшелерінен тудырады.

Ортақ коллекторы ОК схемасына  кірістік кернеу көзі база тізбегіне, ал қоректендіру көзі мен жүкте кедергісі  эмиттер тізбегіне қосылады. Кірістік ток болып база тогы, ал шығыстық- эмиттер тобы болып табылады. Осы схема үшін ток бойынша күшейту коэффиценті.

Схемасының  кірістік кедергісі  үлкен,ал шығыстық кедергісі аз болады. Схеманын кернеу бойынша күшейту  коэффиценті,яғни бірге жақын; бұл схеманы көбінесе эмиттерлік қайталағыш деп атайды. Ол схемасы егер күшейту каскаттарын бірімен-бірін сигнал көзін немесе жүктемені күшейткішпен сәйкестендіру үшін пайдаланады.

Транзистордың сипаттамалары  деп кірістік және шығыстық тізбектердегі  токтар мен кернеулердің арасындағы тәуелділіктері айтылады. Транзистордың  әр қиылы қосылу схемаларында кірістік және шығыстық тізбектері әр түрлі, сондықтанда әр бір қосылу схемасы үшін сипаттамалар әр параметрлердің тәуелсіздіктерін көрсетеді. Мысалы артық эмиттер ОЭ схемасының кірістік тізбек –база тізбегі болып табылады да, кірістік сипаттамасы ретінде эмиттер мен коллектор арасындағы кернеу тұрақты болған кезде база тоғының эмиттер база кернеуіне тәуелділігі алынады. База мен эмиттер арасындағы кернеудің кіші мәндерінде база тоғы p-n ауысуының үлкен кедергісіне байланысты жәйлап өседі, бұл кедергі ток өскен сайын кемиді. Коллектор кернеуі артқан сайын кірістік сипаттамалар оңға қарай ығысады.

2.2.14-сурет.Транзистордың вольт-ампер схемасы

 

Жұмыс облысында кернеуі  коллектор тогына шамалы ғана әсер ететін шығыстық сипаттамалары көрсетіп тұр,себебі коллектор тоғы негізінен базаға инжекцияланатын кемтіктер санына тәуелді, яғни имиттер тоғына тәуелді. Биполярлық транзисторларр германий мен кремнийден жасалады.

 

 

 

 

2.2.15-сурет. P-n-p типіндегі германийлік транзистор құрылысының схемасы

 

Транзисторлардың электрондық  шамдармен салыстырғанда мынадай  артықшылықтары бар: қыздыру тізбегі жоқ, сондықтан схемасы ықшамдалынады және катодты қыздыру үшін қуат тұтылмайды,механикалық беріктілігі жоғары және жұмыс атқаратын мерзімі ұзақ,жұмыс істепкетуге әрқашанда дайын ауқымы мен массасы кішкентай,қоректену кернеуі төмен және пайдалы жұмыс коэффиценті аса жоғары.

 

 

 

2.2.16-сурет. Транзистордың құрлысының схемасы.

 

Транзистордың кемшіліктеріне оның жұмыс істеу режимінің қоршаған ортаның температурасына тәуелділігі,шығыстық қуатының шамалығы, артық жүктелеуге сезімталдығы, параметрлерінің бытыраңқы  болуы, соның салдарынан бір типті  жекеленген транзистордың арасында өздерінің параметрлері бойынша айтарлықтай өзгешіліктердің болуы кірістік және шығыстық кедергілері арасындағы елеулі айырмашылықтың болуы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Жартылай өткізгіштер  дегеніміз өткізгіштер мен диэлектриктің  арасына жататын  материалдар.Өткізгіштердегі  ток тасушылар еркін электрондар  болса, диэлектриктердегі ток тасушылар  кемтіктер, яғни бос орындар немесе диэлектриктерде ток тасушы бөлшектер  жоқ деген сөз. Сондықтан диэлектриктер  ток өткізбейді.Басқа материалдармен салыстырғанда жартылай өткізгіштердің құрамында ток тасушы электрондар  мен кемтіктер бар. Электрондар  токты өткізсе,екінші бөлігі-кемтіктерток тасымалдамайды, яғни  токты шала немесе жартылай өткізеді. Сондықтан,техникада  барлық дерлік приборлар осы жартылай өткізгішті материалдардан жасалады. Жартылай өткізгішті приборларға:жартылай өткізгішті диодтар,биполяр және өрістік  транзисторлар, тиристорлар, триггерлер және басқада көптеген приборлар  жатады.  Бұл жұмыста биполяр  транзисторлар туралы сөз етілді. Биполяр транзисторлар тізбектегі токты басқару және сигналдарды  күшейту үшін қолданылады. Биполяр  транзисторлардың р-п-р және п-р-п  өтпелері белгілі Жалпы бипляр транзисторлар  үш жартылай өткізгішті шығысы бар  немесе үш жартылай өткізгішті диодтардан тұрады. Бұл  эмиттер, база, коллектор. Бұл диодтар әр түрлі жағдайда кез-келген принципке сүйене отырып, өзіне тән ерекшелікпен жалғануы мүмкі. Биполяр транзисторлардың ортақ эмиттерлі, ортақ базалы, ортақ коллекторлы жалғанулары негізгі және есептеу бөлімдерінде көрсетілген. Транзисторлардың ішінде биполяр транзисторлар мен қатар өрістік транзисторлар қолданылады. Өрістік транзисторлар жайлы осы жұмыстың негізгі бөлімінде қарастырылған. Транзисторлар негізінен тізбектегі токты басқару және сигналдарды күшейту үшін қолданылады. Токтың бағытын реттеп отыру үшін немесе кез- келген жартылай өткізгішті құрылғыда сигналдарды күшейту үшін қолданылатын элементтің рөлін атқарады. Қазіргі күндері кез-келген прибор немесе құрылғының құрамында транзисторлардың бірнеше түрлері кездеседі.

Жалпы бұл жұмыста осы  транзисторлардың ішіндегі биполяр  транзисторларға тоқталып, биполяр  транзисторлардың әр түрлі тізбектердегі  жалғану сұлбалары көрсетілді. Сонымен  биполяр транзистор үш шықпасы бар  диодтардан тұрады; эмиттер, база коллектор. Бұл диодтар жайлы жоғарыда толығырақ  мәліметтер берілді. Биполяр транзисторлардың жұмыс істеу режимінің схемалық сипаттамалары  сұлба түрінде  көрсетілген. Сонымен қатар биполяр транзистордың құрамындағы  бір диодтың құрылымы схема түрінде көрсетілген.

Негізгі бөлімде әр түрлі  транзисторлардың атқаратын қызметтеріне тоқталып, әр түрлі режимдегі жұмысына сипаттама берілді. Жұмысты қорытындылай келетін болсақ, биполяр транзисторлардың қазіргі таңда техникада алатын орны ерекше екен. Биполяр транзисторлар  орналастырылған көптеген күшейткіш  және түзеткіш элементтер соңғы 

 

жылдары көптеп пайда болуда. Сонымен өзінің жасалу жолына қарай транзисторлар, оның ішінде биполяр транзисторлар орналасқан приборлар сигналдарды түзету және түрлендіру үшін қолданылады екен. Әліде ғылым мен техниканың дамуына байланысты бұл жұмыста қарастырылған биполяр транзисторлардың қатысуымен жасалған приборлардың көптеген тиімді түрлері күннен-күнге пайда болуда. Соңғы жылдары техника әлемінде болып жатқан прогрестің нәтежесінде адам өмірінде қолданылатын аспаптардың жеңіл басқарылуын немесе тиімді болуын қамтамасыз етіп отырған жартылай өткізгіштердің түрлері өте көп деп айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Совельев И.В. «Жартылай өткізгішті приборлар», М, 1977ж
  2. Калашников «Электричество», М, 1977 ж
  3. Исмаилов К. «Жартылай өткізгіштер»
  4. Мухити «Электротехника»



Информация о работе Биполярлы транзистор