Азот қышқылы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:23, реферат

Краткое описание

Төменгі температураның ықпалынан ұлпалардың, мүшелердің зақымдануы үсік шалу деп аталады. Күйіктерден айырмашылығы үсік шалу әртүрлі температурадан пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуінен, қоршаған орта ылғалдылығының өсуіне сәйкес арта түседі .
Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғалдылық, тар киім, тар немесе су аяқ киім, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы жәй-куйі: сырқаттануы, мас болуы, қанның көп кетуі, шок, естен тануы. Тіпті 0 градус ден жоғары 3-5 градус температураның өзінде үсік шалу мүмкін. Үсікке, аяқ-қолдың, беттің, құлақтың, мұрынның ұш жақтары жылдам ұшырайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Үсік.doc

— 33.50 Кб (Скачать документ)

Үсік

Төменгі температураның ықпалынан ұлпалардың, мүшелердің зақымдануы үсік шалу деп аталады. Күйіктерден  айырмашылығы үсік шалу әртүрлі температурадан пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуінен, қоршаған орта ылғалдылығының өсуіне сәйкес арта түседі .

Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғалдылық, тар  киім, тар немесе су аяқ киім, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің  жалпы жәй-куйі: сырқаттануы, мас  болуы, қанның көп кетуі, шок, естен  тануы. Тіпті 0 градус ден жоғары 3-5 градус температураның өзінде үсік шалу мүмкін. Үсікке, аяқ-қолдың, беттің, құлақтың, мұрынның ұш жақтары жылдам ұшырайды.

Үсікке шалдыққан кезде денедегі қан айналымы бұзылады. Өйткені, суықтың  әсерінен тері қатты тітіркенеді  де қан тамырлары жиырыла бастайды. Айналымдағы қан үйып, тамырлар бітеліп қалады, осыдан дененің тіндері көріктене алмай, тіршілігін жоя бастайды. Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кеңдігі төменгі температураның созымдылығы мен төменгі температураның ықпалының дәрежесіне байланысты.

Зақымданған ұлпаларда болатын  орны толмайтын құбылыстардың негізгі  себептері осы төңіректе көріктенетін қан тамырларының кең таралып, қатты  тығындалуы (тромбоз) болып табылады.

Үсік шалу кезінде мүшеде болып  жатқан өзгерістер ауырлығы мен тереңдігі бойынша 4 дәрежеге бөлінеді.

1-ші дәрежеде тері ағарып, сезгіштігін  жоғалтады, бұдан кейін ісініп  қызарады. Оның үстінгі жағы қотырланады  аяқ-қол мұздайды, негізгі тамырлардың  соғуы әлсірейді, зақымданған  ұлпалар домбығады, жалпы сырқаттың  жағдайы қанағаттандырлық. Бұл құбылыстар 5-6 күннен кейін жоғалады.

2-ші дәрежеде терінің қыртыс  қабатының астына сары су жиналып,  тіндер ісінеді. Бұл өзгерістердің  беті қайтып, терінің қалпына  келуіне 2-3 ай мерзім кетеді. Егер  сары суға микробтар еніп кетсе, ол жер іріңдеп, бұкіл ағзаны уландыруы мүмкін. Мүндайда дене қызуы күрт жоғарлайды, тәбеттің жоғалуы мен ұйқы басу сияқты жалпы құбылыстар байқалады.

3-ші дәрежеде тері және оның  астында орналасқан жұмсақ тіндер  жансызданады. Ұлпалар мүлдем ештене  сезбейді, ұстағанда қап-қатты болады, сырқат қатты мазаланады, қалтырайды, есінен айырылады. Дер кезінде көмек көрсетілмесе, аталмы тіндер өліеттеніп асқына түседі.

4-ші дәрежеде жұмсақ тіндер  мен сүйектер тіршілігін жояды,  гангренаға шалдығады. Өлген тіндер  құрғақ болса, сырқаттың жалпы  жағдайы өзгермейді, ал дымқылданып,  суланып кетсе, қан аралас сары  су жиналып, ісініп, домбығады.  Ағза уланып, дене қызуы көтеріледі. Науқас адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, микробтар түссе – сепсиске ұласуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек кезінде  зардап шегушіні, әсіресе дененің  үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жайға  апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерлерін жылытып, ондағы қан айналымын қалпына келтіру қажет.

Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылайды, кейде мұны ұзақ уақыт жасауға тұра келеді. Ысқылауды  дененің үсіген бөлшегінде сезімталдық, қызару және жылыну пайда болған кезде тоқтатады. Дененің үсіген бөлігін қармен ысқылау қазіргі уақытта теориялық тұрғыдан негізсіз және практикалық тұрғыдан - қауіпті ретінде теріске шығарылады, өйткені суықты күшейтеді, алмұздақ теріні жаралап, үсінген бөлікті асқындырады.

Жылытуды жылы ваннаның көмегімен  жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 минуттың ішінде 20-40 градусқа дейін  біртіндеп арттырған жөн. Ваннадан кейін ысқылау жүргізіп, зақымданған  жерді сүртіп, таза таңғышпен орап, жылы ұстаған дұрыс.

Сырқатқа жылы шай, кофе, сүт, жүрек тамыр дәрілерін (корвалол, кордиамин, кофеин) береді. Қан айналымын жақсарту шаралары, буындардың қозғалысы бақыланады. Үльтракүлгін сәуле және т. б. физиотерапиялық емдер қолданылады. Науқасқа ауруды сездірмеу үшін промедол, омнопон дәрілер беріледі, сіреспеге қарсы егіледі.

Бірінші дәрежедегі үсік шалған және екінші дәрежедегі үсікке едәуір шалдыққан  сырқатарды емдеу амбулаториялық тұрғыдан, яғни таза таңғыш қою, физиотерапия жүргізу  жолымен жүргізіледі. Аяқ-қол үшінші, төртінші дәрежедегі ауқымды үсіккке шалдыққан кезде стационарлық ем қажет.

Үсікті емдеу кезіндегі негізгі  міндет, ылғалды гангренаның дамуын ескерту болып табылады, ал ол пайда  болған кезде ылғалды гангренаның  құрғақ гангренаға ауысуы үшін барлық шараны жасау қажет.


Информация о работе Азот қышқылы