Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2015 в 20:11, реферат
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және т. б.) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі – оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.
1. Кіріспе..................................................................................................................3
2. Қазақстанның энергетика жүйесі......................................................................4
3. Электр станциялары............................................................................................8
4. Су электр станциясы.........................................................................................10
5. Жел электр станциясы.......................................................................................11
6. Атом электр станциясы.....................................................................................15
7. Күн энергетикасының Қазақстандағы алғашқы қадамдары.........................19
8. Энергетикалық жүйе жалпы сипаттамасы......................................................23
9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25
Энергетикалық жүйе, энергожүйе – өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі арқылы жалғасқан электр ст-ларының жиынтығы (торабы). Энергиялық жүйенің құрамына: жылу электр стансасы, атом электр стансасы, су электр стансасы, электр энергиясын жеткізу желісі; қосалқы электр ст-лары, жылу және электр желісі, жылу және электр энергиясының қабылдағыштары енеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен Энергиялық жүйе арқылы қамтамасыз етудің жеке электр ст. арқылы қамтамасыз етуге қарағанда төмендегідей артықшылықтар бар: энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі артады; жергілікті энергет. қор (отын және су энергиясы) тиімді пайдаланылады; электр ст-ларының жүктемесін өзара тиімді етіп бөлу нәтижесінде электр энергиясының өзіндік құны кемиді, қуатты қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі жасалады, резервтік қуат азаяды. Энергиялық жүйе әдетте бір орт-тан басқарылады. Бір жалпы оперативтік диспетчерлік пункттен басқарылатын бірнеше энергиялық жүйе біріккен энергетикалық жүйе құрайды.
Біртұтас электр энергетикалық жүйе (БЭЭЖ) — жоғары және аса жоғары кернеулі (500, 750 және 1150 кВ) электр жеткізу желілерімен біріктірілген және бір не бірнеше елдің аумағын электр энергиясымен қамтамасыз ететін электр энергетикалық жүйелердің жиынтығы. БЭЭЖ біріккен электр энергетикалық жүйеге қарағанда тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігі мен тиімділігін жоғары деңгейде атқарады; бір-бірінен алшақ орналасқан аудандарда электр энергиясын тұтыну максимумдарының сәйкес келмеуі себебінен болатын қосынды жүктеме максимумды азайтады; электр энергиясының арзан түрлерін пайдалану мүмкіндігін арттырады, т.б. КСРО БЭЭЖ-сі Еуропа бөлігіндегі, Оралдағы, Сібірдегі, Орталық Азиядағы, т.б. аймақтардағы біріккен электр энергет. жүйелердің негізінде құрылды. Оған жалпы қуаты шамамен 250 ГВт болатын 900-ден астам электр ст-лары біріктірілді (1988). Ал Қазақстанның БЭЭЖ-сі сол КСРО БЭЭЖ-сінің құрамдас бөлігі ретінде қалыптасты. Соның нәтижесінде республикада Солтүстік Қазақстан біріккен энергетикалық жүйесі (құрамына Алтай, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола және Екібастұз энергетикалық жүйелері кіреді және олар Ресейдің энергетикалық жүйелерімен байланысқан), Орталық Азия біріккен энергет. жүйесі (құрамына Орта Азия республикалары, Алматы және Оңтүстік Қазақстан энергетикалық жүйелері кіреді), Батыс Қазақстан және Атырау энергетикалық жүйелері құрылды (1962 — 92). Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін КСРО БЭЭЖ-сі тәуелсіз жаңа мемлекеттердің ұлттық энергетикалық жүйелеріне бөлініп кетті. Осыған орай ұлттық энергетикалық жүйелер құрылымдық, т.б. өзгерістерге ұшырады. 1993 ж. “Қазақстан Республикасы электр энергетикалық бағдарламасының тұжырымдамасы” жасалып, соған сәйкес республиканың электр энергетикасы қазіргі кезде (1999) мынадай үш тәуелсіз құрылымнан тұрады: 1) ұлттық электр энергетикалық жүйе. Ол кернеуі 220 — 500 — 1150 кВ-тық жүйеаралық және мемлекетаралық (Қазақстан — Ресей, Қазақстан — Өзбекстан — Қырғызстан) жүйе құраушы электр тораптарынан, ірі тұтынушыларды қоректендіруші электр тораптарынан, конденсациялық және су электр ст-ларының қуат беру желілерінен құралады; 2) электр тарату компаниялары. Олардың құрамына аймақтық қызмет көрсететін кернеуі 110 кВ және одан төмен электр тарату тораптары енеді; 3) электр энергиясын тәуелсіз өндірушілер. Оған электр ст-ларының акцион. қоғамдары жатады. Ұлттық электр энергет. жүйе қуатты электр энергиясын өндірушілердің, электр тарату тораптары компанияларының және электр энергиясын мол тұтынушылардың (қуаты 50 МВт және одан жоғары) байланыстырушы буыны бола отырып, республиканың әр түрлі меншіктегі энергетикалық кәсіпорындарын БЭЭЖ-ге біріктіреді. БЭЭЖ-ді іс жүзінде құрудың таяуда тұрған міндеттерінің бірінші кезеңі — Оңтүстік аймақ пен Солтүстік аймақты байланыстыру мәселесі. Ол үшін Солтүстік — Оңтүстік электр жеткізу желісін 1998 — 2003 ж. салып бітіру жоспарланып отыр. Оның құрамына қуаты 500 кВт-тық ұзындығы 515 км болатын Екібастұз — Ағадыр (2001 ж. іске қосылуға тиіс) және ұзындығы 385 км-лік Ағадыр — Оңтүстік Қазақстан ауданаралық электр станцияларының (2003 ж.) электр жеткізу желілері кіреді. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанды энергетикалық біріктіру процесі аяқталған жағдайда Оңтүстік аймақтың Орта Азия мемлекеттерінен энергетикалық тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі.