Ауа -райын зерттеудің қарапайым құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2015 в 13:25, реферат

Краткое описание

Физика сабағында атмосфералық қысымды өлшейтін барометр - анероид және ауаның ылғалдығын өлшетін құрал психрометр туралы айтылады. Бұл құралдардың өлшеу нәтижелері ауа – райымен тікелей байланысты. Атмосфералық қысым мен ауаның ылғалдығы адамның көңіл күйіне, оның жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді.Ауа –райының қалай болатынын біліп адам ағзасын сол өзгерістерге байланысты алдын ала дайындауға болады. Біз ауа – райын өзгерісін айтып отыратын құралды дайындау туралы ойландық.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Ауа райын болжау
2.2 Ауа –райын болжаудың халықтық тәсілі
2.3 Ауа райын болжауға арналған құралдар
3.Практикалық бөлім
3.1 Ауа райын болжауға арналған құралдарды жасап көру
3.2 Құралдардың жұмыс істеу принципі
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ауа-райын зерттеудің қарапайым құралдары.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Жоспары

 

1.Кіріспе 

2.Негізгі бөлім

        2.1    Ауа  райын болжау

        2.2    Ауа –райын болжаудың  халықтық тәсілі

        2.3    Ауа райын  болжауға арналған құралдар

3.Практикалық бөлім

        3.1    Ауа райын  болжауға арналған құралдарды жасап көру

        3.2    Құралдардың жұмыс істеу принципі

4.Қорытынды

5.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А Н Н О Т А Ц И Я

Жұмыстың мақсаты: ауа –райын болжайтын құралдарды дайындау және   

                                        оның іс- жүзінде қалай жұмыс істейтінін  бақылау

Гипотеза:                      қолдан құралдар жасауға болса, онда ауа –райын 

                                       болжауды  үйренуге болады.

 

Әдістері:                       - теориялық талдау;

                    - салыстыру

                                       -  сұрыптау, жинақтау

                                      -  модельдеу

Зерттеу жаңалығы:  физикадан алған білімін  өмірде пайдалану ұштастыру

                                       арқылы  ауа райын  болжайтын құрал дайындау

Жұмыстың нәтижесі: Ауа райының өзгерісін бақылайтын қарапайым   

                                        құралдар дайындалды.

 

Қорытынды:               Ғылыми жобаның қорытынды бөлімінде  зерттеудің  

                                       негізгі нәтижелері мен  тұжырымдары баяндалып,  

                                       ауа- райын болжайтын құрал жасаға байланысты 

                                        кеңестер берілді

 

 

 

 

А Н Н О Т А Ц И Я

Цель работы:              изготовить самодельные приборы по предсказанию

                                       погоды и пронаблюдать за их работой на практике

Гипотеза:                     если изготовить самодельные приборы в домашних

                                       условиях, то можно научиться  предсказанию погоды.

 

Методы                        - изучения теорического материала

 - сравнения

 - моделирования

 

Новизна темы  :        

 

Результат работы:     изготовлена прибор по предсказанию погоды

 

 

Итог:                            В итоговой части научного проекта был составлен                

                                      доклад об основных достижениях и итогах                      

                                      исследования, даны методические предложения  по 

                                      изготовлению прибор по предсказанию погоды

 

 

КІРІСПЕ

  Физика сабағында  атмосфералық қысымды өлшейтін  барометр -  анероид және ауаның ылғалдығын өлшетін құрал психрометр туралы айтылады. Бұл құралдардың өлшеу нәтижелері ауа – райымен тікелей байланысты. Атмосфералық қысым мен ауаның ылғалдығы адамның көңіл күйіне, оның жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді.Ауа –райының қалай болатынын  біліп адам ағзасын сол өзгерістерге байланысты алдын ала дайындауға болады. Біз ауа – райын өзгерісін айтып отыратын құралды дайындау туралы ойландық.

Тақырыптың өзектілігі:  физикадан алған теориялық білімді  практика жүзінде  пайдалана білу.Өзбетінше жұмыс істеу арқылы арнайы құралдар дайындау.

Зерттеу обектісі: бақылау нәтижелері арқылы ауа –райын болжау

Зерттеу пәні: атмосфрералық қысымды және ауаның ылғалдығын өлшейтін құралдың жұмыс істеуі және  оның көрсеткішін  барометра-анероид көрсеткішімен салыстыру

Жұмыстың мақсаты: ауа –райын болжайтын құралдарды дайындау және оның іс- жүзінде қалай жұмыс істейтінін  бақылау

Міндеттері:

  1. ауа –райының өзгерісін бақылайтын құралдарды  дайындаудың жолын көрсету.
  2. Қолдан  жасалған құралдың көмегімен  ауа – райының өзгерісін  анықтап, болжап отыруға үйрену

Зерттеудің дереккөздері.  Дереккөздер ретінде ауа – райын болжаудың қарапайым тәсілдерімен танысу,қарапайым құралдарды жасау туралы мәліметтер пайдаланылды.

 

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Жұмысты зерттеу арқылы қажетті көптеген теориялық мәліметтер жинақтау.Шағын қарапайым құралдар арқылы ауа – райын болжауды жүзеге асыру. Ауа –райының өзгерісін алдын ала білу арқылы адам ағасына әсерін төмендетуге байланысты жұмыстар жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі  бөлім

 

    Ауа райын болжау – ауа райын алдын ала ғылыми негізде анықтау. Алдымен синоптикалық процестер (ауа массалары, антициклон, атмосф. шебі, т.б.) анықталады, соның негізінде атмосфералық құбылыстар (жауын-шашын, тұман, боран, т.б.) болжанады. Уақыт ұзақтығына байланысты ауа райын болжау  өте қысқа, қысқа (1 – 2 тәулікке), орта (3 – 10 тәулікке), ұзақ (бірнеше айға дейін) және өте ұзақ (бір жылдан астам) мерзімдік болып бөлінеді. Синоптиктік және аэрометио станциялардан келетін мәліметтердің өңделуі нәтижесінде циклондар мен антициклондардың, т.б. синоптиктік нысандардың қозғалысы бақыланады. Ауа райын болжау үшін қысым және топография карталары, ғарыштық түсірімдер, т.б. мәліметтер қолданылады. Синоптик. жағдайларды болжау бірнеше кезеңнен тұрады: 1) циклондар мен антициклондардың пайда болуын, дамуын және қозғалысын болжау; 2) атмосфералық шептердің қозғалысын және өзгеруін болжау; 3) атмосферадағы ағындардың бағытын болжау. Гидрометеорология орталығынданда ауа райынан басқа ауыл шаруашылық  дақылдардың өсуі, өнімділігі болжанады, сондай-ақ мал шаруашылығына да қатысты болжаулар жасалынады. Ауа райы болжамы ірі масштабты атмосфералық процестердің, ең алдымен, қысым өрісінің, температураның және желдің дамуын талдау негізінде жасалған ауа райының алдағы уақыттағы жайы туралы жорамал. Қысқа мерзімдік (бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін), біршама ұзақ мерзімдік (3—10 тәулік) және тым ұзақ мерзімдік (бір ай және одан да астам) деп ажыратады. Ауа райы болжамы арнайы (шаруашылықтың әр түрлі салалары үшін) және жалпы пайдалануға арналған деп бөлінеді. Ауа райы болжамы аумаққа (облыс, өлке, ел, теңіз айдыны және тағы да басқалары), сондай-ақ жеке елді мекендер, аэропорттар үшін және синоптикалық карталарды талдау негізінде (синоптикалық ауа райы болжамы) жасалады. [1]

    Метеорология — жер атмосферасы, яғни ауа қабығы жайлы ілім. Ол физика заңдарының негізінде географиялық қабықтың бір бөлігін зерттейді. Сонымен, метеорология — атмосфераның құрамын, құрылысын, ондағы жүріп жатқан алуан түрлі процестер мен құбылыстарды зерттеп, оларды физикалық тұрғыдан түсіндіріп, атмосфералық жағдайларды болжау және мүмкіндігінше әсер ету. Міне осы мәселелер метеорологияның негізгі мақсаттары деп қарастыруға да болады. 

    Атмосфера — Жер планетасын қоршаған газды немесе ауа қабығы. Ауа сығылмалы, сондықтан оның тығыздығы биіктікке қарай кемиді. Бірте-бірте ол ғарыштық кеңістікке, белгілі бір шекарасыз, ауысады. Яғни, атмосфера таралу биіктікті орта шамамен 20 мың км деп есептейді. Атмосфера массасының жартысына жуығы — төменгі 5 км қабатында, 75 % массасы — төменгі 10 км, ал 90 % төменгі 20 км ауа қабатында шоғырланған.

Ауа райы — белгілі бір сәттегі, белгілі бір географиялық жердегі төменгі атмосфераның жағдайы. Ол жағдайдың сандық және сапалық сипаттары бар. Сандық сипаттары метеорологиялық аспап-құралдармен өлшенеді де метеорологиялық элементтер деп аталады. Мысалы, оларға ауа температурасы, күн радиациясы, жауын-шашын мөлшері, жел жылдамдығы мен бағыты, ауа ылғалдылығы т.б. жатады. Ал сапалық сипаты көбінесе бақылаушымен көз мөлшермен анықталып, метеорологиялық құбылыстар деп атайды. Оларға, мысалы, бұрқасын, тұман, көктайғақ, найзағай, үсік т.б. құбылыстарды жатқызуға болады. Ауа райын сапалы түрде зерттеу үшін тек төменгі атмосфераны емес, жоғарғы атмосфераны да толығымен зерттеген дұрыс. Ол үшін аэрологиялық, аэрономиялық, космостық зерттеулер қолданылады.  Мұнымен қатар үй жағдайында қолдан жаслатын құралдар арқылы ауа райының өзгерісін анықтауға болады

Ауа – райын болжаудың  халықтық тәсілі

1. Түрлі өзгерістер мен құбылыстарға байланысты.

Халқымыз жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа-райындағы, табиғаттағы өзгері-стер мен құбылыстарды алдын-ала болжап, оған ат қойып, айдар тағып отырған. Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық қағидаларға сәйкес болжамдар мен атаулар наурыз айынан бастау алады. Өліара. Бұл – екі айдың арасындағы уақыт. Халқымыз: «Өліарада жауын-шашын болса, жаңа ай (келесі ай) жауынды-шашынды болады», - деп, өліара арқылы ауа-райына болжам жасаған. Ол дәлме-дәл келген. 
Амал. Бір жылдың ішінде ыстық пен суық, қар мен жаң-быр, жел мен боран айналып келіп отырады. Халық оны осылай деп атап, жылдың әр мезгіліндегі өткінші әрі тосын, аз уақытта болып өтетін табиғат өзгерістері мен көріністерін жеті амалға балап, оларды былай түрлеп, түстеген:  
1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы. 
Құс қанаты. Наурыз айының соңына қарай жылы жақтан құстар ұшып келе бастағанында қар аралас жаңбыр, суық жел тұрып, ауа райы бұзылады. Оны халық құс қанаты дейді. Бейне - бір суық құс қанатымен келгендей. 
Аласапыран. Наурыз, сәуір-де қардың күрт еріп, айналаның лайсаңға айналуын осылай деп атаған, - дейді аталарымыз.  
Бесқонақ. Наурыздың 17-21 аралығында жауын-шашын болады. Жыл сайын осылай қайталанып тұрады. Бес күнге созылатын суық әрі лайсаң күндерді қазақ бесқонақ деп атап, бұл кездері көшпей, жолға шықпай, сақтық шараларын жасаған.  
Қызыр қамшысы. Сәуір айының орта кезінен кейін алғаш рет найзағай ойнайды, жаңбыр жауып, жер бусана бастайды. Бұл атаудың найзағайдың жарқылына байланысты қойылғаны анық.  
Тобылғы жарған. Сәуірдің соңғы күндеріндегі 2-3 күн болатын суық желді осылай деп атайды. Халық осы күннен бастап тобылғы бүршік жарады, өсімдіктер тамыр жаяды, алғашқы көк шығады деп ойлайды.  
Қызыл жұмыртқа. Дала (су) құстары мамыр айының алғашқы онкүндігінде жұмыртқадан балапан шығара бастайтын мезгіл. Ол 1-2 күнге созылады. Күн суытады. 
Құралайдың салқыны. Мамыр айының соңына қарай бірнеше күн суық жел соғады. Жер сыз, ықтасын болмаған соң киіктердің төлі орнынан тұрып, енесіне еріп, аяқтанады. Киіктердің төлін өргізетін осы мезгілдегі ызғар-құралайдың салқыны. Ақбөкендерге тән қасиет – олар құралайын жетім қалдырмай, енесі жоғын емі-зіп, бауырына салып, аман сақтайды.  
Үркердің батуы. Маусым айы туғанда үркер мүлдем көрінбей кетеді. Осыған орай осылай аталған мезгіл. Оны үркердің жерге түсуі деп атайтындар да бар. Бұл мезгілден кейін 40 күн шілде басталады. Біздің ата-бабаларымыз соған сәйкес: «Үркер жерге түспей жер қызбайды», - деген.  
Қырық күн шілде. Маусым, шілде айындағы ыстықтың 40 күнге созылатын мезгілі. Сол себепті ол осылай аталып кеткен. 
Үркердің толғағы. Шілде айының орта кезінен басталатын, мал-жанға қолайлы мезгіл. Бұл кезде үркер туады, жер құрғайды, шөптің буыны қатаяды, сарғаяды. Таразының тууы. Халқымыз: «Таразы туса таң суыр», - деген. Себебі, тамыз айының ортасында ауа райы суытады, қою бұлт пайда болады, күз нышаны көрініс береді. 
Мизам шуақ. Қыркүйек айы-ның екінші онкүндігінде салқын басталып, жаңбыр жауып, түне-мелік шөп басына шық түскенде, күндіз шуақты сәттер пайда болады. Сол кезде далада ұзыннан – ұзақ мизамдар шұбатылып көрінеді. Соған байланысты қойылған мезгіл атауы.  
Сүмбіленің тууы. Халқымыз: «Сүмбіле туса – су суыр», - деп те айтқан. Өйткені, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келіп, суық, жаңбырлы күндер жиілейді.  
Қарашаның қайтуы. Бұл айда алғашқы қар түсіп, құстар жылы жаққа қайтады. Соған байланысты осылай деп аталса керек.  
Қырбастың қызылы. Желтоқсанның басында болатын алғашқы аяздың атауы. Қазақ-станның солтүстігінде қыс ерте түседі, қатты аяздар басталады.  
Текенің бұрқағы. Желтоқ-сан айының соңғы онкүндігінде қазақ даласында қатты боран соғып, киік текесі маталады (ұрғашы киіктерді қашырады). 2-3 күн ішінде маталу толық аяқталатын мезгілдегі осы боранның атауы – «Текенің бұр-қылы». Оны «Текенің бұрқағы» деп те атайды.  
Күннің таласуы. Халықтың таным-түсінігінде қаңтардың ал-ғашқы күнінде күн бой көтереді, сол кезде ауа-райы өзгеріп, қар жауады, сырғыма жүреді.  
Қыс шілдесі. Бұл – қаң-тардың соңғы күндеріндегі қыс- 
тың күшіне енетін кезі. Сол уақытта сақылдаған сары аяздар туады. Осы аязды уақытты қаза-қтар «Қыс шілдесі» деп бейнелі түрде атаған. Тек, «Қыс шілдесінің» адамды жылытпайтыны жаман.  
Бөрі сырғақ. Ақпан айында ат құлағы көрінбейтін борандар соғып, айдың соңында сырғақ пен қатты боранды күндері қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Сырғақ – бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршіктері. Көнекөз қариялар қасқырлардың жұптасуына орай ақпанның соңғы сырғақ пен боранды күндерін «Бөрі сырғақ» деп атайды.  
Табиғаттың теңеуі.Қазақтар табиғаттағы кейбір құбылыстарды теңеулі түрде айтып, оларға қызықты атаулар қойған. Соның ең бастылары:  
1. Алтын күрек – көктемде соғатын жылы желдің атауы. 
2. Өкпек жел – жазғытұрым соғатын желді осылай деп атайды. 
3. Қарасуық – күздегі өңменіңнен өтетін суық күндер. 
4. Соқыр жаңбыр - күн шығып тұрғанда сіркіреп жауатын жылы жаңбыр.  
5. Қысыр бұлт – түнеріп келгенімен жаңбыр жауғызбайтын бұлттың атауы. 
6. Ұзынсары – наурыз айында күннің ұзаруы. Оны халық «Ұзынсары келгенде» деп бейнелеп айтады. Ұзынсарыға байланысты қазақта қызық әңгіме бар...  
2.Жан – жануарларға байланысты.Біздің дана халқымыз жан-жануарлардың мінез-қылығына, іс-әрекетіне қарап та келесі күннің, көктем, жаз, күз, қыстың қандай болатынын алдын-ала болжаған. Бір ғажабы, бұл болжамдардың қай-қайсы да шындыққа айналып, дәл келеді.  
Қыста торғайлар ұясына мамық тасыса, күн кенеттен қатты суып кетеді. 
Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады.  
Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз басылады. 
Ит арқасынан түлесе, қыс жайлы, бауырынан түлесе, қыс қатты болады, - дейді.  
Құр, шіл қардың астына тығылса, ұзамай боран басталады, - деп болжам жасалады. 
Қырғауыл мазасызданып, қатты айқайласа, жер сілкінетін көрінеді... 
Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылиды, аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады немесе боран ұйытқиды, - дей беріңіз.  
Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады деп күткен жөн.  
Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады. Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасызданады. Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса боран немесе дауыл тұрады.Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады. Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады. Қой тісін қайраса, боран немесе дауыл соғуға тиіс.Мысық пешке тығылса – аяздың алды, ит аунаса – жаңбыр жақын.  
3. Табиғатқа байланысты.Халқымызда жұлдызшылар да, табиғат тамыршылары да аз болмаған, қазір де бар. Олар әрбір күннің атуы мен батуына, ай мен жұлдыз, күннің қалай көрінуіне, тіпті қардың қалай түскеніне сәйкес те алдағы ауа-райынан хабардар болып отырған. Оның ел есінде сақталған түрлері мен тәсілдері көп. Соның бір тобы мынандай:  
Жауын немесе боран жұма күні басталса, ол келесі жұмаға дейін басылмайды.  
Қыста күн құлақтанса, ол – қатты аяздың белгісі.  
Жазда күн кенет ысып кетсе, көп ұзамай жаңбыр жауатыны белгілі.  
Жазда құйын көп болса, қыс боранды. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы.  
Күн бұлтқа батса, келесі күн жауын-шашынды.  
Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады, - деп ырымдайды.  
Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады.  
Бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылады, шетінен ыдыраса, күн жылынады.  
Қызара батқан күн – желдің, ашық сары болып батқан күн – жаңбырдың белгісі.  
Ай қызыл түспен қораланып, сол шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күн ашық болады. Осындай екі шеңбер немесе күңгірт бір шеңбер көрінсе, ол - қатты суық болады деген хабар. 
Желсіз түні түтін жерге қарай шалқыса, қыста – қар, жазда – жаңбыр жауады.  
Қораланған күннің шеңбері тар болса, ауа-райы тез бұзылады.  
Көктемде жауған қар үстіндегі құмалақ батып кетсе, көктем ерте туады, батпай тұрса, көк-тем кеш туады.  
Наурыз күні қар жауса, ол жылы жақсылық көп.  
Көктем туғанда таң шашырап атса, ол жылы молшылық, береке көл-көсір. 
Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа-райы бұзылады.  
Шолпан жарқырап туса, егін, шөп, жеміс бітік шығады.  
Жазда жұлдыздар жарқырап тұрса, келер күн ыстық. Қыста жарқырап көрінсе, келер күн аязды.  
Ай қораланса, жаз жаңбырлы, қыс қарлы, боранды. Күн қораланса, қар қалың жауады.

 

Ауа райын  болжауға арналған құралдар

 

Практикалық бөлім.

Ауа –райының өзгерісін болжайтын қолдан жасалған құрал.

Ауа – райын болжауға  арналған құралды дайындауға қажетті құралдар:

 

  • Элекр лампочкасы /істен шыққан/
  • Боялған сұйық құйған ыдыс
  • Полиэтилен пленка
  • Қол дрелі
  • сым

 

Құралды дайындау жолы:

  • электр  лампасының  жоғарғы бөлігін кесіп тастаймыз
  • тесік арқылы электр лампасының орта деңгейіне дейін боялған сұйықтықпен толтырамыз
  • тесікті полиэтилен плёнкамен жабамыз
  • құралды іліп қоятындай етіп сыммен байлаймыз

 

Қорытынды:  Лампаның ішкі бетіндегі су тамшылары – алдағы ауа – райының өзгеретіндігін, яғни жауын-шашын болатынын көрсетеді, ал егер лампаның қабырғасында су тамшылары болмайтын болса, онда ауа райы ашық болады. Бұған ауа райын осы құрал арқылы бақылау нәтижелері арқылы көз жеткізуге болады.

 

Қарапайым барометр

Қарапайым барометр жасау үшін қажетті материалдар мен құралдар:

  • ашық түсті пластикалық бөтелке қақпағымен;
  • жаны түтікше ұзындығы 250-350мм, сыртқы диаметрі 2-3мм, ішкі диаметрі 0,2-0,8мм, яғни кішкене тесігі бар, бір шыны түтік;
  • біз немесе темір шеге;
  • супер клей;
  • боялған су құйылған ыдыс;
  • т.б.

Қарапайым барометрді құрастыру жолы.

  • Пластикалық бөтелкенің қақапағын біз не шегенің көмегімен тесеміз.    
  • Сол тесік арқылы шыны түтікшені кіргіземіз.
  • бөтелкенің ішіне жартысына дейін болған сұйықтықты құямыз.
  • пластикалық бөтелкені шыны таяқша бөтелкенің түбінен сәл жоғары

           орналастыратындай етіп аузын жабамыз.

  • қақпақпен шыны таяқшаны супер клеймен жапсырамыз, яғни ауа  

           сормас үшін.

Жұмыс істеу принципі:

  • қоршаған ортаның қысымы төмендеген кезде, шыны ыдыстың ішінен су жоғары көтеріледі (бұлай болу себебі судың бетіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан артық болады). Бұл дегеніміз ауа райы өзгереді деген сөз, - қар жауады, не жаңбыр болады.
  • егер ауаның қысымы артатын болса, онда шыны түтікшедегі су төмен түседі (бұлай болу себебі, судың бетіндегі қысым атмосфералық қысымнан кем болады). Бұл дегеніміз ауа райы ашық, жылы болады.

Қорытынды: Шыны ыдыстың ішіндегі су жоғары көтерілсе, онда жауын-шашын болады, атмосфералық қысым төмендейді. Шыны ыдыстың ішіндегі су төмен түссе ауа райы жақсы болады, атмосфералық қысым көтеріледі. Бұл заңдылық құралдың жұмыс істеу барысында жүгізілген бақылаулар нәтижесінде дәлелденді. Егер қарапйым қолдан жасалған құралға шкала жасайтын болсақ, бұл құралды тек бақылау үшін ғана емес, атмосфералық қысымды да өлшеуге болады.

Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал.

Қажетті материалдар:

  • шар
  • шыны банка
  • су ішуге арналған түтік
  • резеңке
  • тіс тазалағыш
  • қайшы

Құралды дайындау жолы:

 

  • Шардың үрлейтін ауызғы бөлігін қиып тастаймыз
  • Шарды банкінің аузына кигіземіз де резеңкемен бекітеміз.
  • Түтіктің бір ұшына тіс тазалышты бекітеміз, екінші ұшын  шарға бекітеміз
  • Қағаз бетіне жоғарғы бөлігіне күннің суретін,ал төменгі бөлігіне бұлттың суретін саламыз
  • Қағазды  қабырғаға бекітеміз

 

Қорытынды:Қалыпты атмосфералық жағдайда тістазалағыш қозғалған жоқ.

Бұл жерде тіс тазалағыш барометрдің бағытын көрсетеді.Ал атмосфералық қысым көтерілген кезда тіс тазалағыш жоғары көтеріледі.Бұл кезда ауа-райы ашық, жылы болады. Ал атмофералық қысым төмендеген кезде тіс тазалағыш төмен қарай бағытталады. Бұл кезде әрине ауа –райы өзгеріп жауын –шашын болуы мүмкін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қорытынды.

   Ауа – райы  бұл атмосфераның тәулік,апта және ай ішіндегі өзгерісі.

Ауа райы болжамы ірі масштабты атмосфералық процестердің, ең алдымен, қысым өрісінің, температураның және желдің дамуын талдау негізінде жасалған ауа райының алдағы уақыттағы жайы туралы жорамал.Ауа райының өзгерісі туралы телевизордан ,радиодан естіп біліп отырамыз.

    Ал ауа райының өзгерісін уй жағдайында болжауға бола ма. Ондай болжауларды қарапайым құралдар арқылы  жасауға болатынына көз жеткіздік.

   Біз осы жұмыста ауа – райының өзгерісіне бақылау жүргіздік.  Ауа –райының өзгерісі  адамның өмір сүруіне әсер етеді.Сондықтан ауа райының өзгерісін қолдан жасалған құралдар арқылы біліп отыру қызықты әрі маңызды деп есептейміз.Физика пәнінен алған білімімізді өмірде пайдалану біз үшін өте қызықты ірі қарай  басқа құралдар  жасауға ұмтыламыз.

       Ғылыми жобаны қорытындылай келе мынандай ұсыныс жасаймыз.

а) Қарапайым құралдарды жасау кез келген  адамның қолынан келеді.Сондықтан  әр отбасында осындай құралды жасап ауа райын болжап отыруға болады.Әрине күнделікті теледидардан ауа – райын біліп отыруға болады.Бірақ  адамның өзі бақылағаны  қызықты , әрі дайындауға  көп нәрсенің қажеті жоқ.

б) Физика пәнінен алған білімді  күнделікті пайдалана білу ізденіске жол ашады,сондықтан қолжетімді заттардан  құралдар жасауға талпыну керек

 

 

Информация о работе Ауа -райын зерттеудің қарапайым құралдары