Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 11:39, реферат
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйысдастыру-құқықтық түріне байланысты.
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйысдастыру-құқықтық түріне байланысты.
Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады:
а) жарғылық капитал көлемінің құқықтық – нормативтік акті талаптарына сай болуын;
ә) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;
б) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде төмендегідей проводкаларға ерекше көңіл бөлінеді:
- Дебет 3000 «Төленбеген капитал» шотына және Кредит 3001 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына;
- Жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кредит 3025 «Салымдар мен пайлар» шотына «Негізгі құралдар», «Материалдар», «Тауарлар», «Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша», «Ұлттық валютадағы ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша» және «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелерінің шоттарына жазу түседі.
Резервтік капитал – іс – жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.
Резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады.
Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15 % — нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.
Серіктестіктің резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол серіктестіктің жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан ( пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. Азаматтық кодекстің 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл-ой меншігі және басқа нәрселер жатуы мүмкін.
Жарғылық капитал – «жарғы» деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тіртібі, немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Әр бір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек, бұл құжаттың ең негізгісі Жарғы болып табылады. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады. Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.