Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 20:03, контрольная работа
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
І Кіріспе...................................................................................................................3
І тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының
жұмыс істеу негіздері.
1.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс
істеу негіздері.......................................................................................4
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының
бақылау функциясы................................................................................6
ІІ тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
2.1 Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны................ .....9
2.2 Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық
жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері.......................15
ІІІ тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің каржысын
басқару................................................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................27
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік.
Жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.
Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:
1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде: республикалық — Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.
2. Заңи тұлғалардың жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар, әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
3. Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.
4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
6. Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен — мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша кәсіпорындар және кез келген нысан шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын кәсіпорындарының өңдірістік және ұйымдық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүмкін.
Жалпы меншіктің әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ қағидаттарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.
Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны жарғылық капиталды жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын жіктеудің критерийлері мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып, кәсіпорындар жеке, жекеше, серіктестіктер (толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар), кооперативтік, жалгерлік, мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар ретінде құрыла алады. Олардың барлығы бірыңғай заңдылық негізде іс-әрекет етеді және кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаттарына бағынады.
Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әр түрлі сыныптамалық сипаттамаларының сан алуандығы, олардың шаруашылық органдар бөлігіндегі мүмкін болатын үйлесуі қаржы жүйесінің бұл буынының қаржы механизмін күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметті айқын заңнамалық реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылық процестерді бақылауды қажет етеді.
2.2 Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылықты жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердің) жене бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың -шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің салымдарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі - жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктің мынадай нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлға акционерлік қоғам деп танылады.
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы (халықтық акционерлік қоғам) мүмкіндік туғызады. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, жай акциялар) әр алуандығы әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін — акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде кәсіпорындардың немесе салалардың қаражаттарын неғұрлым тиімді қалыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылымына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның нарықтық сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктың даму перспективаларымен ғана сәйкестенеді.
Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
2) жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар. Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар: 1) республика меншігіндегі кәсіпорындар — республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді;
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндетті болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады, олар:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;
2) экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз қамтылған қоғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші қажеттіктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);