Салықтардың пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 00:18, реферат

Краткое описание

Ерте кезеңдерде салықтарға жеке азаматтардың мемлекеттің немесе оның басшысы – патша , король , хандардың пайдасына алынып отырылған табыстарының бір бөлігі жатқызылды . Олардың түрлері де уақыт өте келе өзгеріп отырды: құлдық , барщина , жерге салынатын салық , құрбандық (жертвоприношение) , тағы басқалары. Эволюциялық дамудың нәтижесінде салынатын салықтардың түрлері өзгере түсіп , заман талабына сай жаңа түрлері пайда бола бастады . Олардың қазіргі таңда қолданылатын ең басты формасы – ақша болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе бөлім
Салықтар және олардың пайда болуының басты себебі

ІІ. Негізгі бөлім
Салықтар эволюциясының кезеңдері:
2.1. Салықтар эволюциясының бастапқы кезеңі (ежелгі дүниеден орта ғасырлық кезеңге дейін)
2.2. Салықтар эволюциясының екінші кезеңі (XVI-XIX ғасыр)
2.3. Салықтар эволюциясының соңғы кезеңі (XIX ғасыр - заманауи кезең)

ІІІ.Қорытынды бөлім
Салықтар : кеше мен бүгін

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Saliktar evoluciyasi.docx

— 306.87 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе бөлім

   Салықтар және олардың пайда болуының басты себебі

 

ІІ. Негізгі бөлім

    Салықтар эволюциясының кезеңдері:

      2.1. Салықтар эволюциясының бастапқы кезеңі  (ежелгі дүниеден орта ғасырлық кезеңге дейін)

      2.2. Салықтар  эволюциясының екінші кезеңі  (XVI-XIX ғасыр)

      2.3. Салықтар  эволюциясының соңғы кезеңі (XIX ғасыр - заманауи кезең)

 

ІІІ.Қорытынды бөлім

      Салықтар : кеше мен бүгін

       

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе бөлім

Салықтар және олардың  пайда болуының басты себебі

 

Мемлекет қоғамның өмір сүруінің  ғана емес , сонымен қатар оның мүдделерінің әрі қатынастар үйлесімдігінің нысаны болып табылады . Үйлесімді даму сөзінің астарында барлық адамдардың , қоғамның кез келген мүшесінің материалдық ,  мәдени және рухани өркендеуі жатыр . Оның прогрессивті дамуы мен өркендеуінің ,  материалдық қамсыздандырылуының басты құралы - салықтар. Адамзат қоғамы  мемлекеттерге біріккелі бері  салықтың қоғамдық дамуға тигізетін әсері күннен-күнге арта түскен .

Салық – экономикалық қатынастардың  ең ежелгі формаларының бірі .  Адамзаттың цивилизациясының өркендеу шыңында  пайда болған салықтар  ең алғашқы  қоғамдық қажеттіліктердің пайда болуымен байланысты туындаған . Кез келген қоғамның үйлесімді дамуы  тиімді жұмыс  істейтін салық жүйесінің болуына  байланысты . Мемлекеттің дамуы мен  басқару формаларының өзгеруі оның салық жүйесінің өзгеруімен қатар жүреді .

Қазіргі таңда салық деп жеке немесе заңды тұлғалардан заң жүзінде белгіленген мөлшерде біржақты , міндетті , қайтарымсыз және өтеусіз сипатта алынатын ақшалай төлемдерді түсінеміз. Сан ғасырлық тарихы бар бұл қаржылық категорияның түпкі мағынасы осынау күрделі эволюциялық даму нәтижесінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған.

Ерте кезеңдерде салықтарға жеке азаматтардың мемлекеттің  немесе оның басшысы – патша , король , хандардың пайдасына алынып отырылған табыстарының бір бөлігі  жатқызылды . Олардың түрлері де уақыт өте келе өзгеріп отырды: құлдық , барщина , жерге салынатын салық , құрбандық (жертвоприношение) , тағы басқалары. Эволюциялық дамудың нәтижесінде салынатын салықтардың түрлері өзгере түсіп , заман талабына сай жаңа түрлері пайда бола бастады . Олардың қазіргі таңда қолданылатын ең басты формасы – ақша болып табылады.

ІІ. Негізгі бөлім

Салықтар эволюциясының кезеңдері

Салықтарды өндіріп алу  механизмінің дамуында негізгі 3 кезеңді  бөліп қарастырады:

1)Бастапқы этап (ежелгі дүниеден орта ғасырлық  кезеңге дейін). Бұл кезең салықты анықтау мен оны жинаудың қаржылық аппаратының болмауымен сипатталады : мемлекет тек қалайтын заттарының жалпы сомасын белгілейді, ал салықты жинауды қала немесе елді мекеннің басшылығына тапсырады.

2)Екіші кезең  (XVI-XIX ғасыр). Мемлекет шеңберінде қаржылық ұйымдардың жүйесі қалыптасып , мемлекет атқарылатын функциялардың жартысын өз мойнына алды: алымдардың квотасын бегілеу , салықты жинау процесіне бақылау жүргізу ,  бақылау формаларын анықтау.

3) Үшінші кезең (заманауи кезең). Бұл кезең салықтарды белгілеу мен оларды жинауға қатысты функциялрдың барлығын мемлекеттің өз мойнына алуымен сипатталады. Белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие болып отырған жергілікті және аймақтық басқару органдары салық жинаудағы мемлекет көмекшілеріне айналды . Салықты жинау ережелері мен заңдары айқындалып , алдын ала анықталып алынған . 

 

2.1. Бастапқы этап (ежелгі дүниеден орта ғасырлық кезеңге дейін)

Ежелгі заманда салық  салынатын база ретінде жер, мал , жұмыскерлер , құлдар танылды . Мемлекет дамуының ең алғаш кезеңдерінде  салықтың бастапқы формасы- құрбандық ( жертвоприношение )  немесе тасаттық  болды. Ол жазылмаған заңдардың негізінде дұрыс деп танылатын міндеттеу бойынша төлем немесе алым деп түсінілетін . Барлық табыстың 10% -ы сомасында алынып отырылған бұл алымға Библияда былай түсіндірме берілген: « Жер бетіндегі кез келген өсімдіктің , кез келген өскіннің 10-нан 1 бөлігі Құдайға тиесілі » .

Мемлекеттің дамуымен    табыстың 1/10 бөлігі тек шіркеулерге ғана емес , сонымен қатар мемлекет басшыларына да жиналатын болды. Ежелгі Египетте жер салығы, Қытай , Вавилон , Парсыда  - жан басынан алынатын салықтар, ежелгі Грек елінде қала қақпасына кіре берісте алымдар ұсталып отыратын (олар негізгі жасақты ұстауға , қала цитаделдерін қалауға , шіркеу , құбыр желісі , т.б. әлеуметтік әрекеттерді орындауға жұмсалатын) .

Ежелгі  Грекияда ( б.з.б. VII-VI ғғ.) табыстың 1/10 немесе 1/20 бөлігі түріндегі салықтар жиналып , әлеуметтік , құрылыс , т.б. мақсаттарына жұмсалатын. Алайда , ежелгі дүниеде тура салықтардың алынуына қарсы көзқарастар да болған . Мысалы , Афины қаласында ерікті төлемдер , тасаттықты санамағанда , тәуелсіз , құрметті азаматтардан алынбау керек деп есептелді (бірақ , тек мемлекеттік дәрежедегі маңызды әрекеттерге қатысты жағдай туғанда сыйлы азаматтар арасында  пайыздық қойылымы алдын ала анықталған салықтар алынатын) .

Ежелгі  Римде (б.з.б. IV- I)  азаматтар бейбіт кезеңде ақшалай алымдар төлемейтін . Халықтың өміріне қатысты жұмсалымдарды мемлекет басшысы өз мойнына алатын . Басты жұмсалымдары қоғамдық ғимараттарды салу шығындары құрады, олар өз кезегінде мемлекеттік жер учаскелерін жалға беруден түсетін табыстардың негізінде жүргізілген . Алайда , соғыс кезеңінде азаматтар өз табыстарына сай негізде салық төлейтін .  Салықтың мөлшерлемесі әр 5 жыл сайын мемлекеттік цензорлар тарапынан анықталып отыратын .  Азаматтар өздернің әлеуметтік және отбасылық жағдайлары туралы шенеуніктерге ақпарат беріп , осылайша табыс бойынша декларациялар дайындалатын .

Империя соғыс әрекеттерінің  негізінде жаңа жерлерді жаулап алып , колонияларының санын күннен күнге  арттыра берді . Жаулап алған мемлекеттерден алым алу (дань) сияқты салықтың түрі осы кезеңде пайда болды .  Олардан алынатын коммуналдық төлемдер мен басқа да алымдар азаматтардың қаржылық жағдайына байланысты  белгіленіп отырды .

Соғыстардағы империяның жеңісі кезінде салықтардан мүлдем босату немесе оларды барынша азайту шаралары жүргізілетін . Мемлекеттің функцияларын орындау контрибуция негізінде жиналған салықтар арқылы орындалды. Рим оның бағыныштылары болып саналған , алайда азаматтық құқықтары жоқ провинцияларды бірікітруші механизмге айналды. Провинциялардың халқы салық төлеп, бағынышты күй кешті. Бағынышты болуға қарсылық көрсеткен елді-мекендерден алынатын салық сомасы көбейтіліп отырды .

Ежелгі Римнің өзінде салықтар фискалдық қызметімен қоса , ынталандырушы  функция да атқарды , яғни , ақшалай  салықтар төленгенде , олардың басты  міндеті – тауар-ақша қатынастарын , нарықты , еңбек бөлінісін дамыту болды .

Қаржылық шаруашылықтың  және салық жүйесінің салық жеңілдіктерін  қолдануын енгізген –Юлий Цезарь . Ол әр таптың төлейтін салық сомаларын олардың жағдайларын ескеріп белгілеген .

 Бұл жұмысты жалғастырушы – Октавиан Август . Оның тұсында салық салудың қаржылық  бақылу ұйымдары құрылып , әділ ставкаларды белгілеу үшін салық әлеуетін зерттеп ,  әр қаланың жер иелері туралы ақпараттар беруші кадастрлар жүргізу ұйымдастырылған.





(кұлдары бар адамдарға 


 

 

Кейіннен Римнің салық  жүйесі Византияға көшті . Империяда тура салықтардың 21 түрі кездесті : жер салығы , жан салығы , әскерді ұстау үшін жиналатын салық , жылқы сатып алуға салық , тауарды сатуға салынатын салық , мемлекеттік акттерді алуға салынатын алымдар , т.б.

Ежелгі  Рустің салық жүйесі біршама кешірек дамыды. Салық жүйесі пайда болған мезетте гривна (күмісте жасалған әр түрлі формалы алғашқы ақшасы) туралы  алғашқы ақпарат айтылады . Қазынаның негізігі көзі – дань және оброктар (тәуелді шаруалардың қожайындарына төлейтін ақшалай немесе тағам түріндегі бересі) болды. Русте жер салығы жердің ауданына ғана емес , жердің құнарлылығына байланысты белгіленді. Ресей жерлері 15 ғасыр аяғында саяси біріксе де , салық жүйесі әлі де қалыптаса қоймады . Билік басына келген Романовтар әулеті үшін қаржы сферасы ең осал жер болды (кейбір тәжірибелік қадамдардың ойланбай жасалуы , халықтың жағдайының ескерілмеуі) . Экономикалық өрлеу І Перт тұсында байқалды: жаңа фабрика-зауыттар ашылды, тау-кен өнеркәсібінің негізі қаланды , игерілмеген табиғат байлықтары қолданыла бастады , кеме жасау өркендеді  . Сонымен қатар үнемі соғыс әрекеттеріне қатысушы Ресей үшін мемлекеттік қазынаны толықтырудың жаңа көздері іздестірілді . Ол көзердің ең бастысы – салықтар. Перт І тұсында салықтардың әділеттілігі қағидаты ерекше ескерілді .

Біздің елдің территориясында  өмір сүрген ортағасырлық мемлекеттерде  де салық түрлері аз болмады:

Европа елдерінде де салықтың түрлері сан алуан болды: тұз , алкоголь өнімдері мен темекіге салынатын  акциздер, сауда алымдары , кедендік алымдар, т.б.

 

2.2. Салықтар эволюциясының  екінші кезеңі (XVI-XIX ғасыр)

Мемлекеттік механизмнің  уақыт өте келе дамуы қалыптасқан  салық жүйесінің болуын қажет  етті. Европа елдеріндегі ортағасырлық  өндірістің жетілуі экономиканың өркендеуіне  өте үлкен үлес қосты . Экономиканың дамуы рационалды және тұрақты салық  жүйесін  негіздеді .

Екінші кезеңде салық  жүйесі көптеген экономист ғалымдардың  зерттеу тақырыбына  айналды . Салық салудың теориялары негізделді .

Салық салудың классикалық теориясын тұжырымдаған шотланд экономисі А.Смит салық салудың 4 қағидатын негіздеді: біркелкілік , анықтылық , төлеу ыңғайлылығы , салық жүйесінің үнемділігі . Ол салықтың анықтамасын берумен қатар, салық салу принциптерін негіздеп , салықтың мемлкеттің қаржы жүйесіндегі орнын анықтады . А.Смит салық төлеу – құлдықтың емес , тәуелсіздіктің нышаны деп айтты .  Классикалық теория бойынша салықтардың басты мақсаты -  мемлекеттік қазынаны толтыру .

Классикалық теорияның  көрнекіт өкілдері – У.Петти , Жан-Батист Сей , Д.Рикардо , Дж.Миль .

Кейнсиандық теория негізінде  салық ставкалары прогрессивті және өте жоғары болуы керек . Салықтардың көмегімен халықтың артық жинақтарын өндіріп алу және олардан бюджеттік механизм негізінде инвестициялық ресурстар қалыптастыру жөн болады .

Неоклассикалық  теорияның көрнекті өкілі – Лаффер . Ол бюджеттің табыстылығы мен салықтың пайыздық қойылымы арасындағы байланысты анықтады . Салықтардың ставкасының өсуі тек белгілі бір шекке дейін ғана табыс алып келеді , салық ставкасының шектен ары өсуі салықтық түсімдердің төмендеуіне алып келеді .  Оның салдарынан өндірістік қорлардың жаңаруы тоқтап , экономикалық құлдырау басталады .

Мектептің көрнекті өкілдері: А. Хансен , А. Оукен , У. Хеллер , У. Шульц , С. Харрис , Р.Линдхольм , О.Экстайн , Р. Харрод , А.Иллерсик , А. Пикок , Дж. Вайсман , К. Эми , Х. Ито , Ф. Нейман , В. Виттман , Ф. Перру және т.б.

 

ХІХ  ғасырдың басында  Европалық елдерде экономиканың өркендеуі мен өндірістің орталықтануы  өндірістік бірліктердің күшеюі , қалалардың өсуі ,  салықтардың табиғатын  ұзақ уақыт бойы зерттеумен байланысты еді .  Мемлекет өзінің салық жүйесіндегі  приоритеттерін өзгертті . Салық салудың  басты объектісі – құндылықтардың бір субъектіден екінші субъектіге өтуі болды .  Айналымға салынатын  салық  , мәмілеге салынатын салық , капиталға салынатын салық (оның пайыз түріндегі өсімшесіне , бағалы қағаздарға немесе салымдарға , акциялар


бойынша дивидендтерге) дамыды. Осыдан бастап, мемлекеттердің салық жүйелері бір біріне ұқсай бастайды.

 

2.3. Салықтар эволюциясының  соңғы кезеңі (XIX ғасыр - заманауи кезең)

Салықтардың бұл даму кезеңі салықтар түрлерінің азаюымен және оларды белгілеудегі және өндіріп алудағы  құқықтық ерекшеліктер мен әділдігіне баса назар аударуымен ерекшеленеді. Екінші кезеңде қалыптасқан ғылыми көзқарастар үшінші кезеңде тәжірибе негізінде тексеріле бастады . Қаржылық  ғылымның  жетістігі деп салық реформасы танылды .  Олар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүргізілді және толығымен ғылыми тұжырымдалды .  Қазіргі таңның қаржылық жүйесінің негізі сол кезеңде қаланған болған .

Қазіргі таңның өзінде мінсіз салық жүйесі жоқ . Алайда , кез келген мемлекет оны жетілдіре түсу үшін бар күш-жігерін жұмсайды . Үкімет  салықтардың міндеттемесін максималды түрде азайтуға тырыса отырып , бюджеттегі қаражаттың азаймауын қамтамасыз етуі керек . Салық жүйесіндегі тексерістерді жүргізетін арнайы салық органдары қалыптасып , олардың жұмыстарында жаңа технологиялар қолданылады .

Қазіргі заманда ерекше қолданыстағы салықтар : қосымша құн салығы ,  табыс салығы , әлеуметтік салық , т.б. сонымен қатар мақсатты салықтардың  да саны күннен күнге арта түсуде .

Информация о работе Салықтардың пайда болу тарихы