Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 16:23, лекция
Менеджмент – бұл кәсіп орынды ұйымдастыру туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде қызметтерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландыру туралы тиімді басқару.
Менеджмент тарихы бірнеше мың жылдықтардан құралған. Осынау ұзақ жылдық тарихы қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік экономикалық қатынастар жүйесіндегі үзіліссіз тәжірибелердің жинақталуына байланысты дамыған.
Менеджменттің бастауы болып ерте замандағы Шумерде жазудың пайда болуымен байланыстырылады. Бұның негізгі революциялық жетістігі саудамен айналысатын жоғарғы қабаттағы «көсем кәсіпкерлерді» білімге алып келді. Алғаш басқарушылық революциясы діни коммерциялық атқа ие болды. Сөйтіп осының арқасында басқалары қалыптасты.