Мемлекеттік қаржы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 19:42, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы. Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.
Мемлекеттік қаржы – қаржы жүйесінің басты буыны, оның қалыптасуы мемлекеттің пайда болумен байланысты. Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар Факторларға:
- қоғам дамуының таңдап алған үлесіне
- саяси құрылымына
- қалыптасқан дәстүрлерге
- сыртқы факторларға ұарай экономикалық қызметке қатысады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ.docx

— 25.40 Кб (Скачать документ)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ

 

Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы. Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.

Мемлекеттік қаржы – қаржы жүйесінің басты буыны, оның қалыптасуы мемлекеттің пайда болумен байланысты. Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар Факторларға:

- қоғам дамуының таңдап алған үлесіне

- саяси құрылымына

- қалыптасқан дәстүрлерге

- сыртқы факторларға ұарай экономикалық қызметке қатысады.

Мемлекеттің экономикалық өмірге қатысуы мына функциялармен анықталады:

  • монополиялық қызметті шектеумен бәсекелесті қорғау мен дамыту
  • экономиканың тұрақты деңгейіне жету үшін және оны дамыту үшін тиісті құқықтық базасын құру
  • қоғамда табылған табыстар мен байлықтарды қайта бөлу
  • мемлекеттің қарамағындағы қаржы ресурстарын қайта бөлу
  • экономиканы тұрақтандыру.

Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты бастапқы бөлуде теңсіздік туғызғандықтан мемлекет оларды қайта бөлуді жүзеге асырады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру қызметіне конъюктураның ауытқуына байланысты пайда болатын инфляция және жұмыспен қамту деңгейіне бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру шаралары кіреді.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді.

 

Мемлекеттік қаржылар құрамына кіретіндер:

  • мемлекеттік бюджет;
  • бюджеттен тыс қорлар;
  • мемлекеттік несие;
  • мемлекеттік қоғамның қаржылары.

 

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттік өкімет органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты қалыптастыру мен жұмсаудың негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіреді.

Бюджеттен тыс қорлар.  Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.

Мемлекеттік несие.  Мұнда қарым-қатынастар мекеменің уақытша бос ақша-қаражаттарын мобилизациялаумен байланысты, оларды мемлекеттік мекемеден берілуі мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін керек.

Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.

Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде жеке дара болып табылады және мемлекеттік қаржылардың негізін құрайды.

Мемлекеттік қазына 2-ге бөлінеді:

1)        республикалық;

2)        жергілікті.

Республикалық қазына жүйесі:

1)        республикалық бюджет қаражаттары;

2)        алтын  валюта қорлары;

3)        тек  қана мемлекеттік меншігіндегі мүліктер (жер, флора мен фауна, табиғи ресурстар);

4)        республикалық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Жергілікті қазына жүйесі:

1)        жергілікті бюджет қаражаттары;

2)        коммуналдық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Осыдан барып мемлекеттік қаржылардың рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік қаржылар – әр анықталған тіршілік ету кезеңінде үкіметтің экономикалық функциялардың орындалуын және қоғамның дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізі болып табылады.

 

 

 

 

Мемлекет қаржысының іс әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

 

Мемлекеттік кірістер  деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады. Мемлекеттің кірістер құрамына мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың,ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынатын табыс, салық түсімдері және т.с.с. кірсе, ал мемлекеттік бюджет кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.

 

 

Мемлекеттік кірістер  бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік кірістердің  құрамында мемлекеттік бюджеттің  алатын орны зор.     Мемлекеттік  кірістердің басым бөлігінің  әр түрлі деңгейдегі бюджетте орталықтануы  біртекті қаржы саясатын жүргізуге  және халық шаруашылығының салаларын  дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді.

 

Мемлекеттік кірістердің  барлық көздері 2 топтан тұрады:

  • ішкі
  • сыртқы

 

Мемлекеттік кірістердің  ішкі көздеріне мемлекет ішінде қалыптасатын ұлттық кіріс пен  ұлттық байлық кіреді. Сыртқы көздерге – ұлттық байлық, кейбір жағдайларда басқа мемлекеттің  мемлекеттік займ түріндегі ұлттық байлығы кіреді.

 

Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)

 

Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:

1)материалдық өндіріс  аясында қалыптасатын кірістер;

2)өндірістік емес аясында  қалыптасатын кірістер.

 

Қаржылық мазмұны бойынша  ммлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:

1)Салықтық 

2) Салықтық емес.

 

Мемлекеттік шығыстар бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру  мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттік шығындардың құрамына мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес салалардағы мекемелердің шығындары кіреді.

 

Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі

Мемлекеттік шығындардың  кейбір түрлері экономикалық мәні мен  мазмұны бойынша біркелкі емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты. Мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесі негізгі топтарға бөлінеді:

 

  1. Материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар.
  2. Қызметтің өндірістік емес сферасын жататын шығыстар

3)Мемлекеттің резервтерді  жасауға жұмсайтын шығыстары 

 

Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартқа отырған және ұлттық табысты  жасаумен байланысты

Шығыстардың екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.

Мемлекеттік шығыстардың  үшінші тобы  мемлекеттік резервтерді  құру мен толықтыруға жұмсалынатын шығындар.Төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде  өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес аялардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды  және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік шығындар қаражатарды  максималды түрде  тиімді пайдалана  отырып, мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.


Информация о работе Мемлекеттік қаржы