Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындарда сапалы ақпараттық жүйені тұрғызу арқылы кәсіпорынның тиімді басқарылуын қамтамасыз етуді қарастыру.
Жұмыс барысында өз алдыма мынадай міндеттер қойылды:
кәсіпорынды басқару жүйесін талдау;
қаржылық есеп берулермен талдап көрсеткіштердің есептелу жолдарын талдау;
кәсіпорынды басқаруға жәрдемдесетін қаржылық есеп берулерді автоматтандыру.

Содержание

КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынды басқарудың мәні,
мақсаттары мен міндеттері 4
Кәсіпорын басқару объектісі ретінде 6
Кәсіпорынды басқару функциялары 7
2 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері...14
2.2 Қаржылық есеп берушілік 16
2.3 Баланс 20
2.4 Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы
есеп беру 28
2.5 Ақша ағымы туралы есеп беру 31
2.6 Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау 33
2.2 КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.2.1 Кіріс құжаттары 37
2.2.2 Шығыс құжаттары 37
2.3 АҚПАРАТТЫҚ БАЗА ................................................................38
2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық база..................................39
2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық база................................40
2.4 ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ
2.4.1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы................42
2.4.2 Программалық жабдықтау құрылымы.............................44
3.ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ..........................................55
Құқықтық қамтамасыз ету 60
Ақпараттық қамтамасыз ету 61
Техникалық қамтамасыз ету 62
4.АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
4.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау...........................63
4.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды
жаңарту кепілдемесі....................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 69

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-КӘСІПОРЫНДЫ-БАСҚАРУДАҒЫ-БУХГАЛТЕРЛІК-ЕСЕПТІҢ-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕСІН-ТҰРҒЫЗУ1.doc

— 802.50 Кб (Скачать документ)

Бақылаудың  тиімділігі шешімдердің қаншалықты жылдам және дәлелді қабылданатынына  тәуелді.

Бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастыруға негізделеді. Тиісті бухгалтерлік және қаржылық қызметтер  орындары ақпаратты жинап өңдейді, бұл ақпарат бұрынғы жетістіктерді сипаттайды, мақсатттарды белгілеуге қажет тенденцияларды айқындайды, жоспарларды және нормаларды, сонымен қатар нақты мәліметтерді жоспармен салыстыруға т.б. ақпаратты жеткізеді.

Жауапкершілікті есептеу концепциясының негізгі ойы қарапайым: әрбір басшы жалпы жұмыстардың белгілі бөлігіне жауап береді. Есеп жүйесі басшы жауап беретін іс-әрекеттердің нәтижелерін өлшеуге мүмкіншілік беруге құралады. Ол үшін жауапкершілікті әрбір басшыға табыстау оңай болу мақсатымен оларға тапсырмалар тәптіштеп орнатылады. Бақылаудың тиімділігі жоғары болсын десек, есеп беру жүйесі жоспарлау жүйесіне сай болу керек.

Бақылау жүйесі тиімді болса басшының назары маңызды  мәселелер шешімдерінде болады. Егер қызмет барысы жоспар бойынша жүріп жатса басшыға ешқандай ақпарат түспеу керек . Ауытқу бойынша басқару принципі басшының назарына әр түрлі ауытқуларды туғызатын жағдайлар ғана түседі. Ауытқу барын белгілейтін бақылау ақпараты басшыларға тез талдау жасап, қажетті шаралар қолануға итереді. Осының нәтижесінде басшылар маңызды және ”тар жерлерге” көңіл бөліп оларды жоюға мүмкіндік алады.

Бөлімшенің  және оның басшыларының жұмысына бақылау мақсаттық әдісіне негізделген. Бұл әдіс бойынша әр бөлімше, әр басшыға өз функциясына сай нақтылы және мақсат қойылады және сан мен сапалы көрсеткіштерінен тұратын жоспар бегітіледі.

Мақсатты әдіс бақылауда дәстүрлі тәжірибенің  кемшіліктетін жоюға , оның ішінде адамдардың моральдік-психологиялық факторларын  елемеуден айырады; ынталандыру  факторы ретінде қызмет етеді, өйткені қызметкерлердің өзінің рөлін түсінгендіктен алдына қойылған мақсаттарды орындауға ат салысады.

Мақсат бойынша  басқару әдістерінің негізгі  қолдану проблемасы ретінде субъективизмді, мақсаттардың қойылымының дұрыс  болмауын, өсу қарқынына негізделген жоспарлау тәжірибесінен аралу болып табылады. Әр түрлі қызметкерлер және бөлімшелер мақсатын салыстыруға болмайтындықтан, сапа жағынан айырмашылығы олардың қызметін дәл  бағалау критериі ретінде пайдалануға көп кедергі туады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    2 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

 

 

2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері

 

 

Кез-келген саладағы өндірістің тиімділігін арттырудың  маңызды  факторы болып басқаруды жақсарту болып табылады. Басқарудың әдістері мен формаларының дамуы ғылыми-техникалық прогресс, әртүрлі техникалық құралдардың көмегі арқылы ақпараттың жиналуы, өңделуі мен жіберілуінің әдістер мен тәсілдерін, заңдарын зерттейтін информатиканың одан әрі дамуы негізінде жүріп жатыр.

Түрлі ақпаратты-техникалық жаңалықтарды басқару аппаратының арзандауы  мен кішіреуі ретінде қабылдау керек. Мысалы телефон, радио, телевидение, персоналды компьютерлер, локальді және глобальді – Интернет компьютерлік желілердің шығуы кәсіпорынды басқарудағы ақпаратық қамсыздандыруының дамуына алып келді. Сонымен кәсіпорынды басқаруда ақпараттың маңызы әрдайым өсіп келе жатыр, оның себебі әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктердің өзгеруі, техника және технология саласында жаңа жетістіктері, ғылыми ізденістер. Ғылыми-техникалық революция ақпаратты өндіріс процессінің маңызды факторы ретінде шығарды. Ақпараттық процесс жұмыс күшінің өнімділігінің жоғарлату, өндіріс процессінің тиімді ұйымдастыру құралы ретінде жаңа техниканың жұмыс істеу шарты болып табылады. /24, 45-бет/

Басшыларға әсіресе, қаржылық бөлімдердің басшыларына бүкіл кәсіпорынға байланысты күрделі шешімдер қабылдау керек. Ал жедел міндеттердің шешімдермен толы болуы басқару процессін одан әрі күрделендіреді.

Кәсіпорындаға жақсы ақпараттық жүйе мыналарды  береді:

  • Біртұтас мәліметтер базасы негізінде басшылар мен қызметкерлерге толық, шынайы және жедел ақпаратты қамтамасыз ете отырып кәсіпорынды басқару тиімділігін жоғарлату.
  • Документтердің айналымын оптимизациялау мен стандарттау арқылы іс жүргізу процессін жеңілдету.
  • Процесстерді автоматтандыру арқасында қызметкерлерді көптеген жұмыстардан босатып оларды мамандық ісіне бағыттауға мүмкіндік береді.
  • Басқарудың барлық деңгейінде ақша құралдары мен материалды-тауарлы запастардың сенімді бақылануын қамтамасыз етеді
  • Орталық аппарат пен бөлімшелердің өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз ету
  • Ақпаратты өңдеудің барлық деңгейлерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б. 

 

Кәсіпорындағы ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары мыналар  болып табылады:

  • Кәсіпорын қызметі және сыртқы орта туралы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және қаржылық немесе кез-келген басқа талдау үшін ыңғайлы түрде беру және басқарушылық шешімдерді қабылдауда оларды пайдалану.
  • Кәсіпорынның бизнесс (технологиялық) операцияларын автоматтандыру

Ақпараттық жүйенің  нағыз тиімділігін бағалау үшін жақсы құрылған ақпараттық жүйенің атқаратын міндеттерін түсіну қажет.

Өндіріс процессін  жоспарлау. Түрлі деңгейлердегі стратегиялықтан бастап жеделге дейін өндіріс жоспарларын құру және өндіріс қуаты мен адам ресурстарына сәйкес олардың жүзеге асу мүмкіндігін тексеру. Жоспарлардың нақтылануы әр деңгецде әртурлі болып келеді – стратегиялық жоспарлау міндеттерін шешуге керекті өнім жиынынан бастап өндірісті жедел басқаруға керекті нақты материалдар мен өндіріс операцияларға дейін; /25, 67-бет/

Сатып алуды, сатуды, запастарды басқару. Бұл сатып алу, сату, өндіріс, қойма запастарын есепке алу және жоспарлау процесстерін автоматтандырылуы;

Қаржыны басқару. Әдетте бұл бугалтерияны жүргізу, дебитор мен кредиторлармен есеп айырысу, негізгі құралдарды есепке алу, қолма-қол ақшаны басқару, қаржылық қызметті жоспарлау;

Қызметкерлерді  басқару. Қызметкерлерді басқару жүйеастында қызметкерлермен жұмыс істеуге байланысты барлық істер жүзеге асырылған: қызметкерді жұмысқа алу, босату, қызметкер туралы мәліметтерді есепке алу, олардың қызметте жоғарлауын жоспарлау, жалақыны есептеу және жұмыс уақытын есепке алу. Қызметкерлерді белгілі бір ресурс ретінде қарастыра отырып ақпараттық жүйені пайдалану өндіріс жоспарларын қызметкерлердің потенциалымен  салыстыруға мүмкіндік береді; /27, 105-бет/

Проекттер мен  бағдарламаларды басқару. Бүгінгі кәсіпорын қызметі түрлі өндірістік проекттер мен бағдарламаларды жүзеге асырумен ерекшеленеді;

Өнім мен  технологиялық процесстерді жоспарлау. Өнім құрамы, оны өндірудің технологиылық жолдары, тапсырушының талаптарына сәйкес өнімді жетілдіру туралы ақпарат және осындай өнім шығарған кездегі кәсіпорынның шығындарын анықтау;

Көріп отырғанымыздай ақпараттық жүйелер көп нәрсені істей  алады. Алайда мұндай жүйені қаржыландыру тиімдігін жоғарлату үшін қандай жүйенің керек екендігін анықтап алу керек. Мұндай жерде неғұрлым функция көп болса соғұрлым жақсы деп ойлау да қате болады. Себебі жүйе үлкен болған сайын ол қымбат болады және оның барлық функционалдық мүмкіншіліктері пайдалынбауы мүмкін, содан ол өз-өзін ақтамауы мүмкін.

 

                    2.2.  Қаржылық есеп беру

 

 

Белгілі бір кәсіпорынды  басқарудың ақпараттық база жүйесін  құру кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен, құқытық-ұйымдастырушылық формасымен, шаруашылық қызметтің диверсификациясының көлемі мен дәрежесіне және тағы басқа жағдайлармен байланысты

Сондықтан кәсіпорынды  басқаруда қолданылатын ақпараттық базаға енгізілетін көрсеткіштерді ақпарат көздері бойнша жіктеуге болады. Олар:

  1. Мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын ерекшелейтін көрсеткіштер.

Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштері стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде кәсіпорынның сыртқы орта жағдайын болжамдау үшін қолданылады. Бұл топқа келесі көрсеткіштер енеді:

    1. мемлекеттік бюджет кірісі;
    2. мемлекетті

Информация о работе Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу