Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 14:53, контрольная работа
Жолдағы ақшалай қаражаттарды есептеу үшін 1020 “Жолдағы ақшалай аударымдар” шоты арналған. Бұл шотта кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қарамағындағы филиалдардың, бөлімшелердің, сондай-ақ сатып алушылардың ұйымға банк мекемелері, сақтық кассалары, почта бөлімшелері арқылы аударған, бірақ кәсіпорынның тиісті шотына түспеген, аударылғандағы тиісті құжаттармен дәлелденген ақшаларды есептейді. Жолдағы ақшалар аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, пошта бөліміне енгізілген, кәсіпорынның есеп айрысу шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.
1. Жолдағы ақшалай қаражаттардың есебі.
2. Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі.
3. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері.
4. Активтердіңқұнсыздануынан болатын залалдар.
5. Кәсіпорын 2009 жылы 1-шілдеде 32000 теңгеге машина сатып алды. Машинаны жою құны 2000 теңге, пайдалы қызмет мерзімі 4 жыл. Кәсіпорынның есепті кезеңі календарлық жыл. Түзу сызықты, қалдықты азайту (200%) әдістері бойынша 2009 және 2010 жылдарға тозу шығындарын, 2010 жыл 31-желтоқсанға баланстық құнды есептеңіздер.
1. Жолдағы ақшалай қаражаттардың есебі.
2. Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі.
3. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері.
4. Активтердіңқұнсыздануынан болатын залалдар.
5. Кәсіпорын 2009 жылы 1-шілдеде 32000 теңгеге машина сатып алды. Машинаны жою құны 2000 теңге, пайдалы қызмет мерзімі 4 жыл. Кәсіпорынның есепті кезеңі календарлық жыл. Түзу сызықты, қалдықты азайту (200%) әдістері бойынша 2009 және 2010 жылдарға тозу шығындарын, 2010 жыл 31-желтоқсанға баланстық құнды есептеңіздер.
1. Жолдағы ақшалай қаражаттарды есептеу үшін 1020 “Жолдағы ақшалай аударымдар” шоты арналған. Бұл шотта кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қарамағындағы филиалдардың, бөлімшелердің, сондай-ақ сатып алушылардың ұйымға банк мекемелері, сақтық кассалары, почта бөлімшелері арқылы аударған, бірақ кәсіпорынның тиісті шотына түспеген, аударылғандағы тиісті құжаттармен дәлелденген ақшаларды есептейді. Жолдағы ақшалар аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, пошта бөліміне енгізілген, кәсіпорынның есеп айрысу шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады. 1020 «Жолдағы ақшалар» шотында сомаларды есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс: саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банк мекемесінің қабылдағандығын дәлелдейтін құжат; почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы; басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген авизосы (бұл авизада ақшаны аударған күні, сомасы, оны қабылдаған банк немесе почта аты көрсетіледі).
1020 “Жолдағы ақшалай
аударымдар” шотының дебеті
бойынша жолдағы ақша
2. Күдікті қарыздар бойынша резервтер қайтарылуы сенімсіз берешек дебиторлық қарыздарды есептен шығаруға байланысты болуы мүмкін шығындарды жабу үшін жасалады. Қорларды есепке алу 1290 “Күдікті талаптар бойынша резервтер” шотында жүргізіледі.
Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде, ал егер мерзім белгіленбесе, онда бұл үшін қажетті уақыт ішінде өтелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар есептеледі. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғында дебиторлық қарыздарды тізімдеудің деректерінің негізінде жасалады. Ұйым күдікті қарыздар бойынша резервтерді басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, сондай-ақ жекелеген жеке тұлғалармен есеп айырысу арқылы жасайды.
Күмәнді қарыздарды бағалау үшін қолданалатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өкен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады.
Әдістің негізгі мақстаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштын нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті кұмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасынан ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебеттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
- негізгі дебиторлық борышқа жасалған біріңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
- алынуға тиісті шоттың
мерзіміне сәйкес әрбір
3. Қаржылық есептіліктің стандарттарында материалдық қорларды бағалаудың келесі әдістері ұсынылады: арнайы ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған қорлардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі.
Бұл әдістердің әрқайсысы алдымен ай соңындағы қалдықтарды материалдық бағалауды, одан кейін шыққан материалдық қорлардың құнын анықтауды болжайды. Соңғыларының құны кезең басындағы қорлар құнының жалпы бағасынан есеп беру кезеңінде түскен құнын қорлардың ескере отырып кезең соңындағы қорлар құнын алыптастау арқылы анықталады.
Материалдарды орташа құн
бойынша бағалау кезінде сол
есеп беру кезінде өндірісте
4. Негізгі құралдар құнсыздануына тестіленуі керек, негізгі құралдардың құнсыздануы 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» тобы шотында есепке алынады. Құнсыздану осы шоттың кредитінен, 7420 «Активтердің құнсыздануынан шығындар» шоты дебетімен корреспонденциясында танылады.
Құнсыздану – активтердің баланстық құндарының төмендеуі. Келесі ұзақ мерзімді активтер бойынша анықталады: негізгі құралдарға және материалдық емес активтерге (соның ішінде гудвилға да) және тек қана перспективті түрде қолданылады.
Активтердің құнсыздануынан болған залалдар баланстық құнның өтелетін құннан асуына тең. Өтелетін құн активтің таза сату және дисконтталған құндарымен (оны қолдану құны) анықталады. Таза сату құны есептен шығару бойынша тікелей шығындарды, қаржылық шығындарды және табысқа салынатын салықтарды шегеріп тастағандағы нарықтық баға бойынша анықталады.
Өтелетін құнның есебі активтер топтары бойынша немесе жеке активтер бойынша іске асырылады, ал мүмкін болмаған жағдайларда оларды анықтау – табыс әкелетін минималды активтер тобының шегінде пропорционалды есеп қолданылады.
Құнсызданудан болған залалдар қайта бағалау резервтері бойынша есептен шығарылады. Есептелген амортизация перспективті түрде түзетіледі – болашақ есепті кезеңдерде тиімді пайдалану мерзімі ішінде қайта есептеледі.
Активтердің құнсыздануынан болған залалдардың орнын толтыру қайта бағалау резервтеріне қосылады, осымен бірге қайта бағалаудан кейінгі баланстық құн қайта бағалауға дейінгі қалдық құнынан аспайды. Есептелген амортизация түзетіледі. Әдетте гудвилдар бойынша залалдардың орнын толытыру жүргізілмейді.
Түсініктеме жазбаларында сегменттер бойынша активтердің құнсыздануынан пайда болған залалдар ашып көрсетіледі.
Есеп. Түзу сызықты әдіс бойынша:
2009 жылға тозу (32000-2000)/4=7500 7500*6/12=3750
2010 жыл5а тозу 3750+(7500*6/12)=7500
2010 баланстық құн 32000-(3750+7500) =20750
Қалдықты азайту әдісі бойынша:
2009 жылға тозу 32000*50%=16000 16000*6/12=8000
2010 жыл5а тозу 8000+(8000*6/12)=12000
2010 баланстық құн 32000-(8000+12000) =12000