Каржы нарыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 18:55, реферат

Краткое описание

Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде.

Содержание

Кіріспе
І. Қаржы және валюта нарығы, құнды қағаздар түрлері.
1.1 Қаржы және валюта нарығы.
1.2 Құнды қағаз түрлері.
ІІ. Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер және қор биржасы.
2.1 Қаржы және валюта нарықтары, негізгі мәліметтер.
2.2 Қор биржасы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

каржы валюта нарыгы.docx

— 38.65 Кб (Скачать документ)

- қаржы нарығы әр жерден келген уақытша пайдаланбайтын капиталды жұмылдырады;

- уақытша пайдаланбайтын  жинақталған капиталды көптеген  түпкі тұтынушылар арасында нәтижелі  таратады;

- инвестиция аясында капиталды  пайдаланудың ең нәтижелі бағыттарын  анықтайды;

- сұраныс пен ұсыныстың  ара қатынастарын объективті  түрде көрсететін жеке қаржы  құралдары мен қызметтердің нарықтық  бағаларын қалыптастырады;

- қаржы құралдарын сатушы  мен оларды сатып алушылар  арасында білікті делдалдықты іске асырады;

- қаржы тәуекелін азайтуға жағдай жасайды;

- капиталдың айналымын  шапшаңдатады (тездетеді), яғни экономикалық  процестерінің белсенділігін көтереді.

2. Қаржы нарығының құрылымы  және оның негізгі бөліктері

 Қаржы нарығына ақша  нарығы, капиталдар нарығы және  құнды қағаздар нарығы кіреді. Ақша нарығында бір жылдан аз уақыты бар қысқа мерзімді қаржы құралдары айналады. Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. Құнды қағаздар нарығы ақша нарығының және капиталдар нарығының бөлігі болады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады.

 Ақша нарығына келесі  бөліктер кіреді: қолдағы ақша нарығы, қысқа мерзімді қазына міндеттемелер нарығы, қысқа мерзімді сауда міндеттеме қағаздар (вексель) нарығы. Ақша нарығына қарыз алушының ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге пайдаланатын қысқа мерзімді несиелерді де жатқызуға болады; өндірісті кеңейтіп, заман талабына сай етіп жетілдіру үшін пайдаланған несиелер капиталдар нарығына жатады, яғни ақша нарығы оның қатысушыларының қысқа мерзімді қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал капиталдар нарығы – олардың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін. Капиталдар нарығында ақша қорлары 1 жылдан көп уақытқа тартылады. Осы бөліктегі қаржы құралдарын ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелер мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдар мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді сипатты құнды қағаздар – облигациялар мен акциялар. Уақытша пайдаланбайтын қорлардың шоғырлануы және пайда табу үшін олардың бір іске салынуы қаржы нарығында құнды қағаздардың айналысы арқылы жүзеге асырылады. Құнды қағаздар – нарықта дербес айналысы бар, сату-сатып алу және де басқа мәмілелердің объектісі ретінде бола алатын, мүліктік құқықтарды көрсететін ерекше құжаттар. Құнды қағаздар нарығы аясында меншік қатынастары іске асырылып, экономикалық өсудің қаржы көздері қалыптасып, инвестициялық қорлар шоғырланады. Қаржы нарығының бұл бөлігі нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес инвестициялық қорлардың қайта бөлуін іске асырып, оларды экономиканың келешегі бар және кірісті, пайдалы салаларына жұмылдыруын (шоғырлануын) қамтамасыз етіп, экономикалық жүйенің барлық субъектілеріне ақша капиталын алуға жеңілдік жасайды.

 Қаржы нарығы құрылымының  анықтауында басқа да көзқарас орын алады. Ол бойынша қаржы нарығына айналыстағы қолма-қол ақша нарығы, несиелі капитал нарығы (несие нарығы) және қор нарығы кіреді.

 Ақша нарығы қолдағы ақшамен бірге аударым арқылы төлеу құралдары кіретін төлеу құралдар нарығы.

 Несие нарығы банктердің  несие операцияларымен байланысты. Құнды қағаздар нарығы құнды  қағаздар қозғалысымен жекеленген экономикалық қатынастарын көрсетеді.

 Кеңейтілген түсінік  бойынша, қаржы нарығына сақтандыру  нарығы, несие нарығы, ақша нарығы, құнды қағаздар нарығы, валюталық нарық, зейнетақы активтер нарығы, инвестициялық нарығы кіреді.

3. Қаржы нарығының түрлері

 Экономиканы қаржылық  басқаруының халықаралық теориясы  мен тәжірибесінде қаржы нарығының 2 негізгі нысанын айырады:

- ұйымдасқан;

- ұйымдаспаған.

 Ұйымдасқан қаржы нарығы  – банктер мен биржалар белгілеген (анықталған) ережелер бойынша қызмет  жасайтын нарық.

 Ұйымдаспаған қаржы  нарығы – басқа жолдар арқылы  қаржы активтердің айналыс аясын  білдіреді: қаржы делдалдар, инвестициялық компаниялар арқылы және т.б.

 Қаржы нарықтар қаржы  құралдары жиналған қор иесінен  қарыз алушыға «құйылатын» көптеген  әр түрлі «жолдардан» тұрады. Бұл жолдар теория бойынша 2 негізгі топқа бөлінеді:

1 топ – тура қаржыландыру  жолдары, яғни жинақ меншіктенушіден  қарыз алушыға тікелей ауысатын жолдар бар.

2 топ – жанама қаржыландыру  жолдары, яғни жеке шаруа қожалықтардан  фирмаларға қарай қаражаттар ерекше институттар – қаржы делдалдар арқылы ауысып, өтеді.

 Тура (тікелей) қаржыландырудың  2 негізгі тәсілі бар: күрделі қаржыландыру және қарыз алу жолымен қаржыландыру. Күрделі қаржыландыру бойынша инвестицияларды жүзеге асыру үшін осы кәсіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығына айырбас ретінде кәсіпорын ақша қаражаттарын алады.

 Қарыз алу жолымен  қаржыландыру бойынша кәсіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығының жоқтығы және осы қаражаттарды белгіленген пайызбен төлеу жөнінде міндеттемеге айырбас ретінде кәсіпорын инвестицияларды жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарын алады.

 Қаржы нарықтарының  жіктеуі әр түрлі белгілер бойынша жасалады. (1 кесте).

 Қаржы нарығы алғашқы (бастапқы), қайталама және үшінші болады.

 Алғашқы (бастапқы) нарықта  жаңа шыққан қарыз міндеттемелер  орналасады. Әдетте бұл ірі инвестициялық институттардың көмегімен іске асырылады.

 Қайталама нарығында  шығарылған құралдар сатылады  және сатып алынады. Бұл нарық  инвесторлар жағынан сұраныстың  алғашқы нарықтағы белгіленген құралдар ұсынысынан асып кету нәтижесінде пайда болады.

3-ші нарық – туынды  қаржы құралдарымен жасалатын  сауда. Бұл нарықтың тез дамуының  негізінде өзінің көп түрлілігімен қаржы нарығының дамуын ынталандыруына арналған жаңа құралдардың пайда болуы жатыр.

4. Қаржы делдалдық және  қаржы нарығының негізгі қатысушылары

 Қаржы делдалдық –  несие берушіден қарыз алушыға  қаржы қорларының қозғалысы (ауысуы, құйылуы) және де осымен байланысты қаржы институттардың қызметі. Экономикалық әдебиетте қаржы делдалдардың 3 тобын айырады:

- депозиттік (өзара-жинақ  банктері, несие одақтары);

- шарт, келісім – жинақтаушы (сақтандыру компаниялар, зейнетақы қорлары);

- инвестициялық қорлар (траст,  өзара қорлар).

 Қаржы нарықтарының  негізгі қатысушылары:

- инвесторлар – олардың  рөлінде пайда алу мақсатында тиісті нарықтарға бағытталған уақытша пайдаланбайтын қорлары бар заңды және жеке тұлғалар, мемлекет болуы мүмкін);

- делдалдар – олардың  рөлінде арнайы қаржы құрылымдар (банктер, сақтандыру компаниялар, қор нарықтарының, инвестициялық қорлардың және т.б. кәсіби қатысушылары болуы мүмкін;

- пайдаланушылар – олардың  рөлінде тиісті қаржы нарығында әр түрлі негіздерде өздеріне керек (қажет) қаржы қорларына ие болып, оларды пайдалану үшін құқығын төлейтін мемлекет немесе заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.

 Операцияларда қатысу  сипаты бойынша нарық субъектілері 2 санатқа бөлінеді: тура және жанама қатысушылар. Қаржы нарығының тура қатысушыларына сәйкес нарықтардың биржа мүшелері жатады. Олар мәмілелерді өз шоты есебінен немесе биржа мүмкіндігінде жоқ тұлғалардың тапсырмасы бойынша жасайды. Биржа мүшелігі жоқ тұлғалар жанама қатысушылар сипатына кіреді. Нарықтағы операцияларда қатысудың мақсаттары мен себептері бойынша нарық қатысушылары хеджерлер мен саудагер, алып-сатарларға жіктеледі.

 Хеджер – ол бағамдық  тәуекелдерді, трансфертті тәуекелдерді, өз активтерін немесе нақты  мәмілелерді сақтандыратын тұлға.

 Саудагер, алып-сатар – ол негізгі активтердің бағамдық құнында болып қалуы мүмкін айырмашылығының есебінен пайда түсіргісі келген тұлға. Саудагерлер (алып-сатарлар) келісім-шарттарды сатып алады (сатады), оларды кейін жоғары (төмен) бағамен сату (сатып алу) үшін. Олар трейдерлер мен арбитражерлерге бөлінеді.

 Трейдер – бір не бірнеше келісім-шарттардың бағамдық тұрақсыздығынан пайда алатын тұлға.

 Арбитражер – әр нарықтардағы бағамдар айырмашылығын пайдаланып, бір активті бір уақытта (бір мезгілде) әр түрлі нарықтарда сатып-сатып алу есебінен пайда түсіру. Арбитражер активті арзан биржадан сатып алып, басқа биржада қымбатқа сатады. Баға айырмашылығы оның пайдасын құрайды.

 Инвесторларды түрлері  бойынша 2 негізгі нарыққа қатысушылар тобына бөлуге болады: жеке және институционалдық инвесторларға.

 Жеке инвесторлар –  ол құнды кағаздармен операцияларды  жүзеге асыратын жеке тұлғалар.

 Құнды қағаздарды сатып  алып, пайда түсіру жолымен олар өздерінің валюталық жинақтарын көбейтуге ұмтылады.

 Соңғы кездің маңызды  үрдісі – институционалды инвесторлардың  санды және сапалы өсуі. Оларға  банктер, мемлекеттік мекемелер,  халықаралық қаржы институттар,  зейнетақы және сақтандыру қорлар  мен компаниялар, ірі бірлестіктер, инвестициялық қорлар жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген курстық жұмыста  қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып жүрген қаржының нарығы сипатталады.

Қазақстан Республикасының  қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын – соңды болған емес.

Қаржы нарығы – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория  ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің жәнге халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады жіне тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал,жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және тағы басқа нарықтармен) етене байланысты.

Нарықтың қатынастардың  құрылымында да, мемлекет тарапынан  оларды реттеу механизімінде де қаржы  зор рөл атқарады.

Қаржы – нарықтық  қатынастардың  құрамды бөлігі және мемлекеттік саясаты жүзеге асырудың құрамы.

Қаржы туралы ғылым оқу  курсы ретіндегі “қаржының” теориялық  базасы боып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді.

“қаржы нарығының” құрылымы, оның тақырыптары мен мәселелерін қарау дәйектілігі қаржы ұғымы туралы ғылымның мазмұны мен оның міндеттері мен айқындалатыны белгілі. Осыған байланысты “ қаржы нарығы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері”. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы, сақтандыру , нарықтың экономикадағы қаржының көкейтесті проблемалары, сияқты негізгі бес бөлім құрайды.

Қаржы – арнаулы пән және қаржы нарығының теориясын зерделейтін бұл куртың мақсаты – студенттердің қаржы категорияларын – ұғымдарын – терминдерін ұғып алудағы, олардың әлеуметтік – экономикалық дамуының нақты жағдайларында қолданудың әістерін түсінуге қол жеткіз пәнінің міндеті болып табылады.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі  жағдайындағы қаржы нарығы қаржы  ресурстарын үздік қалыптастырып  отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы сондай – ақ несие нарығы түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде және шарушылық практикада қаржы  нарығы ұғымы ақша, валюта, несие, капитал  нарықтарын қоса отырып, кеңінен түсіндіріледі.

Бұл қаржыны жалпы ақша мен қоса отырып кеңінен құн категорияларына  бара – бар категория ретінде  қарастыратын практикамен, негізінен  дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен несие тисті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Нарық, айырбас, айналыс –  бұл категориялар өзара тығыз  байланысты және тұрмыстық деңгейде жиі теңестіріледі. Сонымен қатар олар қатаң себеп – салдары жүйеленген және тауарлы қатынастардың дамуындағы әр түрлі тарихи сатыны білдіреді.2 Қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы қызмет пен еңбек өнімдерінің айырбас қажеттілігінің пайда болуына әкеп соғады. Бұл айырбас барлық экономикалық дәуірге тән экономикалық категория екендігін білдіреді. Ең көп тараған формасы бартер болы табылады.

Нарық қоғамдық еңбек бөлінісімен  келісілген және шаруашылық субъектілермен шектелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи – тарихи процессі нәтижесі. Қаржы нарығы көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады.

Сатып алу және сату көзқарасы  бойынша нарық сұраны пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара  әрекетінің сферасы ретінде қарастырылады. Нарықтық қатынасушы тұлғалар позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық байланыс формасы деп көрсетеді.

Қаржы нарығының инфрақұрлымының  құрамына қор және валюта биржалары, банктер, компаниялары мен қорлары жатады. Еңбек нарығының инфрақұрлымының құрамын еңбек биржалары, жұмыспен қамтамасыз ету қызметі мен кадрларды қайта дайындау, жұмыс күшінің миграциясын реттеу және басқалары кіреді.

Қаржы нарығы өндіріс процессі үшін қоғамның бөлген ақша құралдары болып табылады. Бұлардың көзіне инвистициялық құралдар, бағалы қағаздар, салықтар, ақша жинақтары, мемлекеттік қарыздар жатады.

Қаржы нарығы өндіріс процесі үшін қоғамныңбөлген ақша құралдары болып табылады. Бұлардың көзіне инвистициялық құралдар, бағалы қағаздар, салықтары, ақша жинақтары мемлекеттік қарыздарға жатады.

Информация о работе Каржы нарыгы