Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 17:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: «Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері» тақырыбы қазіргі экономикалық жағдайда өзекті проблемалардың бірі болып саналады, бұл мәселе экономикалық ғылымда маңызды орын алып отыр, себебі инфляция көрсеткіштері және оның әлеуметтік-экономикалық салдары кез-келген мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің деңгейін айқындайды және бүкіл әлемнің экономикасын бағалауда маңызды роль атқарады. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляция қалыпты инвестицияларды тартуға және теңгенің нақты толық айырбасталымдылығын жүргізуге кедергі келтіреді және ол сатып алушылардың сатып алу қабілеттігін одан әрі төмендетеді. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I.Инфляцияның теориялық негіздері.....................................................................5
1.1.Инфляция мәні мен пайда болу себептері.......................................................5
1.2.Инфляцияның түрлері мен типтері..................................................................7
1.3.Инфляцияның айқындалу формалары.............................................................9
II.ҚР инфляциялық жағдайын талдау..................................................................12
2.1.ҚР инфляция даму ерекшеліктері..................................................................12
2.2.Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары.......................................18
III.Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар.....................................23
3.1. Инфляцияны бәсендету шаралары................................................................23
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................30
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмі жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі – өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің тұрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.
Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің нақтылы артуына байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалықы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсіммі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.
Сөйтіп инфляциямен күрестің негізгі нысандары ақша реформалары және инфляцияға қарсы саясат болып табылады.
Ақша реформасы – ақша айналысын ретке келтіру және нығайту мақсатымен мемлекет жүргізіп отырған ақша жүйесін толықтай немесе ішінара өзгерту. Ақша реформасы елдің экономикалық жағдайына, ақшаның құнсыздану дәрежесіне, мемлекет саясатына қарай түрлі әдістермен (нөлдендіру, қалпына келтіру, девальвациялау мен деноминациялау) жүзеге асырылады.
Өршімелі инфляция кезінде бірқатар елдер пайдаланған инфляциямен күрестің айрықша нысаны – естен тандыру терапиясы. Оның мәні – нарықтық қатынастарды дамытуды көтермелеуде, еркін бағаларды белгілеуде, бағаларды реттеуден бас тартуда және осылардың нәтижесі ретінде – халықтың тұрмыс дәрежесінің төмендеуінде болады.
Қорытып айтқанда, Қазақстандық
экономикадағы инфляциялық
III. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар
3.1. Инфляцияны бәсендету шаралары.
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі. Ол бір мезгілде материалдық-қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері ретінде көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей жеңуге болмайды, яғни, егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы мүмкін. Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы сәйкессіздіктерді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін емес.
Инфляцияға
саясаттың маңызды
Батыс елдерінде инфляцияны жиынтық сұранымның жыл сайынғы өсу қарқынынан асып кетпеуімен түсіндіреді. Оны толық жұмыспен қамтумен байланыстырады, себебі ол ақшаның көп болуы экономикалық өсуді шектейді (басқаша айтқанда жалақы мөлшерінің көп болуы материалдық мүдделікті төмендетеді, ол өңдірістің даму қарқынын баяулатады). Американ ғалымы Мильтон Фридмен (1912 жылы туған), инфляцияны «өнімді шығаруға қарағанда ақшаның артықшылығымен шақырылатын ақша феномені» болып табылады деп көрсетеді.
Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебі – жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының инфляциясы. Бірсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себебін нарықтың құрылымдық жетілмегендігімен, ең алдымен бәсекенің тиісті деңгейінің болмауымен түсіндіреді. Шындығында жоғары бәсеке жағдайында бір тауарлардың қымбаттауы басқа тауарлардың арзандауына әкеліп соқтырады. Жалпы бұл тұрақты макроэкономикалық баға деңгейін қамтамасыз етеді. Ал егер бәсеке жеткілікті дәрежеде болмаса, онда бағаның, оның төмендеуіне деген «қаттылығын» көреміз, яғни бір тауарларға бағаның өсуі басқа тауарларға барабар бағаның төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Нәтижесінде тауарларға және өндіріс факторларына қойылған бағалардың жалпы деңгейі ұдайы көтеріле бастайды.
Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.
Осындай бағдарламаның негізіне инфляцияны анықтайтын себептер мен факторларды талдау, оны ойдағы деңгейге дейін азайтуға немесе жоюға себепкер болатын экономикалық саясаттың шараларының жиынтығы жату керек.
Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны қысқартуға бағытталған, экономиканы мемлекеттік реттеудің шаралар жиынтығы болып ұсынылады. Осы шараларды ұзақ мерзімді сипатта мақсаттар мен әдістерді енгізетін стратегиялық және қысқа мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп бөлуге болады.
Инфляцияға қарсы стратегия ақша – несие, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
Инфляцияға қарсы тактика ағымдағы инфляцияның қысым жасауын азайтатын қысқа мерзімді әрекет шараларын білдіреді. Оның әдістері сұранысты бірге өсірмей ұсынысты кенет көбейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, бағалар мен жалақы қатынастарына қатаң бақылау (бағалар мен жалақының өсуін уақытша тоқтату), кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру, өмірлік маңызы бар салалар мен өндірістерді мемлекеттік шаруашылық шығындарды қолдау.
Инфляцияға қарсы саясатты әзірлеудің шарты негізгі қайта өндіру механизмінде жатқан инфляция теориясының дамуы болып табылады. Ол деген – ұзақ инфляция факторын тежейтін шаралар анықталып және инфляцияға қарсы ұзақ мерзімді стратегияның әзірленуі керек.
Бұл жалпы шараларға төмендегілер жатады:
- Экономиканы сауықтыру, Қазақстан 2003 – 2015 жж. индустриалды – инновациялық даму стратегиясын (ИИДС) қабылдаумен және оны жүзеге асырумен экономиканың шикізаттық бағытынан жоғары технологиялы, бәсеке қабілетті экономикаға өтуге тырысады;
- Саналы инвестициялық саясатқа көшу. Қазақстан инвестициясының бір жақтылығынан зардап шегіп келеді, барлық шетел инвестицияларының 90%-ы шикізатқа, кен өндіру салаларына салынады. Осыған байланысты ИИДС-сы республикамыздың шетелдік және ішкі инвестициялардың маңызды бөлігін өңдеуші өнеркәсіпке бағыттауға ниет етіп отыр;
- Дәстүрлі емес тауарларды (тұрғын ұй, жер, бағалы қағаздар және т.б.) нарықтық айналымға белсенді тарту. Қазақстан тұрғын ұй бағдарламасын, ипотекалық бағдарламаны, жаңа Жер кодексін әзірлеумен тұрғын үй құрылысын, ипотека жүйесін дамытуға және тұрғын үй мен жерді нарықтық айналымға белсенді қосуға көңіл бөліп отыр;
- Қызмет көрсету нарығындамыту. Республикада бұл бағытта белсенді жұмыс жүріп жатыр. Инфрақұрылым, қызмет көрсету аясы (оның үлесі ЖІӨ-нің 50%-нан астамын құрайды) даму үстінде;
- Экономика мен қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын кіші және орта бизнесті дамыту. Бұл бизнес негізінен халық тұтынатын тауарлар өндірісінде және саудада, қызмет көрсету аясында болады. Ол мықты бәсекені қалыптастырады;
- Саналы қаржы – несие жүйесін құру. Бұл қатыста Қазақстанның белгілі бір жетістігі бар. Үнемі салық салуды, сақтандыруды, зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асырып отыратын, қазіргі заман талабына сай оның банк жүйесі бар.
Инфляцияға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша – несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландарудың мөлшерлемелерін, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша – несие саясатынқолданады. Ұлттық банк ақша массасының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен қызмет көрсетудің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістермен әсер етеді.
Ақша айналымының тұрақтылығы экономиканың тұрақты дамуын нақты білдіреді. Сондықтан неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша – несие және қаржылық шараларды қолдануға бағыттайды.
Ақша айналысын
Ақша айналысын тұрақтандыру шараларын сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Ендеше, бұл жерде инфляция құны жоғары болмас үшін шығындарды қысқартып, салықтарды салу барысында өндірістің өсуі ескерілсе, яғни алдын-ала күрделі жоспар құрылып, нақты есеп жүргізілсе, жоғарыда аталған дағдарыс жағдайын бәсеңдетуге болар еді.
Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады.
Екінші әдістемені жаңа
классикалық бағыттағы
Ақша айналысын қысқарту мақсатында келесі әдістерді белгілесек:
Информация о работе Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар