Халықаралық валюта жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 21:33, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысының мақсаты: Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, курстық жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:
- ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
- сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру;
- ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау;
- валюталық тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының ықпал ету мүмкіндіктерін айқындау;
- экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында валюталық саясат механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.

Содержание

1
1.1
1.2
2
2.1
2.2
2.3
3
Кіріспе
Халықаралық валюта жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық валюталық қор
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
Валюта бағамын реттеу құралдары
Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі 3

Прикрепленные файлы: 1 файл

ХВЖ Курсовой дайын.doc

— 211.50 Кб (Скачать документ)

Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын үстауь^өте табысты болады. Екі түрлі пайызды үтыс тігулердің өзгертуі валюталык бағытқа әсер етеді.

Сондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей жэне кері пропорционлды эсер етеді.  Елдің төлем балансы жэне валюта бағамы. Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей эсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс үлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше үлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады.Төлем балансының валюта бағамына эсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дэрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғүрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.

Ұлттық табыс жэне валюта бағамы. ¥лттық табыс өзі-өзінен өзгеретін тэуелсіз құрылым емес. Алайда үлттық табыстың өзгеруіне эсер ететін факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да эсер етеді. Демек тауарлар үсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сүранымның өсуі валюта бағамын төмендетеді. Үзақ мерзімді кезеңде үлттық табыс неғүрлым жоғарғы болса, соғүрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа мерзімде бүл үрдіс кері жүреді.

Жағдаятты факторлар және валюта бағамы. Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт кезеңінде үлттық валюта бағамынын көлемін едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер, бюджеттік жэне ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей әсер етеді.

 

2.2 Валюта бағамын реттеу құралдары

 

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі эдіс бар :

- валютаның еркін айналымдағы  бағамы ;

- тағайындалатын валюта бағамы.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам үсыныс пен сүраныстың эсерінен қалыптасады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар :

- түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарларына леген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, американдық машиналардың беделі артса, онда түтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль үсынысы көбейіп, арзандайды.

- табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің үлттық табысы басқа  елдердің үлттық табысына қараганда  өсімі салыстырмалы жоғарғы болған  жағдайда, ол елдің валюта бағамы  төмендейді. Себебі елдің импорты  табыс деңгейіне қатысты болады.

- бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал  Ресейде қалыпты  болса, онда қазақстандықтар  ресейліктердің салыстырмалы  арзан  тауарларын  түлынуға  тырысып, рубльге  қосымша сұраныс тудырады. Ал  ресейліктердің керісінше, біздің  тауарларды түтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп, теңгені қүнсыздандырады.

- салыстырмалы нақты пайыздық  қойылымының өзгеруі. Мүндай жағдайды  ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны  тежеу мақсатында «қымбат ақша»  саясаты жүргізілді. Нэтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық қойылым мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғарғы болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімлі елге айналды, ал ол инвесторларды теңгені алуға итермелейді.

- алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында :

1 Ресей экономикасына қарағанда  жылдам өсу қарқыны болады  деген жорамал бар;

2 Басқа елдерге қарағанда инфляция  жоғары болады деген қаупі  бар ;

3 Төмен қойылымның пайыздық  мөлшері күтілуде.

Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол осы валютаға сүранысты жоғрлатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттады.

Еркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктері:

- белгісіздік және сауданың  нашарлауы. Белгісіздік жэне қауіп  сауда жүргізгуде қиыншылықтарды туғызады. Мысалы, қазақстандық кэсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларга машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 теңге болды. Сонда кэсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.

- сауда жағдайы. Елдің экономикасы  халықаралық нарық валютасының  бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тэуелді болады.

- түрақсыздық. Ішкі экономикаға  жағымсыз эсер етеді. Тағайындалатын  валюта бағамы эдісі жоғарғыда қарастырылған әдіске

қарама-қарсы эдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілгі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жою керек. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады:

- резервті қолдану. Бүл валюта  бағамын түрақтандырудың ең бір  жеңіл тэсілі. Ол нарыққа мемлекеттің  өзінің валюта қорымен эсер  ету механизмі. Ал валюта қоры  қалай жиналады ? Мысалы, қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды, Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тэсілдің тиімсіз жағы, егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бүл саясаттан бас тартуға мэжбүр болады.

- сауда саясаты. Ол мемлекеттің  бағамды бір қалыпта үстау  мақсатындағы импортты, яғни шетел  валютасына деген сүранысты, шектеу, керісінше экспортты ынталандыру  саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалған щектеулер экономиканың дамуына кедергілер жасайды.

- валюлық бақылау, оңтайландыру. Тағы  бір балама валюталық бақылау. Оның мэні келесіде, мемлекет  өзінің шетке тауар шығарушылығына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.

- ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын  жүргізу көмегімен шетел валютасына  деген сұранысты азайтады.

Сонымен қатар, мемлекет валюта бағамын реттеу мақсатында қолдаулық немесе протекционистік шаралар қолданады. Бұл шараларға валюталық шектулер, валюта девальвациясы жэне ревальвациясы.

Валюталық шектеулер - бүл мемлекеттің валютамен немесе басқа валюталық қүндылықтармен операцияларды жүзеге асыруын заңды түрде шектеу немесе тыйым салуы.

Девальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын төмендету.

Ревальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын өсуі.

 

 

2.3  Ұлттық валюта қызметін  қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау

 

Теңгенің айырбас бағамына ықпал ету немесе бұрынғы деңгейінде  қалдыру мақсатымен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылықты жабу үшін Ұлттық банк валютаны сатады немесе сатып алады. Бұл – Ұлттық банктің валюта бағамына тікелей ықпал ету әдістері. Алайда, капиталдың кезеңі көбірек болса, ұлттық валютаның тұрақты бағамын қолдауға талпынған жағдайда Ұлттық банктің валюталық резервтері тез сарқылады. Ондайда Ұлттық банк валюта бағамына әсер етудің жанама шараларын қолдана алады. Олардың негізгілері резервтік мөлшер мен есептік ставканы  өзгерту болып саналады.

Резервтік мөлшер – өз операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банктердің пайдалануына  қақысы  жоқ банк депозиттерінің бөлігі. Оны реттей отырып  монетарлық биліктер  елдегі жиынтық ақша массасын көбейтіп немесе азайтады. Ол өз кезегінде валюта бағамын азайтады немесе көбейтеді.

Ұлттық банк резервтегі мөлшерді көбейткен кезде коммерциялық банктер несие эмиссиясын төмендетуге мәжбүр болады. Резервтік  мөлшердің өсуі коммерциялық банктердің ағымдағы шоттарын қысқартуға және қаржы  бөлігіндегі  резервтерді жоғарлатуға және бағыттауға мәжбүр етеді. Бұл несие бойынша пайыздардың өсуіне, соның салдарынан елде ақша массасының азаюына және ұлттық валюта бағамының көбеюіне қозғау салады. Ұлттық банк резервтік мөлшерді төмендеткен  кезде  ақша массасы көбейіп, ұлттық валюта бағамы төмендейді.

Есептік ставканы өзгерту тетігі де соған ұқсас әрекет етеді. Есептік ставка – Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген ссудалары бойынша пайыз. Оның өсуі несие алуға деген коммерциялық банктердің ықыласын төмендетіп, яғни  елдегі ақша ұсынысын азайтады, сондықтан  төмендеу оны да, соған сәйкес өзгені де ұлғайтады.

Валюта нарығының және бағалы қағаздар нарығы құралдарының қарқынды өзара сіңсуі және тұтасуы қаржы нарығында мемлекеттік реттеудің міндеттерін айтарлықтай күрделендіріп және бұл процес үлкен шығынды талап ету жағдайына ұшыратады. Осыған байланысты сыртқы сауда операцияларында алтын-валюта активтерін тиімді және оңтайлы пайдалануда, сыртқы несие ресурстарын қарызға алуда, батыс елдерінің өтімділігі жоғары қағаздарын инвестициялауда, валюта айырбастау мәмілелерінде және шетел мемлекеттерінің валюталық девиздерін тарту бойынша операцияларда проблемалар туындайды.

Алайда резервтік активтерді қолданған кезде шешім қабылдаудың шекараларын анықтайтын бірқатар факторларды есепке алу қажет. Ондай факторларға мыналар жатады: трансакциялық шығындардың мөлшері, өтімділік, несие тәуекелдігі бойынша шектеу, резервтік қаржының құрылымына мүмкін өзгерістердің енгізілу жылдамдығы.

Қазақстанның валюта саясаты — ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Оны теңестіру  теңгенің, валюта бағамының  ауытқуын  шектеуді тікелей мақсат ететін валюта нарығындағы валюталық интервенцияның тетігі арқылы жүзеге  асырылады.

Алтын-валюта резервтерін қалыптастыру және пайдалану  мемлекеттің валюта саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Халықаралық өтімділіктің көлемі мен құрылымы елдің халықаралық міндеттемелерінің қажетті төлем қаржыларымен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтайды. Резервтік активтердің қосалқы қорлары үкімет органдарының да, елдің коммерциялық және қаржы құрылымдарының да борышқорлық міндеттемелерін өтеудің халықаралық есеп айырысуын жүзеге асыруға қолданылуы мүмкін. Алтын-валюта активтерін тиімді пайдалану валюта резервтерінің төтенше жоғары дәрежеде болуын, валюта қоржынын әртараптандыруды, активтердің құрылымдарын оңтайландыруды талап етіп, сонымен қатар ол сыртқы экономикалық қызметке мүмкіндігінше және барынша жәрдем көрсетуге, сонымен қатар ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамын тиімді реттеуін қамтамасыз етеді.

Еркін айырбасталатын валюта резервтері елдің төлем балансын теңестіру үшін тікелей пайданылады. Ресми резервтердің құрамында болатын алтын авуарлары осы мақсаттарға своп операциялары арқылы немесе өздеріне қойылған баға бойынша нарыққа еркін айырбасталымды валютаға айналу сатысынан өткеннен кейін ғана пайдаланылуы мүмкін.

Республиканың төлем балансында көрінетін резервтік активтер ішкі  қорланымның жылыстауы және елге шетел капиталы түсімінің нәтижесінде  алтын-валюта авуарларының өзгерісінің жағдайын көрсетеді.  Төлем балансы тапшылығын жабу үшін, яғни үкімет сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етудің негізгі көздерінің бірі саналатын қаржы тартатын алтын-валюта резервтерін қолданады. Халықаралық Валюта Қорының қарыздарымен және айрықша қаржыландыру бойынша операциялармен бірге  резервтік активтер Қазақстанның халықаралық есеп айырысуын теңестіру үшін,  өтімділіктің баламалы қаржылары ролінде шығады.

Алтын-валюта активтерінің елеулі көбеюі және ел экономикасына шетел валютасының айтарлықтай массасының түсуі, біріншіден, инфляцияны шұғыл  жоғарылатуы,  екіншіден, ұлттық акция бірлігі бағамының  құлдырай құлауына соқтыруы мүмкін. Осы  жылдарда жинақталған артық өтімділікті айықтырмай ақша базасын тұрақтандыру және инфляциялық үдірістердің дамуына қарсы әрекет ету мүмкін болмады. Сондықтан таза халықаралық резервтер салық банкісінің қысқа мерзімді ноталарын шығару және тарату бойынша активтендірумен бейтараптандырылды. Ұлттық банктің ноталар эмиссиясының көлемі 2006 жылғымен салыстырғанда 2007 жылы 12,2 %-ке, 156,4 млрд. Теңгеге дейін, айналыстағы нота көлемі 2,8 есе, 24,6 млрд. теңгеге дейін төмендеп, соған қарамастан 2007 жылы қысқа мерзімді ноталар өтімділікті реттеудің негізгі құралдарының бірі болып қалды.

Сыртқы нарықта қазақстандық тауарлардың баға бәсекесіне қабілетілігін қолдау үшін ақшаның сұранысы мен ұсынысына тәуелді бағамның ауытқуына себепші болатын, сондай-ақ теңгенің өзгермелі айырбас бағамы тәртіптемесін 2003 жылы Ұлттық банк сақтап қалды. Жыл бойы АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің нығаюға беталысы іс жүзінде байқалды. Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі теңгенің нығаюына мүмкіндік туғызды. Ағымдағы жылдың басынан бері әлемдік нарықтағы энергетикалық ресурстардың жоғары бағалары, мемлекеттік меншік үлесін жекешелендіру, сонымен бірге корпоративтік сектор мен екінші деңгейдегі банктердің сыртқы нарықтағы қарыз алуы себепші болған экспорттың ақшалай валюта түсімінің елеулі көлемі шетел  валютасының негізгі түсім көзі болып саналады.

Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі жағдайында Қазақстанның қор биржасынан және банкаралық валюта нарығынан шетел валютасының Ұлттық банк сатып алған таза көлемі         2007 жылы 4,2 млрд.-қа жуық АҚШ долларын құрап, соның  жартысынан астамы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталар шығарылымымен  айықтырылды. Одан басқа Ұлттық Қордың активтерін толтыру мақсатын көздеген Ұлттық банк Қаржы министірлігіне 1,3 млрд. АҚШ долларына, валюта сатты.

Информация о работе Халықаралық валюта жүйесі