Халықаралық қаржылық институттардың қызмет ету ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 13:07, реферат

Краткое описание

Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді кредиттер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

халыкарал институттар.docx

— 20.95 Кб (Скачать документ)

Халықаралық қаржылық институттардың қызмет ету ерекшеліктері

Халықаралық Валюта Қоры

Халықаралық Валюта Қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен  қысқа және орта мерзімді кредиттер  беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі  бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің  институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.

Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 1944 жылғы 1-22 шілдеде Бреттон-Вуде (АҚШ) өткізілген конференцияда 29 ел Келісімнің Баптарына (Баптар) қол қойған кезде, 1945 жылғы 27 желтоқсанда құрылды. ХВҚ  қызметкерлері 110  елден шамамен 2600 адам болады. 185 мемлекет ХВҚ мүшесі болып табылады. Басқарушылар кеңесі, Уақытша комитет, Атқарушы кеңес басқарушы орган ретінде белгіленді. ХВҚ қаржы операцияларын 1947 жылғы 1 наурыздан бастап жүргізеді. Есеп айырысу бірлігі – Арнайы қарыз алу құқығы (АҚҚ). Қаржылық қолдауға ХВҚ реттеу саясатын және реформаларды қолдау үшін төлем баласының проблемалары бар мүше елдерге берген кредиттер мен заемдар кіреді.

Қазақстан Республикасы және Халықаралық Валюта Қоры арасында мынадай  кредиттік келісімдер жасалды:

1. Макроэкономикалық тұрақтандыру  және жүйелік қайта құрулар  үшін Қазақстан Республикасына  ресурстар беру бағдарламасы (STF).

2. Резервтік кредит туралы  келісім (Stand-by 1).

3. EFF келісімі, Қазақстан  оған сәйкес EFF келісімінің бүкіл  қолданылу кезеңі бойы Үкімет  және ҚҰБ қандай да болмасын  валюталық шектеулерді енгізу  немесе күшейту, көптеген валюта  бағамдарын қолданудың қандай  да болмасын практикасын енгізу немесе түрлендіру, Келісім баптарының VIII бабына қайшы келетін кез келген екіжақты төлем келісімін жасау немесе төлем балансына байланысты себептер бойынша импортқа шектеулер енгізу және күшейту ниеті жоқ екені жөнінде міндеттеме алады.

4. Мақсаты мемлекеттік  бюджет дефицитін қысқарту және  халықаралық резервтерді жинақтау  болып табылатын  EFF-2 келісімі.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі 2000 жылғы 24 мамырда ХВҚ  кредиттік желілері бойынша 295,8 млн. СДР мөлшеріндегі міндеттемелерін  мерзімінен бұрын өтеді.

Ұлттық Банк  ХВҚ-ға апта сайынғы және ай сайынғы негізде монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады. Статистикалық деректер сондай-ақ ХВҚ-ның АКС-ға қатысты жыл сайынғы (сәуір) миссиясы үшін, сондай-ақ  қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша (сұрақтар бойынша) ұсынылады.

ХВҚ Статистика Департаментінің  сарапшылары ақша-кредит статистикасын  жасау жөнінде әдіснамалық сұрақтар туындаған кезде консультативтік  көмек көрсетеді.

Халықаралық Валюта Қоры Қазақстан 2003 жылы қосылған  ДТАС («Деректер таратудың арнайы стандарттары») сәйкес үш жылда 1 рет макроэкономикалық статистиканы, оның ішінде ақша-кредит статистиканы бағалауды жүргізеді. Бағалау негізінде «Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.

ХВҚ-ның стандарттар мен  кодекстердің сақталуын тексеру  жөніндегі миссиясы соңғы ретте  Алматы қаласында 2006 жылғы қараша-желтоқсанда  жұмыс істеді.

2004 жылы  ХВҚ миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру мәселелері бойынша техникалық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да ХВҚ институтында, РФ оқу орталығының  базасында ақша-кредит статистикасын  жасаудың әдіснамалық негіздерін оқытады.

ХВҚ миссиясы ХВҚ Келісім  баптарының IV бабына сәйкес жыл сайынғы  консультациялар жүргізу үшін Қазақстанға  жыл сайын келеді.

Ұлттық Банктің басшылығы  жыл сайынғы негізде көктемде және күзде Дүниежүзілік Банктің  және Халықаралық Валюта Қорының  Басқарушылары Кеңесінің Жыл  сайынғы Қарама-қарсы Кездесулеріне  қатысады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына  өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 377 қаулысына сәйкес Қазақстан  Республикасының атынан Халықаралық  Валюта Қоры Басқарушыларының Кеңесінде  Басқарушы болып табылады

Халықаралық Қайта  құру және Даму Банкі

Дүниежүзілік Банктің  тобы 1944 жылы құрылған және оған мынадай  бес қаржы институты кіреді:

- Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (International Bank for Reconstruction and Development);

- Халықаралық даму қауымдастығы (The International Development Association),

- Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finance Corporation);

- Инвестицияларға кепілдік  беру жөніндегі көпжақты агенттік (The Multilateral Investment Guarantee Agency);

- Инвестициялық дауларды  реттеу жөніндегі халықаралық  орталық (The International Centre for Settlement of Investment Disputes).

Қазақстан 1992 жылғы шілдеде  ХЖДБ-ға, ХДҚ-ға, ИККА-ға, ИДРХО-ға мүше және 1993 жылғы қыркүйекте ХҚК-ге мүше болды.

Дүниежүзілік банк тобы Қазақстандағы  сыртқы қаржыландырудың ірі көздерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Халықаралық Қайта  құру және Даму Банкі активтерінің депозитарийі болып табылады және Халықаралық  Қайта құру және Даму Банкінің «А»  шотына қызмет көрсетуге қатысады. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің ережелерінде көзделген операциялар  мен мәмілелерді жүзеге асыру  кезінде Қазақстан Республикасы төлейтін немесе Қазақстан Республикасына төленетін сомаларды аудару Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүзеге асырылады.

Еуропалық Қайта  құру және Даму Банкі

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) 1991 жылы құрылған. ЕҚДБ  26 елге құрылымдық және экономикалық реформалар жүргізуге арналған қаржылық көмек көрсетеді. Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі 1999 жылғы маусымда Банктің ұйымдық құрылымындағы өзгерістер туралы шешім қабылдады. Бұл шешімдер жұмыс істеп тұрған нарықтардың және аймақтардың даму серпінділігін мұқият зерделегеннен кейін, сондай-ақ Банктің нақты жұмыс тәжірибесін назарға ала отырып қабылданды. Жаңа ұйымдық құрылым Банкке болашақта болжанып отырған проблемаларды жою мүмкіндігін жасайды, себебі Банк бекіткен, қолданылып жүрген, орта мерзімге арналған басымдықтар күмән туғызып отыр. Ұйымдық өзгерістерді Банк директорларының көпшілігі бірауыздан қолдады. Алайда, жақын болашақта, Банктің жоғары басшылығы деңгейінде өзгерістер көзделмейді. Негізгі өзгерістер Банк Департаментінің құрылымына қатысты.

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) Қазақстан Ұлттық Банкімен 122,64 млн. АҚШ долл. (А, В және С үш траншпен) мөлшеріндегі, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған заем туралы келісім жасады. Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелері заемның бір бөлігін жоюға сәйкес 1997 жылы 122,64 млн. АҚШ долларынан 45,11 млн. АҚШ долл. дейін төмендеді.

Азия Даму Банкі

Азия Даму Банкі (АДБ) көпжақты қаржылық даму институты болып табылады, оған 63 мүше ел кіреді, оның 45 Азия-Тынық  мұхит аймағында және 18 одан тысқары  орналасқан. АДБ-ның ғаламдық мақсаты  кедейшілікті төмендету болып табылады. Осыған байланысты АДБ дамушы мүше елдерге халықтың кедей топтарының мүддесі үшін тұрақты экономикалық өсуге, жан-жақты әлеуметтік дамуға және тиімді басқаруға қол жеткізу  үшін көмек көрсетеді. АДБ 2001–2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасын басшылыққа ала отырып, өзара байланысты үш бағытта жұмыс  істейді – жеке секторды дамыту, аймақтық ынтымақтастықты кеңейту  және экологиялық тұрақтылыққа қол  жеткізу.

АДБ-ның негізгі құралдары  заемдар, кепілдіктер және техникалық көмек болып табылады, олар мүше елдердің үкіметтеріне нақты жобалармен бағдарламаларды іске асыру үшін беріледі.

АДБ 1966 жылы құралған. Қазақстан 1994 жылы АДБ мүшесі болды. АДБ-ның  штаб-пәтері Манилада орналасқан. Бүкіл  әлем бойынша АДБ-ның 26 офисі жұмыс  істейді. АДБ штаты 50-ден астам  елден жұмыс істейтін 2,000 адамнан асады.

2004 жылы Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі және Азия Даму  Банкі арасында 2004 жылғы 29 желтоқсандағы  № 3 Өзара түсінікті туралы  меморандумға қол қойылды. Осы  Меморандум Азия Даму Банкінің  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкіне «Қаржы секторын басқару»  техникалық көмек көрсету туралы  келісімді білдіреді. 

2006 жылғы  8 ақпанда Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банкі арасындағы «Қаржы секторын басқару» техникалық көмек көрсету туралы келісім хатқа қол қойылды (Жапония Үкіметінің 800 000 доллар мөлшеріндегі гаранты.

Осы бағдарлама шеңберінде Азия Даму Банкінің Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкіне ТП 4431-КАЗ: «Қаржы секторын басқару» техникалық көмегі мынадай  құрамдас бөліктермен ұсынылды:

·         «ҚРҰБ алтынвалюта активтерін және Ұлттық қорды басқару жүйесін жетілдіру»

·         «Ақпараттық технологиялар»

·         «Инфляцияны таргеттеу режимін әзірлеу»

Ислам Даму Банкі

Ислам Даму Банкі (ИДБ) аймақтық қаржы ұйымы, халықаралық дамуды қаржыландыратын және Ислам Мемлекеттері Министрлерінің 1973 жылғы желтоқсанда  Джидда қаласында (Сауд Аравиясы) өткен  Бірінші Конференциясында жарияланған және Ислам Конференциясы Ұйымының (ИКҰ) 23 мүше мемлекетінің өкілдері қол қойған Ниет туралы Декларацияға сәйкес бекітілген болып табылады. ИДБ қызметін 1975 жылғы 20 қазанда бастады.

ИДБ мақсаты Шариғаттың қағидаттарына  сәйкес ИДБ мүше елдерінің және мұсылман қоғамдастықтарының экономикалық дамуына  және әлеуметтік прогресіне көмек көрсету  болып табылады. Мүшелерінің құрамына 52 мемлекет кіреді. ТМД елдерінің  ішінде ИДБ мүшелері Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан болып табылады.

Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 16 мамырда ИДБ-ның 1974 жылғы 12 тамызда  Джидда қаласында қол қойылған Құрылтай шартын ратификациялады. 1997 жылғы тамызда Алматы қаласында ТМД-да, Моңғолияда, ҚХР-да, Шығыс Еуропа аймағында орналасқан ИДБ мүше елдері және мұсылман қоғамдастықтары үшін аймақтық офисі ашылды.

Қазақстан Ұлттық Банкі 1998 -1999 жылдары ИДБ-ның Қазақстан Республикасының  атынан басқарушының офисі құқығында  Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты  жүзеге асырды. 1999 жылы мамырда Ислам  Даму Банкінің Вице-президентінің басшылығымен Бағалау миссиясының Қазақстанға  сапары болды. 1999 жылғы 12-14 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі және құрамын Кувейт араб экономикалық даму қоры, Сауд даму қоры және ИДБ ұсынған Үйлестіру Тобы арасында «дөңгелек үстел» отырысы  өтті. Отырыстың нәтижесі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою және одан әрі қаржыландыру мүмкіндігін  қарастыру үшін Қазақстанның мемлекеттік  инвестициялар бағдарламасына кіретін  жобалардың тізбесін қабылдау болып  табылады.


Информация о работе Халықаралық қаржылық институттардың қызмет ету ерекшеліктері