Дайын шетел инвистициясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:01, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн: жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу; инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

Содержание

Кіріспе
Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі
Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасы инвестициялық нарығының перспективалары мен болжамдары
Шетелдік капитал инвестицияның негізгі қайнар көзі ретiнде
Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы және оның перспективасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дайын шетел инвестициясы.doc

— 494.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда атқарушы құрылымдардың  пайдасыз звеноларын тізбектей қысқарту. Осыған байланысты, менің ойымша, инвестициялаудың жалпы процесі мен онымен байланысты звенолардың өзара іс - әрекет ету тізбесін құру қажет.

Қазақстанның әлемдік аренада  рейтингі жоғарлауда. Республика Үкіметі  оны күшейту үшін іс - шаралар  жасауы керек. Бюрократизмді тудыратын барлық факторларды жоюға қол жеткізу керек. Заңнамалардағы бұзушылықтар жойылуы тиіс.

Перспективада, Үкіметке республика халқының әл - ауқатын көтеру және экономиканың балансталған дамуына өз үлесін енгізуі  үшін инвестициялық климатты жақсарту, сала және аймақ бойынша инвестициялық ағымды реттеу бойынша басталған жұмысты жалғастыруы керек.

Қазақстан экономикасы  инвестицияны қажет етуде. Терең  инвестициялық дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру керек. Болжам айтушы экономистердің пікірінше, 1991 жылғы деңгейге жету үшін ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 4 пайыз болатын 7 - 8 жыл қажет. Бір уақытта оның материалдық - техникалық базасын жетілдіру, құрылымды қайтақұру керек. Өткен жүйеден қалған мұра болып табылатындықтан, бұл мәселені капиталды қажет ететін құрылысты жүзеге асыру негізінде шешу қажет.

Қазіргі таңда, Қазақстан  өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру әдістері, жаңа техника - технология негізінде өз экономикасын кең ауқымда жөңдеу жұмыстары және ірі құрылымдық қайтақұруды жүргізу үшін қажетті инвестициялық қорларға ие емес. Қазақстанның бәсекеқабілетті тауарларды өндірмеуі мәселені күрделендіре түсуде: көлік құрал-жабдық, трубалар, конструкторлық материалдар, т.с.с.

Сөйтіп, шетел инвестицияларын  тартудың негізгі стратегиялық және ағымдық мақсаттарына келесілер  жатады:

1) экономиканы тұрақтандыру  мен динамикалық дамуы үшін  қажетті қосымша инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету;

2) ел экономикасына  шетел инвесторлары сенімділігінің  жоғарлауы; 

3) әлемдік экономикалық  жүйеге қазақстандық экономиканың  интеграциялау процесін күшейту,  оның халықаралық еңбек бөлінісіне  белсенді қатысуы. 

Шетел инвестицияларын тартудың негізін өзара бірін - бірі толықтыратын бірнеше принцип құрайды. Ең алдымен, шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаның жобалық экономикалық принципі, займ мен несие алу бойынша тұжырымдары.

Әлеуметтік - экономикалық тиімділік – кез - келген нысанда шетел инвестициясын тарту шарты. Бұл принцип келесілерді тұжырымдайды:

1) шетел компаниясының  қатысуымен жобалардың жоғары  пайдалылық пен рентабельділігі,  қарыз бен несиені, инвестицияны  басқа формада беру шартының пайдалылығы. Бұл көрсеткіштер елдегі, әлемдік тәжірибеде донор болатын мемлекеттерде, ұқсас жобалар мен ұсыныстарда орташа көрсеткіштерді салыстыра отырып бағаланады;

2) жаңа жұмыс орындарының  ашылуы және халықтың жұмысбастылық  деңгейін жоғарлату. 

Экономикалық, экологиялық  қауіпсіздік, мемлекеттік тәуелсіздік  қауіпсіздігі принципі келесі жобалар  мен ұсыныстарды жүзеге асыруға  тиым салуы қажет:

1) республиканың табиғи  ресурстарын заңсыз пайдалану; 

2) қоршаған ортаны  ластау;

3) ел сыртына капиталды заңсыз шығару;

4) әлемдік деңгейге  сәйкес келмейтін ескі технологияны  қолдану; 

5) өндірістің шикізатбағыттылығын  сақтай отырып, экономиканың қайта  құрылған құрылымын күшейту; 

6) әлемдік нарықта  өнімнің бәсекеқабілеттілігін төмендету; 

7) бәсекеге қарсы әрекеттермен нарықтан отандық тауар өндірушілерді шығару;

8) өзара табысты достық  елдермен, әсіресе, ТМД елдерімен  бұрыннан қалыптасқан байланысты  жою, келісімге зиян келтіру,  үшінші мемлекетке қарсы бағытталу; 

9) жемқорлықтың күшеюі, жергілікті қызметкерлерді, лауазым тұлға иелеріне жобаны итермелеу мақсатында пара беру.

Берілген принциптер ұлттық ресурстардың жеке түрлеріне  шетел капиталының кіруін шектеуді мақсат етеді, егер ол перпективада мемлекеттің  саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығына, елдің территориялық тұтастығына, саяси еркіндігіне зиян келтіретін болса. Сонымен қатар, мемлекеттің ЖҰӨ - де шетел капиталының үлесі 25 пайыздан артық болмауы тиіс.

Шетел инвестицияларын  тартудың маңызды принципі - келісімнің өзара пайда әкелуі. Бірде - бір кәсіпкер, мемлекет немесе фирма пайдасыз келісім жасамайды. Біздің мақсатымыз - олардың мүмкіндіктерін сенімді қорғай отырып, өз мүдделерімізді қанағаттандыру.

Шетел инвестицияларын  экономиканың басым салаларына салу принципінің мәні - мемлекетте жүргізіліп отырған құрылымдық және инвестициялық саясатқа сәйкес шетел инвестицияларын басым объектілерге бағыттау. Бұл бір жағынан, ресурстардың шектеулі болуымен, екіншіден, экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін оларды рационалды қолдану қажеттлігінен туындайды. Ішкі инвестициялық ресурстарды басым объектілерді дамытуға, ал шетелдік ресурстарды екінші ретті мақсатта қолдану дұрыс емес. Бұл принциптің екінші жағы, мемлекет экономика, әлемдік жүйедегі алатын орны сияқты белгілерге сүйене отырып, нақты бір ел, оның компаниялары мен фирмаларының инвестицияларын тарту керек.

Біздің мемлекетімізде әр мемлекеттің мүдделері әр түрлі. Біз үшін барлығы тиімді немесе тиімсіз  болуы мүмкін. Сондықтан біз “берсе ал, ұсынса келіс” принципі бойынша  кез - келген мемлекеттің, компаниялардың ұсыныстарымен келісе отырып, несиелерді ала бермеуіміз керек.

Экномикасы динамикалық  және тұрақты дамып отырған, ірі  технологиялық жетістіктері бар, серіктес ретінде жоғары сенімділік деңгейіне  ие және мемлекет егемендігіне зиян келтіретін, нақты саяси мақсаттар мен этникалық және территориялық мақсаттары жоқ елдердің инвестицияларына назар аударған жөн. Мұндай мемлекеттер қатарына Германия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Францияны жатқызуға болады.

Шетел инвестицияларын  тартудың әлемдік тәжірибесінің маңызы өте зор. Әр мемлекет өзіндік ерекшеліктерге ие: экономикалық, технологиялық, қаржылық, табиғи ресурстар потенциалы.

Сондықтан ол серіктес келісім  бермейтін шарттар ұсынуы мүмкін. Шетел инвестицияларын тарту  бойынша халықаралық келісім  негізінде, мемлекеттің арнайы шарттары қарастырылған. Жалпы нормаларды, әлемдік тәжірибені объективті талдау және бағалау жатады.

Республика экономикалық шетел инвестицияларына қажетттілігі өтпелі кезең ерекшеліктерімен түсіндірілетін, қазіргі тұрақсыз жағдайы мен капитал салымдарының ішкі ресурстарының шектеулі болуында айтарлықтай жоғары. Бірақ қойылған мақсатқа жету үшін инвестицияның қажет болуына қарамастан, шетел инвестицияларын тарту экономика өсуінің факторы ретінде жағымды мәнге ие болғанымен, жалпы мемлекет және жеке аймақ үшін жағымсыз нәтиже әкелуі мүмкін.

Біріншіден, инвестицияны өтеу үшін республикада өндірілетін  өніммен, ең алдымен, мұнай, металл, сонымен  қатар, қарызды жабу шотына валютамен  есеп айырысады. Осылардың барлығы ел экономикасына көлемді сыртқы қарыз ретінде ауыртпалық түсіреді. Шынында да, егер шетел инвестициялары ішкі салымға қарағанда, үлкен табыс әкелетін болса, жаңа қарыздарды жабу мүмкіндігін бере отырып, өндірістің жедел дамуына септігін тигізеді. Бірақ көптеген зерттеушілердің пікірінше, тәжірибе көрінісі керісінше.

Екіншіден, инвестицияда шетел капиталы үлесінің жоғарлылығы, яғни жалпы ұлттық өнімде жоғары болуы  экономикалық түрде қауіпті, себебі ол республика егемендігіне зиян келтіруі мүмкін.

Шетел капиталы көлеміне мемлекеттің экономикалық тәуелді болуы елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігіне жағымсыз әсер етеді. Сондықтан шетел инвестицияларының көлемі және оларды тарту шарттары мемлекет, қоғам бақылауында болуы керек.

Осындай жағдайды бастан кешірген әлем елдерінің тәжірибесін ескере отырып, шетел инвестицияларының көлемі, бір жағынан, жан басына шаққанда 200 - 300 АҚШ долл. есебінен анықталса, екінші жағынан, ЖҰӨ - нің 15 - 20 пайызынан жоғары болуы керек. Сөйтіп, Қазақстандағы шетел инвестицияларының көлемі жылына 400 - 500 млн. АҚШ долл., ЖІӨ - нің 14 -17 пайызын құрауы тиіс.

Шетел инвестициясын  қолдау стратегиясы Қазақстанның құрылымдық реформалары мен инвестициялық  саясаттың басымдықтарымен тығыз  байланыста болуы шарт.

Келесі бір жайтты атап кеткен жөн. Шетел инвесторының өз салымдарын салу саласы мемлекеттің көзқарасымен сәйкес болмауы мүмкін. Мысалы, шетел инвесторы мұнай - газ өңдеуді инвестициялау мен экспорттық өндіріске үлкен қызығушылық танытуда. Қазіргі таңда республика шетел инвестицияларын капиталды қажет ететін сала мен өндіріске тартуға мәжбүр.

Болашақта жеке сектордың  толық дамымауы есебінен шетел инвесторлары экономикаға мемлекеттік сектор, қозғалмайтын мүлікпен қамтамасыз етілген  үкіметтік және банктік кепілідемені алу жеңіл және инвестициялық тәуекел деңгейі төмен, “экспорттық бағытқа ие” ірі кәсіпорындар арқылы ұмтылады. Қазіргі таңда мемлекет осы жолмен жүруге мәжбүр, әсіресе, тікелей шетел инвестицияларын, концессиялық келісім мен өнімді бөлу туралы келісімге қатысты сұрақтар туындағанда.

Нарықтық экономиканы  қалыптастыру, экономикалық бірлестіктің құқықтық базасының әрекет етуін  жоғарлату, экономиканы өсіру үшін үкімет жеке секторға, ең алдымен, шағын  және орта кәсіпкерлікке шетел инвестицияларын  тартуда, өзінің кепілдемесімен, капиталды сақтандырумен, салықтық жеңілідіктермен тұрақты түрде қолдап отырады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, перспективада бұл шаралар Қазақстан экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыты болуы тиіс.

Табиғат ресурстарының  иесі - мемлекет пен шетел компаниясы арасында жасалатын концессиялық келісімдер мәні – тәуелсіз мемлекеттің пайдалы қазбаларды игеруді дайындау және пайдалануда өз құықтарын толық және жартылай беру. Олар қабылдайтын мемлекеттің ұлттық егемендігіне зиян келтіретіндіктен, шетел инвестицияларының қазіргі нысандары, дамушы мемлекеттер үшін дәстүрлі концессияға қарағанда, ол өте табысты және қауіпсіз.

Әлемдік тәжірибе қабылдаушы мемлекет үшін инвестицияның басқа  нысандарымен салыстырғанда, тікелей  шетел инвестицияларының тиімді екенін көрсетеді:

1) инвестицияның кейбір  нысандары қабылдайтын мемлекетке  ескірген технологияны әкелу  мүмкіндігіне тиым салады;

2) тікелей инвестициялар  тауар өндірісі мен қызметке, өндіріс пен басқаруға, маркетинг,  ноу - хауға бағытталады; 

3) тікелей шетел инвестициялары мемлекеттің сыртқы қарызының болуымен байланысты емес;

4) тікелей инвестициялар  ұлттық экономиканың әлемдік  дамыған халықаралық ғылыми - техникалық  және экономикалық бірлестікке  ықпалдасуына көмек береді.

Тікелей шетел инвестицияларының барлық сфералар мен салаларда қолданылатын әмбебап нысаны - бірлескен кәсіпорындар. Қабылдаушы мемлекет табыстары өз өнім үлесінен, шетел серіктесінің пайдасына роялти және салық салу үлесінен қалыптасады.

Қабылдайтын мемлекеттің  өнімдегі үлесі 50 пайыз. Әлемдік тәжірибедегі роялти көлемі 8 - 40 пайыз аралығында ауытқиды. Табыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шетелдік капитал инвестицияның негізгі қайнар көзі ретiнде

Инвестицияның негізгі көзi - жинақ болып табылады. Бiрaқта жинақты бiр шаруашылық агент орындаса, инвестицияны басқа да топ мүшелерi немесе шару ашылық субъектiлер орындайды. Сондықтанда, ғалымдар aнықтaу барысында инвестицияның мағынасына емес, соншалықты оның  мақсатты бағыттануына көңiл аударуыды қажетдеп санайды.

Капитал құнының  өcуiнe байланысты инвестициялық процестi Кейнс қарастырды. Оның анықтамасы бойынша инвестиция - берiлген кезеңдегi өндipicтiк іс-әрекет нәтижесiнде капиталды мүлiк құндылығының ағымдық өсуi немесе берiлген кезеңдегi табыс бөлiгi, яғни, қолданысқа берiлмеген табыс.

В.Фельзенбаум айтады инвестиция түсінігі "капитал ағымдары" түсінігіне және "қаржылық" портфельдi инвестиция түсінігін мағынасына жақын нақты инвестицияны көpceтeдi. Яғни, акцияға, облигацияға және басқа да бағалы қaғаздарға салу табыс алу үшiн меншiк құқығын беретiн меншiк иесiн бiлдiретiн құжат. Бұл жағдайда инвестициялық іс-әрекеттiң объективтiлiгiн бiлдiредi.

Тәжiрибе жүзiнде  әр түрлi зерттеушiлер арқылы инвестиция түсінігінің мәнін бередi. Жалпы  осы кезге дейiнгi тұрмыстық сана деңгейiнде инвестиция түсінігіне жер сатып алу үшiн жұмсалынған салымдар жылжымайтын мүлiк, акция, құрылыс үшiн, техника және тағы басқалары.

Инвестицияны  нақты және қаржылай деп бөледi. Нақты  инвестициялар жаңа, жабдықтау мақсатында немесе кәсiпорынды техникамен жабдықтау  мақсатында салынады. Қаржылық салымдар мемлекеттiң, басқадай кәсiпорндардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздардың және акцияларын сатып алуғ а жұмсалынады.

Бiрiншi жағдайда инвестор өндiрiстiк негiзгi қopдың  және айналым құpалдарын қалыптастыру maқcaтында өзiнiң өндiрiстiк капиталын көтepeдi.

Екiншi жағдайда инвестор бағалы қағаздардың табысын  дивидент алу арқылы өзiнiң қаржылық капиталын көтередi. онымен қaтap, тiкелей  және портфельдi инвестицияны бөледi. Қазақстан  Республикасы "тiкелей инвестицияларды  мемлекеттiк қолдау" туралы заңында тiкелей инвестициялау қазақстан республикасның егемен кепiлдiктерiне байланысты және қазақстан республикасына берiлетiн ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кipeтiн инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi деп көрсетiлген.

Информация о работе Дайын шетел инвистициясы