«Белый лебедь» Жауапкершілігі шектеулі серіктесітігінің шаруашылық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 21:09, отчет по практике

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 27.12.1994ж. Азаматтық Кодексі (жалпы бөлімі), 22.04.1998ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктері туралы» заңы мен 31.01.2006ж. «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы және өзінің құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдары бойынша орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылады, өйткені оның жылдық активтерінің бағасы 325 000 айлық есептік көрсеткіштен және жұмысшыларының саны 50-ден аспайды, айлық есептік көрсеткіш осы қаржы жылының Республикалық бюджетіне сәйкес есептелінеді.

Содержание

«Белый лебедь» ЖШС Шаруашылық қызметі мен аудиті............................3-6
«Белый лебедь» ЖШС Меншікті капиталы.................................................. 7-9
«Белый лебедь» ЖШС Есеп беру саясаты және оның аудиті............................................................................................................ 10-13
«Белый лебедь» ЖШС Қысқа мерзімді активтер және оның аудиті
«Белый лебедь» ЖШС Кассалық операциялар есебі және оның аудиті.14-15
«Белый лебедь» ЖШС Банктегі ағымды шоттағы ақша қаражаттарының есебі және оның аудиті........................................................................................11-12
«Белый лебедь» ЖШС Дебиторлық және кредиторлық қарыздары және оның аудиті.......................................................................................................... 21-24
«Белый лебедь» ЖШС Тауарлы материалды құндылықтарының есебі мен аудиті.................................................................................................................... 25-27
«Белый лебедь» ЖШС Ұзақ мерзімді активтердің есебі мен аудиті
«Белый лебедь» ЖШС Негізгі құралдардың есебі мен аудиті................28-31
«Белый лебедь» ЖШС Материалды емес активтердің есебі мен аудиті..32-34
«Белый лебедь» ЖШС Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі мен ауңдиті...................................................................................................................35-37
«Белый лебедь» ЖШС Қаржылық есеп беруі және оны талдау................38-43

Прикрепленные файлы: 1 файл

Абай практика.docx

— 118.00 Кб (Скачать документ)

* «Белый лебедь» кәсіпорынның 1С:Бухгалтерия бағдарламасында  құрылатын өткізбелер

 

Серіктестіктің меншікті капиталының қозғалысы туралы мәліметтер қаржылық есеп берудің 4 нысаны «Меншікті  капиталдың қозғалысы туралы есептілік» көрсетіледі.

«Белый лебедь» ЖШС өндірістік тәжірибені өту сәтінде, меншікті капиталдың қалыптасуына қатысқан емеспін, себебі аталған әрекеттер серіктестік құрылған сәтте орын алған.

Меншікті капитал аудитінің негізгі мақсаты – кәсіпорындағы қалыптасқан капиталдың құрылуы мен пайдаланылу дұрыстығын және оның бухгалтерлік есепте бейнелену негізділігін тексеру.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қайта тіркелген  кезде қатысушылардың акшалай салымдары  бухгалтерлік кұжаттармен не болмаса  аудиторлық есеп берулерімен қуатталып  бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен  бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кұрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде  субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін  төлемнің мөлшері, кұрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құкы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді  жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке  бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Аудитор ұйымдағы резервтік  капиталдың бар болуын және оны қалыптастыру бойынша жасалған бухгалтерлік шоттар байланыстарын тексереді.

 

«Белый лебедь»  Жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты және аудиті.

Есеп саясаты – серіктестіктің өзінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерінің жиынтығы болып табылатын нормативті құжат.

Серіктестік өзінің қызметі  барысында бекіткен есеп саясаты  бойынша жүмыс атқаруы тиіс, егер де қандай да бір өзгерістер болып  жатса, олар қатысушының келісімімен  енгізіледі. Есеп саясатын құрастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Аталған  құжат 3 бөлімді қамтиды.

Ал, ең басында есеп саясатының жалпы ережелер көрсетіледі. Оларға:

  • серіктестіктің қай заң негізінде өзінің бухгалтерлік есебін атқаруы;
  • қаржылық есеп берудің қандай талаптарға сай болуы «ҚР бухгалтерлік және қаржылық есеп беру» №234-ііі 27 ақпан 2007 жылғы заңына сәйкес;
  • қандай жағдайда есеп саясаты өзгеруі мүмкін.

1 бөлім.  Ұйымдастырушы-техникалық бөлімі. Көрсетілетін мәліметтер:

  • серіктестіктің атауы;
  • серіктестіктің мекен-жайы;
  • серіктестіктің негізгі қызметтері;
  • серіктестіктің мақсаты мен міндеттері;
  • серіктестіктің шоттары;
  • серіктестіктік қызметкерлер саны басқару органдары;
  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, яғни сол бөлімдегі жауапты тұлғалардың міндеттері (есепші мен кассир)
  • бухгалтерлік есеп жүргізілетін бағдарлама атауы;
  • бухгалтерлік құжаттар (олардың атауы, мақсаты, толтыру реті мен сақтау мерзімдері);
  • түгендеу (түгендеуге жататын мүлік, түгендеуді атқаратын комиссия құрамы, түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімі, түгендеу қорытындалырн көрсету тәртібі және одан шығатын жауапкершіліктер).

2 бөлім.  Әдіснамалық бөлім. Аталған бөлімде кәсіпорында бүкіл шаруашлық құралдар мен олардың құрылу көздерінің есепке алу тәртібі, яғни әдіс-тәсілдерінің жиынтығы көрсетілетін бөлім.

  • ақша қаражаттары (сақтау орындары, жауапты тұлғалар, есеп берушілермен есеп айырысудың реті және шоттар);
  • тауарлы материалды құндылықтар (нелер жатады, қандай шотта жүргізіледі, бағалау тәртібі, есептен шығару әдісі таңдалынады, жауапты тұлғалар мен олардың құқытары, міндеттері, жауапркешіліктері, есепке алу және есептен шығару)
  • негізгі құралдар (нелер жатады, қандай шотта жүргізіледі, оларды тану, бағалау, амортизация есептеудің бір әдісі, оны жүргізу тәртібі, жалдау, жөндеу туралы мағлұматтар);
  • жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы (қандай кезде беріледі, есеп алу тәртібі және қандай шоттарда жүргізіледі);
  • капитал (құрамы, ашып көрсетуге талаптар және қандай шоттарда жүргізіледі);
  • кірістер мен шығыстар (оларды тану тәртібі, нелер жатады және қандай шоттарда есепке алынады, өнімнің өзіндік (атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құнын анықтау реті, яғни калькуляция, әкімшілік шығындарды бөлу;
  • алдағы кезең шығындары мен кірістері;
  • дебиторлық қарыздар мен міндеттемелер (пайда болу  мен оларды тану, күмәнді қарыздар бойынша резервтің құрылу тәртібі және қандай шоттарда есепке алынады);
  • қаржылық есеп беру (құрамы, мерзімі және сақтау уақыты);
  • қателерді жөндеу;
  • бағалау және тану;
  • табысқа салынатын салық.

3 бөлім.  Есеп саясатын бақылау. Аталған бөлімде жауапты тұлғалардың аты-жөндері мен қолдары қойылады.

Есеп саясатына бас директор мен бас бухгалтер жауапты. Есеп саясатын құрастыру барысында оған көптеген факторлар әсер етеді.

  • субъектінің құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық мәртебесі: меншік нысаны (мемлекеттік, меншікті); ұйымдастыру-құқықтық нысаны (АҚ, ЖШС және т.б.); қызмет түрі мен саласы (сауда, өнеркәсіп, құрылыс, көлік т.б.); қызмет ауқымы, персонал саны және т.б.
  • күнделікті және ұзақ мерзімді мақсаттар: қосымша қаржы ресурстарын тарту; инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру; нарықтағы бәсекелестік ұстанымды бекіту.
  • қызметтің ерекшеліктері: өнеркәсіптік (технологиялық құрылым, ресурстарды пайдалану); сауда (жабдақтау және өткізуді ұйымдастыру, есептесудің түрлері мен жүйесі, сатып алушылармен өзара байланыс); қаржылық (банктермен және басқа қаржылық институттрмен өзара байланыс, салық жүйесімен байланыс); басқару (құрылым, меншіктен тәелсіз болу, олардың алдында есеп беру, техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютер техникасы т.б.);
  • материалдық базасының болуы: (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
  • кадрлық қамтамасыз ету: персоналдың білітілік деңгейі (тәжірибені, машығы, алдында тұрған мақсаттар мен мәселелрді түсіну деңгейі, оларды шешу қабілеті);
  • шаруашылық ахуалы (жағдайы): инфрақұрылымдық нарықтың дамуы, шаруашылық, салық және бухгалтерлік заңнамалардың жағдайы, инвестициялық климаттың қолайлылығы т.б.

Субъектінің қабылдап алған  есеп саясаты ұйымдастыру-өкімдік  құжатқа сәйкес ресімделеді (бұйрықтар, өкімдер т.б.). аталған есепті жүргізу  әдісі жылдық есеп беру үшін бухгалтерлік есеп құрамына енеді.

 

Кәсіпорынның есеп саясаты  сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны  құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік  жағына мына элементтер кіреді: мүлік  пен міндеттемелерді бағалау  әдістері, мүліктің әрбір түрлері  бойынша амортизация (тозу) есептеу  әдістері, табысты (түсімді) есептеу  әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген  заңға сәйкес кез келген заңды  тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта  төменде аталған бухгалтерлік есептің  негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

  • курстық айырманы есептеу;
  • негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері;
  • материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және олаврды есептеп шығару жолдары;
  • шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері;
  • өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі;
  • жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
  • дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
  • аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары;
  • тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері;
  • негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.

Есеп саясатына келесі жағдайларда түзетулер енгізуге болады:

  • қайтадан ұйымдастырғанда (біріккенде, бөлінгенде, қосылғанда);
  • меншік иесі өзгергенде;
  • Қазақстан Республикасы заңдарындағы өзгерістер немесе бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік жүйесі;
  • бухгалтерлік есептің жаңа әдістерін әзірлегенде.

Мұндай жағдайда кез келген өзгеріс есеп саясаты сияқты тәртіп бойынша негізделіп, ресімделеді.

Есеп саясатын әзірлеуді  және жүзеге асруды компаниядағы бухгалтерлік есепті практикалық жүзеге асыруға  байланысты және мемлекеттік тіркеме  күнінен бастап қолданылады деп  есептелінеді.

Дұрыс орындалған және ресімделген  есеп саясаты мүмкін болатын айыптардан (салық органдары, бюджеттен тыс  қорлар) құтқарады, сонымен қатар  залалдарды нақты төмендетуге рұқсат етіледі және бизнестің тиімділігі артады.

Есеп саясаты басқарудың нақты құралы және жетекшінің атқарушы көмекшісі болып табылады.

Осы есеп саясаты негізінде  кәсіпорын өзінің бухгалтерлік есептерін  жүзеге асырады, сонымен қоса олар 28 ақпан 2008 жылы қабылданған №234-ІІІ  «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп заңы» және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына жүгінеді.

Кәсіпорынның ақша қаражаттарын, яғни бүкіл мүлкіне басша, сонымен  қатар бас бухгалтер жауапты  екенін білеміз. Сонымен қоса, кәсіпорында  осы ақша қаражаттарының қлзғалысын, олардың бөлінуін, жоспарлауын қадағалап  отыратын қаржы директоры да бар.

 

 «Белый лебедь» кәсіпорынның басқарушылық құрылымы

 




 




 

1 сызбада көріп тұрғандай  кәсіпорынның әкімшілік басқарылымының  құрылымы. Ал, кәсіпорынның ары қарай ішінде өндірістік, сату құрылымы көрсетілген.

«Белый лебедь» ЖШС-нің есеп бөлімі бас есепші мен қоса әр сала бойынша есепшілері бар. Олар өз салалары бойынша есепті жүзеге асырады. Олар жұмысқа кірмес бұрын материалды жауапкершілік отырады да, өз қызметтерін атқарады.

 

«Белый лебедь»  Жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің қысқа мерзімді активтері және оның аудиті.

Кассалық операциялар есебі.

 

«Белый лебедь» серіктестігі өз ақша қаражаттарын касса мен банктегі ағыды шотта сақтайды. Ақшалай қаражаттар кассада теңгемен (10100) және ағымды есеп айырысу шоты  (1030) шоттарында есепке алынады.

Кассадағы операциялар үшін кассир материалды жауапты тұлға  болып табылады, келісім шартқа отырады. Кассадағы алғашқы құжаттар кіріс  кассалық ордер, шығыс кассалық ордер  және кассалық кітап, тіркеу журналы  болып табылады. Кіріс кассалық ордер  кассаға ақша қаражаттары келіп  түскенде толтырылады. Ол құжатта келесідей  мәліметтер көрсетеледі:

  • серіктестіктің міндетті деректемелері (атауы, стн)
  • келіп түскен ақшаның мақсаты;
  • сомасы;
  • ақша салған адамның аты-жөні;
  • бас бухгалтер мен кассирдің қолы және мөртаңба.

Кіріс кассалық ордерінің  оң жақ бөлігінде түбіртек бар. Ол түбіртек ақша салған адамға беріледі.

Ал, шығыс кассалық ордер  кассадаң бұйрық негізінде ақша қаражаттары  берілген сәтте толтырылады. Ол құжатта  келесідей мәліметтер көрсетеледі:

  • кәсіпорынның міндетті деректемелері (атауы, стн)
  • <span class="List_0020Paragraph__Char" style=" f

Информация о работе «Белый лебедь» Жауапкершілігі шектеулі серіктесітігінің шаруашылық қызметі