Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:24, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Ұлттың банк 2004 жылы қаржы нарығын реттейтін дербес органды құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер тәуекелін сақтандыру компаниясын құру да жоспарда бар.
2004 — 2006 жылдары Ұлттық, банк қаржы есебінің халықаралық стандартына етуді көздеп отыр.
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАЙЫЗДЫҚ
САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ІС-
ШАРАЛАРЫ
3.1 Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері
Ақша-несие саясаты елден макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттіК ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор қызметін қамтамасыз етеді.
Несие бойынша сыйақы ставкалары ақша-несие саясатын бір құралы ретінде нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету үшін пайдаланылады. Осы құрал Қазақстанның Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкаларынан және оның іске асыратын операциялары бойынша тағы басқа сыйақы ставкаларынан тұрады. Ресми сыйақы ставкалары несие бойынша сұраныс пен ұсыныстан құралатын нарықтың жалпы жағдайына, инфляция деңгейіне тәуелді. Қазіргі кезде ресми сыйақы ставкаларының төмендеу тенденциясы байқалуда.
Позитивті пайыздық ставканы Қазақстанның экономикасын және қаржысын сауықтырудың кепілі деп жиі айтылатынын атап еткен жөн. Шынында да позитивті пайыздық ставка инфляцияға қарсы қызметті орындауға қабілетті, себебі ол жинақтарды ынталандыру нәтижесінде пайда болатын сұранысты тежейді және несиені қымбаттату арқылы инвестициялық салымдарды шектейді.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалар жылдарында қайта қаржыландыру ставкасын пайдалану қолайсыз болды. Тек 1994 жылдың екінші жартысынан бастап қана Ұлттық банк жанжақты сынға қарамастан позитивті ставканы белгілеуге көшті. Қайта қаржыландыру ставкасын 270 % -тен 300 %-ке дейін жоғарылату есебінен сұраныс инфляциясы төмендетілді, содан кейін бір айдан соң 340%-ке жоғарлатылды. Ставкалардың нақты мәні және оның нарықтық ставкамен сәйкестілігі несиелік ресурстар аукционында анықталды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде валюталык операциялар бойынша табыстылық пен салыстырғанда несиелік операциялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы байқалды. Соның нәтижесінде шетел валюталарына деген сұраныс пен валюта бағамының тұрақтылығы байқала бастады. Қайта қаржыландырудың жоғарғы ставкасын ұзақ мерзімге ұстап отыру тиімді болып табылды және қайта қаржыландыру ставкасын 340% деп белгілеген кезден соң бір айдан кейін, яғни қыркүйек айынан бастап Ұлттық банк жылдың соңына дейін оның мөлшерін 230% ке дейін төмендетті. Осындай шараны инфляция деңгейінің төмендеуі және айырбас бағамының тұрақтануы байқалғаннан кейін іске асыру мүмкіндігі туды.
1995 жылы қайта қаржыландыру ставкасын одан әрі қарай 45% ке дейін төмендету осы жылдың қараша айында оның деңгейін 52,5% ке дейін жоғарлатуға өтті, соның нәтижесінде инфляция деңгейі 2,4%-тен 4,4%-ке дейін өсті.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, Ұлттық банктің ноталарының және банкаралық несиелер бойынша пайыздық ставкалардың мөлшері олардың нарықтық мөлшерімен сәйкес келіп отырды. 1994-1995 жылдары аралығында нақты нарықтық пайыздық ставкалар оң нәтиже, ал валюталық спекулятивті операциялар бойынша табыстылық теріс нәтиже берді.
1996 жылы ҚҰБ позитивті пайыздық ставканы белгілеуді жалғастырды. Тек қана 1996 жылдың ішінде қайта қаржыландыру ставкасы он рет өзгерді және жылдың басымен салыстырғанда 24 пунктке, ломбарттық несиелер бойынша пайыздық ставка 31 пунктке төмендеді.
Енді пайыздық ставкалардың пөзитивтілігін анықтайық. Дәстүрлі анықтамаға сәйкес ол инфляция деңгейін ескеретін нарықтық пайыздық ставканы білдіреді.
Яғни, [5,56] (5)
мұндағы, позитивті пайыздық ставка
- бұрын болған пайыздық ставка
- инфляция қарқыны.
Инфляция кезінде несие бағасынан және кредитордың табыс мөлшерінен басқа.пайыздық став-кара несиенің капиталдану құнын сақтау қызметі де кіреді.
Несиенің капиталдану құнын құнсызданудан сақтаудың пайыздық схемасының альтернативті әдістемесі болатынын атап еткен жөн. Бұл жағдайда берілген ссудалардан түсетін табысты көбейту міндеті екіге бөлінеді. Біріншісі — капиталдану құнын сақтау, екіншісі — табыс алу. Осындай әдістеме пайыздық схема кезіндегі кездесетін мәселелерден аулақ болуға мүмкіндік беруі мүмкін. Сонымен бірге, схема бойынша пайыздарды алу индекс есебін көрсететін индекстеуге қарағанда техникалык, жағынан қолайлы. Сонымен қатар, индекстеу кезектілік тәртіппен іске асырылады және соған байланысты біле тұра уақыттық интервалдың пайда болуына әкеледі. Бұл кезде нақтылық жоғарылайды, бірақ интервалдың әсерінен схема тиімділігі төмендейді, яғни төлеу уақыты басталғанша, инфляция оған тиісті құнның бір бөлігін жоюға үлгереді.
Инфляциялық күтілімдерді ескере отырып ставканы анықтауға негізделген пайыздық схема кезінде нақтылық төмен болады. Бұл жағдайда болашақтағы инфляция деңгейін жеткілікті мөлшерде бағаламау арқылы кредитор немесе оны артық бағалау арқылы қарыз алушы үтылады. Индекстік әдіс арқылы мәселелерді жартылай шешу уақыттық интервалды төмендетуі мүмкін. Біздің ойымызша, жоғары инфляция жағдайында экономикалық саясаттың бір міндеті оптималды пайыздық ставканы іздестіру болуы мүмкін. Яғни бұл жағдайда тиімсіз инвестицияны істен алуға және бір уақытта ставкалардың кері әсер етуінен экономиканы қорғауға мүмкіндік беретін деңгей деп түсіну қажет. Осы құралдың іске асырылуын қайта қаржыландыру ставкаларының мөлшерінің өзгеруін мысалға ала отырып қарастырайық. Егер Ор-талық банктің мақсаты несиелік институттардың несиелік патенциалын азайту болса, онда ол қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатады. Ұлттық банк алға қойылған мақсатына қол жеткізу үшін ақша нарығына тағы басқа әдістер мен де әсер етуі қажет (ең төменгі резерв бойынша ставканы жоғарлату жолымен және т.б.). Қайта қаржыландыру ставкасын жоғарлатқан кезде коммерциялық банктер үшін қайта қаржыландыру қымбаттайды, яғни бұл жағдай елдегі несие қүнының өсуіне әкеледі. Бірақ кейбір ірі коммерциялық банктердің орталық банктің пайыздық ставкаларды жоғарлатуына қарамастан өздеріне неғүрлым көп клиенттер тарту үшін өздерінің пайыздық маржаларын төмендетуге мүмкіндіктері болады. Коммерциялық банктерді қаржыландырудың альтернативті әдісі орталық банкте вексельдерді қайта есепке алу болып табылады. Осы форманың тиімділігі бұл операция кезінде кепіл талап етілмейді, ал гарант ретінде вексель беруші болады.
Сонымен бірге, вексельдерді қайта есепке алу экономиканың нақты секторына қаржылық қолдау көрсету құралы ретінде де көрінетінің атап өткен жөн. Бірақ, ҚРҰБ-де барлық вексельдер қайта есепке алына бермейді, тек вексельдік несиелерді алуға құқығы бар бірінші сыныпты эмитенттер тізіміне енгізілген кәсіпорындардың ғана вексельдері қайта есепке алынады. Мысалы, соңғы екі жылда Қазақстанда тек екі кәсіпорын ғана "Казатомпром" және "Қазақстан Темір Жолы" вексельді қайта қаржыландыру жүйесі бойынша несиелер алған. Осыған байланысты, ҚРҰБ-ң есептік ставкасы ақша-несие саясатының оперативті құралы және ақша-несие саясатының индикаторы ретіндеті езінің қызметтерін толық орындамай отыр.
Сонымен қатар, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесінің дамымауы ҚРҰБ-ң 2002-2004 жылдар аралығындағы өзінің дамуында приоритет ретінде анықталған инфляциялық реттеу саясатына өту кезінде қиыншылықтар тудыруда. Соның әсерінен ақша-несиелік трансмиссияның адекватты механизмі жоқ болуда.
Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларындағы ірі және орта кәсіпорындарда қайта қаржыландыру қаражаттарының ерекше тапшылығы байқалуда. Бұл ҚРҰБ-де осындай кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы және несиелік қабілеттілігі туралы ақпараттардың жоқтылығымен байланысты.
Біздің көзқарасымыз
бойынша, қайта қаржыландыру жүйесінің
жақсы дамуының кепілі Орталық банк жүйесінде экономиканың нақты секторындағы
Орталық банктің есептік ставкаларының өзгеруі ақша нарығындағы жағдайларды ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар құнды қағаздар нарығына да әсер етеді. Орталық банктің есептік ставкасының өсуі ақша нарығындағы несиелер мен депозиттер бойынша ставкалардың жоғарылауына негізделеді.
Бұл құнды қағаздарға деген сұранысты азайтады және олардың ұсынысын көбгайтеді. Құнды қағаздарға деген сұраныс банктер жағынан да азаяды, себебі олар үшін депөзиттер неғұрлым тиімді болып саналады.
Сөйтіп, Орталық банктің есептік және қайта қаржыландыру ставкаларының өсуі құнды қағаздардың нарықтық құнын төмендетеді. Ал Орталық банктің есептік ставкаларының төмендеуі, керісінше, несиелер мен депөзиттер құнының арзандауына әкеледі. Яғни, бұрын қарастырылған жағдайларға кері процестерді тудырады. Құнды қағаздарға сұраныс әседі, ұсыныс азаяды, соған байланысты олардың нарықтық құны жоғарлайды.
3.2 Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру жолдары
Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.
Орталық банктің несиелері банктік ресурстар көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.
Ал қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде ресми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.
Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.
Нарықты экономикасы
дамыған елдерде
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта
қаржыландырудың ресми
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.
Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.
Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша – несие саясатының түрлері қарастырылды, сонымен қатар пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді.
Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.