Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 16:48, курсовая работа
Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Шығарушы банктердің әрбір бағалы қағаз шығаруы, орналастыру тәсілінен тәуелсіз, оларды шығару үшін проспекттер құру мен эмиссия проспектінің сараптамадан өтуіне алып келеді.
Алғашқы шығаруды тіркеу үшін
банк құру туралы Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің рұқсаты негіз бола
алады. Жекелеген банк операцияларын
іске асыратын банктер мен ұйымдар
шығаруды тіркеу кезінде өкілетті органға
Қазақстан Республикасының
Акцияларды одан әрі (қосымша) шығарғанда:
· Өтініш;
· Акцияларды қосымша шығару туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
· Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
· Жарғылық капиталының көлемінің өзгергені туралы көрсетілген статистикалық карточканың көшірмесі;
· Қосымшалар мен өзгерістер енгізілген, нотариалды расталған жарғы көшірмесі немесе жарғыға өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
· Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер еңгізілген датадан бастап, бір ай мерзімде тіркеуші органның хабарламасын растайтын пошталық түбіртек немесебасқада құжаттар (егер қоғам көрсетілген өзгерістермен қайта тіркеуден өтпеген болса);
· Әр акция түрінің үлгілері – шығару құжаттамасы нысаны түрінде екі данада;
· Тәуелсіз тіркеушімен келісім-шарт көшірмесі және маманның біліктілік куәлігінің көшірмесі бар акционерлердің тізімін жүргізу туралы ішкі жағдай (атаулы акциялар шығарған кезде, егер алдыңғы шығаруларда бекітілмесе немесе өзгерістер барда);
· Акцияларды шығаруды тіркеу кезінде бағалы қағаздармен жұмыс операциясына салық төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмесі;
· Бухгалтерлік баланстармен тігілген эмиссия проспектілері (шығару шарттары) екі данада;
· Аудиторлық қорытынды;
· Акциялардың бұрыңғы шығарудың мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
· Қоғамды тіркеушісі берген, 5% жоғары акцияны иеленуші акционерлердің мәліметі тізімінен көшірме;
Шығарушы банк бағалы қағаздарды тек эмиссия жарияланып, проспект тіркелгеннен кейін ғана өткізеді.
Банк тәжірибесінде бағалы қағаздарды өткізудің бірнеше әдістері бар:
1. Акционерлердің акцияларды материалдық құндылықтармен, материалдық емес активтермен, сондай-ақ ұшінші тұлғалар шығарған және нарықтың белгісі бар бағалы қағаздармен төлеу. Акционерлер өздері шығарған бағалы қағаздармен акцияларді төлеуге құқығы жоқ;
2. Акцияның белгілі бір санына келісім-шарт сатып алушысымен келісілген негізде акцияны теңгеге немес ешетел валютаға сату. Бұл жағдайда шығарушы банк бағалы қағаздар нарығының делдалының қызметін пайдалана алады. Қазақстан Республикасында қаржылық делдалдарының қызметі бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және диллерлік лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы №293 қаулысымен бекітілген Ережемен реттеледі;
3. Акционерлердің арасында тиістімөлшердегі акцияларды бөлу арқылы банктің басқа да меншікті қаражатын капиталға айналдыру (мысалы, жай акцияларды бөлінбеген табысқа немесе дивиденттерді қайта капиталға айналдыру);
4. Банктің бұрыңғы шығарған айырбас акцияларын акцияларға айырбастау;
Бағалы қағаздарды өткізгенде шығарушы банк оның нәтижелерін сараптайды және эмиссия бойынша есеп жасайды. Есепке банк басқармасының төрағасы, бас бухгалтер қол қояды, банктің мөрімен бекітіледі және тіркеуші органға ұсынылады. Бағалы қағаздарды өкілетті органда тіркеу үшін ұсынғанға дейін оларды нақты орналастыру нәтижелері туралы есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілуі тиіс.
Шығарушы банк акцияларының төленгенін растайтын құжаттар қатарына келесілер жатады: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде шығарушы банктің жинақтау шотына ақша қаражаттарының төленгені туралы растайтын төлем құжаттарының көшірмелері; банк басшысы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жарғылық капиталының бөлігінің шығарушы банк ақша қаражатымен төленгені туралы банк анықтамасы; акциялар төлеміне мүліктік салмдар салынғанын растайтын қабылдау-өткізу актілері мен басқа да құжаттар; жарғылық капиталын қалыптастыру туралы аудиторлық қорытынды.
Бағалы қағаздарды шығару және шығарушы банк нақты өткізгенбағалы қағаздар құны қорытындылары туралы есепті тіркеуден өткізген соң өкілетті орган төлемге түскен акциялар қаражатын пайдалану шектеулерін алып тастауға және оларды акционерлік ретінде жарғылық капиталына кірістеуге рұқсат береді.
1.4 Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелердіберумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады. Өзінің қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк өзінің төлем қабілеттілігін және кіріс көлемінің деңгейін арттыра алады.
Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға жататын көсеткіштерге:
1. Меншікті капиталдың минималды көлемі;
2. Активтер бойынша шектеулер мен басқа банктің активтерін сатып алу шарттары кіреді;
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін
арттыру үшін капиталдың төмеңгі
мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті
бақылаушылар, банктердің банкроттықтан
аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті
мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің
банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан
болуы мүмкін, себебі банкті жақсы
басқарса, ол төмеңгі капитал нормасында
жұмыс жасай алады деген
«Капиталдың жеткіліктілігі»
термині банктің жалпы
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төмеңгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын
ұлғайтуға негіз болатын
· Банктердің дивиденттері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
· Банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бырақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Сондықтан, кез келген саяси
немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар
банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына
себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк
капиталының активтерге қатысты
қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі
оның шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі
КII-нің мәні) құрайды.Бұл дегеніміз
банк жүйесіндегі төлем
Демек, банк капиталының
жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк
жүйесін қолдайтын басты
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бырақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төмеңгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Субординарық қарыз – бұл банктің қамтамасыз етілмеген міндеті болып тадылады және жазбаша куәландырылған келісім-шартқа сәйкес, банкті жою кезіндесоңғы кезекте қанағаттандырылатын қарыз (қалған мүлікті акционерлер арасында таратудың алдында). Екінші деңгейлі капиталдың (КII) құрамына енетін субординарлық қарыз, 5 жылдан кем емес бастапқы өтеу мерзіміне ие болуы керек. Сонымен қатар соңғы бес жылдың әрбір жылы бойынша субординарлық қарыздың бастапқы сомасының 20% көлеміндегі сома, меншікті капиталдың есебінен өтеліп отырады.
Қаржылық қадағалау
Активтерді тәуекелділігі бойынша бес топқа бөлінеді:
1. 1 топқа – тәуекелділіктен бос активтер кіреді -0
2. 2 топқа – тәуекелділігі төмен активтер кіреді – 20%
3. 3 топқа – тәуекелділігі жоғары активтер кіреді – 50%
4. 4 топқа – тәекелділігі өте жоғары активтер кіреді – 100%
5. 5 топқа - тәуекелділігі аса жоғары активтер кіреді -100, 150%
2.1.Депозит туралы түсінік
Банк ресурстарының
Нарықтық қатынастардың
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозтттік қаражаттар;
- депозиттік емес қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп тараған депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит - бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар
Пассивті депозиттік операциялар
- бұл клиенттердің уақытша бос
ақша қаражаттарын белгілі уақытқа
және пайыз төлеу шартымен тартумен
байланысты операциалар . Бұл операциялар
көмегімен тартылған депозиттер
пассив жағының көп бөлігін алады
және банктік ресурстарын
2.2. Депозиттің сыныпталуы
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттердің шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, олардың төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категориясына қарай;