Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан нарықтық экономикаға өткеннен кейін елімізде бірқатар өзгерістер орын алды. Соның ішінде банктік секторды дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырды. Біртіндеп жаңа заңдар, нормативтік актілер қабылданып банк жүйесінің дамуына жол ашып берді.
1991-1994 жылдары қаржы нарығы, оның құрамында бағалы қағаздар нарығы қалыптаса бастады. Қалыптастыру саясаты ұлттық кәсіпкерлікті қолдау, ішкі және сыртқы инвестицияларды өндіріске тарту экономика салаларын әлсіз шаруашылық құрылымынан тазарту, экономиканы төлем дағдарысынан шығару және басқа да экономикалық, ұйымдастыру, хұқылық іс-шаралар жүйесінде жүргізіледі.
Бағалы қағаздар нарығындағы банктердің рөлі күшейе түсті, олар өз қызметінің маңызды бағыты ретінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметін қарастырды. Коммерциялық банктер қаржы-несие институттар ретінде бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болып қоймай, сонымен қатар пайданы қалыптастыру мақсатында бағалы қағаздар мен операциялар, инвестициялық қызметпен операциялар жүргізеді.

Содержание

I тарау. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен рөлі.
1.1. Комерциялық банк бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы ретінде.
1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктің жүргізетін қызметтері.
1.2.1.Андеррайтингалық қызмет
1.2.2.Брокер, дилерлік қызмет
1.2.3.Кастодиандық қызмет
1.2.4.Репо операциясы
II Тарау.Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің дамуы мен проблемалары.
2.1. Қазақстандық коммерциялық банктің эмитент ретіндегі қызметіне талдау.
2.1.1.Коммерциялық банктің акция шығару мен тіркеу тәртібі.
2.1.2.Облигацияларды шығару тәртібі.
2.1.3.Сертификаттар мен вексельді шығару және айналысқа ендіру тәртібі.
2.2. Банк – кастодиан проблемалары мен перспективасы.

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер.docx

— 70.99 Кб (Скачать документ)

 Облигациялар  

 Атаулы купондық  облигацияның алғашқы эмиссиясы  07.08.00 ж. КZ75КАМJ8А57 сауда коды -ТЕВN Ь, номинал 100 долл эмиссия көлемі – 5млн долл айналыс кезеңі 19.08.00-19.08.05. КАSЕ «А» категориясының Листинг процедурасынан өтіп, сауда 21.08.00жылы ашылды.  

11 қыркүйек 2001 жылы  КАSЕ басқармасымен шешіммі бойынша атаулы купондық субординацияланған облигациялар банктің екінші эмиссиясында шығарылды. ТЕВN b 2 маркет-мейкер статусы ЖШС «Туран Алем секьютеритиз» жүзеге асырады. Оның минималды котировка көлемі 3000 долл көлемінде .  

 Сонымен қатар банк болашақта  евроноталар шығаруды жобалап  отыр. ААҚ «Темірбанк» КАSЕ еншілес компания  «Temir Capital В.V» құрып 05.10.01 ж. Роттердам қаласында 16.10.01 ж тіркеді. « Temir Capital В.V» - банктік операциялардың 20 000 евро капиталда шығарылған жеке түрлері қызметі болып табылады.                                 
  
  
  
  
  
  
 

 

2.1.1. Коммерциялық банктің  акцияларды шығару  мен тіркеу тәртібі.   

 Коммерциялық банктер акцияларды  меншік капиталды қалыптастыру  мақсатында жарғылық капитал  формасында шығарады. Банктер акционерлік  қоғам түрінле құрылады.  

 Бағалы қағаздардың шығарылымы  инвесторлар саны мен шығарылым  көлеміне қарамастан ҚРҰБ міндетті мемлекеттік тіркеуге ұшырайды.  

 Банк акциясының алғашқы шығарылымы  жалпы ереже бойынша эмиссия  проспектісінің  бір уақытты тіркеуінсіз  тіркеледі. Акциялардың бірінші  шығарылымы жай атаулы акциялардан  құралуы керек, артықшылықты  акциялар бұл кезде шығарылмайды. Бұндай жағдай банктің алғашқы қызмет ету жылдарында артықшылықты акциялар бойынша жарияланған мөлшерімен дивидент төлей алмауымен байланысты болады.  

 Жарғылық капиталын өсіру үшін  акционерлік банк акция шығаруды  тек алдыңғы шығарылған акциялар  бойынша акционерлерге толық төлеуі аяқталғанда ғана мүмкін болады. Жарғылық капитал өскен кезде жай және артықшылықты акциялар шығарылады. Артықшылықты акциялар банктің жарғылық құжаттарында қарсы болмаса әртүрлі номиналдық құнмен шығарылуы мүмкін.  

 Егер банктің бағалы қағаз шығаруын тіркеу эмиссия проспектісінің тіркелуінсіз жүргізілсе, онда шығарылым процедурасы келесі этаптардан құралады:

  • эмитенттің шығарылым туралы шешім қабылдау;
  • бағалы қағаз шығарылуын тіркеу;
  • бағалы қағаздарды тіркеу;
  • шығару нәтижесін тіркеу.

 

   Егер бағалы қағазды шығаруды  тіркеу эмиссия проспектісінің  тіркелуімен жүргізілсе, онда шығарылым  поцедурасы келесі этаптардан  тұрады:

  • эмитенттің шығарылым туралы шешім қабылдау;
  • эмиссия проспектісін дайындау;
  • бағалы қағаз шығару және эмиссия проспектісін тіркеу;
  • бағалы қағаз шығару туралы бұқара ақпарат құралдарында және эмиссия проспектісінің баспасында жария ету;
  • бағалы қағаздарды орналастыру;
  • шығару нәтижесін тіркеу;
  • шығару нәтижесін баспасөзде жариялау.

 

   Бағалы қағаздар шығару туралы  шешім заңға және банктің жарғылық құжаттарына сәйкес өкілеттілігі бар органмен қабылданады. Акционерлердің жалпы жиналысы банктің деректорлар кеңесін жыл араклық жиналыс кезеңінде акциялардың шығарылуын және оның көлемін жүзеге асыруы туралы шешеім қабылдайды. Банк кеңесі акционерлердің кезекті жиналысында өткен жылдың белгіленген жарғылық капиталының өсімшесі туралы есеп береді. Шығару туралы шешім оның тәртібі, құрылу көздері, жүзеге асыру әдісі мен мерзімі туралы жалпы жағдайларды ескеруі керек.  

 Эмиссия проспектісі  банктің басқармасымен дайындалып, Басқарма төрағасымен қол қойылып,  бас бухгалтермен құжатталып, тігіліп банк мөрімен басылады. Эмиссия проспектісі тәуелсіз аудиторлық фирмамен расталуы керек. Проспект мына мазмұнаннан тұрады:

  • эмитент туралы мәліметтер;
  • эмитенттің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер;
  • шығарылатын бағалы қағаз туралы ақпарат.

 

   Акция шығаратын банк соңғы  үш қаржылық жыл ішінде немесе  құрылу кезеңінен бастап шығынсыз  қызмет етуі керек. Жаңадан құрылған банктер үшін акцияларды шығару тек банктің есеп айырысу және кепілдендіретін сәйкес құжаттарды растайтын, яғни толық қаржылық жыл аяқталысымен банк пайда алатынын кепілдендіретін мәліметтер қарастырады. Сонымен қатар, банк-эмитенттер мемлекеттік органдар тарапынан санкцияларға ұшырамауы салық бойынша бюджетке қарыз болмауы және эмиссия проспектісін құраған кезде несиелік қарыздың болмауы, Ұлттық Банкте алынған крреспонденттік шот бойынша дебеттік сальдоның қарызы болмауы керек.   

 Акция шығарылымын тіркеу кезінде  оларға мемлекеттік тіркеуші номер беріледі. Егер банк бірнеше типті акциялар бойынша шығаруды жүзеге асырса, оларға бірегей комплекті тіркеуші құжаттар толтырылады. Бірақ акцияның әрбір түрі өзінің жеке тәртіптік және мемлекеттік тіркеуші номірге ие болады. Параметрлерді есекеретін акцияларлың қайталамалы шығарылымы алдыңғы шығарылған акциялар сияқты өзінің ұлттық идентификациялық номірін сақтайды.  

 Эмиссия проспектісін тіркегеннен  кейін банк-эмитент оны сатып  алушыларға ақпарат ретінде қажетті  деңгейде, көлемде басылымға шығарады. Осымен бірге бұқара ақпарат құралдарында акциялардың келешек сатылатын шығарылымы туралы ақпарат жариялайды. Онда акцияның түрі, жүзеге асыру көлемі мен бағасы, матудың мерзім басы ммен аяқталуы, сатып алушылардың акция проспектісімен танысуға болатын орны және сатып алу орны көрсетіледі.   

 Акция шығарылымын жүзеге асыратын  банктер бекітілген формада жыл  сайынғы есеп беруде жүзеге  асырады. Ол келесі бөлімнен  тұрады:

  1. банк туралы мәліметтер; толық және қысқартылған аты, 5 процент жарғылық капиталда иеленетін акционерлердің тізімі; банктің Кеңесі мен Басқармасының мүшелер тізімі;банктің басқа кәсіпорындар, фирамалар мен ұйымдардағы жарғылық капиталдың 5 процент үлесі, оның бөлімдері; филиалдарымен өкілдіктерінің тізімі;
  2. банктің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер; қаржылық жыл нәтижесі бойынша бухгалтерлік баланс; банк пайдасын қолдану туралы есеп беру; резервтік қордың қаражаттарын құру және пайдалану туралы есеп; санкциялар туралы ақпарат; банкпен шығарылған акциялар және басқа да бағалы қағаздар туралы есеп беруі. Жылдық есеп беру тәуелсіз аудиторлық фирмамен расталуы керек.

 

 

2.1.2. Коммерциялық банктердің  облигация шығару  тәртіптері.    

 Қосымша ақша қаражаттар тарту  мақсатында банктер активті операцияларын  жүзег асыруы үшін облигациялар  шығаруы мүмкін. Облигация шығарудың басты шарты банктің шығарған акциялары бойынша толық төленуі. Заңдық және нормативтік құжаттраға сәйкес акциялар мен облигацияларды бір уақытта шығаруға тиым салынған.  

 Сонымен қатар, облигацияны шығару  банктің қызмет етуі үш жылдан кем емес уақытта жүзеге асырады. Облигациялар атаулы, ұсынушыға қолма-қолсыз түрде деп бөлінеді. Облигация шығарылымын тіркеу акция шығарылымы мен тіркеудің жағдайларына ұқсас эмиссия проспектісін жүргізеді. Эмиссия проспектісін тіркеп, жарияланғаннан кейін банк-эмитент облигация шығарылымын жүзеге асыруға құқығы бар. Банк қаржылық делдалдық көмегіне жүгінуі мүмкін.  

 Банк бұрын шыққан конвертталған  облигацияның орнына жаңа заңмен  шығарылым шарттарына сәйкес  жаңадан шыққан бағалы қағаздарға  айырбасталуы мүмкін.   
 

2.1.3. Коммерциялық банктердің  сертификаттрамен  вексельдерді шығару  және айналдыру  тәртібі.   

 Коммерциялық банктің эмиссиялайтын  басқа да бағалы қағаздарына  депозиттік және жинақтық сертификаттар  жатады.  

 Депозиттік немесе  жинақтық сертификат – бұл  банк-эмитенттің салымшы құқығын  растайтын немесе депозит сомасының  бекітілген мерзімі бойында және  ол бойынша процент есептеуде  оның құқығын айқындайтын ақша-қаражаттар салымы туралы жазбаша куәлік.  

 Сертификатты шығару құқығы коммерциялық банктерге олардың банктік қызметі 1 жылдан аз емес, аудиторлық фирмамен қаржылық жылдық есеп беруі расталған болғанда, банктің заңдық және нормативтік актілеріне сай орындағанда беріледі.   

 Сертификат келесі міндетті реквизттерді  қамту керек:

  • аты «депозитті (немесе жинақтық) сертификат»;
  • сертификат беру себептері;
  • енгізген күні, сомма;
  • банктің депозитке салған сомасын қайтару міндеттемесі;
  • сертификат күнін талап ету күні;
  • процент ставкасы мен алынатын проценттер сомасы;
  • банк-эмитенттің мекен-жайы;
  • бұл келісімді құжаттауға дайын екі тұлғаның қолы, банк мөрімен расталған.

 

   Салымшы статусына байланысты  сертификаттар депозитті және  жинақтық болып бөлінеді.   

 Депозитті сертификаттар заңды  тұлғалар, ал жинақтық  - жеке тұлғалар  үшін шығарылады. Олар мерзімді бағалы қағаз болып табылады, яғни онда айналыс мерзімі көрсетіледі. Депозитті сертификат айналысының максималды мерзімі 1 жыл, ал жинақтық – 3 жыл. Екеуі де табысты бағалы қағаз түрі болғандықтан есеп айырысу немесе төлем құралы ретінде қызмет ете алмайды. Депозиттік сертификат заңды тұлғадан тек заңды тұлғаға берілсе, сәйкесінше жинақтық жеке тұлғадан жеке тұлғағ беріледі. Атаулы сертификат бланкісі басқаға беру қолдарын қамту керек.  

 Банкпен шығарылатын сертификаттар  типографиялық әдіспен, талаптарға сай болуы керек және бағалы қағаздың мұндай түріне сәйкес келуі жөн.  

 Банктер тәжірибесінде өзіндік  (меншіктік) вексельдерді шығару  кең қолданыс тапты, ол банктерге  қаражат көлемін ұлғайту үшін, ал клиент үшін әмбебап төлем  құралын алу үшін керек. Коммерциялық банктердің өзіндік вексельдерді шығару тәртібі «ҚР-ң екінші деңгейлі банктерде вексельдерді есептеу тәртібімен» Ұлттық Банк Басқармасының 15 қараша 1999 ж № 396қаулысымен регламенттеледі.   

 Банктік вексель заңды немесе  жеке тұлғаның банкке теңге немесе шетел валютасында салған депозиттік сомасын куәләндырады. Өз алдына банк вексельдегі төлем мерзімі бойынша оны ұсынған кезде төлеуге міндеттенеді.  

 Коммерциялық банктер тек жай  вексельдерді ғана шығарады. Вексель  оны ұстаушының кез келген төлемдер бойынша есеп айырысу түрі болып келеді. Оны басқаға беру индосомент көмегімен немесе вексельде қосымша берілетін «аланж» түрінде жүзеге асырылады.  

 Вексель өтімділігі келесілермен  анықталады:

  • банк-эмитентте вексельдік ұзақ мерзімді өтелуі;
  • коммерциялық банктің біреуінде вексель есебімен.

 

   Қазіргі кезде коммерциялық банктермен  шығарылатын валюталық вексельтер  валюталық ресурстарды тарту  құралы ретінде қолданылады.  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

 

 

 

 

2.2. Банк-кастадианның  проблемалары мен перспективалары.   

 Қазақстандық банк кастадиандар  нарықтың құрылуында бірқатар  проблемаларға тап болады:

  • эмитенттердің салыстырмалы жабықтығы;
  • олардың қаржылық жағдай туралы мәліметтерін алу қиындығы;
  • бағалы қағаздар иеленушілердің мәліметтер базасын жоғалту мүмкіндігінен сақтанбайтын салыстырмалы түрде шағын компания ретінде шығатын регистраторлардың әлсіздігі;
  • бағалы қағаздар иесі алдында эмитенттердің төлем міндеттемелерін уақытылы қайтармау;
  • инвесторлар мүддесі мен құқығымен саналатын эмитенттердің психологиялық дайын болмауы.

 

   Біздің елде кастсдиандық қызметтің  даму болашағы технологиялық  факторлармен, персонал мен қызметтің  жаңа формасының кәсіби мамандығымен  анықталады. Артықтылықтарға жататындар:

  1. Жеке инвесторлардың қаражаттарын үздіксіз инвестициялау механизмі. Банк-катадиан өз клиенттерімен шоттарды ашуға келісім жасайды, ал оны бағалы қағаздар портфелін басқаруға лицензиясы бар брокерлік компаниялар басқаруды жүзеге асырады. Шот ашу кезінде клиент екі бірдей келісім-шартқа қол қояды: банк-катадианмен кастадиандық қызмет көрсету келісім шарты және брокермен активтердібасқаруды сенімділік келісім-шарты.
  2. Интернет жүйесі даму контесіндегі технологиялық фактор қарастырылады. Кастадиандардың интернетті пайдалану клиенттермен On Line режимінде ақпараттар алмасуды аз шығынмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Интернетті қолдану бағалы қағазаздар нарығында қатысушылар және кастадиандық қызметке сұраныс туғызатын, ынталандыратын жасалу мәмілелерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
  3. Ұлтты<span class="Normal__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; font-size: 14pt; color: #

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер