қазіргі жағдайы мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Экономикасы дамыған елдерде қаржы нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Маманданған қаржы-несие институттары (немесе оларды парабанктік мекеме деп атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет түрін көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3

1 Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері
1.1 Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері…………..………………………8
1.2 Валюта нарығы – қаржы нарығының маңызды бөлігі……………...……..18
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы…………………………..22
1.4 Зейнетақы нарығының қызмет етуі…………………………...……………25

2 Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау……………………..……………..34
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау………….….41
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері…….……………..49
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру..………………….65

3 Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы…………...……………………………..71
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері…………...…….74
3.3 Алматы – халықаралық қаржы орталығы ретінде…………………………81
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….....99

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе!.docx

— 24.85 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  қаржы нарығы: қазіргі жағдайы  мен даму болашағы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3

 

1 Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері

1.1 Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері…………..………………………8

1.2 Валюта нарығы –  қаржы нарығының маңызды бөлігі……………...……..18

1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы…………………………..22

1.4 Зейнетақы нарығының қызмет етуі…………………………...……………25

 

2 Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау

2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау……………………..……………..34

2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау………….….41

2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері…….……………..49

2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру..………………….65

 

3 Ұлттық қаржы нарығының  жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері  мен даму болашағы

3.1 Ұлттық қаржы нарығын  аймақтық және дүниежүзілік қаржы  орталықтарына айналдыру болашағы…………...……………………………..71

3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері…………...…….74

3.3 Алматы – халықаралық қаржы орталығы ретінде…………………………81

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...94

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………….....99

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Экономикасы дамыған елдерде қаржы нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Маманданған қаржы-несие институттары (немесе оларды парабанктік мекеме деп атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет түрін көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп, Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және сондай операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әртүрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы несие жинақтау мекемелері инвестициялық қорлар немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және тағы басқа.

Өркендеген мемлекеттерде бұл институттар, яғни банктік емес мекемелер, коммерциялық банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, фирмалар мен компанияларға сан алуан түрде қызмет көрсетті. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өту шағында бұл мәселелер бойынша әлемдік тәжірибеге қызығушылық болуы.

Маманданған несие-қаржы институттарының кейбір шаруашылық аясында кең түрде қызмет көрсетуде:

1. Халықтың ұсақ жинақтарын  тартуда;

2. Ипотекалық несие беруде;

3. Тұтыну несиесін беруде;

4. Ауыл шаруашылық несиесін беруде;

5. Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда;

6. Өнеркәсіп компанияларының бағалы қағаздарын орналастыру мен капитал инвестициялауда.

Айта кететін жәйт, революцияға дейінгі Ресейде, одан соң КСРО және жаңа экономикалық саясат пен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарында несие институттарының кейбіреулері мысалы, несиелік серіктестіктер өзара несиелеу қоғамдары, несиелік одақтар және тағы басқа олардың түрлері болады: қазірде банктік емес мекемелерге кәсіпорындардағы өзара көмек кассаларын, ломбардтарды, шаруа қожалық ассоциацияларында құрылған есеп-айырысу қаржылықтарын кіргізуге болады.

Бірсыпыра мемлекеттерде маманданған несие-қаржы институттарына: жинақ мекемелері, сақтандыру компаниялары, қаржы компаниялары, ақша нарығындағы өзара қорлар жатады.

Экономиканың тиімді қалыптасуы мен жұмыс істеу жақсы дамыған

қаржы нарығын талап етеді.

Қаржы жүйесі – ол мемлекетте қалыптасқан ақшалай қарым –қатынастың жиынтығы.

Қаржы жүйесі – ол қаржы мекемесінің жиынтығы.

Қаржы институттары – мемлекеттік салық қызметінің барлық бөлімшелері мен мемлекеттің барлық қаржы мекемелері. Оларға: банктер, банктік емес несие ұйымдары, биржалар, инвестициялық институттар, сақтандыру компаниялары, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, лизингтік компаниялар және басқалар жатады. Бұл мекемелердің көбісі қаржы делдалдары ретінде қызмет етеді.

Қаржы делдалдары – ол азаматтар мен шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттарын жинақтап, оларды материалды өндіріске тиімді жұмылдыруы және табысты қызмет арқасында көбейтетін экономикалық субъект. Қаржы делдалдары азаматтар мен қаржы шаруашылық субъектілер, материалды өндіріс пен қаржы мекемелері арасында қызмет етуіне байланысты осылай атайды.

Қаржы нарығы – қаржы  активтері мен осы активтердің сатып алушысы және сатушысы арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынас аясы.

Актив – шаруашылық субъект  пен азаматқа тиесілі мүліктік құқықтар жиынтығы.

Қаржы активі – ол қаржы нарығының тауары. Оларға: ақша, бағалы қағаздар, зейнетақы полистері, медициналық полис, сақтандыру куәлігі, құймадағы аса құнды металдар (зергерлік және тұрмыстағы заттардан басқа).

Ел экономикасындағы қаржы  нарығының рөлі оның атқарым қызметтерінен айқындалады. Қаржы нарығының атқарым қызметтері:

1. Қаржы активтерінде түйінделген құн мен тұтыну құнын сату. Мұнда ақшаның қаржы активіне айырбасталуымен аяқталатын қоғамдық өнім құнының қозғалысы болады. Бұл тауар – ақша қатынасы актінің аяқтауын, қаржы активінде түйінделген құнның сатылуын білдіреді.

2. Қаржы активтерін өткізу осы активтерді шығару мен айналымға

кеткен шығындарды қайтару және олардың алдағы уақытта шығару

мен айналым процесін бірқалыпты қамтамасыз ету.

3. Қаржы активтерін тұтынушыларға дейін жеткізу процесін

ұйымдастыру. Бұл атқарым қаржы активтерін стау үшін түрлі

институттар жүйесін құру арқылы айқындалады (банктер, биржалар,

брокерлер, инвестициялық қорлар). Оның міндеті тұтынушылардың

ақша активтерін айырбастау үшін қолайлы жағдайлар жасау.

4. Инвестициялау мен тұтыну процесін қаржылай қамтамасыз ету. Бұл қаржы нарығында кәсіпкерге өз қызметін жүргізу үшін жеке тұтынымды қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын жинауға жағдай жасау. Қаржы ресурстарын жинау процесі – капиталдың жинақталуы несиесіне айналуын білдіреді.

Ақша айналымына әсер ету. Бұл түрлі төлемдерді жасау процесінде ақша қозғалысының үздіксіздігі және айналымдағы ақша массасы көлемін реттеу үшін қаржы нарығында жағдай жасау. Бұл қызмет арқылы мемлекеттің қаржы нарығы арқасында ақша саясаты жүзеге асады.

Диплом жұмысының өзектілігі қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар. Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, валюта нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңда қызмет етуі аталған жұмыстыңзерттеу объектісі болып табылады.

Американ әдебиетшісі Уилл Роджерс (1879-1935) – ықылым заманнан бері әлемде үш әйгілі өнертабыс: отты пайдалану, дөңгелек және орталық банк жүйесі болды деп санаған. Бұл пікіргекеліспеу мүмкін емес, себебі, қаржылық түнініксіздіктер мен ретсіздіктерді банкілер рет пен тәртіпке келтірудің ерекше жүйесін енгізеді. Алайда, банкілердің рөлін дұрыс ескеру қажет. Кейбір қаржылық емес салада, бұл институттар қаражаттарды табыстаған (аударған) кезде бар болғаны делдал ғана болады деген пікір қалыптасқан. Банкілердің қызмет ету аясымен олардың атқартын нақты қызметі әлдеқайда күрделі болатындықтан, бұл – біршама үстірт пікір. Нарық қатынастарына көшкеннен бастап олардың рөлі де арта түсті, міндеттері де өзгерді.

Валюта нарығы қаржы нарығының  ерекше маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл нарықтағы механизмнің көмегімен валюталарды сатушы мен сатып алушы арасындағы құқықтық және экономикалық қарым-қатынастар орнатылады, сонымен қатар, елдің жүргізіп жатқан валюталық саясаты бүкіл қаржы нарығына тікелей әсер етіп отырады.

Сақтандыру нарығы қаржы  нарығың маңызды сегменті болып табылады. Сақтандыру – бұл тәуекелді бөлу туралы келісім. Қаржы нарығы әрқашанда тәуекелге бейім болғандықтан, сақтандыру нарығы да қаржы нарығының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.

Жоғарыда аталған себептерді ескере отырып, диплом жұмысын жазуда мынандай міндеттер қойылады:

- қаржы нарығының құрамдас  бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығын, валюта нарығын, сақтандыру нарығы мен зейнетақы нарығының қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру;

- банктік жүйенің дамуына әсер ететін факторларды айқындау;

- валютан нарығының экономикалық көрсеткііштерін талдау;

- сақтандыру нарығының  дамуына кедергі болатын себептерді анықтау;

- зейнетақымен қамсыздандыру  жүйесін жетілдіру механизмін зерттеу;

- ұлттық қаржы нарығының  даму болашағын анықтау.

Диплом жұмысының құрылымы үш негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығының, валюта нарығының, сақтандыру нарығы мен зейнетақы нарығының қызмет ету ерекшеліктерін қарастырылды. Екінші бөлімде Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдауы жасалынды. Үшінші бөлімде Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы зеттеуге түсті.

Диплом жұмысының теоретикалық-әдістемелік  негізі ретінде аталған мәселе бойынша отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарында басып шығарылған мәліметтер мен статитстикалық көрсеткіштер қолданылды.


Информация о работе қазіргі жағдайы мен даму болашағы