Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2015 в 22:07, курсовая работа
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Кіріспе ………………………………………………………………………….3
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы .........................................................................5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ........................................................................9
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау...............................................12
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ................................17
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және
жетілдіру жолдары..................................................................................25
Қорытынды ........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................30
Ұлттық банктің қолмаөқол ақша қаражатын шығаратын,теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсуді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар.Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып,оларды жаңасымен айырбастап,тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып,бірінші класты ( жоғары өтімді,қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді.Ұлттық банк- екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші.Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген,ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тұртіппен және мерзімге береді.Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тұртібін анықтап,қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден,үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды.Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып,олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады /8/.
Бесіншіден,банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында,сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді.Барлық банктер,банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі,есептеу,есептесу,валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың ,бухгалтерлік,банктік және басқа есептін мерзімін,формасын,тұртібін және әдісін бекітіп, сондай-ак олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шакырып бакылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, ваюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тұртібін белгілеп , шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды .
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару , әкелу,әкету және салып жіберу тұртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын тұртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жургізеді.
Жетіншіден , елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралың Заңкуші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден /сатып алушылардан/ Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік /бюджеттік/ резервке алынған қундылықтарды қабылдайды.Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын,
монеталарды,өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты:жарғылық, резерв капиталынан , қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан /резервтерінен/ құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан , мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жаргылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан тускен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:
. алтыннан:
. банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан:
. Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан:
. шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып,кепілдік берген бағалы қағаздардан:
.шетел валютасындағы жай және аударым вексельден:
. өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар /резервтер/ Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа да активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің , оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы /тозуы/ қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының үлесіне жіберіледі.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі /Директорат/ саналады. Оның жоғарғы органы-Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мушелерінен тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады /9/.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды.Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы.Оны қызметтен Президент босатады.Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты.Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жылмерзімге бекітеді.Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады.Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе,онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде,бірақ айында кемінде 1 рет өткізіп,онда Ұлттық банктің ,жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды,ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган –
Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралың Заңкүші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып,оған есеп беруге міндетті.
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
Елдің несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің рөлі мен орнын бөліп көрсету, олардың қоғам ішінде, жалпы мемлекет экономикасында маңыздылығын ашу – бұл бөлімнің басты мақсаты.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» және 1995 жылы 31 тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін коммерциялық банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді. /6/
Кесте 2
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктердің сандық құрамы
кезеңнің басына
Банк түрлері |
01. 1999 |
01. 2000 |
01. 2001 |
01. 2002 |
01. 2003 |
01. 2004 |
01. 2005 |
01. 2006 |
Екінші деңгейдегі банктер бар оның ішінде: |
130 |
101 |
82 |
71 |
55 |
47 |
44 |
38 |
Мемлекеттік |
4 |
4 |
6 |
1 |
1 |
1 |
2 |
2 |
Мемлекетаралық |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
Шетел капиталының қатысуымен |
8 |
9 |
22 |
23 |
22 |
16 |
16 |
17 |
Еншілес банктер |
5 |
5 |
7 |
11 |
12 |
12 |
11 |
11 |
Ескертпе: сандық мәліметтер ҚР Ұлттық банктің №1 2000-2003 жж.статистикалық бюллетенінен алынған.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын рөлін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер қаржы нарығында ең маңызды делдалдық қызметті атқарады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеретегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды ). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларында қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.
Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.