Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 20:48, реферат

Краткое описание

Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

І.Кіріспе
Ақша түсінігі.
1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі,
экономикалық мәні
2 Несие ақшалар
3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы
4 Ақша айналысының заңдары
5 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге
ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша түсінігі.DOC

— 205.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

І.Кіріспе

Ақша  түсінігі.

1 Ақшаның      және   экономикалық категория  ретіндегі түсінігі,

экономикалық  мәні   

2 Несие ақшалар

3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы

4  Ақша айналысының заңдары    

5 Қазақстан Республикасының ұлттық  валютасы – Теңге

ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда  болуына, құрылымына, маңыздылығына  теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған  ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол  тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға  бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

  1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
  2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
  3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.   

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем  құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар  болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.

Мен, курстық  жұмыстың бірінші бөлімінде –  Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін.

Екінші бөлім  – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ақша  түсінігі

 

1.1 Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Ақша қызметінің эволюциясы.

 

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар  өндірісінің дамуындағы бірден-бір  шарт және өнім болып табылады. Тауар  — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің  өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша .

Әрбір ерекше тауар  міндетті түрде тұтыну кұны ретінде  көрінеді. Оның кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Тауар өндірісінің  өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар — барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.

 

Тауар айналысының  тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.

Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі  халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер  болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген “біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп аталынды.

Капитал сөзінің  шығуы да малменен байланысты, өйткені  ескі герман тілінде бұл сөз мал  басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік    халықтары    ең    бірінші    тауар    ретінде    айырбас  үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде колданды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды.

Әлемде әр түрлі  экзотикалық ақшалар болған. Каролин  аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде  кұлдарды пайдаланды. Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға  теңестірілді.

Өнер мен  жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің  жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері — зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, тағы басқа..

Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды.

XVII ғасыр Солтүстік  Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын  дөңгелекшелер колданылды.

Металл ақшаларының  артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі  салмағының жүйесі нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың  арасында басты роль алтын мен  күміске өте бастады, өйткені  олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар  формасын сақтап келді. Темір ақшалар  күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа  формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма - бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

Монеталардың  пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

Егер де монетаның  номиналды құны, сол монетаның  құрамындағы металдың құнына тең  болса, онда ол – толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз  – билонды ақша деп атаймыз.

Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:

Биметаллизм – Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады.

Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады.

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

XIX ғасырда социал  утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама  эквивалент.

Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға  бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген".

Алтын жалпыға  бірдей эквивалент рөлін орындау  үшін ең бір 
лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі.

Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 %  кұрады.

Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның  ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр.

Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен      бірге      электронды-есептеуіш      және      компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады.

Жасанды алтынды  ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты  толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері  нәтижесінде  нағыз  алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

 

 

1.2 Ақшаның  қажеттілігі мен экономикалық  мәні

 

Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар  арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория  болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:

  1. жалпыға тікелей айырбасталу;
  2. айырбас кұнының дербес формасы;
  3. оның сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей  айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау, мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі кысқарды және тек коғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру    процестерінің   жүруімен    байланысты,    жалпыға    тікелей айырбастау формасында ақшаны тікелей пайдаланудың көлемі едәуір кеңейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге