Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 22:27, реферат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің маңызы, қызметі, функциялары
Негізгі бөлім
1.Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы
1.2. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы
2. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
3. Тәуекелдер картасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің маңызы, қызметі, функциялары
Негізгі бөлім
1.Кредит
нарығының жағдайы және
1.2. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы
2. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
3. Тәуекелдер картасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
Жүктелген міндеттерге сәйкес Ұлттық Банк аумақтық филиалдар мен ведомстволарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Ұлттық Банк туралы ережеде көрсетілген функцияларды орындайды.
Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас органның ролiн атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.
Ұлттық банк - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға: Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады; Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген
мiндеттерге сәйкес мынадай
– Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;
– Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
– банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
– төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
– Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
– Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
2014 жылғы 2-тоқсанда өткен кезеңмен салыстырғанда сұраныс пен ұсыныстың өсу динамикасы өзгерді: кредиттік ресурстарға ұсыныс кредиттеудің барлық секторы бойынша шамалы бәсеңдеді; қаржылық емес ұйымдар сұранысының өсу қарқыны шамалы ұлғайды; жеке тұлғалар сұранысының теріс динамикасы басым түрде ипотекалық кредиттер сұранысының өсуі есебінен оң болып өзгерді.
Корпоративтік сектор үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуі жалғасып отыр. Сонымен бірге, жалпы алғанда мемлекеттік бастамалар өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта бизнесін қаржыландыру бағдарламасы сияқты кредиттерге қолжетімділіктің артуына және экономиканың басым секторларының дамуына себепші болады. Сонымен қатар, қарыз алушылардың сақталып отырған жалпыэкономикалық, салалық және жеке тәуекелдері, банктерді ұзақмерзімді қорландырудың болмауы кредиттер ұсынын және олардың корпоративтік сектор үшін қолжетімділігін шектейді. Бұл ретте тұтынушылық кредиттеу қалыптасқан жағдайда банктер үшін бизнестің неғұрлым тиімді түрі ретінде реттеушілік шектеулермен тежеледі.
Тұтынушылық, оның ішінде қамтамасыз етілмеген қарыздар портфелінің артық өсуіне байланысты тәуекелдерді шектеуге бағытталған реттеуші шаралар банктердің кредиттік саясатын қайта қарауға мәжбүрлейді: егер 2013 жылы банктердің несие портфелінің өсу драйвері кепілсіз тұтынушылық кредиттеу болып табылса, онда қазіргі кезде банктердің назары жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін тұтынушылық кредиттер және автокредиттеуге ауысады.
Қайта құрылымдауға және жұмыс істейтін қарыздар бойынша кепілді өндіріп алуға қарамастан, несие портфелі сапасының айтарлықтай жақсаруы болмайды. Несие портфелі сапасының жақсару процесінің жеделдеуін банктер экономиканың нақты секторын кредиттеуді ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жұмысының жалғасуымен, сондай-ақ Қазақстанның сот-орындаушылық жүйесін жетілдірумен байланыстырады, бұл несие портфелін уытты қарыздардан тазарту жөніндегі іс-шаралар кешенін кеңейтуге мүмкіндік береді.
1.2. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы
Банктер 2014 жылғы 2-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты қалыпты кредит саясатын ұстанды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда кәсіпорындар үшін кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне әсер етті (2-диаграмма).
2014 жылғы
2-тоқсанда орта бизнеске
Жалпы алғанда консервативтік кредит саясат және банктер тарапынан ұсыныстың өсуінің бәсеңдеуіне, банктердің пікірі бойынша, қорландырудың шектеулігі және құнының жоғары болуы, сондай-ақ кейбір қарыз алушылардың қаржылық жай-күйінің нашарлауын күтулер себепші болды. 2014 жылғы 3-тоқсанда кредит саясаты бизнес субъектілеріне қатысты бұрынғы деңгейде қалады деп күтілуде: банктердің 94%-ы оны өзгеріссіз сақтауды жоспарлап отыр, ал респонденттердің 3%-ы қатаңдайтынын және сонша банк басым түрде шағын бизнеске қатысты жұмсаратыны сақталатынын болжам отыр.
1-диаграмма. Кредиттеу субъектілеріне қатысты кредиттік саясаттың өзгеруі
Дерек көзі: ҚРҰБ
2-диаграмма. Кредиттік ресурстарға арналған сұраныс пен ұсыныстардың өзгеруі, респонденттердің %-ы (корпоративтік сектор)
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
Ескерту:
Кредиттік ресурстарға қолжетімділік
кредит алуға өтініш берген, бірақ
оларды алмаған
2014 жылғы
1-тоқсандағы зерттеу
3-тоқсанда
2014 жылғы 2-тоқсанға қарағанда
3-диаграмма. Кредиттеу объектілері
мен мақсаттары бойынша |
4-диаграмма. Банктік кредиттер есебінен
қаржыландырылатын |
Дерек көзі: ҚРҰБ |
Дерек көзі: ҚРҰБ |
Ескерту: *ҚРҰБ өткізетін нақты сектордың кәсіпорындары мониторингінің деректері бойынша |
Осылайша, банк жүйесіндегі орташа және ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің шектеулігі және жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары үлесі негізгі факторлар болып қала береді, олар алдағы кезеңдерде қаржылық емес ұйымдарды кредиттеуге ықпал ететін болады. Бұдан басқа, геосаяси тәуекелдер нарықтағы кейбір екіұштылыққа әкеледі, осыған байланысты кейбір банктерде капиталдың сыртқы нарықтарынан ресурстар ағынына сенімділік жоқ. Бұл корпоративтік сектор тарапынан сатуды шектеуге және кредиттік ресурстарға қалаулы көлемдегі нақты сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді.
Жалпы алғанда, көптеген банктер үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің қазіргі кездегі деңгейі қолайлы болып табылады, өйткені қорландырудың жоғарғы құны мен кредиттік тәуекелдің орын алып отырған деңгейі банктерге пайыздық мөлшерлемелерін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік бермейді (5-диаграмма) .
5-диаграмма. Кредиттер бойынша
орташа сараланған пайыздық
Дереккөзі: ҚРҰБ |
* Банктердің кредиттері бойынша есепте кезеңде ұсынылған орташа сараланған пайыздық мөлшерлеме (банкаралық кредиттер мен резиденттерді есептемегенде). |
2. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
Сұраныс өткен кезеңде төмендегеннен кейін, 2014 жылғы 2-тоқсанда кредиттерді ұсынудың өсімі одан әрі баялау аясында, көбінесе ипотекалық кредиттерге сұраныстың оң өсімі байқалады. Сондай-ақ қазіргі кезде банктердің кредиттік саясаты қарыз алушылардың дефолт санын шектеу мақсатында, бөлшек портфельдің орташа және сапалы өсуіне бағытталған.
Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің маңызы, қызметі, функциялары