Ақша-несие саясатына байланысты өзгеристер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 09:05, статья

Краткое описание

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

акша несие саясат озгерис.docx

— 16.19 Кб (Скачать документ)

Ақша-несие саясатына  байланысты өзгеристер

 

     Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

     ҚҰБ ақша-несие  саясатының басты мақсаты: ұлттық  валютаның тұрақтылығын, яғни оның  төлем қабілеттілігі мен басқа  шетел валюталарына қатысты түрактылығын  қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

    Ақша-несие саясатының  макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі  — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық  Банк тарапынан реттеу объектісіне  экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

    Соңғы жылдардағы  ақша-несие саясатының басты көздеген  бағыты: инфляцияны төмендету және  теңгені тұрақтылығын қамтамасыз  ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық  Банк қатаң ақша-несие саясатын  жүргізуде.

     Қазақстан  Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие  саясатын (бұдан әрі — АНС)  жүргізуші болып табылады. Нақтырақ  айтсақ ақша-несие саясатының  бағдарламасын және қайта қаржыландыру  мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы  анықтайды, ал Директорлар кеңесі  оны жүргізеді және өзге ресми  мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен  қатар АНС-ның жүзеге асырылуына  ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі  Техникалық комитеті тікелей  жауап береді. Техникалық комитет  әр апта сайын АНС-на байланысты  мәжіліс өткізеді және ұсыныстар  жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден:  басшы, екі орынбасары, төрт департамент  директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық  қадағалау агенттігінен бір өкіл  кіреді.

    АНС -ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):

несиенің бағасын (Р —  сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;

коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.

   Ақша несие саясатына  байланысты өзгеристер:

 

- Жалпы макроэкономикалық  үрдістер

 

2012 жылы Қазақстанда экономиканың  өсуі аздап баяулады. 2012 жылғы  қаңтар-қыркүйекте жалпы ішкі  өнімнің нақты өсуі 2011 жылдың  тиісті кезеңімен салыстырғанда  Қазақстанда 5,2%, номиналдық көрсетуде  13,5%-ды құрады. Үдемелі өсу қарқыны  сауда (2011 жылдың  тиісті кезеңімен  салыстырғанда 2012 жылғы қаңтар-қарашада 14,3%), байланыс (17,4%), көлік (7,1%) сияқты  салаларда байқалды. Өнеркәсіптің  дамуы  біршама баяулады (0,4%), ауыл  шаруашылығында өндіріс көлемі  қысқарды (-18,5%).

Тұтастай алғанда экономика  болжамды шектерде дамуда, макроэкономикалық  дамудың 2012 жылдың қорытындылары бойынша  нәтижелері жоспарлы деңгейде қалып  отыр.

 Үлестік белсенділіктің 2012 жылы өсу факторларының бірі  банк секторының кредиттік белсенділігінің  өсуімен және халықтың ақшалай  кірісінің ұлғаюымен байланысты  экономикадағы жалпы сұраныстың  кеңеюі болды. Мәселен, орташа  айлық жалақы 2012 жылғы қазанда  2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 3,0%-ға (2011 жылы 14,1%-ға) өсті. Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі аздап: 2012 жылғы қаңтардағы 5,4%-дан 2012 жылғы қарашада 5,3%-ға дейін төмендеді.

   

- Банк секторының үрдісі

 

 Банк секторы 2012 жылы  қалыпқа келудің баяу, бірақ тұрақты  динамикасын көрсетті. 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша  банктің активтері жыл басынан  бері 0,9 трлн. теңгеге немесе 7% ұлғая  отырып, 13,7 трлн. теңгені құрады.

2012 жылғы қарашаның қорытындысы  бойынша кредиттердің көлемі  жыл басынан бері 10,5% ұлғая отырып, 9,7 трлн. теңгеге жетті. Бұл ретте  ұлттық валютамен кредиттеу 6811,5 млрд. теңгеге 19,9% ұлғайды дейін,  ал шетел валютасымен кредиттеу  2926,0 млрд. теңгеге дейін 6,5% төмендеді.

 Резиденттер депозиттерінің  көлемі 2012 жылғы қаңтар-қарашада 9,1 трлн. теңгеге дейін 8,3% ұлғайды.  Заңды тұлғалардың депозиттері  3,7%, жеке тұлғалардың депозиттері  17,9% өсті. 2012 жылғы қаңтар-қарашада  шетел валютасындағы депозиттер 2833,4 млрд. теңгеге дейін 7,7%, ұлттық  валютадағы депозиттер 6252,1 млрд. теңгеге  дейін 8,6% ұлғайды. Халықтың мерзімі  салымдары 2012 жылғы 11 айда 17,6%, оның  ішінде ұлттық валютадағы салымдары  20,3% ұлғайды.

Банктердің қорландыру базасын  қалыптастыру кезінде ішкі көздердің  орнықтылығын арттыру, қаржы жүйесінің  тұрақтылығын және депозиторлардың  мүдделерін қорғау мақсатында 2012 жылғы  қыркүйекте Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорының жарғылық капиталын 146,4 млрд. теңгеге дейін 13,31 млрд. теңгеге  ұлғайту туралы шешім қабылданды.

   

  

    - Инфляциялық үрдіс

 

2012 жылғы 1-жартыжылдықта  елде инфляциялық үдерістердің  бәсеңдеу үрдісі жалғасты, ол 2012 жылғы 2-жартыжылдықтан бастап  байқалды. 2012 жылғы күзден бастап, ақылы қызмет көрсету, оның  ішінде тұрғын үй коммуналдық,  көлік қызметі тарифтерінің артуына, 2012 жылғы жазда қуаңшылық болуы  салдарынан астық шығымдылығы  болжамының төмен болуына, сондай-ақ  маусымдық факторларға байланысты  инфляцияның шамалы жеделдеуі  байқалды.

Сонымен бірге, 2012 жылы инфляция болжамдық өлшемдерден аспады, жылдық инфляция динамикасы 1999 жылғы мамырдан бергі ең төменгі деңгейді көрсетті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 6,0%, орташа жылдық инфляция 5,1% деңгейді көрсетті.

2012 жылғы инфляцияның  өсуінің негізгі факторларына  бірқатар факторлар себепші болды,  олардың ішінде әлемдік тауар  нарықтарындағы тұрақсыз ахуал,  шикізат пен азық-түліктің әлемдік  бағалары деңгейінің жоғары болуы,  Қазақстан ішіндегі баға белгілеу  механизмінің тиімсіз болуы, тауарлар  мен қызмет көрсетулердің жекелеген  нарықтарындағы бәсекелестіктің  төмен болуы ең маңыздылары  болды.

2012 жылы Қазақстанда инфляциялық  үдерістерді қалыптастыру монетарлық  факторлар тарапынан төмен ықпал  ету аясында өтті. 2012 жылы ақша  агрегаттары қалыпты қарқынмен  өсті. 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда  ақша базасы 1,9% кеңейді, ақша массасы  2012 жылғы қаңтар-қарашада 7,3% ұлғайды,  қолма-қол ақша көлемі 1,0% өсті. Экономикадағы  ақша ұсынысы жалпы алғанда,  экономиканың тиісті өсуі деңгейінде  сақталып отыр.

 

   - Валюта нарығының үрдісі

Қазақстан экспортының негізгі  баптарының әлемдік бағалары 2012 жылы барынша жоғары деңгейде қалыптасты. Нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы  ахуал тұрақты болды. Теңге бағамы 2012 жылы бір АҚШ доллары үшін 147,50 – 150,86 теңге шегінде ауытқыды. 2012 жылы теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы номиналды көрсетумен 1,6% бәсеңдеді.

 

  Қазақстан Республикасының  2012 жылғы ақша-кредит саясаты

 

 Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты  2012 жылы елде баға тұрақтылығын  қамтамасыз ету және жылдық  инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру  болып табылды. 2012 жылы Қазақстанда  жылдық инфляция 6,0% (2011 жылы –  7,4%) болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

 

                                

  Орындаған:Қалуетова  Ә.Е

                                              Тобы:Ф10к3

                                          Қабылдаған: Бимендиева Л.

 

 

 

Алматы-2013ж.

 


Информация о работе Ақша-несие саясатына байланысты өзгеристер