Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:36, реферат
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
- Жалпыға тікелей айырбасталу,
- Айырбас құнының дербес формасы,
- Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаның пайдалану кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді.
Кіріспе......................2
I. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.....3
II. Ақшаның жүйесі, элементтері, негізгі типтері.....4
III. Ақша айналымы және ақша айналысы
Ақша айналымы туралы ұғым жөне оның құрылымы.....6
IV. Ақша жүйесі және оның экономикальқ мәні
Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі.....9
Қорытынды
Ақша жүйесі және оның экономикальқ мәні
Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі
Әрбір мемлекеттің
өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады.
Ақша жүйесі-ол тарихи қалыптасқан
және мемлекеттің ұлттық заңдары
мен бекітілген біртұтас ақша айналымы.
Алғашқы ақша жүйесі 16-17 ғғ. капиталистік
өндіріс әдісі қалыптаса
• металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
• несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ кұн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді. Алғашқы капитал жинау кезінде (ХVІ-ХVІІ ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм - ол мемлекет зақды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бүл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша - қос металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
1. Қатар жүретін
валюта жүйесі - онда алтын мен
күміс монеталардың
2. Қос валюталы жүйе - онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. "Қосалқы" валюта жүйесі - онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем кұралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде ХVІ-ХVII ғғ. пайда болып, тіпті XIX ғ. аяғына дейін кеҢ қолданылды.Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.
Қорыта келгенде, әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металл ақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.
Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды.
Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.