Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 21:22, курсовая работа
Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1. Бағалы қағаздардың түсініктемесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2. Негізгі бөлім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
Дивиденттер есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
Қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі. . . . . . . . . 14
Борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі. . . . . . . . 17
Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар. . . . . . . . .28
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Сол немесе басқа борыштық міндеттемелерді жауапкершілігіне алу кезінде бухгалтерлік есеп шоттарында төмендегі жазулар жазылады:
а) борыштық міндеттемелері үшін қаражаттар аудару кезінде:
Дт - № 3230 «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты.
Кт - № 1040, 1050 «Валюталық және есеп айырысу шоттарындағы ақшалар» төлем түріне байланысты.
б) сатып алу нақтылығы расталған
кезде:
Дт - № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар»
Кт - № 3230 «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты.
Егер облигациялар өсу пайыздарына сәйкес сатылса, онда пайыздарды төлеу күндерімен сәйкес келмейтін күндері оларды сатып алу кезінде сатушы мен сатып алушы өздерінің арасында тиісті соманы бөліп алуы тиіс. Сатушы сатып алушыға облигацияның нарыктық құнынан басқа олардың соңғы төлемі кезінен өткен мерзімге тиесілі пайыздар төлейді. Пайыздарды төлеудің кезекті мерзімі келгенде алушы оларды толық пайыздық кезең үшін алады.
Алушының бухгалтерлік есебінде бұл операциялар төмендегіше бейнеленеді:
а) олардың соңғы төлемі кезінен өткен
кезеңіне тиесілі пайыздардың
сомасы мен құнына қоса, облигацияның
сатып алу құнына алынатың облигация үшін қаражаттардың
аударылу кезінде:
Дт - № 3530 «Сатып алу құнымен операциялар жүргізу» субшоты.
Кт - № 1040, 1050 «Валюталық және есеп айырысу шоттарындағы ақшалар» төлем түріне байланысты.
б) облигация сатып алушының
билігіне көшу кезінде:
Дт - № 1100 -1150«Қаржылық инвестициялар»
- № 1620 «Аддағы кезеңдердің
басқа шығыстары» шоты бойынша
оларды соңғы төлемі кезінен
өткен кезеңіне тиесілі
Кт - № 3530 «Сатып алу құнымен операциялар» субшоты,
в) пайыздармен болатын кейінгі операциялар:
Дт - № 3530 «Сатып алу құнымен операциялар жүргізу» субшоты толық кезекті пайыздық кезеңге тиесілі пайыздар.
Кт - № 1620 «Алдағы кезендердің басқа шығыстары» шоты бойынша оларды соңғы төлемі кезінен өткен кезеңіне тиесілі пайыздар үшін жазылады.
Борыштық міндеггемер бойынша табыс (пайыз) алумен байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында қаралған жазулар мұнан бұрын қаралғандарға тіпті жақын. Егер борыш міндеттемелерінің бастапқы құны номиналды бағадан жоғары болса, онда кәсіпорынға тиесілі сыйақыны әрбір есептеу кезінде төмендегі жазу жазылады:
Дт - № 3230 «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты, алуға тиесілі табыстың сомасына.
Кт - № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бір бөлігіне, № 6210 шоты № 1100-1150 шоттар мен № 3230 субшотына апарылған сомалар арасындағы ай-ырмаға.
Егер есептелген борыштық міндеттемелердің бастапқы құны олардың номиналды құнынан төмен болса, онда әрбір кәсіпорындағы тиесілі пайыздар есептеу кезінде төмендегі жазу жазылады:
Дт - № 3230 «Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу» субшоты, алуға тиесілі табыстың сомасына.
Кт - № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар"» бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманың бір бөлігіне, № 6210 шоты № 1100 -1150 шоттар мен № 3230 субшотына апарылған сомалар арасындағы айырмаға.
Бір жылдан кем мерзімге шығарылған борыштық міндеттемелер жағдайында жоғарыда келтірілген жазулар оларды жабумен бір мезгілде жазылады. Нәтижеде бухгалтерлік есеп шоттарында жабу төмендегіше көрсетіледі:
1) алынған борыштық міндеттемелердің номинадды құнына (егер пайыздар қарастырылған болса, онда олардың сомаларын қоса):
Дт - № 3230 «Борыш міндеттемелер» субшоты.
Кт - № 6210 «Инвестициялардың пайдаланылуынан түскен табыс" шоты.
2) алынған борыштық міндеттемелердің нақты құнына:
Дт - № 7410 «Инвестициялардың пайдаланылуымен байланысты шығыстар» шоты.
3) дисконттың сомасына (егер
пайыздар қарастырылған болса, онда
табыстардың сол түрінің сомасын қоса):
Дт - № 1220-1230 «Еншілес (бағынышты) ұйымдардың дебиторлык қарыздары» шоттары.
Кт - № 6210 «Инвестициялардың пайдаланылуынан түскен табыс" шоты.
4) қаражаттардың алынған сомасына:
Дт - № 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» шоты:
Кт - № 3230 «Борыштық міндеттемелер» субшоты.
Пайыздық купондар бойынша мерзімді төлемдер жасалатын табысты төлеу, жабу мерзімі бір жылдан астам облигацияны сату кезінде пайыздық кезеңнің басталған күнінен облигацияны сату күнін коса кезеңде есептелген пайыздар сомасы облигацияның сату бағасына, оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілуі мүмкін. Бұл пайыздар сомасы пайдалар мен залалдардың есебіне апарылады.
Бұл кезде мынадай жазулар жазылады:
Дт - № 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» шоты өткізудің нақты бағасына.
Кт - № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» облигацияның бастапқы құнына
№ 6210 «Инвестициялардың пайдаланылуынан түскен табыс» шоты пайыздардың сомасын қоспаған кездегі облигацияның нақты бағасы мен оның бастапқы құнының арасындағы айырма мен есептелген пайыздарға.
Бұл жағдайда пайыздардың сомасы төмендегі формула бойышпа есептеп шығарылуы мүмкін:
П = (НхОп: 100)х(М:Ұ),
бұл жерде: П - пайыздық кезеңнің басталған күнінен облигацияны сату
күнін қоса кезенде есептелген пайыздар сомасы;
Н - облигацияның номиналды бағасы;
Оп - облигация бойынша қарастырылған пайыздьщ мөлшері;
М - пайыздық кезеңнің басталған күнінен облигацияны сату күнін қоса кезеңнің мерзім ұзақтығы (күндер);
Ұ - ағымдағы пайыздық кезеңнің жалпы ұзақтығы.
Шетелдік валюталардағы борыш бағалы қағаздармен операциялар бойынша бағамдық айырмалар пайда болуы мүмкін. Олар № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоттары бойынша есепке алу күні мен бұл шоттарды есептен шығыс ету күніне бағалы қағаздардың ақшалай бағалануларының арасындағы айырма болып табылады. Алайда, бағамдық айырма тек бағалы қағаздың сатып алыну мен сатылуы бірдей валюталық баға бойынша жасалған жағдайда ғана байқалады. Басқа жағдайларда бағамдық айырма табыс немесе бағалы қағазды қайта сату операциясынан болған жоғалтулардың сомасында «батып кетеді».
Бұл операциялардың қалыптасуы төмендегіше болады:
1) валютаға депозитті сертификат сатып алу (операцияны жүргізу күнінің бағасы бойынша):
Дт - № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоты.
Кт - № 1050 «Елдің ішіндегі валюталық шоттағы ақша» шоты.
2) депозитті қайтару кезінде (қайтару күніне бағасы бойынша):
Дт - № 1050 «Елдің ішіндегі валюталық шоттағы
ақша" шоты.
Кт - № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар»
шоты.
3) пайда болған бағамдық
Дт - № 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар»
шоты.
Кт - № 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» шоты.
Акционерлік қоғамдардың басқа валюталарға айналу кабілеті бар (конвертирленген) облигацияларын сатып алып кәсіпорын оларды белгілі кезенде бұл қоғамның акцияларына айырбастау құқығын алады. Мұндай құқықты іске асыру бухгалтерлік есепте № 1100-1150 (тиісті субшттор бойынша) шоттар бойынша ішкі жазулар жазылады. Бұл жағдайда бағалы қағаздардың баланстық бағалауының өзгерулері болуы мүмкін. Егер облигацияларды айырбастау нәтижесінде алынған акциялардың нарықтық бағасы сол облигациялардың баланстық құнынан төмен болса, акциялар нақты нарықтық құн бойынша есепке алынады, ал сол кезде облигациялардың баланстық құны мен акциялардың нарықтық бағасы № 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шотына шығыс етіледі.
Бағалы қағаздар каржылардың ең тәуекелділігі жоғары салымдарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережелердегі өзгертулері мен қосымшаларына сәйкес бағасы белгіленген бағалы қағаздар баланста ең төменгі құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс. Бұл егер жылдың соңында балансты құрастыру кезінде бағасы белгіленген бағалы қағаздардың құны баланстық құннан төмен бояса, онда жаңа нарықтық құн бойынша олардың қайта бағалануы тиіс екеңдігін білдіреді. Бағасы белгіленген бағалы қағаз желтоқсан айыньщ соңғы күніндегі баға сатып алушы мен сатушының сол күндегі бағасының арасындағы орташа көрсеткіші ретінде анықталады. Бұл кезде бағалы қағаздардың баланстық (есепті) құны мен олардың қалыптасқан нарықтық басын арасындағы айырманың сомасына қорытынды проводкаларымен мынадай жазу жазылуы тиіс:
Дт - 7410 «Инвестициялардың пайдалануымен басланысты шығыстар» шоты.
Кт – 1100-1150 «Қаржылық инвестициялар» шоты.
Бағасы белгіленген курсқа жатпайтын бағалы қағаздар бойынша да қайта бағалау жүргізіледі, бірақ оладың баласттық құны өзгертусіз қалады. Қайта бағалау бағалы қағаздардың құнсыздануы бойынша резервтер құруға алып келеді. Бағасы белгіленген бағалы қағаздар бойынша резервтің мөлшерін анықтау кезде олардың нақты қамтамасыз етілуіне сүйенеді, ол бағасы белгіленбеген бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз етілу мөлшері дисконттау коффициентінің жәрдемімен шартты түрде анықталады. Дискоттау коффециенті жыл бойы өзгеріп отыруы мүмкін. Бухгалтерлік есепте резервтердің қырылуы төмендегі проводкаларымен бейнеленеді:
Дт - 7410 «Инвестициялардың пайдалануымен басланысты шығыстар» шоты.
Кт – 5310 «Заңдармен бекітілген резервтік капитал» шоты.
Әрбір жеке қағаз үшін барлық бағалы қағаздар құнынығ сақталу немесе өсуінен тәуелсіз резервтер құрылады. Сөйтіп, аналитикалық есеп әрбір резерв үшін жүргізіледі.
Нарықтық құнын қор құндылықтарының баланстық құнынан артығы бухгалтерлік жазуларымен қосақталады.
Егер құнсыздануға бұрын резерв құралған бағалы қағаздың жыл қортындысымен нарықтық күні жылдық резерв кіру үшін мөлшерлі баға ретінде пайдаланылған нарықтық бағадан артып кетсе, онда бұл қағаздың құнсыздану жөнінен резервтің сомасы құрытынды жазулаырмен табысты және залалдар шотына қаржылардың толық аударылуына дейін түзетіледі. Бұл жерде :
Дт - 5310 «Заңдармен бекітілген резервтік капитал» шоты.
Кт - 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған залалы)» шоты бейнеленеді.
Бұрын құнсыздануға резерв құрылған бағалы қағаздар сату кезінде қағаздың сатылуы бойынша жазулармен бір мезгілде олар бойынша резерв сомасы № 551 шоттын дебетінен № 5510 шоттың кредитіне ауыстырылады.
Бағалы қағазды сату кезінде компания әдетте табыс алады немесе зиян шегеді. Бұл жағдайда табыс пен баланстық құн арасындағы айырма табыс немесе зиян ретінде, ал «қосымша төленбеген капитал» шотында есептелдег ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалаудан шыққан соммалар табыс ретінде танылады немесе қабылданған есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік баланста бөлінбеген табыс ретінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығының бөлінбейтін бөлімдес құрылымының бірі бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Осы күні Республикада көптеген акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер инвестициялық және сақтандыру компаниялары, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары құрылуда. Бұл алған субъектілердің барлығы потенциалды бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болып табылады. Сондықтан олар өз қызметтерін эмитент және инвестор түнде жүзеге асырады. Бағалы қағаздар нарығын түсіну үшін алдымен мына төменгі қағаздардың биржалық операцияларының ерекшеліктерне тоқтала кетелік.
Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін. Кәсіпорын акционерлері меншіктегі акциялар бойынша дивиденттер алуға құқылы.
Акциялар сатып алуға қарастырылған накты шығындардың сомасында бағаланады. Бұл шығындардың негізін акцияларды сатып алу бағасы кұрайды. Ол номиналды баға мен эмитентке төленген сыйақы немесе эмитент берген жеңілдіктен тұрады. Одан басқа акциялар сатып алу кезінде қаралатын тауардың ерекшелігіне байланысты косымша шығындар пайда болады. Олардың ішінде - инвестициялық кеңесшінің қызметі қаржылық брокерге сыйақы және бағалы қағаздармен жүргізілетің операцияларға салық төлеу.
Бұл операциялардың есебі үшін № 1100-1150 «Қаржылык инвестициялар» шоттары пайдаланылады.
Борыштық міндеттемелер оларды сатып алуға жұмсалған накты шығындар бойынша кіріске алынады. Олардың құрамы акцияларды сатып алу кезіндегі нақты шығындардың құрамына ұқсас. Борыштық міндеттемелердің номиналды құны олардың өте маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.
Бағалы қағаздар каржылардың ең тәуекелділігі жоғары салымдарының бірі болып табылады. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережелердегі өзгертулері мен қосымшаларына сәйкес бағасы белгіленген бағалы қағаздар баланста ең төменгі құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс.