Айналым капиталының айналымдылығын сипаттайтын көрсеткіштер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2013 в 10:54, реферат

Краткое описание

Айналым жылдамдығы келесі көрсеткіштермен сипатталыды:
-күнмен саналатын айналым капиталының айналымдылық ұзақтағы арқылы;
-айналымдылықтың тура коэффицентімен;
-айналымдылықтың кері коэффицентімен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айналым капиталының айналымдылығын сипаттайтын көрсеткіштер.docx

— 20.36 Кб (Скачать документ)

             Айналым капиталының айналымдылығын  сипаттайтын көрсеткіштер

Айналым жылдамдығы келесі көрсеткіштермен  сипатталыды:

      -күнмен саналатын айналым капиталының айналымдылық ұзақтағы арқылы;

      -айналымдылықтың тура коэффицентімен;

      -айналымдылықтың кері коэффицентімен.

Айналым капиталының күнмен саналатын айналымдылығы айналымның бірінші сатысы-шикізат,материалдар мен жартылай өңделген өнімдерді сатып алудан ,ақырғы сатысы-дайын өнімді сатуға дейін толық айналым ұзақтығы деп түсініледі.

Күндік айналым L формулалар арқылы есептеліді:

                                                                                 L=E/

                                                                                L=E/

мұнда:Е-айналым капиталының орташа қалдығы,теңге;

Т-күнмен саналатын кезеңнің ұзақтығы (жинақтап алу керек,яғни 1жыл-360күн, 1тоқсан -90күнге  
және 1ай- 30күнге тең);

 сатудан түскен табыс,теңге.

Айналымдылықтың тура коэффиценті  берілген кезеңдегі айналым санын немесе айналым капиталының әрбір теңгесіне тиесілі сатылған өнім көлемін сипаттайды:

Сәйкесінше,айналымдылықтың  кері коэффиценті(айналымдағы қаражаттарды толық пайдалану коэффиценті):

                      

Келтірілген формулалар бойынша  барлық айналым капиталының,жеке алғанда  мөлшерленетін және мөлшерленбейтін  айналы м капиталының айналымдылық көрсеткіштері,сондай-ақ айналым капиталының жекелеген элементтерінің айналымдылық көрсеткіштрі есептеледі.Жоспарлық айналымдылық көрсеткіштері тек мөлшерленетін айналым капиталы мен олардың жеке элементтері бойынша анықталады.

                                          Айналым капиталына қажеттілікті анықтау

Кәсіпорынның нәтижелі жұмысы-бұл ең аз мөлшерде шығын жұмсай отырып барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу.Шығындарды азайту-бұл,ең алдымен,кәсіпорынның айналым капиталын қалыптастыру көздерінің құрылымын оңтайлы  ету,яғни меншікті және несиелік ресурстарды ұтымды үйлестіріп пайдалану деген сөз.

Кәсіпорынның айналым  капиталы айналыс жаасай отырып,ұдайы  қозғалыста болады.Айналыс өрісінен олар өндіріс аумағына,кейін өндірістен-қайтадан айналыс өрісіне және т.с.с. өтіп отырады.Ақшалай қаржылардың айналымы кәсіпорынның өндіріске қажетті материалдық ресурстар және өзге де элементтерге төлем жұргізу сәтінен басталып,осы шығындардың өнімді сатудан түскен ақшалай табыс түрінде қайтуымен аяқталады.Бұдан соң кәсіпорын қаражаттарын атериалдық ресурстар сатып алуға қайта жұмсап,оны өндіріске жөнелтеді.

Айналым капиталын басқару  айналымы капиталының өте аз көлеміндегі  өндірістік үдерістің ұздіксіздігі мен өнімді өткізуге қамтамасыз етуге негізделген.Бұл дегеніміз-кәспорынның айналым капиталы бүкіл айналым сатыларында міндетті түрде ең аз мөлшерде,бірақ жеткілікті көлемде болуы тиіс дегенді білдіреді.Айналым капиталы үнемі айналымның барлық үш сатысында болады және олар ақша қаражаттары,материалдар мен аяқьалмаған өндіріс өнімі,дайын өнім түрінде болады.

Кәсіпорынның қалыпты  жұмысын ұйымдастыруға қажетті  экономикалық тұрғыдан негізделген  айналым капиталының көлемін  қалыптастыру үдерісі айналым капиталын  мөлшерлеу деп аталады.Сонымен,айналым  капиталын мөлшерлеу-бұл тұрақты,бірақ материалдық құндалықтар қорын құруға жеткілікті,аяқталмаған өндіріске қажетті запастарды төмендетпейтін қаржылар және басқа да айналым капиталының көлемін анықтау.Айналым капиталын мөлшерлеу ішкі үнемдеу жолдарын анықтауға,өндірістік циклдың ұзақтығын қысқртуға,дайын өнімді жылдамырақ сатуға жағдай жасайды.

Өндірістік қорларда,аяқталмаған  өндірісте,кәсіпорын қоймаларында,дайын  өнім қалдықтарыда айналым капиталы мөлшерленеді.Бұлар-мөлшерленетін айналым капиталы.Айналым капиталының қалған лементтері мөлшерленбейді.

Мөлшерлеу ұдерісі барысында  айналым капиталының мөлшері  мен нормативтері белгіленбейді.

Айналым капиталының мөлшері  кәсіпорындағы тауарлықматериалдық құндылықтардың ең аз көлемдегі қорын сипаттайды және ол қордың сақталатын күні мен,бөлшектер қорының мөлшерімен,есептік бірлікке келетін теңгемен және т.б. түрінде есептеледі.

Айналым капиталының нормативін есептеудің үш әдісі белгілі:

1)сараптамалық;

2)тікелей есептеу әдісі;

3)коэффиценттік әдісі.

Сараптамалық немесе тәжірибелікстатистикалық мөлшерлеу әдісі өндірісті,өнімді өткізу және жабдықтауды ұйымдастыру  ісінде қалыптасқан тәжірибені көрсетеді.Бұл  әдіс бойынша меншіктегі тауарлық-материалдық құндылықтарды сараптау кезінде қажет емес артық құндылықтар есептен шығарылып,олардың іс жүзіндегі керектісі ғана қалдырылады.

Тікелей есептеу әдісі  техника мен технологияның  дамуын,өндірісті  ұйымдастыруды,материалдық құндылықтарды  тасымалдауды және есептеулер саласында  жүріп жатқан барлық өзгерістерді ескере отырып,кәсіпорында қол жеткізілген  ұйымдастыру-техникалық деңгей тұрғысынан ғылыми негізделіп есептелген қорды табуды көздейді.

Коэффиценттік әдісте өткен  кезеңнің нормативіне сәйес жоспарланып  отырған өндіріс көлемінің өзгеруі  мен қаражаттардың айналымдығын үдетуге байланысты түзетулер енгізілді.Айналым  капиталының нормативтерін тікелей  есептеу жолымен ұдайы нақтыланып отыратын жекелеген элемнттер бойынша  жекелеген коэффицентті қолдануға  болады.

Айналым капиталының әрбір  элементін тікелей есептеу әдісімен мөлшерлеу айналым капиталының  оңтайлы мөлшерін дәлірек анықтау  үшін қажет болады.Басқа мөлшерлеу  әдістері өнеркәсіпте көмекші әдіс ретінде пайдаланылады.

Меншікті айналым капиталының  жалпы нормативтері өндіріс жоспарын орындауға қажет шикізат,материалдар мен отындар қорын,аяқталмаған өндірісті,дайын өнімді(тауарды),сондай-ақ төлемдерді аз мерзімде төлеуге қажет ең аз көлемдегі қаражаттың көлемін анықтайды.

Айналым капиталын мөлшерлеу  келесі мөлшерді әзірлеп,анықтаудан тұрады:

         -жекелеген тауарлықматериалдық құндылықтардың түрлері бойынша (күнмен берілген)барлық айналым капиталының мөлшерін;

         -ақшалай түрдегі айналым капиталының әрбір элементі мен тұтастай алғанда нормативін.

Айналым капиталының қор мөлшері бірнеше жыл бойы жылдық нормативтерді есептеу үшін қолданылады.Жылдық қаржылық жоспарды құру кезінде өндіріс,жабдықтау және өнімді өткізу шарттары айтарлықтай өзгеріске ұшырап,жекелеген материалдық құндылық түрлері бойынша нақтыланып отырады.

Әр кәсіпорынның меншікті айналым капиталының нормативі  келесі негізгі келесі негізгі көрсеткіштер арқылы анықталады:

      -өнім өндіру және сату көлемімен;

      -өнәмді өндіруге,сақтауға және сатуға жұмсалған шығындармен;

      -жекелеген тауарлықматериалдық құндылық түрлерімен бір күндік шығындары бойынша айналым капиталының мөлшерімен.

Айналым капиталының мөлшері  әрбір кәсіпорындағы жұмыс жағдайына  байланысты:

а)өндірістік циклдің ұзақтығына;

ә)мезгілмезгіл материалдың өндіріске жіберілуіне;

б)материалдарды өндірістік тұтынуға дайындау уақытына;

в)жабдықтаушылардың тұтынушылардан алшақтығына;

г)жеткізіп берудің жиілігі мен бірқалыптылығына,кешенділігіне,жеткізілетін партиялар көлеміне,материалдардың сапасына,келісімшартта қаралған өзге де жабдықтау және өткізу шарттарына;

ғ)тасымалдау жылдамдығына және көлік жұмысының жүйелілігіне;

д)есептер жүйесі мен түріне,құжаттардың айналым жылдамдығына.

Айналым капиталының жеке элементтерінің нормативін есептеудің жалпы формуласы:

 =

мұнда -кезең ішеінде берілген элементтің айналымы(шығыны,шығарылуы);

Т-кезең ұзақтығы;

берілген элемент бойынша  айналым капиталының мөлшері.

Өндірістің қордың белгілі  бір элементі бойынша белгілі  бір күндік шығыны өндіріске бір  тоқсанда керек деп саналғаншығынның қосындысын тоқсан күнге бөлгеннен  кейін табылады.Дайын болмаған өндірістік өнімнің бір күндік  айналымдылығы бір тоқсанда өндірілетін жалпы өнімнің өзіндік құнын тоқсан күнге бөлгенде анықталады. Дайын болған өндірістік өнімнің бір күндік  айналымдылығы бір тоқсанда өндірілетін жалпы өнімнің өзіндік құнын тоқсан күнге бөлгенде анықталады.

Айналым капиталының үш маңызды  элементтерін мөлшерлеудің негізгі  қағидаларын қарастырайық:

1)шикізат,негізгі материалдар мен сатып алынатын жартылай өңделген өнімдерді;

2)аяқталмаған өндіріс өнімдерін;

3)дайын өнімді.

материалдарға жұмсалатын меншікті айналым капиталының нормативті бір күндік материалға кеткен шығынның айналымды капиталының кунмен саналған мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 


Информация о работе Айналым капиталының айналымдылығын сипаттайтын көрсеткіштер