Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 16:50, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық жобалар бойынша жеңілдіктер мен преференциялар беру экономика дамуына әсер ететін маңызды мемлекеттік тұтқалардың бірі болып табылады.
Қазіргі таңда, біздің елімізде бұл саладағы бар негізгі сұрақтар заңдармен емес, заңға сәйкес актілермен реттеледі. Қиянат жіберуші ережелер бар.

Содержание

Кіріспе 3

1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат 6
1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары 15
1.3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оны анықтау әдістемелері 30

2 “либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау 36
2.2 “Либелла Боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау 45
2.3 “Либелла Боттлерс” ЖШС инвестициялық дамуын талдау 52

3 кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
3.1 “Либелла Ботлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау 60
3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 65

Қорытынды 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Dip_-K_1241_siporynny_1187_-investitsialy_1179__1179_yzmetin-taldau.doc

— 436.50 Кб (Скачать документ)

 

10-кесте - Тікелей шетел инвестициялары  мен 2000-2004 жылдары ҚР –ның тікелей  инвесторларының табыстарын шетелге  шығару серпіні

 

өлшем бірлігі

2000

2001

2002

2003

2004

Тікелей шетел инвестициялары

АҚШ млн.долл.

1468,0

1278,2

2860,6

2157,1

2188,1

Шетелге реинвестицияланатын табыс

АҚШ млн.долл.

329,6

934,3

1056,5

926,6

1015

Тік. инвес-ға реинвестицияланатын таб-ң үлесі

%

22,5

73,1

36,9

43,0

46,0


 

2000-2004 жылдары шетелге шығарылған, Қазақстанда тікелей шетел инвестициялар иелерімен алынған, табыстарының көлемі 2000 жылы 330 млн. АҚШ долларынан 2004 жылы 1015млн. АҚШ долларына дейін көбейгенін 2–ші кесте мәліметтерінен көре аламыз. Бұл, жаңа тікелей инвестициялар соммасына шетелге реинвестицияланатын табыстар үлесі 2004 жылы 46 % жеткенін айтады.

2002 жылы шетелге реинвестицияланатын  табыстардың үлесі 2001 жылы 73,1 % -дан 36,9 % -ға дейін төмендеген сияқты. Бірақ, бұл елес жаңа тікелей  инвестициялардың 2,2 есеге өсуімен байланысты. Егер, олар алдыңғы жылғы деңгейде сақталса, ал бірінші жылы оларда көбінесе қажетті қайтарым болмайды, онда шетелге табыстарды реинвестициялаулардың тартылған тікелей инвестицияға қатынасы 79,8 % жетер еді. Сонда, Қазақстаннан инвестицияланған әр доллардан түскен табыстан шетелге жыл сайын шамамен 80 % “аққан”.

Жасалған септер бойынша, жыл сайын тікелей шетел инвестицияларының ҚР–на тартылған әр 100 АҚШ долларынан шетел фирмаларының табыстары формасында 45 % қайтып шетелге кетеді. Сонда, шетелден ҚР–на инвестицияланған әр доллардың табыстылығы жылдық 45 % құрайды. Шетел фирмаларының туған елдерінде ол 7-9 есе аз бола тұрып. Сонда, біздің мемлекетке бос қаражаттарды шетел активтеріне емес, отандық экономиканы дамытуға салу керек еді.

Сонымен қатар, салықтық заң шетел инвестицияларын тартудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ал басқаша, оның жетілгендігінен тек өндірістік тиімділік ғана емес, елге инвестицияларды тарту мәні де байланысты. Республиканың мұнай өндіру кешенін дамытудың инвестициялық стратегиясын жүзеге асыру Қазақстан секторындағы Касспий теңізінің кен орындары меңгеруді қарастыратындақтан да, бұл өте маңызды. Бұл ары қарай, өндірісті бөлу туралы келісімді жүзеге асыруын жорамалдау.

 

 

3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту

 

Қазіргі кезде өндірістік кәсіпорындарға, соның ішінде, әсірісе нақты сектор саласына қатысты өндірістерге инвестиция тарту мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Бұл жағдайда, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін оның инновациялық белсенділігін арттырған жөн.

Ғылыми-техникалық потенциал кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер төжірибесі көрсеткеніндей, экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы - ғылыми-тсхникалық жөне инновациялық салада лидер болу.

Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүниежүзіңдегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясат - ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Сондықтан да, шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар, өз ұлттық ғылыми-техникалық потенциалымыздың дамуына жағдай жасап, отаңдық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өңдіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз қажет.

Инновациялық жетістіктерді өңдіріске енгізу қазіргі кең талғамды нарыққа сапалы, әрі тұтынушылардың сұраныстарын зерттей отырып, кең ассортиментте әртүрлі өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

Инновациялық процестерді жетілдіруге итермелейтін тағы бір жайт, ол - көптеген өндірістердегі негізгі құралдардың тозуы.

"...Қазақстаңда өңдірістік аппараттардың  тозуы жоғары, соңдықтан оларға  алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды енгізу қажет. Отандық тауар өңдірушілер мұндай құрал-жабдықтар шығара алмайды, бұл тұрғыда инновациялық құрал-жабдықтардың импорты қажет және ол мемлекеттік мүддеге сай. Онсыз мемлекет жоғары технологаялы бәсекеге қабілетті жөне ғылыми қамтымды өнімдер шығару мүмкін емес".

Жалпы, инновациялық процестерді жүргізу бағыттарына қарай тауарлық жене өндірістік деп ажыратуға болады. Тауарлық инновациялар өнімнің сапалық қасиеттерін жаңартуға, өндірістік инновация жаңа өнім түрлерін шығаруға бағытталған жұмыстарды қамтиды. Бұл тарапта, май өңдеу өнеркәсібінің материалдық-техникалық базасын нығайту, өсімдік майлары мен шикізаттарының терең және жүйелі өңделуі жөне соның негізінде биологиялық қуаты жоғары сапалы өнімдер шығару мемлекеттің қаржылаңдыруына, ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізуге қаржы тартылуына, қазіргі жұмыс істеп тұрған көсіпорыңдарды жарақтандыру мен жаңартуға мүдделі.

Қазіргі кезде бұл көсіпорындардағы инновациялық жұмыстар өндірілетін өнімдердің сапалық қасиеттерін арттырумен қатар, әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие бола бастаған өнімнің жаңа түрлерін шығаруға да ықпалын тигізуі қажет. Экономикалық әдебиеттерде өндірістік процестерді диверсификациялау және өнімді дифференциациялау деген атаумен белгілі бұл бағыттар жаңа өнімдер шығару арқылы, кәсіпорынның нарықтағы бәсекелік қабілетін нығайтуға жөне өндіріліп жатқан өнімдердің сапасын жаңа қасиеттермен арттыру арқылы тұтынушылар сұранысын қалыптастыруға сүйенеді.

Бұл бағыттардың өзіндік құндылыктары да бар, оларға:

-   өнімнің бағасын жоғарылату,

-   нарықта жаңа тұтынушыларды  табу;

-   сауда белгісін нығайту;

-   бәсекелестерден ерекшелену  мүмкіңдіктері жатады.

Аталған  ерекшеліктердің өндіріске тиімділігін  арттыру үшін

нарықтық талаптарға сай, қажетті көлемде өнімдерді шығаруды қамтамасыз еткен жөн.

Отандық өңдіріске ғылыми-техникалық жөне инновациялық жетістіктерді енгізу өнімдерінің бөсекелік қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған көсіпорындардың ғана емес, осы талпыныстарды қолдап отыратын мемлекеттік саясаттың да бөлінбес бір бөлігі болуы тиіс.

Қазіргі жағдайларда жоғары технологиялы экономиканы құруда мемлекеттің орны заңдылық ретінде ұлғаюы тиіс. Бұл мемлекеттік ғылыми саясатты әрдайым дамыту мен диверсификациялау, маңызы жоғары түбірлі ғылыми зерттеулер нәтижесін өндіріске енгізу негізіңде жүзеге асуы мүмкін. Өнеркәсіптегі құрылымдық-инвестициялық өзгерістерді жылдамдатуда мемлекеттің ықпалынсыз ғылыми сиымдылығы жоғары технологияларды салықтық, бюджеттік және сыртқы сауданың экономикалық инструменттері арқылы енгізу мүмкін емес.

Сонымен, өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруда сапалық тетікті ғылыми-техникалық және инновациялық саясат арқылы жетілдіру, төмендегі міндеттерді шешуі тиіс:

- өндірістің мүмкіңдігіне сай ғылыми-техникалық және инновациялық даму жоспарын әзірлеу;

- өнімнің сапалық қасиеттерін жақсартуға немесе жаңа өнім түрін шығаруға бағытталған жобаны нсгіздеу,

-   жобаны іске асыруды  қаржыландыру көздерін айқындау;

- өндірілетін өнімнің нарықтағы сұранысын қамтамасыз ету жоддарын іздестіру.

Дамыған елдердің ғылыми-техникалық саясатының өзіңдік ерекшелігі де осы салаға бөлінетін қаржының келемімен сипатталады. Қазақстанда тек соңғы кездері ғана өндіріс пен ғылыми-техникалық саланың тығыз байланысы арқылы жоғары жетістіктерге жетуге болатынын сезінуде.

Біздің ойымызша, мемлекеттің ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізу бағыттарын қолдаудьң тиімділігі оның заңдылық негіздерін қалыптастыру мен оны қаржыландыру көздерін белгілеу арқылы шешіледі. Бұл тарапта, өңдірістерді инновациялық дамыту, еңдігі кезекте, ҚР Үкіметінің 2001 жылы № 617 Қаулысымен бекіткен “2001-2015 жылдарға инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының”, 2002 жылы қабылданған “Инновациялық қызмет туралы” ҚР Заңының және осы саладағы басты құжат, еліміздің инновациялық өркендеуінің негізін қалайтын “Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының” аясында жүргізілмек. Бұл стратегияның басты мақсаты болып шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологнялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.

Стратегияның негізгі міндеттеріне:

- өндеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ІЖӨ энергия сиымдылығын 2 есе төмендету;

-   өңдеуші өнеркәсіптің негізгі  қорларының өнімділігін арттыру;

-   кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталаңдыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;

- ғылымды көп қажет ететін  және жоғары технологиялық экспортқа  негізделген өндірістер құруды ынталаңдыру;

-   сапаның әлемдік стаңдарттарына  көшу,

- дүниежүзілік ғылыми-техникалық  және инновациялық үрдістерге  қосылу арқылы әлемдік шаруашылық  жүйесіне және өңірлік экономикаға  ықпалдасуды үдету;

- елдің экспорттық әлеуетін  қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің мүддесіне қарай әртараптандыру болып табылады;

Сонымен қатар, инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асу аясы да ғылым мен техника жетістіктерін мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына қолдану сыңды мақсат пен міндетгерге негізделген.

Аталған құжаттар жалпы инновациялық жетістіктерді қолданысқа енгізу шараларын реттеп, оның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз етеді деген ойдамыз.

Осы құжаттар негізіңде халық шаруашылығының әрбір саласына қатысты арнайы инновациялық дамыту бағыттарын анықтаған жөн. Өйткені, әрбір саланың өңдірістік ерекшеліктері мен оны дамыту қажеттілігі, қаржыландыру көлемі мен оны алу көздері, мемлекеттік маңызды нысандары мен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығы осыны қажет етеді. Сол сияқты, бағдарламада көрсетілгеніңдей, қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен оны сақтау, отын-энергетикалық комплекс, химия және нефтехимия, жаңа материалдарды өндіру және басқа да салаларда инновациялық бағдарламаларды дайыңдау өзектілігі бар.

Инновациялық мүмкіндіктерді арттыру кәсіпорынның инвесторлар үшін тартымдылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып қала бермек.

Қорытынды

 

Дипломдық жұмысымдағы қарастырылған сұрақтар мен мәселелерді ескере отырып мынадай қорытындыға келуге болады.

Жаңа экономика жағдайында нақты сектордағы инвестициялық және де инновациялық артықшылықтарды әкімшілік модификациялау және мемлекетпен жаңа кертартпа тәртіппен байланысты автономды бизнес –бірліктерді енгізу қажет. Инновациялық үрдістерді де жүзеге асыру үшін нақты сектордың ірі компанияларының әкімшілік стимулдарын мемлекет қалыптастыру керек.

Біз, аймақтық инвестициялық программалар ресурстарды тиімді пайдалануына, даму артықшылықтарын анықтауға, инновациялық даму мен кластерлік әдісіне бағытталуы керек деп ойлаймыз. Кластерлерді дамытуға инвестицияның мультипликативті әсері облыстың потенциалын күшейтеді және мыналарда көрініс табады: байланысты және қолдаушы салалардың өсуімен; облыстың салықтық потенциалын кеңейтумен; жаңа технико-экономикалық парадигмаға өтумен; индустриалды –инновациялық даму деңгейінің өсуімен; халық ағыны, оның жұмыспен қамтылуының артуымен, сәйкесінше, тұтыну сұранысының өсуімен.

Дүниежүзілік тәжірибе мен ғылымдағы әдістерді жалпылай отырып экономиканың нақты секторына қаржы капиталын құюдың келесі жолдарын ұсынамыз: Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкімен несие тарихтарының мәліметтерінің тұтас базасын құру; жергілікті билік органдарының кепілімен шағын және орта кәсіпорындарды несиелеуді кеңейту; қоймадағы өнімдердердің және тағы басқалардың айналым құралдарының бір бөлігін кепілдеме (залог) ретінде пайдалану; қаржы лизингісін кең пайдалану; инновациялық технологияларды енгізу; несие тапсырыстарын Интернет арқылы қабылдау; шағын және орта бизнеске несиелерді сақтандыру жүйесін кеңейту; қаржыландырудың құрылымдық формасын қолдану.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары