Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2014 в 21:52, реферат
«Техника» терминінің тамыры грек және латын тілдерінде, алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, шеберлігі, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді. Орта ғасыр дәуірінде teshne және ars терминдерінің мағыналары бірдей болды.
Елдің мәдениетін, жалпы менталитетін, қоғамдық санасын экономикалық және технологиялық дамудың екінші факторы ретінде қарастыру өте қауіпті екені қазір айқын байқалып отыр. Бұл дағдарыстан шығудың жолы қандай?
Қазіргі дағдарыс технология, өркениет және мәдениет арасындағы шиеленіспен байланысты. Өркениет күрделі, әлеуметтік маңызы зор технологияларлың негізінде пайда болды. Мұндай технологиялар материалдық еркениет саласын ғана емес, билікті, әскери істі, ауыл шаруашылығын, транспорт, байланыс және интеллектуальдік қызмет салаларын қамтиды. Өркениет технологияның ерекше социогендік функциясынан туындайды. Технология өзіне қажетті нормативті-реттеу ортасын қалыптастырады.
Осы орта «өркениет» ұғымы арқылы бейнеленеді. Яғни, өркениет белгілі бір технологияның қалыпты қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Өркениет біртипті технологиялардың негізінде қалыптасқан қоғамдардағы жалпыны көрсетеді.
Мәдениет болса, әрбір қоғамдастықтың, әрбір социумның индивидуалды бастауының көрінісі. Мысалы, қазақ мәдениеті қазақ халқының этнотарихи индивид ретіндегі болмысының, тілінің, тарихи тағдырының, дінінің ерекшеліктерін бейнелейді. Әрбір мәдениеттің мызғымас, ғасырлар бойы қалыптасқан ядросы және оны қорғаушы белдеулері бар. Белдеулер – әрбір ұлтқа тән адамгершіліктік, әлеуметтік, интеллектуальдік реакциялар, олар ядроға сыртқы ортаның терәс әсерін тигізбеуге тырысады. Белдеулері мықты мәдениет өзін сақтап қалады. Өркениет, технология, мәдениет бір-бірімен үндестік тапқан кезде қоғам бірқалыпты дамиды, ал бір-бірне ықпалдасу болмаған кезде дағдарыс-шиеленістер пайда болады. Сондықтан да тәуелсіздік жолына түскен біз үшін жаңа технологияны қабылдайтын менталитетті қалыптастыру, оның теріс жақтарынан қорғайтын мәдени белдеулерді күшейту аса маңызды. Бұл ретте көп нәрсе адамның өзіндік санасын – адамның өзі, өзінің терең болмысы, өзінің кемшіліктері мен теріс қасиеттері туралы білімін нығайтуға байланысты. Өзіндік сана мәдениеттің ядросын үңіліп, ондағы тарихи мұраны тануға қабілетті, ал мәдени-ұлттық құндылықтарды дұрыс қолдана білу арқылы технологияның басымдығына қарсы тұруға болады.
Қорытынды
Дамыған елдерде ХХ ғасырдың ортасынан бастап информация рево-люциясы басталды, бұл құбылыс 70-жылдардың соңына таман күшейе түсті. Қогамның информатизациясы дегеніміз – қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар, экономикалық, құқықтық, саяси, әлеууметтік және басқа міндеттерді шешуге қажетті информацияны өте тез өндіру және тарату әлеуметтік-тарихи процесі.
Информатизацияның нәтижесі – информациялық қоғамның құрылуы. Информациялық қоғам – қоғамдық жүйе, ол:
1) әрбір индивид, әрбір ұжым, әрбір мекеме өзінің қызметіне қажетті барлық ақпаратты ала алуына мүмкіндік береді;
2) бұл ақпаратты, ең бастысы, ғылыми, саяси, экономикалық, технологиялық білімдерді экспоненциалдық (ашық түрде дегенді білдіреді) есу заңдары бойынша өндіреді;
3) алдыңғы екі мақсатты
жүзеге асыруға қажетті (бұған
есептегіш машиналар мен
4) материалдық өндіріс, транспорт,
байланыс, технологиялық процестер,
басқару, білім, ізденістер мен жобалау,
сервис, адамдардың қызмет саласы
бойына және жеке араласуының
негізгі салаларын толық
Информатизация индустриальдік қоғамның жалғасы және оның қондырмасы. Информация құндылығы қай уақытта да жоғары болды, біздің заманда бұрынғыдан да күшейе түсті. Қазіргі уақытта жер бетіндегі материалдық ресурстар (ауыз су, таза ауа, құнарлы жерлер, энергия, қазба байлық көздері және тағы басқалары) азая түссе, информация, керісінше, шексіз ресурс. Бірақ оны дамыту үшін бұрын қалыптасқан информациялық технологиялар – телефон, пошта байланысы, жазу, ауызша жеткізу – жеткіліксіз, компьютерлік және коммуникациялық технологияға негізделген жаңа информациялық технология қажет. Онсыз экономиканы, қоғамды дамыту мүмкін емес. Өндірістің кейбір салалары информация көлемін бірнеше есе арттыруды қажет етеді, бірақ бұл шығындар түбінде жемісін береді. Бұл тұжырымның тамаша дәлелі ретінде Жапонияда 1969 жылы ресми түрде жария етілген информатизацияландыру мен ақпараттық қоғамға көшудің мемлекеттік концепциясы мен моделін айтуға болады. 1971 және 1973 жылдардағы экономикалық дағдарыстардың алдын алу мақсатымен жасалған дағдарысқа қарсы бағдарлама ретінде жасалған және жүзеге асырылған бұл шара керемет нәтижелер берді. Жапондықтар дағдарыстан мейлінше аз шығындармен шығып қана қойған жоқ, сонымен бірге әлемге әйгілі «жапон ғажабының» әлеуметтік және технологиялық негіздерін жасады. Бұл мысал біз үшін даму үлгісі бола алады.
Ойымызды қорытсақ, техника философиясы техника феномені табиғатын, оның пайда болу және даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамға, жалпы қоғамға тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы ғылыми болжамдар жасайды.